бағдарлы анықтау есебі:
ішекке ………………1 венаға ……………………….1/4
тікішекке ……………1 ½ бұлшықет арасына ………..⅓-1/4
тері астына ………….⅓-½ кеңірдекке ………………….1/4
6 Тақырыбы: Дәрілік заттардың организмде өзгеруі.
Қан жүйесіне енген дәрілік заттардың қандай құбылыстарға ұшырауы кәзіргі уақытта жеткіліксіз зерттелген. Дегенмен, диффузия және адсорбцияға қабілеттілігі бар каллоидтық құрылыс жоқ қоспалар қан жүйесінен тез жоқ болып, органдарға сіңіп, олардың ішінде жыйнақталады (деполанады) деп есептейді. Мысал ретінде мышьякты, хлоридты, бромидтерді т.б. көрсетуге болады.
Каллоид қасиетті заттар қан жүйесінде бірнеше сағат болуы мүмкін. Бұлардың көпшілігі тканьдерге сіңіп, тұрақсыз органикалық қоспаларға айналады, сонсоң біртіндеп қайтадан қанға сіңеді. Мұндай құбылыстарға айналдыратын негізгі орган бауыр болып табылады; бауырда немесе басқа органдарда органикалық қоспалар тотығу, қалпына келу, дезаминделу, деметилдену, күрделі қос қоспаларға айналу т.б. процесстерге ұшырайды. Кейбір, әсіресе анорганикалық заттар өзгерместен сол күйінде қалуы мүмкін. Дәрілік заттар әсерінің ұзақтығы организмде олардың химиялық құбылыстарға айналу жылдамдығына байланысты; бұл процестер неғұрлым тез болса, соғұрлым әсер де ұзағырақ болады.
Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары. Дәрі организмнен негізінен бүйректер арқылы шығады. Бұлар ауруға ұшырағанда заттар қан жүйесінде ұзақ болып, ұзақ уақыт әсер етеді, ал қайталап қолданғанда олар мол, уытты концентрацияға дейін қорланып жыйналады.
Дәріні организмнен шығаратын маңызы жағынан одан кем емес жол асқазан болып саналады; мұнымен қатар, кілегей қабықтар мен сілекей бездері сыяқты секреция аппараты арқылы шығуды да ескеру керек. Бұл жолмен енгізу тәсіліне байланыссыз кейбір алколоидтар (морфин, атропин, хинин), ауыр металл тұздары (мышьяк, сурьма), жұпар иісті қосылыстардың туындылары, эфирлі майлар, бояулар, сантонин шығады,
Тыныс жолары арқылы: ұшқыш наркотиктер, эфирлі майлар, көмір тотығы, күкірт сутегі т.б. шығады. Шығу жылдамдығы заттардың физикалық – химиялық қасиеттеріне, дем алу көлеміне, өкпенің қанмен жабдықталу дәрежесіне т.б. байланысты.
Тер бездері мен майлы бездер арқылы ауыр металл тұздары, галоидтар, күкірт сутегі, мышьяк, фекол, салицил қышқылы сыяқты заттар шығады; олардың кейбіреулері теріде жыйналып қалады.
Заттардың әсері мен химиялық структурасының өзара байланысы. Заттың химиялық структурасын білу арқасында оның фармакологиялық сыйпатын алдын ала болжауға мүмкін екендігі туралы бірқатар мысалдар бар. Сондықтан заттардың химиялық структурасын өзгерту арқылы белгілі бағытқа сай қанағаттандырарлықтай препарат алуға болады. Алайда, бұл ережемен қыйыспайтын жағдайлар да кездеседі, өйткені химиялық структураның өзгеруіне қарай физикалық-химиялық қасиеттер де өзгереді; сөйтіп бұл өзгерістер сіңу, ажырап бұзылу, организмде жаңа заттар пайда болу, тағы сол сияқты құбылыстарға ықпал тигізеді.
7 Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсер ететін негіздері
Алколоидтар – көбінесе өсімдіктерден, өте сирек жануарлардан алынатын азотты органикалық сілтілер; қышқылдармен әсерлесіп олар тұздар құрады. Олардың химиялық структурасына көміртегі, сутегі, азот және оттегі кіреді. Құрамында оттегі жоқ алколоидтар да бар; олардың саны аз және барлығы да сұйық болып келеді. Барлық алколоидтар суда мүлде дерлік ерімейді бірақ, органикалық еріткіштерде (спиртте, эфирде, хлороформда т.б.) жақсы ериді. Алколоид тұздары суда жақсы ериді, бірақ органикалық еріткіштерде ерімейді. Алколоидтардың әсері көбінесе нерв системасына бағытталған.
Глюкозидтер- көбінесе құрамына азот кірмейтін өсімдіктерден алынатын эфир тәрізді органикалық қоспалар; олар организмде қантты (глюкон) және қантсыз негізгі әсер ететін (аглюкин, яғни генин) бөлшектерге бөлінеді. Глюкозидтердің басты түрлері жүрекке әсер ететін заттар болып табылады.
Сапониндер (сапоглюкозидтер) – көбінесе өсімдіктер ұүрамына кіретін коллоид тәрізді, формасыз заттар. Олардың әсері арқылы клетканың үстіртін тартысы кемиді, қанның формалы элементтері гемолизге ұшырайды. Қақырық шығарғыш заттар ретінде қолданылады.
Танноглюкозидтер - өсімдіктерден алынатын қоспалар; тканьдердің бетіне әсер етіп, жымырады және белоктарды тұндырады; тұтқыр заттар ретінде кең тараған.
Эфирлі майлар – сыртқы көрінісі майға ұқсас, бірақ химиялық құрылысы жағынан жұққыш майларға ешқандай қатынасы жоқ ұшқыш сұйықтар. Олар көбінесе өсімдіктердің гүлдерінде, ұрықтарында және жапырақтарында кездеседі және оларға жұпар иіс береді. Эфирлі майлардың құрамына негізгі, маңызды заттар ретінде терпендер, камфорлар, алкогольдер, эфирлер, фенолдар, қышқылдар т.б. кіреді; сондықтан олардың әсері де әртүрлі болады.
Майлы қатар қоспалары – көбінесе наркотикалық заттар. Бұлардың қатарына көмірсутектері және химиялық сыйпаты бойынша реакцияға қатынаспайтын бұлардың туындылары жатады. Олардың негізгі әсері – протоплазмалық әсер.
Жұпар иісті қатарға кіретін дезинфекциялық қасиетті заттар өз алдына бір топ құрады. Минералдан жасалған заттар металл және металлоид тұздарына бөлінеді. Металл тұздары өз алдына ауыр және жеңіл металл тұздары тобына бөлінеді; олардың әсері металл иондары мен қышқыл иондарының арқасында пайда болады. Металлоидтар дәрілік заттардың арасында ерекше орын алады. Олар организмге түгел молекуласымен әсер етеді.
Актибиотиктер – грибоктар мен бактериялар шығаратын белок тәрізді арнаулы заттар; олар ауру тудыратын микробтарға өлтіре әсер етеді.
Гормондар – ішкі секрециялы бездерден қан жүйесіне шығатын және денеге таңдамалы әсер ететін заттар. Олардың кейбіреулері таза күйінде, кейбіреулері – сығынды – мүшелік препараттар ретінде қолданады.
Витаминдер - өсімдіктер мен жануар организмінде құрылатын және таңдамалы әсер тигізетін заттар.
Тақырыбы: Ең басты физикалық, химиялық сыйыспаушылықтар
8 Тақырып. Өз ара араласпайтын сұйықтар
Колодий (Collodium) - сумен
Креозот (Kreosotum) – сумен.
Глицерин (Glycerinum) – эфирмен, жұққыш майлармен және хлороформмен.
Мүсәтірлі –анисті тамшылар (uor ammonii anisatus)– сумен және иод настойкасымен.
Сұйық парафин (Paraffinum liquidum s. Oleum vaselini) – сумен, сулы ертінділермен, спиртпен.
Гуммиарабик шырышы (Mucilago gummi aradici) – спиртпен, хлороформмен, майлармен.
Камфорлы спирт ( Spiritus camphoratus) – сумен.
Барлық жұққыш және эфирлі майлар - сумен.
9 Тақырып. Өз ара араласқанда сұйық немесе ерігіш қоспалар
құрайтын құрғақ заттар
Ацетаналид (Acetanilidum) – антипиринмен, фенолмен, резорцинмен, хлоралгидритпен, (ылғал қоспа), тимолмен, (сұйық).
Антипирин (Fntipyrinum) – антифебринмен, бетанафтолмен, пирогаллолмен, резорцинмен, салицил қышқылымен, натрий салицилатымен, салолмен (ылғал қоспа).
Аспирин (Apsirinum) – натрий гидрокарбонатымен (ылғалдану, сонсоң бірнеше күннен кейін сұйқылтым күңгірт қойыртпақ пайда болуы), уротропинмен (ылғал ұнтақ).
Бензонафтол және бетанафтол (Benzonaphtolum, Betanaphtolum) – антипринмен, камфорамен, салолмен, терпингидратпен, тимолмен, хлоралгидратпен.
Камфора (Camphora) және бромды камфора (Camphora monobromata) бетанафтолмен, фенолмен, ментолмен, пирогаллолмен, тимолмен, хлоралгидратпен, салолмен, трихлоруксус қышқылымен.
Ментол (Mentho um)– камфораны қара.
Нафталин (Naphtalinum) – фенолмен, салолмен.
Пирамидон (Pyramidonum) – фенолмен, салицил қышқылымен, хлоралгидратпен және антитиронге сыйыспайтын заттармен.
Резорции (Resorcinum) – фенолға сыйыспайтын заттармен.
Салол (Salolum) – фенол және салицил қышқылына сыйыспайтын заттармен.
Тимол (Thymoium) – камфораға сыйыспайтын заттармен.
Фенацетин (Phenacetinum) – фенолмен, салицил қышқылымен, хлоралгидратпен.
Хлоралгидрат (Chloralum hydratum) – антипиринмен, ацетанилидпен, камфорамен, ментолмен, фенолмен, пирамидонмен, салипиринмен, салицил қышқылымен, натрий салицилатымен, салолмен, сульфанолмен, тимолмен.
10 Тақырып. Өз ара араластырғанда тұтанып жану және жарылуы
қаупі туатын заттар
Глицерин (Glycerinum) хром және азот қышқылымен т.б. тотықтырғыштармен.
Иод (Iodum) – эфирлі майлармен, мүсәтір спиртімен, тұндырылған ақ сынаппен.
Диуретин (Diuretinum) – қышқылдармен, қышқыл тұздармен және қышқыл сироптармен араласқанда шөгіп ажырайды.
Хлорлы известь (Calcaria chlorata) – күкіртпен, аммиак қосылыстарымен, органикалық заттармен.
Қышқылдар (Acida) – каломель және басқа ерімейтін сынап тұздарымен.
Азот қышқылы (Acidum nitricum) – оргагикалық заттармен, глицеринмен, алкогольмен, фенолмен, эфирмен, эфирлі майлармен, секермен.
Пикрин қышқылы (Acidum picronitricum) – органикалық заттармен, күкіртпен, көмірмен.
Күкірт қышқылы (Acidum sulfuricum) – сумен, скипидармен, эфирлі майлармен және басқа органикалық заттармен тез араластырғанда.
Күміс нитраты (Argentum nitricum) – алколоидтармен, глюкоздармен, фенолмен, күкірт қосылыстарымен, хлоридтармен, бромидтармен, иодтармен, таннинмен және басқа органикалық қосылыстармен.
Нитроглицерин (Nitroglycerinum) – соғылудан жарылады.
Шөгінді ақ сынап (Hydrargyrum praeccipitatum) – құрамында хлор, бром және иод кездесетін препараттармен.
Таннин (Tanniinum) – калий пермаганатымен, калий хлоратымен (бертолет тұзымен) және басқа тотықтырғыштармен.
Калий хлораты яғни бертолет тұзы (Kalium chloricum) – күкіртпен, көмірмен, қантпен, глицеринмен, салицил қышқылымен, фенолмен, таннинмен, фосформен, спиртпен және басқа органикалық заттармен.
Кальций хлориды (Calcium chloratum)– күкіртпен, аммиак қоспаларымен, майлармен, глицеринмен және басқа органикалық қоспалармен.
11. Тақырып. Өз ара араластырғанда шөгінділер пайда болатын заттар
Алкалоидтар (Alcaloida) – сілтілермен, таннинмен және белокты заттармен, ауыр метал тұздарымен, иодты және бромисті тұздармен.
Антипирин (Antipyrinum) – таннин және басқа илеу заттармен.
Бромисті тұздар – сынап және күміс тұздарымен.
Белокты заттар – алкалоидтармен, таннинмен, басқа илеу заттарымен, ауыр металл тұздарымен.
Натрий гидрокарбонаты (Natrium hyarocarbonicum) – спиртпен, қышқылдармен, алкалоидтармен және металл тұздармен.
Гликозидтер (Glucosida) – ауыр металл тұздарымен.
Темір және оның тұздары (Ferrum) – сілтілермен, смолалы және шырышты заттармен.
Ашудас (Alumen) – сілтілер және бурамен.
Қышқылдар (Acida) – сілтілі және қосақталған тұздармен, металл тотығыштарымен, баяу әсерлі қышқылдардың тұздарымен.
Сабындар (Sapones) – алюмений, кальций, магний тұздарымен қосқанда (ерімейтін сабын болады).
Мышьякты қышқыл (Acidum arsenicosum) – күйдірген магнезия және темір гидрокисімен ерімейтін комплексті қосылыстар құрады (мышьяк антизерінің әсері осыған байланысты).
Иод тұндырмасы (Tinctura Iodi) – иодты қара.
Күміс нитраты (Argentum nitricum) – хлоридтармен, иодидтермен, бромидтермен.
Новокаин (Novocainum) – алкалоидтарды қара.
Кофеин тұздары (Coffeinum natrio – benzoicum) – және (Coffeinum natriosalicum) – қышқылдармен, қышқыл тұздармен және қышқыл спирттермен араластырғанда шөгінді пайда болып ажырайды.
Сынап (Hydrargyrum) және оның тұзддары – алкалоидтармен, таннинмен, сілтілермен.
Таннин (Tanninum) – алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен, белокты заттармен.
Иод тұздары – алкалоидтармен, күміс және сынап тұздарымен.
Қорғасын (Plumbum) – көмір қышқылды, күкірт қышқылды және иодті тұздармен, күкірт қышқылымен, таннинмен, глюкозидтермен, шырыштармен.
Сироптар (Sirupi) – сілтілі микстуралармен.
Шырыштар (Mucilaginnes) – спиртті препараттармен, қышқыл және сілтілі сұйықтармен, ауыр металл тұздарымен және алкалоидтармен.
Сілтілер (Alcalia) – алкалоидтармен.
12 Тақырып. Басқа сыйыспаушылықтар
Антипирин (Antipyrinum) – темір тұздармен, түрлі түсті реакция (қызыл түске боялуы).
Аспирин (Aspirinum) – қышқылдар мен сілтілердің ықпалымен ажырау.
Натрий гидрокарбонаты (Natrium hydrocarbonicum) – қышқылдармен және қышқыл тұздармен араласқанда CO бөлінеді.
Глюкозидтер (Glucosida) – қышқылдар, сілтілер және қыздырудың ықпалымен ажырайды.
Темір (Ferrum) және оның тұздары – таннин және басқа илеу заттарымен бірге сыя тәрізді. ертінділер пайда болады. Антипирит, адреналин, т.б. заттармен түрлі түсті реакциялар пайда болады.
Коллодий (Collodium) – оттан қауіпті.
Күміс нитраты (Argentum nitricum) – органикалық заттармен жанасқанда күміс қалпына келеді.
Калий перманганаты (Kalium hypermanganicum) – органикалық заттардың болар-болмас қосындысының ықпалымен бұлардың сулы ертінділері ажырайды.
Сынап және оның тұздары (Hydrargyrum) – органикалық заттармен араласқанда ажырап, басқа жаңа қосылыстарға айналады, сынап тотығы майлы негізде сүртпе майлармен біріккенде май қышқылдарының сынапты тұздары пайда болуы мүмкін.
Натрий салицилары (Natrium salicylicum) – темір тұздарымен бірге түрлі түсті (көгілдір) реакциялар пайда болады.
Сантонин (Santoninum) – жарықтың ықпалымен сарғаяды.
Бром тұздары – қышқылдар мен тотықтырғыштарға араластырғанда бром пайда болады.
Таннин (Tanninum) – темір тұздарының ықпалымен сыя тәрізді сұйыққа айналады.
Фенол (Phenolum) – тұздармен біріккенде түрлі түсті (көк) реакция пайда болады.
Калий хлораты (Kalium chloricum) – иодті және бромды тұздармен араласқанда иод және бром пайда болады.
Сілтілер (Alcalid) – майлармен біріккенде – сабын, хлоралгидратпен біріккенде – хлороформ, қышқылдармен- бейтарапталып, тұздар пайда болады.
Дәрілердің латынша аттарын рецептіде қысқартып жазуға да болады. Түсініспеушілік болмау үшін сөздің ақырғы буынын ғана қысқартып, сөзді дауыссыз әріппен аяқтау керек (мысалы, Natrium – Natr), егер бір сөзде екі дауыссыз әріп қатар келсе, қысқартылатын сөз екінші дауыссыз әріппен аяқталады (destillatum - destill).
Рецептурада қабылданған салмақ және өлшеуіштер аптекалық істе салмақ мөлшері ретінде- грамм, ал көлем мөлшері ретінде- миллилитр қабылданған. Осы уақытқа дейін сұйық заттардың салмағы ғана көрсетіліп келген еді, мұны ескеру керек, мемлекеттік фармокопеяның сегізінші рет басылуына сәйкес, аптекалар кейбір заттарды көлем өлшеуіштері арқылы жазып береді және жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |