Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді


Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік  қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер  Сурет 5



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет30/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46

70
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Сурет 5.
Өтініш  берудің  барлық  сатыларына  кеткен  күндер  саны,  арнаулы  әлеуметтік 
қызметтердің түрлері бойынша
Осы  тарауда  айтылған  кедергілер  аса  түйіткілді 
кедергілер  емес,  бірақ,  отбасылардың  арнаулы 
әлеуметтік  қызметтер  алғанға  дейінгі  уақытты 
ұзартып  жібереді.  Зерттеу  үй  шаруашылықтары 
арнаулы  әлеуметтік  қызметтерге  қол  жеткізетін 
уақытты ұзартып жіберетін өтініш беру тәртібінің 
басты үш тұсын анықтады. Олар:
• 
Өтініш 
беру 
рәсімдерінің 
жалпы 
күрделілігі және уақыт алуы
• 
Медициналық  диагноз  алуға  қатысты 
қиындықтар 
• 
Куәландыру  комиссияларына  барудағы 
қиындықтар (МӘСК және ПМПК)
Осылардың әрқайсысы төменде талқыланған.
2.1 Өтініш беру рәсімдерінің жалпы
күрделілігі және уақыт алуы
Өтініш 
берудің 
күрделілігі 
қызметтерді 
пайдалануды,  яғни,  өтініш  беруге  деген 
қызығушылыққа әсер етеді, сонымен қатар, өтініш 
берушілер  үшін  қолайсыздықтар  мен  ақшалай 
шығын  тудырады,  өтініш  беру  ұзақ  уақытқа 
созылғандықтан,  қызметтер  де  кешіктіріліп 
көрсетіледі.  Өтініш  беру  көп  уақыт  алатыны  - 
баласы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 
деп  сенетін  үй  шаруашылықтарының  неліктен 
өтініш  бермегенінің  басты  себептерінің  бірі 
(Кесте 22). Сауалнама респонденттерінің өтініш 
бергендерінен  құралған  шағын  іріктелімнен 
бүкіл  өтініш  беру  рәсіміне  кеткен  уақыттың 
орташа  ұзақтығы  айтарлықтай  ұзақ,  жалпы 
алғанда  32-120  күн  аралығын  құрайтынын 
көреміз (Сурет 5). Оған өтініш үлгісін дайындауға, 
тиісті  комиссияның  мұқтаждықты  тексеруін 
күтуге  және  артынша  өтініш  бойынша  шешім 
қабылдануын күтуге кететін уақыт кіреді.
02
04
06
08
0
100
120
140
socio-pedagogical
socio-psychological
socio medical
social care


71
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Кесте 26.
Өтініш берудің әр сатысына жұмсалған уақыт ұзақтығы, қызмет түрлері бойынша
A: Әле-
уметтік
күтім қыз-
меттері
B: Әлеумет-
тік-меди-
циналық
қызметтер
C: Әлеумет-
тік-психо-
логиялық
қызметтер
D: Әлеумет-
тік-педа-
гогикалық
қызметтер
Куәландыру комиссиясына жету үшін 
қанша уақыт кетті?
1 сағат
7 сағат
1 сағат
1 сағат
Өтініш беру кезінде куәландыру комис-
сиясына қанша рет баруға тура келді? 
4 рет
3 рет
6 рет
4 рет
Өтінішті тапсыратын орынға жету үшін 
қанша уақыт кетті?
1 сағат
8 сағат
1 сағат
1 сағат
Өтініш беру кезінде өтінішті тапсы-
ратын орынға қанша рет баруға тура 
келді? 
5 рет
n=3
3 рет
n=6
5 рет
n=1
4 рет
n=2
Кесте 26 көрсетіп тұрғандай, өтініш беру кезінде 
өтініш  беретін  орынға  және  мұқтаждықты 
тексеру  орнына  бірнеше  рет  бару  қажет,  ал 
мұндай  орындар  көбінесе  өтініш  берушінің 
тұратын жерінен алыста орналасқан.
Сапалық  сұхбаттар  өтініш  беру  неліктен  көп 
уақыт  алатынына  қатысты  себептер  бойынша 
толығырақ мәлімет береді, мұндай мәлімет осында 
өтініш  берудің  негізгі  сатыларына;  медициналық 
диагноз  алуға  және  куәландыру  комиссияларына 
(МӘСК  және  ПМПК)  баруға  қатысты  қысқаша 
қорытынды жасалған. Оған қоса, алдыңғы тарауда 
айтылғандай,  ақпарат  жетіспеушілігі  де  өтініш 
берушілердің көп уақытын алады.
2.2 Медициналық диагностикаға
қатысты қиындықтар
Кейбір  диагноз  қою  рәсімдері  баланың  ұзақ 
уақыт  бойы  ауруханада  жатуын  талап  етеді. 
Медициналық  тұрғыдан  бұл  міндетті  шара 
болғанымен, кейбір ата-аналар үшін (іріктелімдегі 
үш  ата-ана)  қосымша  логистикалық  және 
қаржылай қиындықтар тудырады.
«Мүгедектікті  тіркеу  үшін...  медициналық 
қорытынды алу үшін бізге ауруханаға жатуға 
тура келді. Бұл қиын, баланы алып келу керек. 
Тексерулер қымбат тұрады, кейбір диагности-
калық  процедураларға  ақша  төлеуге  мәжбүр 
болдық» (әйел, 30 жаста, балабақшада мұғалім 
көмекшісі, 13.05.2017).
«Біз  балалар  ауруханасында  1  ай  жаттық, 
содан кейін барып МӘСК-ке құжаттар дайын-
дай бастадық. Олар осылай істеу керек деді» 
(40,  әйел,  әлеуметтік  қызметкер/мұғалім, 
17.05.17).
Бір респондент балаға ауруханада көрсетілетін 
күтімге сенбейтінін жеткізді:
«Басында  ол  психиатриялық  ауруханада  15 
күн жатты, кейін тағы да 15 күн жатты. Та-
лап сондай, ауруханаға жатып шықпаса, құжат 
қабылдамайды.  Ал  маған  баламның  жағдайы 
керісінше нашарлап кеткен сияқты. Аурухана-
да көп дәрі береді» (әйел, 29 жаста, үй шаруа-
сындағы әйел, 16.05.2017).
Осы  мәселе  сұхбаттар  жүргізу  кезінде  жиі 
көтерілді,  әрі  баланы  емдеудің түрлі  сатыларына 
қаытсты  болды.  Осы  зерттеуге  қатысы  болмаса 
да,  ата-аналар  мен  медицина  қызметкерлері 
арасында бала үшін нені жақсы екеніне қатысты 
өзара түсінбестік бар сияқты.
Тереңдетілген сұхбаттар кезінде респонденттер, 
сондай-ақ,  медициналық  диагноз  алуға  тұратын 
кезек ұзақ екенін жеткізді, мұндай диагноз МӘСК 
және  ПМПК  куәландыруы  үшін  қажет.  Осындай 
жағдай  Қызылорда  облысында  көбірек  белең 
алған,  бірақ,  Астана  қаласында  да,  Маңғыстау 


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау