дауыстының түсіріліп немесе түсірілмей жазылуы. Мысалы:
ауыл – аулы (ауылы), ерін –
ерні (еріні), иық – иығы (иғы), мұрын – мұрны (мұрыны), мүлік – мүлкі (мүлігі), бауыр –
бауры (бауыры) т.б. Дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда сөз түбірінде
болатын бұл өзгерістің қанша сөздерді қамтитынын, таралу шегі қаншалықты екенін
байқау үшін фонетикалық жағдайы бірдей сөздерді өзара салыстырып көруге болады (4-
қосымша).
Бұл салыстыруға қарағанда қысаң дауыстылардың түсіріліп қолданылуының
фонетикалық жағдайы бірдей ортада жалпы сипат алмағандығы, кейбір сөздермен
шектеліп отыратын талғампаздығы байқалады. Яғни бұл қысаң дауыстылар фонетикалық
ортаға аса тәуелді емес. Қайсыбір тұстарда қысаң дауыстыны түсіріп (не түсірмей)
қолдану дүдәмал болса, енді бір сөздерге келгенде, семантикалық қарсылыққа ұшырайды.
Мысалы, халық – халқы (халағы) деп айтқанымызбен, осы ізбен түлік, күлік сөздеріндегі
дауыстыны түсіріп, тәуелдік жалғауын жалғау сөз мағынасын мүлде бұзады (мысалы,
түлік – түлкі, күлік – күлкі т.б.) Дауыл, ауыл, суыл, көңіл сөздері де осы тәрізді, қысаң
дауыстыны түсіріп қолдануға ырық бермейді: даулы, аулы, көңлі, сулы мүлде басқа сөз
ретінде ұғынылады.
4-қосымша
а) халық – халқы
Халық – Халығы (жалқы есім)
құлық – құлқы (мінез-құлқы)
құлық – құлығы (құлақтың құлығы)
мүлік – мүлкі (мүлігі)
қылық – қылығы
күлік – күлігі
бүлік – бүлігі
былық – былығы
салық – салығы
қалық – қалығы
шұлық – шұлығы
түлік – түлігі т.б.
б) мұрын – мұрны (мұрыны)
ә) нарық – нарқы (нарығы)
көрік – көркі (қыздың көркі)
көрік – көрігі (ұстаның көрігі)
бөрік – бөркі (бөрігі)
қырық – қырқы (энтог.)
қырық – қырығы
парық – парқы (парығы)
тұрық – тұрқы (тұрығы)
ырық – ырқы (ырығы)
ерік - еркі (ерігі)
түрік – түркі
жерік – жерігі
керік – керігі
қорық – қорығы т.б.
ерін – ерні (еріні)
орын – орны (орыны)
қарын – қарны (қарыны)
сарын – сарны (сарыны)
нарын – нарыны т.б.
г) мойын – мойны (мойыны)
қойын – қойны (қойыны)
қайын – қайыны (қайны)
жайын – жайыны
қиын – қиыны
жиын – жиыны
құйын – құйыны
шойын – шойыны т.б.
е) ауыз-аузы (ауызы)
қауыз – қауызы
жауыз – жауызы т.б.
з) ауыл – аулы (ауылы)
кеуіл (диал.) – кеулі (кеуілі)
суыл – суылы
дауыл – дауылы т.б.
в) иық – иығы (иғы)
сиық – сиқы (сиығы)
ойық – ойығы
сұйық – сұйығы
биік – биігі
киік – киігі
қиық – қиығы т.б.
д) көңіл – көңілі
жеңіл – жеңілі
қалып – қалпы (қалыбы)
қалып – қалыбы
құлып – құлпы (құлыбы)
әліп – әлпі (әлібі)
тұлып – тұлыбы т.б.
ж) дауыс – даусы (дауысы)
қуыс – қуысы
туыс – туысы
сауыс – сауысы т.б.
Бұл қайшылықтың, қысаң дауыстының сонормен іргелес келгендегі «жұтылу»
құбылысының (бұл құбылыс тіл білімінде абсорбция деп аталады) қалайда бір себебі
болуға тиіс. Абсорбция құбылысының себебін әр зерттеуші әр қилы фонетикалық
жағдайға байланысты түсіндіріп келді
14
.
Бірақ, біздің түсінігімізше, қысаң дауыстылардың тап бұл арадағы түсіріліп, не
түсірілмей қолданылуы таза фонетикалық шарттылыққа, мысалы екпінге т.б. тәуелді емес.
Егер, бөркі, аузы сөзіндегі [ы]-ның «түсіп» қалуы екпінге байланысты болса, онда құрығы,
қауызы деген сөзде [ы] дауыстысы неге «түсіп» қалмайды? Тегінде, бұл құбылыстың
себебі басқаша бір фактормен тығыз байланысты болуы ықтимал. Ал оның қандай фактор
екендігін анықтау үшін, алдымен мынадай бір статистикалық салыстыруға назар
аударайық. Қазақ совет әдебиетенің классигі М.О.Әуезов шығармаларының толық
жинағындағы (1-3 том)
15
құрық сөзінің атау және өзге де грамматикалық тұлғалардағы
жалпы қолданысының саны – 26. Ал осы сөздің тәуелдік тұлғасында жұмсалуы – 10. Яғни
бұл сөздің тәуелдік тұлғасында жұмсалынған саны өзге тұлғаларымен салыстырғанда
әлдеқайда аз. Сол сияқты әр түрлі тұлғада қолданылған жарық сөзінің жалпы саны 120
14Дмитриев Н.К. Вставка и выпадение гласных и согласных в тюркских языках // Исследования
по сравнительной грамматике тюркских языков:Фонетика. М., 1955. Ч.1. С. 281-285; Қалиев Б.Қ.
Редукция узких гласных звуков в казахском и каракалпакском языках. Автореферат кандидатской
диссертации. Алма-Ата, 1967; Татубаев С.С. Редукция, протеза, апокопа в казахской речи и
пении // Советская тюркология. 1977.№4.С.113-118; Қалиев Б. ы,і қысаң дауыстыларының емлесі
жайында // Вопросы казахской фонетики и фонологии. Алма-Ата, 1979. С. 131-137; Трофимов
М.И. О соотношении между ударением и редукцией гласных в современном уйгурском и других
тюркских языках// Советская тюркология. 1981. №3. С.47-52.
болса, тәуелдәләк тұлғасымен қолданылғаны – 25 те, өзге тұлғада жұмсалғаны – 95. Ал
ерін сөзі, барлық тұлғасын қоса есептегенде, 30 рет қолданылған. Оның ішінде тәуелдік
тұлғасымен қолданылған сөздің саны – 20 да, өзге тұлғада қолданылған осы сөздің саны
10-нан аспайды. Мұрын сөзі, барлық тұлғалармен қоса есептегенде, 52 рет қолданылған.
Оның ішінде тәуелділік тұлғасымен келген сөздердің саны 15-тен аспайды. Бұдан
байқайтыныиыз – мұрын, ерін тәрізді сөздердің дыбыс құрылымындағы [ы]-ның түсіп
қалып, мұрны, ерні түрінде айтылу себебі бұл сөздердің өзге сөздермен салыстырғанда,
тәуелдік тұлғасында жиі жұмсалуына байланысты. Ал құрық, жарық сөздері, керісінше,
тәуелдік тұлғада, өзгелермен салыстырғанда, әлдеқайда сирек жұмсалады екен. Бұл
фактор, яғни сөздің тәуелдік тұлғада ұзына бойы тұрақты жұмсалуы, сонарлармен іргелес
келген қысаң дауыстының абсорбцияға ұшырауына, сөйтіп сөздің фонетикалық жақтан
ықшамдалуына қолайлы жағдай тудырса керек.
Тіл – жанды құбылыс. Ол қарым-қатынас қызметін атқару барысында басы артық
элементтерді екшеп отыруға тырысады. Қысаң дауыстылардың белгілі бір сөздер тобында,
нақтылы бір фонетикалық жағдайда абсорбцияға ұшырауы тілдің дыбыс жүйесіндегі
тенденцияның бірі деуге болады. Ал оны әдеби тілдің жазу нормасында, сондай-ақ
орфоэпиялық нормасында елеусәз қалдыру – белгілі бір алшақтыққа әкеп соғар еді.
Ондайда тілдің шынайы халінен көз жазып қалу қаупі туады. Солай дегенмен де
«абсорбция» жетегінде кете беруді тіл фактісі көтере бермейді. Себебі көңіл, бауыр, ауыл
сөздерін көңлі, бауры, аулы түрінде тәуелдеу омонимдерді өрбітуге жол ашады. Бұл –
тілдің омонимдерден «қашу» тенденциясына қайшы келеді.
Әрине, ауызы, мұрыны, мойыны, иығы деп қысаң дауыстыларды бастан-аяқ күмәнді
жерде түсірмей жазу орфография үшін оңай жол болар еді. Бірақ бұл – қиындықтан
шығудың бірден-бір жолы емес.
Бұл жерде абсорбция құбылысының семантикалық қарсылыққа ұшырауына немесе
ұшырамауын таяныщ етіп алу принципін ұстауға болады. а) Семантикалық
қарсылыққа ұшырамайтын сөздер: мойын – мойны (мойыны емес), ауыз – аузы (ауызы
емес), дауыс – даусы (дауысы емес), иық – иғы (иығы емес), ерін – ерні (еріні емес), құлық
– құлқы (құлығы емес), бөрік – бөркі (бөрігі емес), көрік – көркі (көрігі емес), мүлік – мүлкі
(мүлігі емес), халық – халқы (халығы емес), ерік – еркі (ерігі емес), қалып – қалпы (қалыбы
емес), әліп – әлпі (әлібі емес), ғұрып – ғұрпы (ғұрыбы емес), қырық – қырқы (қырығы емес,
этногр.), әріп – әрпі (әрібі емес), мұрын –мұрны (мұрыны емес), сұрық – сұрқы (сұрығы
емес), шырық – шырқы (шырығы емес), ойын – ойны (ойыны емес), қойын – қойны
(қойыны емес), нарық – нарқы (нарығы емес), парық – парқы (парығы емес), ырық – ырқы
(ырығы емес), қарын – қарны (қарыны емес), сиық – сиқы (сиығы емес), қайын – қайны
(қайыны емес), кеуіл – кеулі (кеуілі емес), тәйір – тәйрі (тәйірі емес), тәрік – тәркі (тәрігі
емес).
б) Семантикалық қарсылыққа ұшырайтын сөздер: ауыл – ауылы (аулы емес),
көңіл – көңілі (көңлі емес), бауыр – бауыры (бауры емес), жиын – жиыны (жины емес),
сайын – сайыны (сайны емес), жайын – жайыны (жайны емес), ақыл – ақылы (ақлы емес)
т.б.
§12. Түбір сөздің буынындағы қысаң дауысты [ы] мен [і]-нің кейбір сөздерде түсіп
қалу жағдайын жоғарыда біз тек тәуелдік жалғауымен байланысты сөз еттік. Әдетте қысаң
дауыстыны түсіріп қолдану тәуелдік жалғауынан басқа морфемалар ыңғайында кездеседі.
Біріншімен салыстырғанда, қысаң дауыстының екінші ыңғайындағы түсіріліп қолданылуы
белгілі бір жүйеге бағынған. Оның өзі екі топқа бөлінеді (5-қосымша).
5-қосымша
15М. Әуезовтың толық жинағының Алфавитті жиілік сөздік-сөз көрсеткіші (қолжазба, 1-3 кітап).
Бұл еңбекті Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының лингвистикалық жұмыстарды
автоматтандыру мен сөз статистикасы тобы дайындаған.