тепкіршек – текпіршек варианттары берілген де,
шапқыла – шақпыла тәрізді варианттың
шақпыла нұсқасы берілмеген.
Әдетте сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмасуы метатеза деп аталады.
Мысалы: өкпе – өпке, қақпан – қапқан, қақпақ – қапқақ, қақпа – қапқа. Тіліміздегі кейбір
сөз варианттарының (дублет, синоним, жарыспалы сөздер т.б.) пайда болуын, әр түрлі
жазылуын метатезамен байланысты қарауға болады. Мысалы, ләкпе – ләпке варианттары
метатеза арқылы пайда болған. «Келгендердің бәрі де ұғындырған тәртіп бойынша сауда
қыла келді. Әр күні әр ләкпеден әр алуан ұсақ-түйек алды. Алушысы жоқ болып қаңырап
тұрған ләкпешілерге әңгіме керек» (М. Әуезов. Қилы заман).
Метатеза өзінің фонологиялық табиғаты жағынан негізінен күрделі туынды
түбірлерде ұшырайды:
19
тепкі – текпі, тебрен – тербе т.б.
Метатеза құбылысына орай пайда болған сөз варианттарын басы артық нәрсе деп
сыңар жақ қарауға болмайды. Метатезаға ұшыраған сөздердің тіл қолданысында алатын
орны әр қилы. Олардың түрлерін, шамамен, мынадай топтарға бөлуге болады.
1. Метатезаға ұшыраған сөздер әуелде жарыса жұмсала келіп, тілде тек бір ғана вариант
түрінде орнықты. Мысалы: қақпан, қақпақ, қақпа, өкпе т.б. Бұлар синхрония тұрғысынан
қапқан, қапқақ, қапқа, өпке делініп, әуелдегідей күйіндегідей ұолданылмайды деуге
болады. Себеп сөзі де осы тәрізді, бастапқы түрі әсбәб (араб сөзі). Малақай сөзінің
«маңлай» диалектизмімен метатезалық байланыста екендігін этимология жасай отырып
айқындауға
болады.
Салыстырыңыз:
мақалай
(Замахшари.
Мукаддимат)
20
<маңқалай>мақалай>қазақша малақай. Малақай сөзі маңдай, маңлай,
маңқа атауларымен тектес түбірлер болуы ықтимал.
2. Метатезалық варианттар мағыналық жақтан сараланып дербес сөзге айнлаған: уақ (уақыт)
– ауық (бір ауық), демеу (етістік) – медеу (зат есім), тебірен (әсерлен) – тербе (шайқа),
айнал (су буға айналады) – айлан (айланып-толғану).
Ш мен қ дыбыстарының орнын алмасуынан балшық (балшақ, а/ы дауыстыларының
алмасуы) және балқаш варианттары пайда болған. Кейбір түркі тілдерінде балғаш
«балшық»
21
деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде Балқаш сөзі гидроним ретінде ғана
емес, әсіресе байырғы әдебиет өкілдері шығармаларында, аға буын тілінде, жалпы есім
мәнінде жұмсалады. Балқаш, балшық (балшақ) әуелде мағыналық жақтан жарыса
қолданылғанмен, келе-келе семантикалық дербестікке ие болған. Балшық «лай», «батпақ»
деген мағынаны білдірсе, балқаш «сулы, шөбі мол жер» дегенді аңғартады:
Балқашын орып мал жеген
Аралас үйрек, қаз жеген
(Қашаған Күржіманұлы)
Метатезалық варианттардың кейбірінде стильдік айырым барлығы байқалады:
ұшпақ – жұмақ. Қазақ тілінде
жұмақ стильдік жақтан бейтарап,
ұшпақ көбіне сөйлеу
тіліне тән. Сондай-ақ тыпыр етпе – тырп етпе; үлпіл –лүпіл, шықырлату – қышырлату
параллельдерінің эмоционалдық, семантикалық реңкі бірдей емес.
4. Метатезалық варианттардың барлығы бірлей мағыналық немесе стильдік тұрғыдан айқын
сараланбаған. Оны мынадай салыстырудан байқауға болады:
19Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата, 1986. С.98
20Поппе Н. Монгольский словарь Мукаддимат аль-адаб. М., Л.1938. С. 233
21Пальмбах А. А., Исхаков Ф. Г. Явления метатезы в тувинском и некоторых других тюркских
языках // исследования по сравнительной грамматике тюркских языков: Фонетика. М., 1955. Ч І. С.
295
айналсоқта – айналқоста
алпарыс – арпалыс
әлеуетті – әулетті
әпке – әкпе
әпкел – әкпел
әпкіш – әкпіш
бастығырыл – бастырығыл
бопса – боспа*
былжыра – жылбыра
дария – дайра*
долана – донала*
дорба – добра*
дөрекі – дөкір
жалаңаш – жаңалаш
жалау – аужал
жыпқыл – жықпыл
кежеге – кегеже*
кәпкір – кәкпір
күбжеңде – күжбеңде
күдері – көдіре
құптан –
қақсит – қасқит
құнерез – құнезер
қыруар – қырауыр
мегзе – мезге
моқал – молақ*
22
нысап – ынсап
сыпатта – ыспатта
шуалшын – шылаушын
шыбжалақта – шыжбалақта
шыбжыңда – шыжбыңда
Әдеби тіл мүддесі мұндай дублет сыңардың біріне артықшылық беріп отыруды
қажет етеді. Бұл жерде кейбір жарыспалы қолданыстың бірін доминанта вариант деп
айқындауда сөздің түбір тұлғасын таяныш етіп алуға болады. Нормалаушы сөздіктерде,
олардың ішінде орфографиялық сөздікте, негізінен, түбір нұсқасын беру тиімді. Мысалы:
түпкір (түкпір емес), шапқы (шақпы емес), тапқыр (тақпыр емес), әпкел (әкпел емес) т.б.
Мұндай екі ұдай қолданыстардың түбір тұлғасына сүйене отырып, негізгі вариантын
анықтаудың тиімді жағы мынадан да байқалады: түп-, теп-, шап- т.б. түбір сөздерге әр
түрлі қосымшалар жалғанып, жаңа сөз жасауға ұйтқы болады (түпсіз, теперіш, шабуыл
т.б.). Ал метатезаға ұшыраған варианттарда (түк-, шақ-, т.б.) мұндай қасиет жоқ.
Сондықтан дыбыстардың нақтылы бір фонетикалық жағдайындағы транспозициялануы
жазуда ескерілмеуге тиіс.
Жарыспалы сөздердің біріне артықшылық беруде, яғни жазуда ескеріп отыруға, тек
түбір сөзге сүйену кейбір параллельдер үшін жеткіліксіз. Мұндайда дыбыстардың
транспозициялану бағытына сүйену тиімді деуге болады. А.А. Пальмбах пен Ф.Г. Исхаков
өздерінің «Тува тіліндегі және кейбір түркі тілдеріндегі метатеза құбылысы» деген
мақалаларында В.В. Радловтың «Тілдің артқы бөлшектерінің түйісуінен кейін іле-шала
ерінді түйістіру, еріннің түйісуінен кейін іле-шала тілдің артқы бөлшектерін түйістіруден
жеңілдеу» деген пікіріне назар аударады. Сепкіл, тепкі, әпке, түпкі сөздерінің секпіл,
текпі, әкпе, түкпі түрінде (
пк>кп) айтылуын В.В. Радловтың осы пікіріне байланысты
қарастыруға болады.
Яғни еріннің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстарға (п,б) қарағанда, тілдің артқы
бөлшегінің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстардың (қ, к) бұрынырақ айтылуы
физиологиялық тұрғыдан анағұрлым жеңілдеу болуға тиіс. Сөз шенінде (п, к) дыбыстары
тіркесіп келгенде, сөйлеу кезіндегі физиологиялық қолайлылыққа байланысты [к] дыбысы
[п]-дан бұрын келуге тырысады, яғни дыбыстардың орын алмасуы [п]-дан [к] дыбысына
қарай бағытталған деуге болады. Сөйлеу кезіндегі (в речи) мұндай спонтандық
өзгерістердің түп-түгел жазуда еленуі шарт емес. Секпіл, өрекпі, жықпыл тәрізділер –
сепкіл, өрепкі, жыпқыл сөздерінің спонтандық варианты. Бұларды мағыналық жүк,
стильдік реңк алған айнал – айлан, деме – меде параллельдерімен бір деңгейде қарауға
болмайды. Дыбыстардың транспозициялану бағытына сүйене отырып, жоғарыда айтылған
жарыспалы сөздердің жазу-сызуда еленетін нұсқасын былайша көрсетуге болады: өрепкі
(өрекпі емес
), жыпқыл (жықпыл емес
), шыпқырт (шықпырт емес
), әпке (әкпе емес
).
22Жұлдызшамен берілген мысалдар мына кітаптан алынды: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
Алматы, 1974-1986. 1-10б.