Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 3,05 Mb.
бет1/10
Дата17.11.2017
өлшемі3,05 Mb.
#890
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.

       "Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан – 2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2016 № 449 қаулысымен.

       4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2016 № 449 қаулысымен.

       6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының



Премьер-Министрі

К. Мәсімов



 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 шілдедегі
№ 449 қаулысымен
бекітілген

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

      Ескерту. Бағдарлама жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2016 № 449 қаулысымен.

1. Бағдарламаның паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 31.12.2016 № 922 қаулысымен.



Бағдарламаның атауы

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы
 

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан – 2050" стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаның мақсаты
 

Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау

Бағдарламаның міндеттері

1-міндет. Әр макроөңір үшін инвестициялық басымдықтарды айқындау.
2-міндет. Елді аумақтық дамытуды жетілдіру.
3-міндет. Инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту.
4-міндет. Халықты ауызсумен және су бұрудың көрсетілетін қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету.

      Іске асыру

      мерзімдері 2015 – 2019 жылдар



Индикатордың атауы

2015 жыл (факт)

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

1. Агломерациялар халқының саны, мың адам

Агломерациялар бойынша барлығы:

6049,6

6117,2

6221,9

6332,5

6440,0

ҰЭМ деректері

ҰЭМ, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО

Астана

1025,4

1021,9

1052,1

1083,2

1115,5

оның ішінде Астана қаласы

872,6

969,3

1014,5

1052,8

1121,3

Алматы

2815,9

2879,3

2939,2

3000,8

3057,9

оның ішінде Алматы қаласы

1703,5

1725,7

1776,5

1828,7

1872,5

Шымкент

1594,2

1599,4

1607,9

1621,5

1635,2

оның ішінде Шымкент қаласы

886,3

929,4

954,1

979,8

1013,2

Ақтөбе

614,1

616,6

622,7

627,0

631,4

оның ішінде Ақтөбе қаласы

397,4

410,7

417,2

427,5

438,0

2. Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Бағдарламада көзделген қаражат шеңберінде), мың теңге

Орта есеппен республика бойынша барлығы:

15,0

10,9

7,1*

6,9*

19,2*

ҰЭМ деректері

ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО

Оңтүстік

Алматы облысы

5,4

2,5

2,0*

1,9*

11,4*

Жамбыл облысы

9,4

3,0

2,8*

2,6*

7,8*

Қызылорда облысы

21,0

11,5

4,7*

5,7*

12,4*

Оңтүстік Қазақстан облысы

3,2

1,5

1,5*

1,1*

6,0*

Солтүстік

Ақмола облысы

12,4

4,4

4,9*

3,1*

16,0*

Қостанай облысы

15,7

4,5

4,8*

4,7*

17,4*

Солтүстік Қазақстан облысы

20,1

5,4

9,1*

6,6*

20,7*

Батыс

Ақтөбе облысы

16,8

3,6

4,6*

3,6*

18,1*

Атырау облысы

5,6

3,9

1,4*

1,5*

14,0*

Батыс Қазақстан облысы

14,7

4,4

6,7*

5,1*

18,5*

Маңғыстау облысы

27,3

7,2

2,7*

2,6*

18,7*

Орталық-Шығыс

Шығыс Қазақстан облысы

13,1

9,3

1,6*

1,6*

8,2*

Қарағанды облысы

10,5

4,1

4,4*

4,2*

13,0*

Павлодар облысы

14,3

5,2

9,1*

4,5*

15,6*

Астана қаласы

61,5

37,2

8,6*

37,0*

34,4*

Алматы қаласы

24,1

4,7

8,3*

2,3*

17,1*

3. Жаңғыртылған/салынған желілердің үлесі, оның ішінде жылумен, электрмен және газбен жабдықтау, %

Орта есеппен республика бойынша барлығы:

4

1,4

1,5*

1,6*

1,5*

ҰЭМ деректері

ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО

Ақмола облысы

2,8

0,5

0,3*

0,7*

0,7*

Ақтөбе облысы

5

1,1

1,9*

1,8*

1,8*

Алматы облысы

16,1

2

0,8*

1,6*

1,6*

Атырау облысы

2,8

1,3

1,9*

1,9*

1,9*

Шығыс Қазақстан облысы

1,1

0,6

0,6*

0,7*

0,7*

Жамбыл облысы

2,2

4,4

3,2*

1,8*

1,8*

Батыс Қазақстан облысы

6,2

1,5

1,5*

1,4*

1,4*

Қарағанды облысы

0

0,5

1,2*

0,4*

0,4*

Қостанай облысы

0,2

0,7

0,6*

0,7*

0,8*

Қызылорда облысы

3,3

2,5

3,7*

4,5*

4,3*

Маңғыстау облысы

6,9

2,3

2,1*

1,3*

1,3*

Павлодар облысы

0,2

1,6

2,1*

5,4*

5,4*

Солтүстік Қазақстан облысы

0,2

1,3

1,4*

1,9*

2*

Оңтүстік Қазақстан облысы

6,7

2,5

2,5*

2,3*

2,2*

Астана қаласы

0,2

0,3

1,2*

1,1*

1,1*

Алматы қаласы

16,8

1,0

0,9*

1,3*

1,3*

4. Орталықтандырылған жүйелерге қолжетімділік, %

Сумен жабдықтау, оның ішінде:

ҰЭМ деректері

ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО

қалаларда

87

88

90*

93*

97*

АЕМ-де

51,5

52,3

55*

58*

62*

Су бұру, оның ішінде:

қалаларда

82

84

88*

93*

97*

АЕМ-де

11

11,2

11,5*

12*

13*

      * Бұл индикаторлар 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

      Қаржыландыру       Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті

      көздері көлемі      мен бюджеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

                                          заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен

                                     және олардың шегінде жүзеге асырылатын болады.

       Бағдарламаны қаржыландыру көлемдері:

      млн. теңге




2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

РБ*

180 755

113 335

69 516

63 296

215 833

ЖБ*

16 158

11 751

5 010

4 415

14 930

Бюджеттен тыс қаражат

212 968

523 712

107 750

109 900

113 200

Барлық қаражат

409 881

648 798

182 276

177 611

343 963

      *Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануына қарай нақтыланады.

2. Кіріспе

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 31.12.2016 № 922 қаулысымен.

      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы

      14 желтоқсандағы "Қазақстан – 2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" және 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру шеңберінде әзірленді.

      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) жаңа өңірлік саясатты іске асырудың құралы болып табылады, оның мақсаты әрбір өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде өңірлердің орнықты дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.

      Мемлекет басшысы қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, өңірлік дамытудың барлық жүйесін заманауи қағидаттарға сай жаңғырту қажет. Стратегиялық басқару жүйесін республикаішілік өңіраралық (трансөңірлік) және макроөңірлік деңгейлерде ұйымдастыру мемлекеттің стратегиялық жоспарлау институттарының, өңірлердің, қоғамдық бірлестіктердің, бизнестің және сарапшылар қоғамдастығының рөлін арттырумен қоса жүргізілуі тиіс.

      Өткен жылдары Қазақстанда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту деңгейлерін теңестіруге бағытталған өңірлік саясаттың екі Тұжырымдамасы іске асырылды. Бұдан басқа, ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған, шағын қалаларды дамытудың 2004 – 2006 жылдарға арналған, Елді аумақтық дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламалары іске асырылды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта бірқатар бағдарламалық құжаттар қолданыста және қабылданды, оның ішінде реттелетін бағыттардағы өңірлік дамудың жекелеген аспектілерін қозғайтын әлеуметтік, индустриялық-инновациялық, агроөнеркәсіптік дамыту және басқа да салалардағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар.

      Сонымен бірге, аталған бағдарламалық құжаттарда шектеулі ведомстволық тәсілді көзделе отырып, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында тұжырымдалған мемлекеттік өңірлік саясаттың басымдықтарына жеткіліксіз назар аударылғанын мойындаған жөн. Бұдан басқа, қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды сыни тұрғыдан талдау оларда көзделген институционалдық және әкімшілік ресурстардың іс жүзінде өзара жеткілікті үйлеспегендігін, көбінесе бір-бірін қайталайтынын анықтады.

      Осындай жағдайларда жоғарыда аталған барлық бағдарламалық құжаттардың ережелерін бір өзектің – өңірлерді дамыту немесе өңірлердің экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру төңірегінде біріктіру талабы туындайды.

      Өңірлік саясаттың базалық идеологиясы ретінде экономикалық өсу орталықтарын басым дамытудың ұтымды теңгеріміне, аумақтық шоғырлану мен басқарылатын урбандалуға, сондай-ақ хаб және шұғыла қағидаттары негізінде макроөңірлік дамуға негізделген теңгерімді даму стратегиясы ұсынылады. Бұл ретте Бағдарлама жекелеген өңірлер, сондай-ақ тұтастай ел шеңберінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру басымдықтарына сәйкес өңірлердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсету құралдарын қамтиды.

      Осы Бағдарлама мынадай бағдарламалардың негізінде әзірленді: "Өңірлерді дамыту", "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы", "2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасы."

      Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға (тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды – энергия және жылу көздерін, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға), өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған, олардың нарықтық бастамада ішкі шоғырлануына, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін әкімшілік-құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды айқындайды.

      Тұтастай алғанда, республика бойынша жыл сайын республикалық бюджет есебінен өңірлерге инженерлік инфрақұрылымды дамытуға шамамен 300 млрд. теңге бөлінеді.

      Осыған орай, инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі барлық жобаларды өңірлерді дамыту саласындағы уәкілетті орган арқылы орталықтандырылған түрде қарау қажет.

      Жобалар мемлекеттік органдардың қолданыстағы бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, өңірлерді дамыту саласындағы уәкілетті органның, оның ішінде материалдардың, жабдықтар мен технологиялардың қолданылуы тұрғысындағы келісімімен іске асырылатын болады.

      Осы құжаттармен бір кешенде Бағдарлама 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады.

      Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге (бағыттарға), нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, сондай-ақ Бағдарламада қолданылатын терминдер:

      1) агломерация – бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көпорталықты) орталық қалалардың айналасына жақын орналасқан, өзара тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге байланыстармен біріккен, сондай-ақ аумақтық бірігу үрдісі бар елді мекендердің урбанизациялық топталуы.

      Қазақстандағы агломерацияларды айқындаудың негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      орталық қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі, оның Қазақстан жағдайында маңызы зор, себебі ол бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейді;

      өңір халқының тығыз орналасуын, көші-қон ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтитын демографиялық сыйымдылық;

      ыңғайлы географиялық орналасуын, халықаралық көлік дәліздерінің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіретін логистикалық әлеует;

      экономикалық әлеует, яғни орталық қаланың дамуы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржы, ғылыми әлеует);

      2) моноқала – бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20 % және одан астамы) бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы (мономамандандырылу) әрі қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді айқындайтын кәсіпорындарда шоғырланған қала.

      Моноқалалар санатына халқының саны 10 мыңнан 200 мың адамға дейінгі, мына өлшемшарттардың бірімен сипатталатын:

      қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 %-ынан астамын құрайтын (мономамандандырылу);

      қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 20 %-дан астамы жұмыс істейтін;

      қала құраушы кәсіпорындары қазіргі уақытта ішінара істейтін немесе қызметін тоқтатқан қалалар кіреді.

      Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста болады;

      3) шағын қала – халқының саны 50 мың адамға дейінгі қала;

      4) тірек ауылдық елді мекен – абаттандырылған ауылдық елді мекен, онда сол жерде тұратын халыққа және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар жасалатын болады;

      5) шекара маңындағы аумақтар – Мемлекеттік шекарадан 50 километрге дейінгі арақашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің және елді мекендердің аумақтары;

      6) экономикалық өсу орталықтары – елдің немесе өңірдің экономикасында инновация мен прогресс көздерінің функциясын орындайтын, "ауқым әсерінің" арқасында өндіріс факторларының тартылыс полюстері (шоғырлануы) болып табылатын, сондай-ақ жаңа тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін қарқынды дамып жатқан салалардың кәсіпорындары орналасқан нақты аумақтар (елді мекендер).

      Осы Бағдарламада экономикалық өсу орталықтарының қатарына:

      ел ауқымында – "бірінші деңгейдегі" қалалар (орталықтары Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларын болатын агломерациялар) және "екінші деңгейдегі" қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары);

      өңір ауқымында – "үшінші деңгейдегі" қалалар (перспективалы шағын және моноқалалар), аудан орталықтары, тірек ауылдық елді мекендер (бұдан әрі – АЕМ), оның ішінде тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар енгізілген;

      7) "бірінші деңгейдегі" қалалар – орталықтары Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары болатын агломерациялар;

      8) "екінші деңгейдегі" қалалар – дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын облыс орталықтары, сондай-ақ Семей және Түркістан қалалары;

      9) "үшінші деңгейдегі" қалалар – экономикалық даму және халық санының өсу перспективалары бар шағын және моноқалалар;

      10) депрессивті өңір – өндірістің ұзақ (бес және одан да көп жыл) құлдырауы, төмен инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (жолдар, телефон байланысы, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау) салдарынан жұмыспен қамту, экология, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер саласында жағымсыз үрдістердің болуымен сипатталатын әкімшілік-аумақтық бірлік;

      11) уәкілетті орган – өңірлік даму саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      12) Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі – Бағдарламаны жергілікті жерде іске асыру үшін жауапты, облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімі айқындайтын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      13) өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;

      14) "зәкірлік" инвестициялық жоба – Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларында іске асырылатын және шағын немесе моноқаланың экономикасын әртараптандыруға бағытталған, кемінде 50 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған орташа инвестициялық жоба;

      15) жаңғырту – техникалық жабдықты, өндірісті, процесті және т.б. жаңартуға бағытталған қазіргі заманғы талаптар мен нормаларға сәйкес конструкцияларды өзгерту.


жүктеу 3,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау