Қол жұмыстарына қолданылатын терминологиялар



жүктеу 2,55 Mb.
бет1/9
Дата18.12.2017
өлшемі2,55 Mb.
#4724
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сыныбы:4 «ә»

Пәні: Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Тігіс түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларды ұлттық қолөнерге қызықтыру,

-          Тігіс түрлері туралы түсінік беру,

-          Қол жұмыстарына деген көзқарастарын арттыру,

-          Білімдерін сарамандық жүзінде жасай білуге дайындау.



Дамытушылык мақсаты:мақсатқа өз бетінше жету үшін оқушыға мүмкіндік беру.

Тәрбиелік мақсаты:оқушының өз бетінше жұмыс еріктілігін, өз күшіне сенімділігін қалыптастыру. Еңбек мәдениеті мен еңбекті ұқыпты, дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.  Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, өмірде қолдана білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: технология түрлері

Құрал-жабдықтар:мата қиындылары, қайшы, ине, жіп жұмыс папкасы.

Көрнекіліктер:тігіс түрлеріне арналған суреттер,схемалар, нұсқау картасы

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, математика, сурет,

Сабақтың барысы:

  1. І. Ұйымдастыру бөлімі.(қызығушылықты ояту). Ұйымдастыру кезені.Амандасу,оқушыларды түгендей,психолого-педагогикалық дем беру:Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін біз үшін ерекше күн! Мен сендерге сенемін,сендер жақсы нәтеже көрсетесіндер!


Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліндегі Айкерім есімді ханшайым

біздің әсем қала Астанаға баруды

армандайды екен.

Бұл сырымен ханшайым сиқыршы

достарымен бөлісіп,олардан көмек сұрады.

Сиқыршы достар ханшайымға көмектесуді

ұйғарды,бірақ оған өз шарттарын қойды:

-Астана қаласына саяхат жасауға көмектесеміз,бірақ бұл оңай жұмыс емес.Алдымен киіп баратын керемет көйлекке мата таңдау керек.Таңдаған матаңды алу үшін ондағы жасырылған сұрақтарға жауап беру

керек,-деді.


ІІ Өткен сабақты кайталау
.1. Талшық нешеге бөлінеді ?

2. Матаның шетін не дейм?

3.Матаны неден дайындап шығарады?

4.Жібек қандай мата?Сипаттап бер.

5.Қымбат бағалы жұмсақ түкті мата

6.Матаның неше беті бар?

Келесі шартымыз ,жұмбақтарды

шешу.

-Қанекей балалар жауабын

бірге табайық:

1. Жарқылдаған қос қылыш

Қолға тисе жоқ тыныш.   
2. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне

Киім тігіп береді ол өзіңе.   




3. Ине серігі. 
Бұл құралдардың барлығы не үшін

қажет?

Балалар менің көйлегім дайын,енді

маған сол көйлекке сәйкес қолорамал

қажет.Мүмкін бірге тігерміз?Орамал

тіккенде қолданатын басты қол тігістерді

үйренгілерің келе ме?

Мен сендерге көмектесемін.

     III.    Жаңа тақырыпты түсіндіру.



Қол жұмысы кезінде қолданатын құралдар мен құрылғылар:

Ине жоғары сапалы болаттан жасалатын,бір үші үшкір екіншісі ұшында көзі,яғни жасалуы орналасқан өзек.Ине тегіс үшкір сынбайтын қатты болуы керек.Ине ұзындығы бойынша әр түрлі өлшемде болады.

Қайшы киім бөлектеріңпішуге, жіптің ұшын қиюға арналған. Қайшы дыбыссыз жабылып, ашылуы керек. Қайшының жүзі өткір болу керек.

Кез-келген бұйым тігу үшін матаның қалыңдығына қарай қол инесі мен жіпті дұрыс таңдау қажет.

Қиғаш тігіс. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін,ал орамалға өрнектерді келістіру үшін қолданады.Тігіс солдан оңға қарай орындалады.



Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік,ал оң

бетінен қиғаш шаншылады,ине шаншымының арақашықтықтары І мм шамасында болады.Тігіс солдан оңға қарай (төменнен жоғары),келесі тігіс солдан оңға(жоғарыдан төмен)қарай айқасады.


Ілмек тігісі. Матаның шеті сетінемеу үшінжәне түймелікті торлау үшін қолданады.Тігісті солдан оңға,оңнан солға қарай да орындауға болады.Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты.

Бұл тігістің инешаншымдары тігінен түседі
жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау