Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану


Қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында интерактивті әдістерді пайдалану



жүктеу 0,63 Mb.
бет12/17
Дата05.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#31356
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
оқытудың интерактиаті түрлері нұсқаулық маңғыстау

2.3. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында интерактивті әдістерді пайдалану

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың шығармашылық және зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқушылардың жан-жақты дамуының тиімді және сапалы бастау көзі ретінде қарайтын болсақ, онда оқушылар оқу және танымдық әрекеттерге молынан араласуы, қатысуы керек. Тіл мен әдебиетті әрекет үдерісі негізінде оқыту арқылы оқытудың өзіндік әдістемелік жүйесі құрылады. Ондай жүйе құрудың ұстанымдары:

- оқушылардың қызығушылықтарын ескеру;

- ой мен әрекет ету әдіс-тәсілдеріне жаттықтыру арқылы білім беру;

- таным мен білім - қиыншылықтарды жеңе білудің нәтижесі;

- еркін шығармашылық жұмыс, еңбек пен ынтымақтастық. [2].

Жағада тұрып жүзуді үйрену мүмкін емес, сол сияқты интерактивті негізде оқу мақсаты білу емес, үйрене білу. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту балалардың өздігінен оқып-үйренуіне бағытталуы керек. Үйрене білу - қажетті дағды, өйткені ол интеллектуалды тәуелсіздіктің негізі болып табылады.

Бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен) бойынша оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар үлгілері:


  1. мысал

Қазақ тілі, 8- сынып.

Бөлім: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары.

Сабақтың тақырыбы: Археолог-құрметті мамандық

Оқу мақсаты:

Т/A 8.1.1.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

1-тапсырма

Тыңдалым

«Археолог-құрметті мамандық» тақырыбындағы мәтін аудиожазбадан тыңдатылады.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау үшін сұрақтар қойылады. Оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап жазады. Берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі, бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады. Өздерінің ең үздік деген жауаптарын біріктіреді.

2-тапсырма

Топтық жұмыс: «PRES» тәсілі арқылы мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын білдіреді.

Позиция: «Менің ойымша, .........» немесе «Мен ............. деп санаймын» деген құрылымдарды қолданып, мәселеге қатысты өз пікірін айтып, көзқарасын түсіндіреді.

Негіздеу: «Өйткені, .........» деген сөзден басталатын сөйлем құрылымын пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымының неге негізделгенін түсіндіреді.

Мысал келтіру: Өз ойын мысалы сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдеиелер келтіреді.

Қорытынды: Өз ойын «сонымен (сондықтан, сөйтіп) мен ........... деп санаймын» сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қалай жасау керектігі туралы қорытындыға келеді [4].
2-мысал

Қазақ әдебиеті, 8-сынып

Бөлім: Қиял мен шындық

Сабақтың тақырыбы: Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»

Сабақтың мақсаты: Т/Ж 8.1.2.1. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын

ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

1-тапсырма

Семей полигоны туралы бейнеролик көрсету

Жұптық жұмыс: «Бір минут» әдісі бойынша оқушылар бейнероликтен көргені мен шығарманы байланыстырып тоқтаусыз, қайталаусыз сөйлеп, шығарманың идеясын жұбымен талқылайды.

2-тапсырма

Топтық жұмыс: «GROW» әдісі бойынша «Ләйлә сияқты жандардың мәңгілік бала бейнесінде қалмауы үшін сен не істер едің?» деген тақырыпта коммуникативтік байланысқа түсу.

G – мақсат

R – қазіргі жағдайы

O – қолдағы мүмкіндіктер

W– іс-әрекет

Шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау