Қол жұмыстарына қолданылатын терминологиялар



жүктеу 2,55 Mb.
бет4/9
Дата18.12.2017
өлшемі2,55 Mb.
#4724
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9



2015-2016ж.ж

2015-2016ж.ж

  Сабақтың тақырыбы:         Қол тігістері.  Қайшымен, үтікпен жұмыс істегендегі

                                                           техникалық қауіпсіздік  және санитарлық – гигиеналық

                                                           талаптармен таныстыру.  Қол жұмыстарының 

                                                           терминалогиясы. Сарамандық  жұмыс.                                               

                                                           Қол тігістерін орындау 

                 Сабақтың мақсаты:  



                                Білімділігі: білім беруде – тігіс тігу, тігістің пайдасы мен тігілу

                                жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны

                                қалыптастыру.  Тор тігісі  мен сабақ шалап тігу технологиясын                   

                                меңгерту. Жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін есте сақтау

                                Дамытушылық:  тігістердің жасалу реттілігін  суреттегі бейнелеулер

                                көмегімен, мақсатқа өз бетінше жету оқушыға мүмкіндік  беру.

                               Тәрбиелік:    топпен жұмыс жасай білуге, өзара көмек көрсетуге,

                                шығармашылық қабілеттерін дамытуға  тәрбиелеу.



 Сабақтың түрі:    сайыс сабақ

 Сабақтың  типі:  аралас

 Сабақтың  әдісі:  сұрақ – жауап, жұмбақ шешу,  мақал- мәтел құрастыру, топпен жұмыс    

 Көрнекіліктер:  қол тігістерінің түрлері,  нұсқау карточкалары,  бағалауға арналған фишкалар

 Пайдаланған технология:  Үш өлшемдік әдістемелік технология

 Техникалық құрал:  интерактивтік  тақта

 Керекті құрал – жабдықтар:  қайшы мата қиындылары, ине, жіп, жұмыс қобдишалары

МАТАМЕН ЖҰМЫС. ҚОЛ ТІГІСТЕРДІҢ ТҮРІ

І. Сабақтың тақырыбы: Матамен жұмыс. Қол тігістерінің түрлері.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Қол тігістерінің түрлерімен таныстыру, үйрету, 
тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру.
ә) Дамытушылық мақсаты: тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, 
тиімді пайдалануға үйрету.
б) Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу.
ІІІ. Еңбек нысаны : түсіндірме, сарамандық оқыту,
ІҮ. Сабақтың түрі: аралас
Ү. Сабақтың көрнекілігі, керекті құрал-жабдықтар: бүктеме, оқулық, ине, қайшы, жіп, мата, өлшеуіш таспа
ҮІ.Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, математика, әдебиет
ҮІІ. Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
1. Ұйымдастыру 3 мин.
2. Үй тапсырмасын тексеру. 7 мин. 
Топтастыру (Қол жұмысында қолданылатын құрал-жабдықтар)
а) Бізді, оймақты не үшін қолданамыз?
ә) Ине не үшін қажет және оның неше түрі бар?
б) Қайшы неден жасалады және оның неше түрі бар?
в) Өлшеуіш лента, бор не ұшін қажет? 
3. Жаңа сабақты түсіндіру 10 мин. 
Киім бөліктерін біріктіру және қиындыларын өңдеу үшін жіппен тігу, желімдеу, балқытып біріктіру әдістері қолданылады.
Тігіс орындалуына байланысты қол тігіс және машина тігістері болып бөлінеді. Қолмен тігілген тігістер тұрақты, уақытша, жай және күрделі болып бөлінеді. Бұйымдарды қолмен тігу кезінде тігістің бес түрі пайдаланылады: түзу, қиғаш, айқасталған, торламалы, қайып тігу. 
Түзу тігістер құрылымына байланысты ең жай тігіс, олар бос, тез сөгілетін тігіс болып саналады. Түзу тігістерге түзу көктеу тігіс және көшірме тігіс жатады. Түзу көктеу тігістер бұйымдардың бөліктерін уақытша қосу үшін, машинамен тігу алдында қолданылады.
.Түзу тігістерді тігу үшін инені қиғаштай ұстап матаны үстінен астына жаншиды, сәл алдыға қозғап инені матаның үстіне қайта шығару керек. Көктеп тіккенде инені тігілетін бұйымның бетіне кезек-кезек өткізеді Сонда тігістің жіптері екі бетте де үзік-үзік болып көрініп тұрады.
Көшірме тігіс сызықтарды бір жақтан екінші жаққа көшіру үшін қолданылады. Үлгінің әрбір бөлігінің контур сызықтары бойымен, енін 0,5-0,7 см етіп ілмектеп шығады, содан кейін бөлікті ажыратып, олардың арасындағы жіпті қайшымен абайлап қияды.
Қиғаш тігістерге қиғаш көктеу, шетін ала тігу, бүгіп жапсыру тігістері жатады. Шетін ала тігу. Қолмен тіккенде жіпті тартпай, матаның шетін инемен шаншып солдан оңға қарай тігеді. Жіпті бос тастай, жиі тігу керек. Бүгіп жапсыру. Матаны ішіне қарай қайырып, шетін сәл бүгеді, ине үстіңгі матаның бір жібінен өтіп, одан арй қарай қайырманың ішінен өткізіледі. Инені жиі, арасына 2-3 мм қалдыра шаншу керек.
Киім тігуде көйлек пен белдемшенің етегі, шалбардың балағы, жағаның қиындысы айқасталған тігіспен жапсырылады. Бұл жерде көбіне тігіншілер бұйым тігісін жатқызу мақсатында, яғни қырын шығару мақсатында қолданады. Айқас тігуде инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Айқасталған тігіс солдан оңға қарай тігіледі. Инені матаның ішкі жағының 2-3 жібінен өткізеді, оны өзіне қарай қайырып тастап, инені матаның оң жақ беті бойынша қиғашынан, оң жақтағы бірінші қатарға тік түйрейді. Одан соң бір жақтағы тігіс екінші жақтағы екі қабат тігісінің ортасына түсу үшін мата жібінің жоғарыдағыдай мөлшерін (2-3 жіп) түйреп алады, тігіс аралықтары 0,5-0,7 см. 
Торламалы тігіс – күрделі тігіс болып саналады. Негізінен торлауға және сетінегіш матаның жиегін тігуге қолданылады. Тігіс оңнан солға қарай тігіледі. 
Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Егер машинамен тігу мүмкін болмаса қайып тігу әдісі қолданылады.
Қолмен іс тігушінің негізгі құралары: ине, қайшы, үлгі, оймақ.

4. Сарамандық жұмыс технологиясы 15 мин.
Қауіпсіздік ережесі.
1. Қылыштасты ағайынды екі батыр,
Кескілесті екеуі шатыр-шұтыр.
Ағайынды екеуінің кескілесі,
Тігіншіге пайдасын тигізіп жатыр. (Қайшы)
2. Жүрген сайын жүйрігім,
Қысқартады құйрығын. (Ине)
Технология пәні ептілікті, икемділікті, шеберлікті қажет етеді. Әр істі бастар алдында халық мәтелін есте ұстаған жөн. «Талаппен бастап, талғаммен аяқта» осы мақалда үлкен мән-мағына бар.
№ Негізгі қаралатын өзекті мәселелер Жұмсалатын уақыт
1 Алғашқы нұсқау 3 мин
2 Жұмыс орнын ұйымдастыру 3 мин
3 Технологиялық картамен жұмыс:
а) репродуктивті жұмыс 3 мин
4 Ағымдағы жұмыс 3 мин
5 Нысанның (соңғы) жұмыстары 3 мин
5. Сергіту сәті. Қыздар қол тігістерін орындай отырып, еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз, қолөнерді сөз өнерімен ұштастырайық. 
Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастырыңыз
1. “Жіп жіңішке ...... үзіледі”. (жерінен)
2. “Жіптің ұзыны жақсы, Сөздің ........ жақсы”. (қысқасы)
3. “Тігіншіні ....... асырайды”. (ине)
4. “Тігінші кем істейді, ............. тегістейді”. (үтік)
5. “.......-........ бар әйелдің,Үсті-басы жыртылмайды”. (ине-жібі)
6. Үйренгенің ......... құт, Істегенің еліңе құт. (өзіңе)
7. Көз көруге тоймас, Көңіл ........ тоймас. (өнерге)

ҮІІІ. Бекіту сұрақтары: 7 мин. 
1. Тігіс орындалуына байланысты нешеге бөлінеді?
2. Қол тігісінің неше түрі бар?
3. Қай тігіс кестеде көп қолданылады?
4. Қайып тігу не ұшін қолданылады? 

ІХ. Сабақты қорытындылау 3 мин. 

Х.Пайдаланған әдебиеттер: «Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу 
технологиясы» С.Қ.Бағжаева, 
Мектептегі технология журналы,
Шаңырақ энциклопедиясы

абақ жоспары:4 сынып

Шебердің қолы көпке ортақ

                                                                                           (Мақал-мәтел)



Сабақтың тақырыбы:Қол тігістері. Бүгіп көктеу

Сабақтың максаты:

Білімділік:Қол тігістер туралы мәлімет беру,тігістерді айыра білуге үйрету

Дамутышылық: оқушылардың ой-өрісін,ойлау,есте сактау,өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамытуы

Тәрбиелік: эстетикалық талғамын  калыптастыруға тәрбиелеу,адамгершілік қарым қатынасқа тәрбиелеу,бір біріне көмекке келуге,адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:жана сабақ

Оқыту әдісі:түсіндіру,бейнелеу

Сабақтың көрнеліктер:тігістердің түрлері

Құрал-жабдықтар:қайшы,ине,жіп

Пәнаралық байланыс:сызу,математика

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі

                                    II.Өткен сабақты қайталау

                                    III.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                    IV.Кіріспе инструктаж

                                     V.Сарамандық жұмыс

VI.Бекіту инструктаж

 VII.Жұмыс орнын жинактау



  1. Ұйымдастыру кезені.Амандасу,оқушыларды түгендей,психолого-педагогикалық дем беру:Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін біз үшін ерекше күн! Мен сендерге сенемін,сендер жақсы нәтеже көрсетесіндер!

  2. Өткен сабақты кайталау.

Сұрақтар:1 Қыздар өткен тақырыпта қандай тігісті үйрендік?

  1. Cендер қандай тігіс түрлерін білесіндер?

                   3.Тігістің түрлерін айтшы

     III.    Жаңа тақырыпты түсіндіру.



Қол жұмысы кезінде қолданатын құралдар мен құрылғылар:

Ине жоғары сапалы болаттан жасалатын,бір үші үшкір екіншісі ұшында көзі,яғни жасалуы орналасқан өзек.Ине тегіс үшкір сынбайтын қатты болуы керек.Ине ұзындығы бойынша әр түрлі өлшемде болады.

Қайшы киім бөлектеріңпішуге, жіптің ұшын қиюға арналған. Қайшы дыбыссыз жабылып, ашылуы керек. Қайшының жүзі өткір болу керек.

Оймақ бұл пластмассадан болаттан жасалған зат. Оның оң қолдын ортаңғы саусағына киеді.

Сантиметрлік таспа ұзындығы 150 см тең. Матадан тігілген бұйымның бөлшектерін өлшемін алуға арналған.

Лекало бұйымның қатты қағаздан қиылып жасалған бөліктері. Матаға лекалоларды қойып, бақылау нүктелерін белгілеп шығады.

Түйрегіш бұйым бөлшектерін түйреу, көктеу кезінде, сондай ақ бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланады. Ұзындығы 3-4 см.

Жұмыс үстеліне қисайып немесе қатты еңкейіп отратын болсандар, ол

омыртқаның қисаюына, жақыннан көргіштікке, тез шаршауға алып келеді. Сондықтан жұмыс үстелінде дұрыс отырудың, жұмыс орының дұрыс ұйымдастырылуының маңызы зор.

Қол жұмыс тігі түрлері: көктеу, бүгіп көктеу, жапсырып көктеу. Бүгін сабақта біз бүгіп көктеу тігісімен таныстырамыз. Бүгіп көктеу тігісті біз уақытша пайдаланамыз, бұйыдарды пішіп, бір бірімен көктеуде арналған тігістер.

  1. IV. Кіріспе инструктаж.

  • Бұйымның жасалу реті: қиық шетін 1см дей бүгіп, арасы 0,5 см ден түзу инешаншымдар жасап көктендер

  • Жұмыстың тәсілін көрсету

  • Техника қауіпсіздік ережесін қайталау.

  • Қателерді ескерту

  1. Сарамандық жұмыс «Бүгіп көктеу»

 Ағымдағы инструктаж:

  • Жұмыс орнын, құрал жабдықтарын тексеру

  • Жұмыс тәсілінің жалғасуымен дұрыс орындалуын бақылау

  • Қателіктерді табу ж/е жою

  • Сергіту сағатын өткізу

                 Жел еседі бетіне

                Кіп кішкентай ағаштар

                Үппілкен боп өседі


  1. Бекіту инструкта:

          -Оқушылардың жұмыстарын сапасын анықтау;

          -Тақырып бойынша сұрақтарды қою



          -Сабақты корытындылау:1Бүгін не үйрендік? Қандай тігістерді үйрендіңдер? Бүгін сабақта қол тігістерін үйрендік.

VII.Жұмыс орнын жинақтау.

немен тігілетін тігістер[1] - инемен тігілетін тігістер. Адамзат киім-кешек тігу барысында сан ондаған тігіс түрлерін ойлап тауып, әр тігістің ерекшеліктері, көрінісіне қарай ат қойып, айдар тағып отырған. Тігіс түрлері адамзаттың үстіне киім, лыпа кие бастаған кезден бастау алу мүмкін десек тігіс түрлерінен екі бөлек затты біріктіру үшін қолданылған "жөрмеу" тігістің басы, ең көнесі десек артық емес.

жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау