Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану


Интерактивті әдістердің оқыту мен оқудағы рөлі



жүктеу 0,63 Mb.
бет6/17
Дата05.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#31356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
оқытудың интерактиаті түрлері нұсқаулық маңғыстау

Интерактивті әдістердің оқыту мен оқудағы рөлі

Оқыту және оқу үдерісінде оқушылардың білімін жақсарту мақсатында қолданылатын интерактивті әдістердің түрлері сан алуан. Дегенмен, оқу мақсаттарына жету үшін осы әдістерді табысты қолдану - мұғалімнің біліктілігі мен шеберлігіне байланысты.

Оқыту үдерісін ұйымдастыруда интерактивті әдістерді қолдану нәтижесінде мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады:


  • оқушылардың барлығы бірлескен таным үдерісіне белсенді араласуға мүмкіндік алады;

  • әр оқушының үйренгені мен білім туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, ой толғауына мүмкіндік беріледі;

  • білімді оқушылардың өздері құрастыратын ортасы қалыптасады.

Қытай ғұламасы Конфуций «Маған айтып берсең, ұмытып қаламын, көрсетсең, есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң, үйренемін» деген екен. Сондықтан да, оқыту мен оқуда әрекет арқылы үйренуге бағыттайтын интерактивті әдістердің рөлі ерекше. Бұл әдістер арқылы оқуда білім алушылардың бойында мынадай білім, білік, дағдылар қалыптасады:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • өз әрекеттері мен идеяларын талдау және оларға баға беру;

  • ақпаратты түсініп, таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;

  • ақпаратты жан-жақты талдау;

  • өздігінен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану;

  • пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • басқа да балама пікірлерді ескеру;

  • шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

  • ортақ жұмысқа жұмыла білу;

  • басқалармен тиімді қарым-қатынас орнату, өзара әрекеттесу.

Бұл әдіспен оқыту сыныптағы жағдайдың өзгеруін талап етері сөзсіз.

Интерактивті әдістің дәстүрлі әдістен артықшылығы оқушыны қозғалысқа түсіру, тек тыңдаушы ғана емес, белсенді, өз бетімен білім іздеуші, зерттеуші рөліне енгізу. Бұл қозғалыс - талдауға қатысуды, пікірін дәлелдей білуді, өзге көзқарас, пікірлермен санаса білуді оқушыға үйрете отырып, ойлай білетін білімді, жан-жақты жетілген, алған білімін өмірде қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу құралы. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда оқытушы мен оқушы әрекетінің сипаты ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді де, тапсырмалар оқушы белсенділігінің артуына жағдай жасаушы болады. Бұл жағдайда «оқушы мұғалімнің көмегінсіз-ақ үйренеді» деген түсінік қалыптаспауы тиіс. Оқушының білімді өздігінен игеруі барысында қателеспей, түсінігінің дұрыс қалыптасуына мұғалімнің ықпалы өте зор. Яғни, мұғалім рөлінің мазмұны ғана өзгерді, ол ұйымдастырушы, басқарушы, бағыт-бағдар беруші, ынталандырушы, қолдау көрсетуші қызметтерін атқарады.

Сабақ үдерісі кезінде оқушы бойында әр адамға өмірде қажетті білік-дағдылар қалыптасады, сабақтан кейін сол білімдерін өздігінен дамыта түседі. Сол себепті интерактивті оқуда оқушылар мынадай әрекеттерді атқаруға дайын болуы керек:

- бірлескен жұмыс;

- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту;

- бастамашылдық;

- кері байланыс жасау;

- мәселені шешу, шешім қабылдау.

Мұғалім әр сабақта тақырып бойынша оқушының ойын, пікірін, идеяларын, дүниетанымын, көзқарасын, ұстанымын, түсінігін, пайымдауын, уәждерін, дәлелдерін, ұсыныстарын негізге ала отырып, оларға нені үйрету керектігін анықтауы керек.

Мұғалімнің қолдауымен оқушылар нені үйрену керек?



  • Өмір сүруге бейімделу, адам, тұлға болуға ұмтылу;

  • Ойлай білуге үйрену;

  • Өзіндік түсінік қалыптастыруға дағдылану;

  • Жаза білу, өз көзқарасы мен пікірін жазу арқылы жеткізуді үйрену;

  • Білімді игерудің тиімді тәсілдерін үйрену;

  • Әлеуметтік (өмірлік) тәжірибе арқылы үйрену.

Бұл білім, білік, дағдыларды оқушылар қалай үйренеді?

  • Өздігінен;

  • Белсенді әрекеттер арқылы;

  • Бірлесе жұмыс жасау арқылы;

  • Өмірмен байланыс арқылы;

  • Рефлексия арқылы.



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау