Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану



жүктеу 0,63 Mb.
бет10/17
Дата05.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#31356
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
оқытудың интерактиаті түрлері нұсқаулық маңғыстау

Пікірталастарды ұйымдастыру

Өзара әрекеттестік әдетте, белгілі бір мәселені шешу, ол шешімнің тиімділігі туралы әңгімелесу, талқылау түрінде өтеді. Ең бастысы, мұнда мәселені шешу үдерісі жауапқа қарағанда маңызды екендігін түсіну қажет. Осы мақсатта жүргізілетін пікірталастарда жеке тұлғаның қарым-қатынас мәдениетіне, ортада өзін-өзі ұстау мәдениетіне, пікірталас түріне лайықты сөйлеу мәнеріне, көркем тәсілдер мен бейнелі сөз орамдарын дұрыс қолдана білуге үйретуге назар аударылады.

Пікірталастар барысында төмендегідей жағдайлар жиі талқыланады:


  • топ мүшелерінің басым бөлігі үшін маңызды деп танылған мәселелер

(тақырыптық пікірталас). Мұндай пікірталастың міндеті – талқыланатын мәселеге сәйкес субъектілердің өз тәжірибесін бөлісуі мен оны шешу жолдарына қатысты түрлі көзқарастарын ортаға салу. Егер талқылауға нақты бір мәселе қойылса, онда пікірталастың міндеті оны шешудің жолын таңдау болып табылады.

  • топ мүшелерінің жинақталған тәжірибесі (өмірбаяндық пікірталас).

Өткеннің тәжірибесі тар мақсатта пайдаланылмайды. Егер сол тәжірибенің топ үшін бүгінгі мәселені оң шешуіне тигізетін ықпалы болса ғана қолданған дұрыс.

Әдетте топтық пікірталастардың бірнеше сатылары болатыны белгілі, оның жалпы реті төмендегідей болып келеді:

Бағдарлау кезеңінде пікірталастың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Пікірталас тақырыбының барлық қатысушыға теңдей түсінікті әрі өзекті болғаны тиімді. Керісінше болған жағдайда ондай әңгімені қозғаудың өзі мәнсіз;

Ақпараттарды жинау кезеңінде қатысушылар қарастырылатын мәселеге қатысты өз ойларын, сезімдері мен пікірлерін білдіре алады. Егер пікірталас нақты бір мәселенің шешімін табуды көздесе, онда қатысушылардың қай-қайсысына да өздері ойлаған барлық шешімдерді ортаға салуға мүмкіндік берген жөн. Мұндайда сыни көзқарастардың (яғни «миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы) өрістетуіне де шек қойылмауы тиіс, сонда ғана ол өз мақсатына жақындай түспек.

Талқылау барысында алынған ақпараттарды реттеу, негіздеу және бірлесе бағалау кезеңі. Бұл кезеңде талқылауға қойылған мәселені шешудің бұрын ұсынылған нұсқаларына сыни талдау жасалады.

Пікірталастың аяқталуы кезеінде қорытындылар шығару, пікірталастың мақсаты мен алынған нәтижелерді өзара салыстыру. Егер нақты мәселе талқыланса, онда оны шешудің тәсілдері атап көрсетіледі.

Топтық пікірталасты басқару тәсілдері:


  • Сұрақтар топтық пікірталасты бағыттап отыруға, оны белсенді

ұйымдастыруға, барлық қатысушыларды толық қамтуға, талқыланатын материалдың мәнді тұстарына басым назар аударып отыруға мүмкіндік береді. Кейде пікірталастың құрылымы түгелдей дерлік оқытушының сұрақтары төңірегінде өрбитін жайлар да кездеседі. Ашық немесе қосалқы (бекітуші сипаттағы) сұрақтардың өнімді қызмет атқаратыны белгілі. Жалпы жабық (иә/жоқ жауаптарды қажет ететін) және «Неге…?» деп басталатын сұрақтарды пайдаланбаған жөн. Өйткені жабық сұрақтың пікірталасқа ұласпайтын, қысқа да нұсқа, бір мағыналы жауапқа әкеледі, егер ондай сұрақтардың саны көп болса, қатысушылардырда сыртқы қысымға ұшырағандай әсер қалыптасуы мүмкін. «Неге…?» деп басталатын сұрақтың жауабы қысқа болумен қатар, оның ойлауды қажет етпейтіні әрі қатысушылардың көпшілігіне қысым жасалғандай қабылдануы мүмкін. «Неге…?» деген сұрақтардың жауабы бірден «Өйткені…?» деп басталады да, негізінен, психологиялық құндылығы төмен сыртқы себептерді ғана термелеумен шектеліп жатады.

  • Ережелерді ендіру. Топтық пікірталас кезінде барлық ережелер

қатысушыларға алдын ала ескертіліп, ол пікірталас барысында қатаң сақталуы тиіс. Әсіресе, оқушыларды «біреу сөйлеп тұрғанда, басқалар тыңдауы тиіс» деген ережені ұстануға үйрету шарт. Пікірталасқа қатысушы өзінің алдындағы сөйлеуші өзіндік ой қорытындысын жасағаннан кейін ғана пікірін білдіруіне болады.
Ақпараттың әр түрлі көздерімен жұмыс жасау

Ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасау ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады. Дереккөздер әр түрлі - баспадан шыққан, электронды болуы мүмкін. Ұсынылатын ресурстар қолжетімді, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек. Сонымен қатар оқушылардың қабілетіне, жаттығуды орындау қарқынына байланысты күрделілігі, көлемі әр түрлі ресурстарды (мәтіндерді) қолдануға болады.

Тапсырма мазмұнына, дескрипторға сәйкес тапсырманы орындау үшін қандай ресурс қажетті екендігі түсінікті. Мысалы, Power Point презентациясының слайдтарында, карточкалар көмегімен немесе жұмыс дәптерінде беттердің белгілерін көрсету және т.б. Сондықтан, негізгі ресурстарды жоспарлағанда мұғалім тасымалдағышты көрсету керек, соның көмегі арқылы оқушыға тапсырманы береді. Әрі қарай, мұғалім сабақ жоспарында тапсырманы орындауда қандай ресурс пайдалануға болатындығын айтады. Сабақтың тиімділігін арттыру үшін мынадай ақпарат көздерін пайдалануға болады:


  • мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;

  • аудио, бейнежазбалар, фильмдер;

  • кітаптар (энциклопедия, әдебиет, т.б.);

  • интернет материалдары, т.б.

Мұғалім ақпарат көздерімен жұмыс жасауда оқушылардың әрекетіне

бағыт беруі тиіс:



  • ақпаратқа нәтижелі түрде (уақыт тұрғысынан) және тиімді түрде

(дереккөз тұрғысынан) қол жеткізу;

  • ақпаратты сын тұрғысынан және білікті түрде бағамдау және қолдану;

  • қазіргі мәселе немесе проблема тұрғысынан ақпаратты орынды және

шығармашылықпен қолдану;

- алуан түрлі дереккөзден келетін ақпарат ағынын басқару;

- ақпаратқа қол жеткізу және оны қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану.

Ақпарат көздерін сауатты қолданудың маңызы өте зор екендігін ескеру

қажет:


  • ақпарат көздеріндегі мәліметтің қалай және неге, сондай-ақ не

мақсатпен құрылғанын түсіну;

  • адамдардың мәліметтерді қалай әр түрлі қабылдайтынын, құндылықтар

мен көзқарастарды қалай ескеріп немесе назарсыз қалдыратынын, сондай-ақ ақпарат көздерінің адамдардың пікірі мен мінез-құлқына қалай ықпал ететінін зерделеу;

  • ақпарат көздеріне қол жеткізу және оны қолдануға қатысты

моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану;

  • алуан түрлі орталардағы қолайлы тұжырымдамалар мен түсініктерді

түсіну және тиімді пайдалану.


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау