89
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
тарластары: «Сен мүгедексің, денің сау емес,
сен ауруханада болдың ғой, аурусың ба?» дейді.
Балам бұрын көңіл аудармайтын, бірақ, қазір
жиі ренжитін болып жүр» (әйел, 36 жаста, үй
шаруасындағы әйел, 12.05.2017).
«Біз басқа жақта тұрғанда кішкентай бала-
лар жиі сұрайтын, мысалы: «Ол неге жүрмей-
ді? Оған не болған? Мен оның жасымда жүріп
үйреніп алғанмын». Тіпті олар да баламның
денсаулығында бір ақау бар екенін біледі. Біз
достарымызға жиі барып тұратынбыз, ола
балам 4 жасқа толғанша, шақырып тұрды.
Кейін баруды қойдық» (45, жұмыссыз 26.05.17).
«Үлкен қыздарым [мүгедек баламнан] ұяла-
ды, маған оны мектепке апарма дейді, өздерін
және [ұлымды] мазақтайды деп ойлайды. Кө-
шедегі адамдар балама аянышпен қарайды,
сырт айналып кетуге тырысады» (әйел, 45,
тазалаушы, 12.05.2017)
Басқалары көршілерінің жақтырмай қа-
райтынын және бейтаныс адамдардың тү-
сінбейтінін немесе дөрекілігін айтады:
«Кейде ұяламын, адамдар қарайды, барлығы
емес, кейде қоқыс қалдырып кетеміз, дәрет-
хананы былғап кетеміз. Енді не істей аламын,
маған баланы көтеру қиын, дәретханалар да
ыңғайсыз, арбаға таңылған, өз бетінше жүріп-
тұра алмайтын балаларға арналмаған» (әйел,
52, үй шаруасындағы әйел, 13.05.2017)
«Кейде адамдар балама аянышпен қарай-
ды, балам ашушаң болып кетеді, ұрып жіберуі
мүмкін, жылайды. Көршілер балаларына менің
баламмен ойнауға рұқсат етпейді. Жағымсыз
жағдай туындамас үшін үнемі баламның жа-
нында болуым керек» (әйел, 50, үй шаруасын-
дағы әйел, 11.05.2017)
«Жағымсыз көзқарас қайдан пайда болады?
Мысалы, балалардың тарапынан. Мен балам-
мен келе жатқанда, олар қарайды. Ересектер
де» (26, әйел, жұмыссыз 29.05.17).
5.4 Ұсынымдар
Әлеуметтік қызметкерлердің арнаулы әлеуметтік
қызметтер алуға құқылы болуы мүмкін үй
шаруашылықтарын белсенді анықтау қажет
болғанымен қоса, адамдар белгілі бір қызметтерді
қажет ететінін және қандай қызметтер бар
екенін өз бетінше анықтай алуы үшін төменнен
жоғары қарай бағытталған әдісті қолдану қажет.
Осы жағдай ата-аналарды көмек іздеуге қалай
итермелеу және хабардар ету туралы кейбір
ұсыныстармен бірге сипатталған:
«Ата-аналар диагнозды білгенде шынымен
есеңгіреп қалады. Кейбір ата-аналар күй-
зеліске түсіп кететіні соншалық, бір-екі жыл
бойы өз-өзіне келе алмай жүреді. Ата-аналар
осы ойға үйреніскенше біраз уақыт өтеді. Он-
дай балаға көмек неғұрлым ертерек көрсетіл-
се, тезірек оңалып кетеді. Ондай ата-аналарға
көмек керек, оларға баласына қалай көмектесу
керек екені туралы көбірек ақпарат керек...
Министрлік қазір веб-сайт ашқысы келеді, сон-
да ата-аналар осындай жағдайда не істеу ке-
рек екенін білетін болады. Кейбір ата-аналар
оңалту орындары бар екенін білмейді. Бәлкім,
теледидар арқылы бейнебаяндар көрсету ке-
рек шығар, веб-сайт ашу керек шығар. Барлық
ата-аналар Ғаламторды қолданбайды, яғни,
басқа бірдеңе керек, әлеуметтік бейнебаяндар
керек, сонда олар не істеу керек екенін білетін
болады» (ПМПК жұмыс жасайды, 26.05.17).
Осы зерттеу нәтижелері мүгедек туралы адамдар
аз білетінін және мүгедек адамдар мен олардың
отбасыларына жақтырмай қарайтынын көрсетті.
Осындай жақтырмаушылықты сезінетіндерге
тиетін зиянды әсерін, әрі кейбір жағдайларда
мүгедек баланың өмір сапасын жақсарта алатын
ем қабылдауына кедергі келтіретінін ескерсек,
қоғамда мүгедек адамдарды қоғамның тең құқылы
мүшелері ретінде қабылдау және түсіну жайлы
ақпараттық науқандар жүргізу аса қажет.
90
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
3-бөлім Зерттеу нәтижелері:
Әлеуметтік қызметтерден және
көмектен күтілетін нәтиже мен
қойылатын талаптар
Осы зерттеуде табысы төмен отбасылар
арасында көмекке сұраныс жоғары екені
туралы мәселе көтерілді және тиісті көмек
жетікілікті көрсетілмейді деп саналатын
тұстары
айқындалды.
Қазақстандағы
әлеуметтік төлемдер туралы бұрынғы
зерттеу АӘК алуға құқық беретін табыс
деңгейі тым төмен екенін анықтады.
Бір
зерттеуде,
үй
шаруашылығының
шығындары ең төменгі күнкөріс деңгейін
есептеу үшін пайдаланылғанда, АӘК алуға
құқылы адамдардың 97%-ы оны алмайтын
болып шықты (Бабаджанян Б. және т.б.
2015, 2009 жылғы ҮШБЗ мәліметтерінен).
Біздің іріктелімде 8%-ы өздерін АӘК және
16%-ы МБЖ алуға құқылы деп санайды.
Бұл көрсеткіштер күткен нәтижелерден
айтарлықтай жоғары, өйткені, ресми
талаптарға сай халықтың кем дегенде
2.7%-дан аз бөлігі жәрдемақы алуға
құқылы дегенді білдіреді.
Сапалық сұхбаттар кезінде өте ауыр жағдайда
тұрып жатқан, тысқарыдан көмек көрсетілмесе,
күн көре алмайтын, бірақ, қажеттіліктерін өтеу
үшін мемлекеттен жеткілікті көмек алмайтын
отбасылар бар екені анықталды. Мұнда адамдар
Қазақстан заңында бекітілген стандарттар өрескел
бұзылған жағдайлар болды, бірақ, осы жерде аса
ауыр жағдайлар келтірілген.
Осы жерде біз алдыңғы зерттеу нәтижесін
қайталап кете аламыз, яғни, (i) АӘК өте шектеулі
түрде беріледі және (ii) үй шаруашылықтары
басқа төлемдерді, атап айтқанда, мүгедектік
жәрдемақыларын негізгі қажеттіліктерін өтеуге
жұмсайды. Бұлай болмауы керек. Осы мәселені
толығырақ сипаттау үшін төменде, табысы тым
жоғары деп АӘК берілмеген Астанада тұратын
жалғызбасты ана өзінің жағдайын сипаттап берді:
«Басында жалғызбасты ана ретінде тіркел-
дім және заңға сәйкес сол санатта қалдым. Туы-
стармынан көмек болған жоқ. Бәрін өз мойныма
алдым, сондықтан, баламды өзім өсіремін. Жа-
тақханада бөлмеміз бар, 20 шаршы метр. Бала-
лар төсекте ұйықтайды, ересектер еденде жа-
тады. Қайдан ақша табамын? Дүкенге барғанда
бір не екі бөлке нан аламын, бірақ, балалар төр-
теуін жейді. Кем дегенде төрт бөлке нан керек.
Бәріне картоп қуырып беру үшін кем дегенде
бес келі картоп керек. Ол қазір жүз елу теңге
тұрады. Пияз да керек. Біз сүт те ішпейміз. Нан
алатын ақшам жоқ, қазір қалтамда көк тиын
жоқ. Қант бітті, шай, тұз, макарон, шемішке
майы бар, болды! Дәмдеуіштер, ащы-тұщы жоқ,
ешқайсысы жоқ! Немен тамақ жасаймын? Үйде
азық-түлік бар сияқты, бірақ, тамақ жасайтын
ештеңе жоқ. Ет алатын жағдайымыз жоқ. Та-
уықтың бір келісі 450 теңге тұрады. Маған
көмек керек, балаларымен мүгедектік жәрде-
мақысын ала бастағалы бері әлеуметтік көмек
берілмейтін болды. Ақшам жетпейді, қаншама
рет АӘК сұрадым, үнемі бермейді, табысым
жеткілікті дейді, бірақ, табысым қайда? Мүге-
дек балаларға берілетін жәрдемақы ғой, сол ба-
лалардың ақшасына бүкіл отбасын асырау ке-
Достарыңызбен бөлісу: |