Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет23/30
Дата14.05.2018
өлшемі0,92 Mb.
#13242
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

§ 2. Айтылуы бойынша жазылатын сөздер. Орыс тілінен ауысөан сөздердің ішінде

қазақ   тілінің   айтылу   заңдылықтарына   негізделіп,   өзгерген   түрінде   жазылатын   бір   топ

лексикалық   единицалар   бар.   Бұндай   сөздердің   емлесі   Негізгі   ережелерде   көрсетілген:

«Дыбысталуы   өзгеріп   енген   сөздер   өзгерген   күйінше   жазылады:  жәшік   (ящик  емес),



бәтес (батист емес), теңге (деньги емес), сот (суд емес), бәтеңке (ботинки емес), минут

(минута емес), газет (газета емес), сиса (ситец емес) т.б.» Дәстүрлі түрде, қазақ тілінде

айтылуы   бойынша   таңбаланатын,   негізгі   төркіні   орыс   тілі   болып   саналатын   бұндай

сөздердің қазақ әдеби тілінің сөздік құрамындағы жалпы саны 70-тен асады. 

Совет дәуіріне дейінгі кезеңде орыс тілінен ауысқан сөздердің көпшілігі – күнделікті

тұрмыстық   сөздер   мен   шаруашылық,   кәсіп   пен   құрал-жабдық   атауларын   беретін

лексикалық единицалар. Негізгі қарым-қатынас функциясында ауызекі тілдің ролі басым

болған кезеңдерде енген мұндай сөздердің түпнұсқа тілдегі графикасын да, айтылуын да

сақтау   қажеттілігі   болған   жоқ,   керісінше,   ауызекі   сөйлеу   тілінің   әсерімен   дыбыстық

жағынан  өзгерген  түрлерін  пайдалану  түсінікті,  әрі  тиімді  болды.  Сондықтан  алғашқы

қазақ   жазба   тіл   үлгілері   –   тұңғыш   баспасөз   беттерінде   де   қазақ   тілінің   дыбыстық

жүйелеріне   сәйкестендірілген   тұлғаларын   жазу   орын   алады.   Түрнұсқа   тіл   мен

қабылдаушы тілдің дыбыстың фонетикалық айырмашылықтары әсерінен апокопа (болыс-



волость, облыс-область), синкопа (бөрене-бревно), протеза (үстел-стол), эпентеза (сүрек-

срок,   бөрене-бревно,   күршек-крючок)   тәрізді   тілдікқұбылыстарға   ұшыраған   осындай

сөздердің жазылу емлесі қазақ тілі емлелік сөздіктерінде айқын беріледі. Және де бұндай

сөздерде жарыспалылықтың болуы да – заңды құбылыс. Сондықтан жазу практикасында

олардың емле ережелерінде, сөздіктерде көрсетілген үлгілерін басшылыққа алу орынды

(1-қосымша). 

Айтылуы   әсерінен   өзгертіліп   жазылатын   сөздердің   келесі   бір   тобы   –   соңы  –а

дыбысына   аяқталатын   сөздер.   Олардың   емлесі   туралы   қағида   Негізгі   ережелерде

көрсетілмегенімен   «Қазақ   орфографиясы   мен   пунктуациясы   жайындағы   анықтағышта»

арнайы   ұсынылады:   «Орыс   тілінен   енген   бірқатар   сөздердің   соңғы   дауысты   дыбысы

түсіріліп қалыптасқандықтан, сол ықшамдалған түрінде жазылады:  газет (газета  емес),



минут   (минута  емес),   пар   (пара  емес),   секунд   (секунда  емес),  аптек   (аптека  емес),

гранат   (граната  емес),  координат   (координата  емес),   цифр   (цифра  емес),  террас

(терраса емес)»

46



Қазіргі жазу практикасында бұндай сөздер қатары бірде соңғы –а дыбысынсыз, бірде 

1-қосымша

Айтылуы бойынша жазылатын сөздер

1

2



3

абақты


ауылнай 

банды


барқыт

бәтеңке 


бәтес

божы 


болыс

болыскей


бөкебай

бөрене


бөтелке

бөшке


газет

көпене


кәшек

кереует


керзі

конфиске


конфискелеу

көзір


көпес

көшір


кірпіш

күршек


қамыт

қарбыз


қашауа

пеш


пүліш

резеңке


самаурын

сәтен


сиса

сом 


сот

сіріңке


тәрелке

теңге


учаске

үстел


үтік

46Сыздықова Р. Көрсетілген еңбек. 26-б.




галош

дога


жәрмеңке

жәшік


жемпір

жеребе


картоп

кастрөл


кәмпит

кәрзеңке


қожайын

қорап


лашық

мәнер


мәрмәр

минут


нөмір

облыс


ояз

пәтер


пәуеске

шай


шайнек

шана


соңғы   дыбыс   сақталып,   немес   соңғы  –а  дыбысы   қысаң  ы,   і  дыбыстарымен

алмастырылып,   бірнеше   варианттарда   жазылып   жүр   (мысалы,  аптек-аптека,   диет-



диета,   штанга-штангы,   лампа-лампы,   мода-моды  т.б.).   Соңы   а   дыбысына   бітетін

сөздердің сөздіктерде берілуі де әр түрлі. «Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» бірінші

басылымында   соңғы   дауыстысыз,   ықшамдалып   жазылған   орыс   тілі   сөздерінің   саны

едәуір:  анкет, аптек, арматур, диет, газет, контор, координат, котлет, лампы, моды,



наград,   цитат  т.б.   Сөздітің   екінші   басылымында   бұл   сөздердің   бір   тобы   бұрынғыша

анкет,   банды   контор,   координат,   газет,   минут  түрінде,   ал   көпшілігі   орыс

орфографиясына сәйкес жазылып ұсынылған:  аптека, арматура, гитара, диета, лампа,



лигатура,   награда,  цитата,   бірақ:   диетасхана,  наградтау.  «Қазақ   тілінің   көп   томдық

түсіндірме   сөздігінде»   мұндай   сөздер   бірнеше   варианттарда   беріледі:  анкет   –  әдеби

норма, анкета – «сөйлеу тілі» деген белгі арқылы, аптека - әдеби норма, ал аптек, әптек

- сөйлеу тілі элементі ретінде,  диета  – норма,  диет  - «сөйлеу тілі» деген белгі арқылы.

«Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» екінші басылымына сөз соңында  –а  дыбысы бар

300-ге жуық лексикалық единицалар енгізілген. Олар – қазіргі қазақ әдіби тілінің барлық

функционалдық   стильдерінде,   көркем   әдебиетте   және   ауызекі   сөйлеу   тілінде   активті

қолданылатын сөздер. Сөздікте олардың жазылуы ұш түрлі беріледі: бір тобы түпнұсқа

тілдегі қалпын сақтап жазылады; бұлар негізінен жазба тіл арқылы енген  перспектива,

директива,   коллега,   декада,   дидактика,   спартакиада,   серенада,   логика,   формула,

поэтика, графика  т.б. тәрізді термин сөздер. Екінші тобы – соңғы  –а  дыбысы түсірілір,

айтылуы бойынша жазылады: газет, минут, секунд, цифр, котлет; ал үшінші тобы кысаң



–ы, -і дыбыстарының көмегі арқылы таңбаланады: банды, моды т.б.

  –а  дыбысына   аяқталатын   сөздердің   жазылуындағы   бұндай   әр   түрлі   жайттар   жеке

сөздердің қазақ тілі сөздік құрамына ену жолдары мен ауысу кезеңдерінің ерекшеліктеріне

байланысты.   Мысалы,  газет,   минут,   секунд  сөздері   мен  логика,   формула,   графика,

директива  типтес   единицалардың   қазақ   тіліне   қабылданған   кезеңдері   де,   соған

байланысты ауысу жолдары да әр түрлі. Алғашқы сөздердің өткен ғасырларда негізінен

ауызекі   сөйлеу   тілі   арқылы   еніп,   қабылдаушы   тілдің   айтылу   нормаларымен

қалыптасқандығын   олардың   алғашқы   баспасөз   беттерінде,   Абай   шығармаларында

жұмсалғандығы дәлелдей түседі. Сондықтан да бұл сөздердің соңғы дауысты дыбысының

түсіп қалуында қазақ тіліндегі екпін құбылысының әсері бар. Қазақ тілінде екпін тұрақты

түрде соңғы буында ғана байқалатын болғандықтан, түпнұсқа тілде ортаңғы буынға екпін

түсетін  газета,   минута,   секунда  сөздерінің   соңындағы   екпінсіз  –а  дыбысының   бәсең

айтылып, естілуіне, айтыла келіп түсіп қалуына себепші болады. Лампа, штанга, майка,

марка,   мода  тәрізді   сөздер   соңындағы   дауыстының   қысаң  ы,   і  дыбыстарымен

алмастырылуы да бұд сөздердің орыс тіліндегі айтылуы екпініне байланысты. Түпнұсқа

тілде   алғашқы   буындарға   түсетін   екпін   қазақ   тіліне   қабылданып   естілуінде   соңғы

дыбыстың   көмескеленуіне   әсер   етеді.   Алайда   қазақ   тілі   үшін   сөз   соңының   бірнеше

дауыссыз дыбыстар тізбегіне аяқталуы тән емес болғандықтан, бұл сөздерді айтқанда, ы, і

дыбыстары   қосарланып   естіледі   де,   айтылудағы   осы   заңдылық   аталған   сөздердің




жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау