Оқытушы жайлы мәліметтер: Дильдебаева Жулдуз Турсуновна – экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономикалық кибернетика»



жүктеу 10,25 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі10,25 Kb.
#4964
  • Оқытушы жайлы мәліметтер: Дильдебаева Жулдуз Турсуновна – экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономикалық кибернетика» кафедрасының доценті. С.М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. Ғылыми жұмысы экономикалық процесстерді моделдеу бағытында. Жалпы еңбек стажы 24 жыл, ҚазҰТУ-де 3 жыл. Пән - Экономикалық мәліметтерді талдау және модельдеу курс – 3 мамандықтар: 050508 – Есеп және Аудит; 050908 – Бағалау; 050703 – Бизнестегі ақпарат жүйесі (экономика бағыты бойынша дайындалатын мамандықтарға)
  • Барлығы 3 кредит Лекция 30 сағат Тәжірибелік (семинар) сабақтар 15 сағат Аралық бақылау (саны) 2 СӨЖ 45 сағат СОӨЖ 45 сағат Барлық дәрісханалық сағат 60 сағат Барлық дәрісханадан тыс сағат 75 сағат Еңбек көлемі 135 сағат

Пәнді оқыту мақсаттары.

  • Пәнді оқыту мақсаттары.
  • Экономикалық процестерді математикалық модельдеу мен статистикалық көрсеткiштердi талдау әдiстерi бірлесе отырып экономикалық теорияның негiзгi даму бағытын құрайды. Бұл курстың негiзгi мақсаты экономист-студенттерге экономика-математикалық модельдеудiң бүгiнгi таңдағы микро- макроэкономика деңгейiндегi даму бағыттарын көрсету, сондай-ақ шешiм қабылдау және әлеуметтiк эконмикалық дамуды жобалау үшiн экономикалық көрсеткiштердi талдаудың негiзгi әдiстерiн көрсету.
  • Пәндi оқыту мәселелері.
  • Пәндi оқу барысында студенттер экономикадағы математикалық модельдеудiң нысандарын түсiну қажет, микро- макроэкономика негiзгi модельдерiн үйренедi, атап айтсақ, тұтынушылар және өндiрушiлер iс-әрекеттерi моделi, олардың байланысы, тепе-теңдiк және экономикалық өсiм модельдерi, жұмыссыздық және инфляция, осы модельдердi талдау нәтижесiн игередi. Сонымен қатар экономикалық көрсеткiштердiң сандық және сандық емес мөлшерлiк талдаудың негiзгi әдiстерiн игередi, атап айтсақ, баяндаушы статистика әдiстерi және жобалық бағалау, корреляциялық, дисперсиялық, факторлық, кластерлiк, дискриминанттық талдаулар, экономикалық көрсеткiштердi жобалаудың негiзгi жолдарын үйретедi.

Алдын-ала өткен пәндер тiзiмi. Экономикалық теория, жалпы статистика теориясы, микроэкономика, макроэкономика, экономистер үшiн математика, эконометрика, информатика, экономика-математикалық әдiстер.

  • Алдын-ала өткен пәндер тiзiмi. Экономикалық теория, жалпы статистика теориясы, микроэкономика, макроэкономика, экономистер үшiн математика, эконометрика, информатика, экономика-математикалық әдiстер.
  • Аралық пәндер және олардың бұл пәнмен байланысы. Халықаралық экономика, өнеркәсiп экономикасы, кәсiпкерлiк, қаржы, өндiрiстi ұйымдастыру, табиғатты пайдалану экономикасы, кәсiпорын экономикасы. Бұл курс барысында игерiлген бiлiм бiтiру жұмысын жазуда қолданылуы мүмкiн.

Курстың саясаты мен процедурасы

  • Курстың саясаты мен процедурасы
  • Ағындық бақылау студенттердің өзіндік жұмысқа дайындығы, орындауы, белсенділігі ескеріледі. Сабақтың барлық түріне студенттің қатысу белсенділігі өз бетінше тапсырманы орындау қабілеттілігін қажет етеді, Сабаққа тек келгені үшін баға қойылмайды. Сондықтан барлық бағаның 25 пайызы өз бетінше жұмыс жасау қабілеттілігіне қойылады. Түсінбеген сұрақтарын уақытылы мұғалімнен көмек алып білуге, оқуға талаптануы керек. Күнделікті сабаққа дайындықпен келуді қажет етеді.
  • Тапсырма СӨЖ. Осы пәннің ерекшелігі әр студентке жеке тапсырма беріліп оның уақытылы, практикалық мәнімен ізденіс негізінде орындауын қажет етеді. Қосымша материалдарды өз бетінше оқып, жасаған жұмысын түсіндіре білуі, қорғауы қажет болады. Осыған байланысты төрт тапсырманы шығармашылық жұмыс ретінде жазбаша дайындап кесте бойынша уақытылы өткізу керек. Сондықтан жалпы бағаның 25 пайызы әр тапсырмаға беріліп отыр.
  • Лекция сабағы студенттердің қатысуын, тыңдауын, негізгі моменттерді жазып белсенділігін қажет етеді. Күнделікті лекцияға өткен материалды игеріп және жаңа материалмен танысып келуі керек. Сонда ғана лекция өз дәрежесіне мақсатына жетеді. Сондықтан студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында лекция материалына сәйкес жалпы бағаның 25-15 пайызы берілді.
  • Зертханалық жұмыс компьютерлік класта өтіледі. Сондықтан студенттің осы сабаққа келуі міндетті. Компьютердегі арнаулы программаларды пайдаланып тапсырмаларды, жеке тақырыптарды орындауды үйретеді. Көп жағдайда лабораториялық жұмыс уақыттың аздығынан (50 минут) кейін сабақтан тыс кезде аяқтауды қажет етеді. Сондықтан жұмыстың орындалуын білу үшін және аяқталуын қамтамасыз ету үшін баға 15-25 пайыз беруге болады.

Студенттердің білімін бағалау

  • Студенттердің білімін бағалау
  • Межелік семестрге екі кезеңмен өткізіледі.
  • Кесте бойынша бағалары 8 және 15 аптада қорытылып қойылады. Теориялық сұрақтар лекция кезінде және басқа сабақтардың кезінде, тапсырмалар орындау және қабылдау кездерінде сұрап отырылады.
  • Тапсырмаларды кесте бойынша уақытылы тапсыру керек, кешіккен жағдайда бағасы 10 пайызға кем қойылады.
  • Қорытынды баға емтиханның бағасына және межелік бағаға бөлінеді. Межелік баға семестрге екі рет өткізіліп қосындысында 60 балл болса, ал емтиханның бағасы 40 балды құрайды. Әр межелік балл 30 балдан тұрады. Кестедегі межелік балдың бағасы пайызбен берілген

жүктеу 10,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау