паңдық
сандық
сіңді
таңдай
таңда
теңдік
теңде
теңдеу
түңдік
тыңда
шыңда
шаңды
паңлық
санлық
сіңлі
таңлай
таңла
теңлік
теңле
теңлеу
түңлік
тыңла
шыңла
шаңлы
немқұрайлы
өлілей
пісілей
тірілей
ұшты-күйлі
шикілей
ыссылай
немқұрайды
өлідей
пісідей
тірідей
ұшты-күйді
шикідей
ыссыдай
Жалпы халықтық тілдегі осы екі түрлі жүйенің қайсысы әдеби тілдің нормасына
лайық? Басқаша айтқанда, қай жүйе тіл дамуының объективті заңдылығын бейнелейді? Л
және д вариант түріндегі екі түрлі жүйенің әдеби нормаға лайықтысын талғап алуда
қандай негізге сүйенеміз? Олардың қайсысы әдеби тіл нормасына лайық деп танылуы
керек? Нормалаушы сөздіктерде (ондай сөздіктің бірі – қазақ тілінің орфографиялық
сөздіктері) негізінен «а» тобындағы сөздердің «д» варинаты берілген (саңлақ – саңдақ
тәрізді бірер сөзді еске алмағанда). Қазақ диалектологтерінің зерттеулерінде
23
осы топтағы
«л» вариант (
маңлай, таңлай т.б.) әдеби тілге, өзге диалектілерге қарама-қарсы қойылып,
оңтүстік-шығыс диалектісіне тән деп көрсетілген. Әрине, бұл жүйені тек диалектизм
болғандықтан, әдеби тілдің нормасына жатпайды деуге болмайды. Егер тілдің даму
тенденциясына лайық болса, кез келген жүйе, диалектизм екендігіне қарамастан, әдеби тіл
нормасына айналуы ықтимал.
Ал «ә» тобындағы сөздер – «а» тобындағы сөздерге кереғар.
Нормалаушы сөздіктерде «д» вариантқа қарағанда, «л» вариант сөздерінің саны
басымдау (жылылай, ақшалай, екіншілей т.б.). «Ә» тобындағы «д» вариант сөздердің
(ақшадай, барды-жоқты, бірді-жарым т.б.) таралу шегі «а» тобындағы «л» вариант
(маңлай, таңлай, түңлік т.б.) сөздердей айқындылы қоймаған. Бұл топтағы л/д алмасуы,
бәлкім, жалпы халықтық тілдегі құбылыс болуы мүмкін.
«Ә» тобындағы сөздер орфографиялық сөздікте (1978) әркелкі берілген. Сөздіктен
«д» вариантты да, «л» вариантты да ұшыратамыз: жылылай, шикілей, тірілей, қарадай,
кәрден (кәрлен емес), тірідей т.б.
Тілдің ішкі даму тенденциясына қай жүйенің («л» немесе «д» варианттың) сәйкес
келетіндігін анықтап, нормалаушы сөздіктерде тиянақтай түсу үшін мынадай заңдылыққа
назар аудару қажет. Лингвистика тарихында младограмматиктердің тіл дамуында аналогия
заңының айрықша мәнін ашқандығы мәлім. Бұл заңдылық бойынша тілдегі аса өнімді
модель өнімсізге ықпал етіп, бірдейлестіріп отырады. Тіл-тілде кейбір құбылыстар
аналогия заңдылығы арқылы айқындалатындығы да белгілі.
Қазақ тілінде сөздердің көптік қосымшамен түрленуі – аса өнімді әрі көне
модельдердің бірі.
«Қолданылу аясы, дистрибуциялық ерекшелігі мен білдіретін мағыналарының сипаты
–лар аффиксінің морфологиялық элемент ретінде дамудың ұзақ жолынан өткендігін және
негіз тілдің өзінде болғандағының ешбір даусыз екендігін көрсетеді деп, үзілді-кесілді
айтуға болады
24
».
Әрі өнімді, әрі көне модель көптік қосымшасы варианттарының жалғану жүйесіне
назар аударып көрейік. Бұл қосымша дауыстылар мен р, й, у дыбыстарынан соң -лар, -лер
23Досқараев Ж. Кейбір фонетикалық құбылыстар жайында // Қазақ тілі тарихы мен
диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1963. 5-шығуы. 141-144-б.; Омарбеков С. Халықтық
тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы, 1978. 103-134-б.
(балалар, қарлар, сайлар, баулар), үнділерден соң
-дар, -дер (күндер, шамдар, жолдар,
тұздар т.б.), қатаңдардан соң
-тар,-тер (аттар, кітаптар т.б.) түрінде жалғанатындығы
белгілі. Әрі сөз тудырушы, әрі форма тудырушы -лық, -лік қосымшасының -ла, -ле
аффиксінің жалғану жүйесі осы тәрізді. Бұлар да аса өнімді, абстракциялау қасиеті жоғары
қосымша. Бұндай өнімді қосымшалардың «л» вариант және «д» вариант түрінде
саралануы, қатаң жүйеге түсуі бірден пайда бола қойған жоқ. Бұл – тілдің ұзақ уақыт
барысында пайда болған ең бір ықпалды жүйе. Алдымен көптік категориясы
көрсеткішінде, өнімді қосымшаларда (-лық, -лік) саралана түскен осы модель жалғану
өрісі шектеулі аффикстерге де аналогия заңы бойыншы ықпалын тигізе бастаған.
Ассимиляцияның бұл түрі қосымшалардың жалғану жүйесіндегі негізгі бағытты
байқатады. Осы бағыт арқылы л/д дыбыс алмасуына байланысты екі түрлі жүйенің әдеби
тіл нормасына лайықтысын сөздіктер арқылы тиянақтай түсуге болады. Олай болса,
жоғарыда аталған «а», «ә» тобындағы сөздерге аффикстердің дауыссыздардан соң «д»
вариант, дауыстылардан және р-дан соң «л» вариант түрінде жалғануына артықшылық
беру қажет. Мысалы, а) аңды (аңлы емес), меңді (меңлі емес), оңды (оңлы емес), түндік
(түңлік емес), саңдақ (саңлақ емес) т.б. ә) ақшалай (ақшадай емес), бірлі-жарым (бірді-
жарым емес), жылылай (жылыдай емес), тірілей (тірідей емес), ұшты-күйлі (ұшты-
күйді емес), кәрлен (кәрден емес), немқұрайлы (немқұрайды емес) т.б.
Осы арада кейбір сөздің де жазылуын да айқындап алу қажет. Баспасөз беттерінде
түңдік, түндік делініп әркелкі жазылып жүр. Орфографиялық сөздікте
түндік делініп
берілген. Бұл сөзді дыбысталуы жағынан ұқсас түн сөзіне теліп, түндік түрінде
берілуінің дұрыс еместігі байқалады. Өйткені жоғарыда келтірілген мысалдарға, «а»
тобындағы сөздерге назар аударсақ, л/д алмасуы тек мұрын жолды ң дыбысынан кейін
болатын құбылыс (маңдай-маңлай, саңдақ-саңлақ т.б.). Ал н сонантынан соң л/д дыбыс
алмасуына тілдік факт жоққа тән. Басқаша айтқанда н-нен кейін л/д дыбысының алмасуы
системада жоқ. Л/д дыбыстары ң сонантымен іргелес келгенде алмасатын (оңды-оңлы,
теңдеу-теңлеу т.б.) ерекшелігін ескерсек, түңдік (түндік емес) түрінде жазылуы тілдік
жүйеге сәйкес келеді.
Кейбір түбір сөздердің жазылуы (айтылуы да), сырт қарағанда, жоғарыда айтылған
жүйеге қайшы келеді. Мысалы, сіңлі, қаңлы (ру аты) сөздері л/д дыбыстарының алмасу
ерекшелігі бойынша сіңді, қаңды түрінде қолданылуға тиіс тәрізді. Бірақ осы сөздердегі ң
мен л-дың аралығында селбеспе қысаң дауысты бар: сіңілі, қаңылы. Екі сонанттың (ң мен
л дыбысының) аралығы қысаң дауыстылардың абсорбцияға ұшырауына өте қолайлы.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардың тілдік система тілдік нормаға арқау
болатындығын байқадық. Бірақ тілдік система мен тілдік норманың арасын тепе-теңдік
белгісін қоюға болмайды. Өйткені система мен тілдік норма бір-бірімен қаншалықты
тығыз байланысты болғанымен, өз алдына дербес құбылыстар.
БІРІККЕН СӨЗДЕР МЕН ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ
Қазақ орфографиясында шешімін таппай келе жатқан қиындықтардың бірі – құрама
сөздердің бірге я болмаса бөлек жазылуы. Орфографиядағы өзге қиындық бір басқа да,
құрама сөздердің жазылуына байланысты қиындық бір басқа деуге болады. Мысалы,
бозторғай, қараторғай, қарабидай, желбау, уықбау, ауылшаруашылық т.б. толып жатқан
сөздер әр түрлі басылымдарда әркелкі жазылып жүргендігі жиі байқалады. Тіпті
лингвистикалық сөздіктердің (орфографиялық, түсіндірме сөздік, орысша-қазақша сөздік,
терминологиялық сөздіктер т.б.) өзінде кейбір сөздер бірге жазылса, сол сөздердің кейбірі
бөлек жазылған. Мұндай фактіні, жасыратыны жоқ, жиі кездестіруге болады. Орфография
мәселесін сөз еткен мақалаларда, рецензияларда көбіне сөздердің бірге не бөлек
жазылуына байланысты ала-құлалықтар сынға алынып жүруі де орынсыз емес. Бір ғана
24Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков. Л., 1997. С. 83.