Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану



жүктеу 0,63 Mb.
бет9/17
Дата05.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#31356
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
оқытудың интерактиаті түрлері нұсқаулық маңғыстау

Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда оқушыларға зерттеудің алты қадамы бойынша жұмыс жасауға бағыт беру керек:

1. Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін? Мен қазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Мен өз жұмысымды қалай таныстырамын?

2. Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын? Маған кім көмектесе алады?

3. Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма? Мен нені сақтауым керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстар қаншалықты сенімді болып табылады?

4. Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба? Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?

5. Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыруды сұрады? Мен оны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды кімдерге таныстыратын боламын? Мен тез тіл табысқышпын ба?

6. Соңғы өнімді бағамдау: Мен бірдемені қалдырып кеттім бе? Менің жұмысымның мәні бар ма? Мен орфографиялық және грамматикалық нормалардың сақталуын тексердім бе? Мен өз жұмысымды оқыған адамның алдында мақтаныш сезіне аламын ба? Мен не үйрендім?
Рөлдік және іскерлік ойындарды ұйымдастыру

Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Мұғалім мен оқушының іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру нәтижесінде оқу әрекеті барысында оқушылардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және басқа да жақтарынан жетістікке жетуді сезінуі, танымдық көзқарасы дамып, қарым-қатынас құруға бейімделуі қалыптасады.

Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі – ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде ойын – өнер мен көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіріледі. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әр түрлі әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойын кезінде шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.

Балалар ойын барысында:

- өзін еркін сезінеді.

- ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады.

- сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Педагогика бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді.

Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:



  • адамдар іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді;

  • жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады;

  • бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі;

  • кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.

Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойынға басшылық жасау кезінде бұйыруға болмайды. Егер мұғалім баланың эмоциясына, қиялына әсер ету арқылы олардың қызығушылығын арттыра түссе, онда баланың құштарлығы өсіп, ойынға құмарта түседі. Балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда әр мұғалім өзінің әдісін оқушының психологиялық және физиологиялық дамуын ескере отырып іске асырады. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ойын үстінде ауызекі сөйлесу барысында түсінеді. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Күнделікті өмірдегі қиындықтың бірі күтпеген жағдайлардағы адамның өзін ұстай білмеуі болып табылады. Әдеттен тыс жағдайға тап келген адамның дұрыс шешім жасай алмауы жиі кездеседі. Осындай жағдайларды яғни, сюжеттік-рөлдік ойындарды сахнада ойнап көрсету балалардың бойындағы жағдайды ойластыру және одан шығудың жолын табу қабілетін дамыту әдісі болып табылады. Бұдан басқа, осыған ұқсас ойындарда бала басқалармен өзара әрекет жасай білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен ақылдаса отырып шешуге үйренеді. Сюжеттік-рөлдік ойындарды сабақ үстінде де, үзілісте де, бос уақытта да, өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, толық меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.

Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.

Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.

Белгілі ғалым, психолог Д.Б.Элконин: «Ойын – баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге бағалауға үйретеді» дейді. Рөлдік ойын тәсілдері таным қызметінің эмоционалды және тиімді жаңа жақтарын біріктіреді. Ойын кезінде бала өзінің нақты өмір тынысын, шынайы табиғатын танытады. Бұл оқушының ынтасын арттырып, ойлау қабілетін, қиялын дамытады, шығармашылық ізденіске жол ашады.



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау