№ 3-
зертханалық
жұмыс
Үш өлшемді кескін
құрудің тәжірибелік
дағдысына иелену
[8], 198-228
б.
4 апта Ағымды
бақылау
10-шы
аптада
СДЖ
бойынша
есеп беру
(5-тақырып)
“AutoCAD 2006,
T-FLEX CAD9,
CADMECH жүйелері”
тақырыбы бойынша
білімді тереңдету
Периодтық
баспалар
2 апта Ағымды
бақылау
12-ші
аптада
№ 4-
зертханалық
жұмыс
Сызда дайындаудың
тәжірибелік дағдысын
меңгеру
[6], 146-206
б.
4 апта Ағымды
бақылау
14-ші
аптада
СДЖ
бойынша
есеп
беру
(6-тақырып)
“Технологиялық
процестер АЖЖ-лері:
“Вертикаль”, ADEM,
TechnologiCS, T-FLEX
Технология” тақырыбы
білімдерін тереңдету
Периодтық
баспалар
3 апта Ағымды
бақылау
15-ші
аптада
№ 1-4
зертханалық
жұмыстар
Қорытынды жасау
[5, 8, 9, 15]
1 апта Ағымды
бақылау
15-ші
аптада
Реферат
Берілген тақырып
бойынша білімдерін
тереңдету
Периодтық
баспалар
Семестр
бойы
Ағымды
бақылау
15-ші
аптада
Емтихан
Курс бойынша білімін
тексеру
Бүкіл
ұсынылатын
әдебиеттер,
периодтық
баспалар
1 күн
Қорыты
нды
бақылау
сессияда
3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
1-тақырып АЖЖ туралы жалпы мәлімет. Жобалау процесі және оны
үйымдастыру
Дәрістер жоспары
1. АЖЖ мәні, құру мақсаттары мен тағайындалуы.
2. Техника объектерін жобалау процесін үйымдастыру. Техникадағы
жобалау объекттері. Жобалаудың негізгі кезеңдері: объектті баяндау, жобалау
процедурасы мен жобалау шешімі, жобалау нәтижесін дайындау. Жобалау
процесінің бабын табу; декомпозицияның, иерархиялықтың, итерациялықтың
және жобалау бағыттылығының принциптері.
3. Жобалау процесін баяндау үлгілері.
Автоматтандырылған жабалау жүйелері (АЖЖ, орысша – САПР)
автоматтандырылған тәртіппен жобалу операцияларын орындау үшін
арналады.
АЖЖ құру және пайдалану мақсаттары мыналар:
– жобаланып және шығарылып отырған өнімдердің сапасын және техника-
экономикалық деңгейін жоғарылату;
– жобалау үшін шығындарды кемиту;
– жобалау мерзімін қысқарту және еңбек сыйымдылығын төмендету;
– жобалау құжаттарының сапасын жоғарылату, құжат сақтауды, беруді,
қолдануды жеңілдету.
Бұл мақсаттар келесі жолдармен іске асырылады:
– ЭЕМ мен математикалық әдістер арқасында жобалау әдістемесін жүйеге
келтіру және жетілдіру;
– көп еңбек сіңіруді керек қылатын жалықтыратын жұмыстарды
автоматтандыру, нәтижесінде жобалаушы творчестволық жұмыс үшін
босатылады;
– жобалау барысында күрделілік деңгейі жоғары тиімді математикалық
үлгілерді қолдану;
– көп вариантті шешімдер мен оңтайлы ету тәсілдерін пайдалану;
– типтік шешімдер кітапханаларын, бар объекттер жайлы ақпарат пен
анықтамалық мәліметтерді ұстап тұратын бірыңғай деректер банктерін
құрастыру және қолдану;
– сынама үлгілерін нақты тексеруді математикалық үлгілеумен ауыстыру,
сонда жетілдіру мерзімі мен құны азаяды.
Тарихы мен негізгі атаулары
Жобалауды автоматтындыру идеясы 50-ші жылдардың аяғында
Массачусетс технологиялық институтында пайда болды.
Базасы – ЭЕМ пайдалануды кеңейту.
Ағылшын және қазақ атаулары:
CAD – Computer Aided Design – компьютерлік жобалау (дайындау) жүйесі,
тарлау мағынасы – Computer Aided Drafting – компьютерлік сызу;
CAM – Computer Aided Modelling – (процесті) компьютерлік үлгілеу, тарлау
мағынасы – Computer Aided Manufactoring – компьютерлік өндіру;
CAQ – Computer Aided Quality Assurance – сапа басқару жүйесі;
CAP – Computer Aided Planning – өндірісті технологиялық дайындау
жүйесі;
CAE – Computer Aided Engineering – инженерлік талдау жүйелері, демек,
инженерлік қызметті кешенді қарастыру.
Әдебиетте ең кең таралған атауы: CAD-CAM-жүйелері – өндірісті жобалау
мен басқарудың біріктірілген жұйелері. Мағынасы ұқсас атауы: CIM –
Computer Integrated Manufactoring.
Объекттің (бұйымның) өмір циклінің жалпы құрылымы (1.1-сурет).
Объекттерді жобалау олардың өмір циклінің құраушы элементі болып
табылады.
Жоспарлау
Өндіру
Пайдалану
Зерттеуіш
жұмыстар
Жобалау
1.1-сурет. Бұйым өмір циклінің жалпы құрылымы.
Жобалау объекттері ретінде жадығаттар, нәрселер, жүйелер (техникалық,
үйымдастырушылық) және процестер (технологиялық) болу мүмкін.
Объектті құру:
– жадығат не нәрсені – оны жасау және белгіленген қасиеттері мен
сипаттамаларын беру;
– процесті – берілген алгоритміне тиісті оны орындау;
– жүйені – кеңістік пен уақыт бойы орналастыру және белгіленген
қасиеттері мен сипаттамаларын беру, оның арасында берілген алгоритміне
сайкес жұмыс істеу.
Объектті баяндау:
– жадығат, нәрсе, жүйе үшін – берілген қасиеттері мен сипаттамаларын,
оның ішінде құраушы бөліктері мен қоршаған орта арасындағы өзара
әрекеттерін, баяндау;
– процесс үшін – процесс нәтижесін және оны кеңістік пен уақыт бойы
орындағанда берілген көрсеткіштерін баяндау.
Жобалау шешімі – жобалауды қарастырып оның әрі қарай жалғастыру
бағытын әлде аяқтау керегін анықтау үшін керекті және жеткілікті мөлшерде
берілген жобалау объектінің аралық не ақырғы баяндамасы.
Жобалау нәтижесі – объектті құру үшін қажетті және берілген талаптарды
қанағаттандыратын жобалау шешімі немесе олардың жиынтығы.
Жоба – жобалау нәтижесі берілген жобалау құжаттарының жиынтығы.
Техникалық жүйе – өзара байланысқан элементтер жиынтығы, онда:
а) элементтердің функционалдық өзара байланысы олардың жоғарырақ
деңгейлі жүйенің бірыңғай элементі ретінде бірлескен әрекетін қамтамасыз
етеді;
б) әрбір элементтің өз функционалдық тағайындалуы мен жүзеге асырудың
белгілі техникалық түрі бар;
в) техникалық жүзеге асырылатын элементтер жобалаудың дербес
объектлері болу мүмкін.
Синтез, талдау және параметрлер есептеу есептері жаңа жобалау дерек
алуды қамтамасыз етеді. Олар бәрі бірге жобалау шешімін дайындау процесін
құрастырады. Демек, дәл осы есептерін жобалау процедуралары деп жіктеуге
болады. Жобалау процедурасы дегеніміз – бұл орындалуы жобалау шешімімен
аяқталатын әрекеттердің формализделген (бір түрге келтірілген) жиынтығы.
МЕСТ 22387-77 “Автоматтандырылған
жобалау.
Атаулары
мен
анықтамалары” сәйкес, жобалау процедурасы деп орындалуы жобалау