60
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 10. Арнаулы әлеуметтік қызметтер аясындағы нақты қызметтер.
2008 жылғы Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заң және осы заң төңірегіндегі қосымша
заңдар ұрымталдығы бойынша белгілі бір санатқа жататын балаларға келесі қызмет түрлерін
алуға құқылы етеді:
1. Әлеуметтік күтім қызметтері
- Үйде көрсетілетін әлеуметітк қызметтер, мысалы, күтімге мұқтаж мүгедектігі бар балаларға
күтім
көрсету
- Қимыл-қозғалысы шектелген адамдарға арналған жеке көмекші
- Психологиялық, медициналық және педагогикалық тексеру және диагностика (баланың
арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға мұқтаждығын анықтау үшін)
- Тиісті тұрғын үй жағдайымен қамтамасыз ету (қабаттар саны, тұрғын үй түрі және т.б.).
2. Әлеуметтік-медициналық қызметтер
- Протездік-ортопедиялық
және есту құралдарын, қоларбалар және т.б. беру
- Оңалтушы ем, соның ішінде, медициналық, физикалық, шипайжайлық және басқа да ем түрлері
3. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер
- Әлеуметтік-психологиялық қызметтер, мысалы, әлеуметтік-психологиялық жүйесі бақылау,
психологиялық көмек көрсету, психологиялық жағдайды түзеу
2-бөлім Зерттеу нәтижелері:
Арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі
кедергілер
Есептің осы бөлімінде арнаулы әлеуметтік
қызметтерге мұқтаж үй шаруашылықтары
сол қызметтерге қол жеткізу кезінде
тап болатын кедергілерді қамтиды. Біз
3,982 балалары бар үй шаруашылықтары
арасында
жүргізген
сауалнамамызда
осындай қызметтерге мұқтаж балалы үй
шаруашылықтарын анықтаудың бірнеше
әдісін қолдандық. Солардың біріншісі
Вашингтондық топ құрастырған сұрақтар
13
болды, олар мүгедек балалары бар үй
шаруашылықтарын анықтауға арнал-
ған, екіншісі үй шаруашылықтарынан
аталған қызметтер алуға құқық беретін
мүгедектікке қатысы жоқ санаттардың
біріне жататын баласы бар-жоғын сұрау
болды. Содан соң, біз осындай балалар
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы
заң
14
аясында көрсетілетін арнаулы
қызметтердің қайсысына мұқтаж екенін
сұрадық, аталмыш қызметтер Бокс 10
келтірілген.
13
http://www.washingtongroup-disability.com/
14
Қазақстан Республикасының 29 желтоқсан 2008 жылғы N 114-IV «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы
61
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер
- Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған педагогикалық түзеу шаралары
- Үйде оқыту
- Тіл мүкістігін түзеуге арналған логопедиялық қызметтер
- Арнаулы оқыту бағдарламалары арқылы балаларға
білім алуға көмектесу
- Мүгедектігі бар және/немесе жалпы білім беретін мектепте оқу бағдарламасын меңгеруге
қиналатын балаларды оқытуға көмектесу
- Арнаулы қажеттіліктеріне байланысты балабақшадан тегін орын беру
- Өз-өзіне қызмет көрсету, жеке бас тазалығы, күнделікті өмірдегі және қоғамдық орындардағы
мінез-құлық, өзін-өзі реттеу, тіл табысу және басқа да өмірде қажет дағдыларды қалыптастыру
қызметтері
Кесте 20. Үй шаруашылығының арнаулы әлеуметтік
қызметтерге мұқтаждығы
Жиілігі
Безбендел-
ген жиілігі
Безбенделген
%
15
Мүгедектігі бар балалар
16
246
2953
6.3
Ерекше қажеттіліктері бар басқа балалар:
42
416
0.9
- Үй шаруашылығының асырауындағы жетім немесе
ата-ананың қамқорлығынсыз
қалған балалар
31
362
0.8
- Әлеуметтік мәні бар аурулары (СПИД(ЖИТС)/
ВИЧ(АҚТҚ), туберкулез) бар балалар
11
86
0.2
- Девианттық мінез-құлықты балалар
4
36
0.1
- Заңға
қайшы әрекет жасаған балалар
3
35
0.1
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж
276
3279
7.0
Осы кіріспе бөлім өздерін мұқтаж деп
санайтындар, арнаулы әлеуметтік қызметтерден
хабардарлық
деңгейі
және
өтініш
беру
мәселелеріне шолу жасайды. Үй шаруашылықтары
арнаулы әлеуметтік қызметтерден хабардар
екеніне, мұқтаж екеніне жеткізгеніне және
сондай қызметтерді алуға өздерін құқылы деп
санайтындарына қарамастан, олардың тек аз
ғана бөлігі өтініш беріп көргені анықталды. Кесте
20. үй шаруашылықтары арасында жүргізілген
сауалнамаға қатысқан өмірлік қиын жағдайда қалған
отбасылардың түрлерін және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге мұқтаж екенін жеткізгендерді
көрсетеді. Қазіргі таңда респонденттер арасында
мүгедек баласы бар үй шаруашылықтары ең үлкен
топты құрайды. Ерекше қажеттіліктері бар, ата-
ананың қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік мәні
бар аурулары бар, девианттық мінез-құлықты
немесе заңға қайшы әрекет жасаған балалары бар
отбасылар іріктелімнің 2.1%-ын құрады. Өмірлік
қиын жағдайдың түрлі санаттарына жататын
отбасылар саны аз екенін ескерсек, талдау осындай
түрлі санаттарға жататын отбасыларды өзара
біріктіріп көрсетеді.
15
Ескертпе: Ішінара жиілік осы тараудағы сандық зерттеу пайдаланылған іріктелімнің салыстырмалы түрде шағын көлемді екенін көрсету
үшін берілген. Оң жақтағы бағанда үш іріктелім аймағындағы халық санына қарай түзетілген пайыздар көрсетілген.
16
Мұндағы мүгедектіктің таралғандығы Қазақстандағы басқа да есептеулерге
қарағанда айтарлықтай жоғары, нәтижесінде халық арасын-
дағы мүгедектігі бар адамдар үлесі 3.0%-ды құрайтын болып шықты. (http://www.unescapsdd.org/files/documents/PUB_Disability-Glance-2012.
pdf). Бұл көрсеткіштер Дүниежүзілік банк 2002-04 жж. Дүниежүзілік халық денсаулығын зерттеу кезінде жиналған мәліметті пайдалана
отырып есептеп шығарған 14%-дан әлдеқайда төмен (https://data.worldbank.org/data-catalog/world-report-on-disability).