72
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
облысында да осы іспеттес деп мәлімделді.
Мысалы:
«Ауруханада қиналып кетемін. Үнемі кезек-
ке тұру керек […]. Бәрі қара басының қамын
ойлайды. Егер адам пысық болса, кезектен
секіріп кете алады. Барлық жерде емес. Егер
мен жағдайым айтсам, баламды көрсе, кейде
өткізіп жібереді, қан тапсыруға немесе басқа-
сына. Адам көп, көпшілігі кезектің алдына өт-
кізіп жібереді» (әйел, 40 жаста, үй шаруасын-
дағы әйел, 17.05.2017).
«Кезекке тұру керек болғандықтан, көп
уақыт алады. Мысалы, ауруханаға сағат
таңғы сегізде келсең, түске дейін үш талдау-
ды ғана тапсырып шығуға болады. Сондықтан,
мүгедек балаларға жағдай жасалған деп айта
алмаймын. Талдау нәтижелерін алу үшін қай-
тадан кезекке тұру керек, ол үшін келесі күні
немесе түстен кейін келу керек. Дәрігерлер
алыстан баламен келетіндерге түсіністікпен
қараса деймін» (ер, 58 жаста, жеке кәсіпкер,
16.05.2017).
«МӘСК-ке құжат тапсыруға ауруханаға жа-
туды үш ай күттік. 2 апта ауруханада жатып
шығып, құжаттарымызды тапсырдық» (45,
әйел, жұмыс істемейді, 26.05.17).
2.3 Куәландыру комиссияларына
барудағы қиындықтар
Кесте 22 көрсетіп тұрғандай, куәландыру
комиссиясынан өту бірнеше адамды әлеуметтік
күтім қызметтеріне және әлеуметтік-медициналық
қызметтерге өтініш беруден тежеген (балалары
көмек алуға құқылы деп санаса да, өтініш
бермегендердің 5% және 2%). Бірақ, куәландыру
комиссиясынан өту адамдардың әлеуметтік-
психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық
қызметтер алуға өтініш беруіне тежеу болмаған.
Қайта өтініш берушілер МӘСК-ке баруы керек
болатын әлеуметтік-медициналық қызметтер
үшін де, ПМПК-ға бару керек болатын әлеуметтік-
педагогикалық қызметтер үшін де отбасылар
анықтама алу үшін комиссияға бірнеше рет
баруға мәжбүр болған (үш немесе төрт рет; Кесте
26). Оған қоса, сапалық сұхбаттар кезінде МӘСК
және ПМПК алдынан өтудің өтініш берушілерге
келтірген басқа да қиындықтарын анықтады.
Үш респондент балаларын комиссия алдына
әкелудің қиын екенін жеткізді. Себебі, көбінесе
балалар жүре алмайды, қоларбалары да жоқ:
«МӘСК және ПМПК үшін медициналық тек-
серістерден өту өте қиын болды; бала орнына
тұра алмайды, комиссиядан өту үшін мен оны
арқама салып алып жүрдім. Бұл қиын, түсін-
беймін, неге мен баланы ПМПК-ға алып келуім
керек, олар оның диагнозын жақсы біледі ғой»
(MK, B16, әйел, 41, тазалаушы, 14.05.2017).
«Бейнеуде біз баланы МӘСК-ке апардық. Қо-
ларба таксиге сыймай қалды. Баламды қолы-
ма көтеріп алып жүруге тура келді» (әйел, 42
жаста, үй шаруасындағы әйел, 16.05.2017).
«Баланы жеткізу қиын, оны Құрыққа (Ақтау)
жеткізу бізге қиын, ол көлікте өзін нашар
сезінеді. Ол көлікке мінгісі келмейді, қашып
кетеді, ал егер ішіне отырса, шыққысы кел-
мейді» (үй шаруасындағы әйел, 50 жаста, әйел,
05/11/2017)
«Салмағы ауыр балалар көп, ата-аналары
оларды өздері көтеріп жүреді; сондай бала-
ларды үйде тексеруге болады ғой» (33, әйел
адам, жұмыссыз 26.05.2017).
Кейбір респонденттер комиссияға қандай
құжат алып келу керек, сонымен бірге, ауруханада
диагноз қою үшін кімге бару керек екенін
түсінбейтінін немесе дұрыс ақпарат берілмегенін
де айтты. Бір респондент әртүрлі ауруларға
диагноз қойылуы үшін бернеше медициналық
мекемеге барғанын айтты:
«Неврология бөліміне екі рет баруға тура
келді. Содан кейін барлық құжаттарды жи-
нап, сурдологқа баланың құлағы естімейтінін
дәлелдеуге тура келді. […] Неврологиялық
бөлімге екі рет барғаннан кейін, олар Ақсай-
ға бар деді, сол жақтағылар баланың құлағы
естімейтінін растауы керек екен. Мен оларға
ДЦП да жетеді дедім. Олар «Жоқ, екі ауруын
да тіркеу керек» деді. Содан Ақсайға бардық,
ол жерде алты күндей болдық, олар есту
мүкістігі бар екенін растады, бір құлағы мүл-
дем естімейді, екіншісі – тек 38% ғана естиді.
Одан кейін барлық құжаттарды тапсырдық,
олар ДЦП мен есту мүкістігін тіркеді. Мен
осыны бір жарым жыл бұрын білгенмін; олар
73
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
осылай істеді. Содан бардық, біресе бір құжат-
ты, біресе басқасын сұратты. Бұл кезде балам
жиі ауыра берді. Содан мен Салидат Зекенқы-
зына (сол кездегі Денсаулық сақтау министрі)
хабарластым, артынша екі аптаның ішінде
мүгедектік анықтамасын алдым» (44, әйел,
тазалаушы, 29.05.2017).
Басқа респонденттер басында МӘСК анық-
тамасын алу үшін не керек білмеген сияқты,
сондықтан, көп уақытын зая кетірген, мысалы:
«Мен мүгедектікті тіркеу үшін ұзақ уақыт
бойы құжат жинадым, екі ай бойы өзім барып
жүрдім, ешкім көмектескен жоқ. Кез-келген
анықтаманы алу үшін және дәрігерлермен кез-
десу үшін бізге аудан орталығына баруға тура
келді. Енді мүгедектік анықтамасын алмас
бұрын баламды 10 күнге ауруханаға жатқы-
зуым керек, әйтпесе, олар маған анықтама
бермейміз деді» (әйел, 42 жаста, үй шаруасын-
дағы әйел, 16.05.2017)
Бір респондент
17
баласына анықтама үшін
МӘСК-ке үш рет баруға тура келгенін айтты
(неліктен екенін түсініксіздеу) және баланы «пинг-
понг добы» секілді ары-бері сенделтіп қойды деп
суреттеді.
Астана қаласында МӘСК-тен өту үшін бір ай бойы
күту керек болғаны айтылды. МӘСК куәландыруын
созбақтау артынша өтініш берушілерге қосымша
қолайсыздықтар тудырады, себебі, емхана берген
медициналық диагноздың жарамдылық мерзімі
өтіп кетеді екен. Егер мерзімі өтіп кетсе, балаға
қайтадан диагноз қойылуы тиіс, яғни, ауруханаға
тағы да бару керек деген сөз:
«МӘСК-тен өткіңіз келсе, бір ай бұрын қоңы-
рау шалып, тіркеліп қою керек. Былтыр мен
солай тіркелгенмін. Біздің мүгедектік туралы
анықтамамыздың жарамдылық мерзімі 5 нау-
рыз күні бітеді. Егер бала мүгедектік анықта-
масынан айырылса, жәрдемақы ала алмайды.
Содан біз 9 наурызға жазылып, өттік» (33,
әйел, жұмыссыз 25.05.17).
Мүгедектікті екі жыл сайын қайта растап тұру
да ауыртпалық түсіреді екен, кейбір ата-аналар
балаларының ауыр мүгедектік түріне шалдыққан
жағдайда оны қайта-қайта растап отырудың ешбір
қажеті жоқ деп санайды:
«Тексерістен екі жыл сайын өтіп тұру қиын.
Баламен барып, кезекте отырған қиын. Бала
екі жылдың ішінде өзгеріп кете алмайды, сөй-
леп немесе жүріп кете алмайды. Осы екі жыл-
дық мерзімді ұзарту керек» (33, әйел, жұмыс-
сыз 26.05.2017).
Бір респондент жергілікті педиатр үйіне келіп,
МӘСК-тен өтуге қажетті құжаттарды толтырғанын
айтты. Осының арқасында ауруханаға барудың
қажет болған жоқ, әйтпесе, қозғала алмайтын
баламен ауруханаға бару өте қиын болар еді:
«Ауылдағы педиатрымыз мүгедектікке қа-
тысты барлық құжаттарды өзі жинады, біз
тіпті баланы апарған да жоқпыз, өйткені, ол
баланың төсектен тұрмайтынын біледі, мен
комиссияға баламды апарған жоқпын, анықта-
маны өзім алдым» (әйел, 50, үй шаруасындағы
әйел, 12.05.2017).
Қызылорда облысында тереңдетілген сұхбат-
тар жүргізілген респонденттер арасында арнаулы
әлеуметтік қызметтерге өтініш беруге уақыты
жоқтары болды. Жалпы мұның себебі – мүгедектігі
бар балаларға күтім көрсету қажеттілігі. Осындай
жағдайларда әлеуметті қызметкерлер отбасыларға
құжат жинауға көмектескен.
«Әлеуметтік қызметкер үнемі көмектеседі.
Кеше барлық құжаттарды өзі рәсімдеді. Мен
үйді тастап кете алмаймын, баламды да апа-
ра алмаймын» (44 жаста, әйел, үй шаруасын-
дағы әйел, 13/05/2017).
«Осының барлығын анықтау үшін уақытым
жоқ. Мысалы, жақында Тереңөзекке (ауданға)
бардым, тездетіп құжаттардың көшірмесін
жасадым. Бірден үйге қайтып келдім, өйткені,
әлеуметтік қызметкер балама қарап отырды,
ал мен кейбір анықтамаларды алу үшін өзім
баруым керек болды» деді баласының мүге-
дектігін рәсімдеп жүрген респонденттердің
бірі (әйел, 39 жаста, поштада жұмыс істейді,
17.05.2017).
2.4 Ұсынымдар
Мұнда екі мәселеге қатысты ұсыным беруге
болады. Біріншісі үй шаруашылықтарына қа-
жетті құжаттарды жинауға және оларды тиісті
мекемелерге тапсыруға көмектесудегі әлеуметтік
17
B72, 44 жаста, әйел, үй шаруасындағы әйел, 13.05.2017.
Достарыңызбен бөлісу: |