3 Дәрілік зататрдың әсеріне ықпал тигізетін жағдайлар Заттардың организмге тигізетін әсері әрқашанда бірдей болмайды, оған бірқатар әр түрлі жағдайлар ықпал етеді. Бұл жағдайлар дәрілік заттың өзіне де, сондай-ақ денеге де байланысты болуы мүмкін.
Дәрілік заттың қасиетіне байланысты жағдайлар. Ерігіштік. Егер зат суда, майда және организмнің ткань сұйықтарында еріген жағдайда ғана мейлінше жақсы әсер ете алады. Мысалы, парафин мен барий сульфаты фармакологиялық әсер етпейді, өйткені ерімейді, сондықтан да тканьдерге сіңбейді. Күкірт тканьдермен өзара қарысу нәтижесінде еритін клеткаларға сіңімді болады, демек, ол фармакологиялық тұрғыдан әсерлі болып саналады. Дәрінің ерігіштігі теріге және кілегей қабықтарға тікелей әсер еткенде тканьдерге терең ену қабілетімен тығыз байланысты болады. Мысалы, барлық липоидотроптық (майда еритін) заттар майда ерімейтін заттарға қарағанда теріге терең және тез сіңеді.
Дәрілердің тканьдерде болып жатқан физикалық-химиялық процесстер жөніндегі тұрақтылығы. Заттың мөлшері, яғни дозасы, демек, дәрілік заттың клеткаға әсер ететін концентрациясы, қолданылатын жеріне әсер еткенде ертіндінің концентрациясы, жалпы әсер еткенде – қандағы концентрация ескеріледі.
Дозаның екі түрі: бір мезгілдік (pro dosi), яғни малға бір рет берілетін немесе бір рет енгізілетін дәрінің мөлшері; күн тәуліктік (pro die), яғни малға бір күнге, күн тәулік ішіне арналып берілетін дәрінің мөлшері бар.
Енгізілетін заттың мөлшерін оның әсер ету сыйпатын анықтайды. Өте үлкен дозалар малды өлтіруі мүмкін, сондықтан да оларды өлтіретін дозалар деп атайды; дәрінің малды улайтын дозасын уытты (зәрлі) доза деп, ал емдік нәтиже беретін дозасын емдеу дозасы деп атайды.
Дәрілік түр. Ішке сұйық түрде берілген заттар қатты заттарға қарағанда жылдам және күшті жалпы әсер етеді. Мұнда еріткіштің де маңызы бар: суда ерітілген заттарға қарағанда, спиртте ерітілген заттар тезірек әсер етеді, кілегей сұйықта ертілсе, олардың әсері едәуір бәсеңдейді т.б.
Температуралық жағдйлар. Жылы етрінділер салқын ертінділерден гөрі ішке енгеннен кейін тезірек бойға сіңеді. Дәрілік ертінді өте жоғары немесе төмен температурада болса клеткаларды тітіркендіріп, жоя отырып, олардың тіршілік процесстерін құртады.
4 Тақырыбы: Организмге байланысты жағдайлар. Жануар түрлері.
Әр түрлі мал қандай да болсын дәріні әртүрлі қабылдайтыны анықталған. Мысалы, етқоректілер шөп қоректілерден гөрі барий тұздарын өте жақсы сезеді; адреналин сүтқоректілерден гөрі құстарға күшті әсер етеді; морфин итті ұйықтатады, ал мысықты күшті елітеді; көп камералы қарыны бар сыйыр малына каломель тағайындау қауыпты, өйткені каломель еритін қоспаларға тез айналып, улы болады.
Жануар түріне қарай дозаларды төмендегідей етіп есептеп беру белгіленген:
Жылқыға (тірідей салмағы 400 кг дейін) ……………………
Сыйыр малына (тірідей салмағы 300-320 кг)………………1 - ½
Есекке ………………………………………………………….⅓ - ½
Қойға (таза салмағы – 50 кг)………………………………….1/5 – 1/6
Шошқаға (таза салмағы – 50 кг) ……………………………...1/5 - ⅛
Итке (таза салмағы – 2- ден 10 кг дейін) ……………………1/10 – 1/6
Мысыққа (таза салмағы – 2 кг) ……………………………..1/20 – 1/32
Құсқа (таза салмағы – 2 кг) ………………………………….1/20- 1/40
Малдәрігерлік практикаға әзір енгізілмеген, бірақ медицинада қолданылатын дәрілердің дозаларын мөлшерлегенде төмендегідей ережеге сүйену керек:
Орта жастағы адамға …………………………………………. 1
Жылқыға ………………………………………………………..5 – 10
Сыйыр малына ………………………………………………….5 – 10
Ешкі, қой, шошқаға …………………………………………….2
Итке ……………………………………………………………...1/4 – 1
Мысыққа …………………………………………………………1/4
Құсқа ……………………………………………………………...1/6
Жануар жынысының организмінің физиологиялық жағдайына байланысты ғана маңызы бар. Кейбір заттар буаз малдардың іштегі төліне зыян келтіреді, кейбіреулері жатыр тамырларын кеңейтіп немесе тарылтып, іш тастатады; кейбір препараттар сүтпен бірге бөлініп, жас төлді улайды және сүт сапасына әсер етеді. У ұрғашы малға еркек малдан гөрі күшті әсер ететінін есте ұстаған жөн.
Малдың жасы қартаң және әлі толыспаған жас малдарға кейбір дәрілік заттар орта жастағы малдардан гөрі едәуір күшті әсер етеді. Мысалы, морфиннің тіпті аз дозасының өзі төлдің параличке ұшырауын тудырады, ал ірі малдың тыныс орталығына сәл әлсірету әсерін тигізеді.
Сондықтан кәрі немесе жас малдарға дәрі тағайындағанда оның дозасын олардың жасына сәйкес азайту керек. Кейбір заттарды оларға мүлдем қолдануға да болмайды.
Малдың жасына қарай дәрі дозасын есептеудің бағыт беруші таблицасы ( Мозгов бойынша)
Жылқыға:
3 – 12 жасқа дейін …………………………………….1
15-20 жасқа дейін ……………………………………....¾
20 –25 жасқа дейін………………………………………½
2 жасар …………………………………………………...½
1 жасар …………………………………………………...1/12
6 айға дейінгі құлынға:…………………………………..1/21
Сыйыр малына:
3-8 жасар …………………………………………………1
10-15 жасар ……………………………………………….¾
15-20 жасар ……………………………………………….½
2 жасар ……………………………………………………½
1 жасар ……………………………………………………1/4
Бұзау: 4-8 айлық …………………………………………………⅛
1-4 айлық ………………………………………………….1/16
Қой, ешкі: 2 жасар және одан үлкен …………………………...1
1-2 айлық ………………………………………………….. ½
6-12 айлық …………………………………………………1/4
Шошқа 1 ½ жасар және одан үлкен …………………………..1
9-18 айлық …………………………………………………½
4-9 айлық …………………………………………………..1/4
Мал салмағының да елеулі маңызы бар. Бір түлікткгі жас мөлшері бірдей, бірақ салмағы әртүрлі малдарың дәріні қабылдауы да әртүрлі болатындығы туралы көптеген бақылаулар бар. Әдетте, дәрінің белгілі бір мөлшері салмағы ауыр малға емдеу (терапевтикалық), ал салмағы жеңіл малға уытты (зәрлі) немесе өлтіретін доза болып табылады. Сондықтан доза малдың килограмм салмағына шағып беріледі. Мысалы, егер дәрінің емдік дозасы 1 кг салмаққа 1 мг болып белгіленетіні болса, 2 кг салмағы бар малға – 0,002 (2 мг), 10 кг салмағы бар малға дозасы 0,01 (10 мг), 400 кг салмағы бар малға 0,4 (400 мг) тағы басқадай болады.
Малдың жалпы күйі. Арық организмге семіз организмге қарағанда дәрі күшті әсер етеді. Шаршап шалдыққан малдар сергек және күшті малдардан гөрі дәрілерді нашар көтереді. Сау органдардан гөрі ауру органдар дәріні көбіне басқаша қабылдайтынын ескеру керек (Кравков Н.П., М.П. Николаев). Мысалы, камфора сау жүрекке мүлде дерлік әсер етпейді, бірақ ол қабынған жүректің жұмысын күшейтеді және жақсартады; алкоголь сау малдардан гөрі ыстығы көтерілген малдарға нашарырақ әсер етеді.
Организмнің немесе органның физиологиялық күйі дәрілерге сезімдік әрекет туғызады. Мысалы, буаз жатыр қысыр жатырдан гөрі дәрі әсерін сезгіш келеді; қоздырғыш заттарды жүгіріп жүретін құстардың аяқтары мен бұлшық еттері, суда жүзетін құстардың көкірек бұлшық еттері жақсы сезеді т.б.
Идиосинкразия, яғни дәріні бір жолы қабылдаған кезде пайда болатын организмнің айқын көзге түсетін және бұрмаланған реакциясы. Мысалы, сульфаниламид препараттарының әсерінен кейбір малдардың ыстығы көтеріледі, денесі бөртеді. Мұндайдың негізгі себебі нерв жүйесінің ерекше сезімталдығына деп жобалау керек.
Дәрі тағайындау мерзімі. Таңертеңгі тыныққан мезгілде кешкі шаршаған мезгілге қарағанда, малдың дәріге сезімталдығы төмендейді. Аш қарында берілген дәрі тоқ кездегіден гөрі бір жерге де және жалпы да едәуір күшті әсер етеді.
Әсер туу үшін дәрілік заттарды енгізу жолдарының немесе әдістерінің де зор маңызы бар; мысалы, күретамырға енгізілген дәрі тері астына енгізілген дәріден гөрі күшті әсер етеді; дәл осы дәрі ішке қолданылғанда тері астына енгізгендегіден гөрі анағұрлым бәсең болады.
Дәрілік заттардың құранды әсері. Синергизм (syn – бірге, ergo – жұмыс істеймін) – дәрілік заттардың физиологиялық бір бағыттағы әсері. Синергизм бойынша қоспаға кіретін жеке құранды бөліктердің әсері жай ғана жыйнақталуы немесе жеке дәрілердің әсерін жыйнақталған дәрі нәтижесімен салыстырғанда сай келмей көбейіп кеткенде потенциялануы мүмкін. Тікелей және жанама синергизмдер бар: тікелей синергизмге әсер ететін бір ғана нүктелік дәрілер, ал жанама синергизмге әсер ететін түрліше нүктелік дәрілер жатады.
Антогонизм (anti – қарсы, agon – күрес)- бір дәрілік заттың әсерін екінші дірілік заттың бәсеңдетуі немесе мүлдем тоқтатуы; химиялық және физиологиялық антогонизм болады. Химиялық антогонизм екі заттың химиялық өзара ықпал етуі нәтижесі болып табылады, мысалы, қышқылдарды сілтілер оқшаулайды, алкалойдтарды таннин тұндырады т.б. физиологиялық антогонизм екі зат бір түрлі (тікелей антогонизм), немесе әр түрлі (жанама антогонизм) ткань элементтеріне қарама-қарсы бағытта әсер еткен жағдайда кездеседі.
Тікелей антогонизмге орталық нерв системасының стрихнин, кофеин, коразол туғызған қозуын наркотиктердің (хлороформмен, эфирмен, хлорамидтермен) жоюы мысал бола алады; наркотиктер орталық нерв системасын әлсіретеді, ал стрихин, кофеин және коразол оны қоздырады.
Жанама антогонизмге хлорлы баридың ішекке тигізген әсерін адреналиннің жоюы мысал бола алады; хлорлы барий ішек қабілетін арттырады және ішектің тегіс мускулатурасына тікелей әсер ете отырып, оның перитальтикасын көбейтеді; адреналин симпатикалық нерв системасын қоздыра отырып, перистальтикаға бөгет болады. Сонымен ішекке әсер етуіне қарағанда хлорлы барий мен адреналин - антагонистер; бұл тікелей антогонизм емес, өйткені олардың әсер етерлік нүктесі әртүрлі болып келеді.
Сондай-ақ бір жақты және екі жақты физиологиялық антогонизмдер болады; біржақты антогонизм бір заттың әсерін екінші заттың әсері қайтарған кезде байқалады; мысалы, атропин ареоколиннің әсерін қайтарады, бірақ атропиннің әсерін ареколин жоя алмайды. Екі жақты антогонизм дәрі әсерлерінің өзара бірін бірі жоюы нәтижесінде пайда болады; мысалы, стрихнин мен хлорформ бірінің әсерін бірі жояды.
Дәрілердің қайталап қолданғандағы тигізетін әсері. Дағдылану. (толеранттық, иммунитет). Кейбір дәрілерді ұзақ уақыт қолданғанда организмнің оларға тигізетін реакциясы бірте-бірте әлсірейтіндігі байқалады. Бастапқы әсерге жету үшін енгізілетін заттың дозасын көбейтуге тура келеді. «Дағдыланбаған» организмді өлтірерліктей дәрі мөлшерін «дағдыланған» организмдер көтере алуы мүмкін. Бұл құбылысты дәрінің баяу сіңіуімен, тез бұзылуымен және оның тез бөлініп шығуымен, оған организмнің өзіне тән «иммунитет» жасап шығаруымен түсіндіруге болады. «Иммунитет» бір жерде және жалпы болады. Мал мен адамның морфинге дағдылануы бір жерлік «иммунитетке» мысал бола алады; оның кейде түрлік сыйпаты болады, мысалы, құстар стрихнинді көп сезбейді. Бір жерлік «иммунитет» (ішектегі) мышьякты ішке ұзақ уақыт қолданғанда пайда болады; бұнда жалпы «иммунитет» кездеспейді, өйткені көрсетілген тәсілмен енгізілген дәрінің мал көтере алатын дозасын тері астына немесе қан жүйесіне жібергенде мал өледі.
Кумуляция, немесе шоғырлану, жиналу дәрілерді тіпті ең аз емдеу дозасымен қайталап енгізгенде байқалады; мұнымен қатар күшті фармакологиялық немесе уытты әсер ету белгілері көрінеді.
Кумуляция- материалдық және функционалдық яғни физиологиялық түрлерге бөлінеді. Материалдық кумуляция дәрінің денеден шығуы оның енуінен анағұрлым қалып қойған жағдайда, мысалы, ауыр металл тұздарын, стрихнинді, кейбір ұйықтатын заттарды т.б. қолданған кезде пайда болады. Физиологиялық кумуляция деп белгілі органдардың немесе тканьдердің сезгіштігінің күшеюін айтады. Дегенмен наперстянка, қорғасын тұздарын т.б. қайталап қолданғандағыдай, бұл жағдайда да дәрі организмде жыйналып қорланбайды.
5 Тақырыбы: Дәірлік заттарды енгізудің және бөліп шығарудың жолдары
Дәрілік заттарды қолдану тәсілдері. Дәрілерді ауыз арқылы (peros) енгізу – көп тараған тәсілдердің бірі, бірақ түрлерін кеңінен таңдап алуға мүмкіндік береді, өйткені бұл жолмен еритін де, ерімейтін де дәрілерді енгізуне болады. Олар асқазанда тиісті өзгерістерге ұшырап, өздерінің әсер етерлік күшін не жояды, не уыттық әсер етеді ( каломельдің мүйізді малға тигізетін әсері). Қан жүйесіне сіңіп, дәрі ең алдымен бауырға түседі; бұнда дәрінің бір бөлігі, немесе түгелінен зарарсызданады немесе қор болып жыйналады. Дәрінің асқазан каналынан бойға сіңу жылдамдығы екі жағдайға: оның асқазан каналы шырындарында еру және қарынның тоқтық дәрежесіне байланысты. Демек бұл тәсіл дәрілердің әсер ететін уақытын есепке алуды және оларды лайықтап өлшеп беруді қыйындатады.
Мал сүйсініп жейтін дәрілік заттатр ірі қараға күшті жемге, немесе суға, ал ит пен мысыққа нанға, етке, сүтке қосылып беріледі.
Ұнтақтарды ірі қара нанмен, немесе шөлмекке құйылған ертіндімен бірге береді; соңғы жағдайда малдың басын жоғары көтеріп, шөлмекті ауыздың тіссіз кенересіне қойып, ертіндіні біртіндеп ұрттатады, ал кейде оны зонд арқылы тікелей қарынға жібереді. Сұйық дәрі түрлерінде осылай береді. Ұсақ малдарға сұйық дәрілерді қасықпен немесе рюмкемен береді. Ал, мұндай дәріні итке оның жақ етін тартып, жыйырады да пайда болған қалтаға құяды. Шошқа мен мысықты жақсылап бекітеді. Бұл малдардың басын сәл жоғары көтереді. Болюстарды көбінесе жылқыға тағайындайды. Бұл үшін, олардың аузын ашып, зевник қояды да, болюсті ұш саусақпен тілдің түбіне салады, сонсоң қолды зевникпен бірге тез шығарады да, малдың басын аз уақыт көтеріңкі ұстап, жұтқыншақты терінің астынан төмен қарай сыйпалайды. Сондай-ақ болюстерді (көбінесе жылқыларға) болюс беретін арнаулы құралдармен береді.
Капсулалар корнцангпен беріледі; түрегеліп тұрған малдың аузын ашып, капсуланы тілдің түбіне корнцангтың көмегімен салады да, корнцангты ауыздан жедел шығарады.
Ботқаларды тіл түп жағына шпательмен жағады. Пилюлдарды ит пен мысыққа ет немесе нанға қосып тағайындайды, немесе корнцангтың көмегімен береді, құстарға сол күйінде тағайындайды.
Тікішек (per rectum) аарқылы енгізгенде дәрілер күштірек әсер етеді,өйткені олар қанға сіңгеннен кейін бауырға бармайды, бұл тәсілмен енгізілген затқа ішек-қарын ферменттерінің әсері тимейді; ол тікішектен тезірек сіңеді. Көрсетілген әдіспен дәрілер сұйық (клизма) және жұмсақ (балауыз) формада енгізіледі. Тітіркендіретін препараттарға шырыш қосылады. Дәрі толығынан сіңу үшін тік ішекті фекалиядан тазарту керек.
Клизма ретінде берілетін дәрілер ірі малдарға Эсмарх кружкамен ұсақ малдарға – резина баллоншамен беріледі. Эсмарх кружканың жиегін вазелинмен майлап, оны мүмкіндігінше тереңірек енгізіп, кружканы малдың белінен жоғарырақ көтереді. Клизма енгізілгеннен кейін кружканың ұшын шығарып, біраз уақыт анусты қолмен басып тұрады, сөйтіп дәрінің кейін төгілуіне жол бермейді. Тікішекке енгізілетін сұйықтард жылытып беру керек екендігің есте ұстау керек. Клизманың дәрілік, іш жүргізетін және қоректік түрлері бар.
Дәрілік клизманың ірі малдарға берілетін мөлшері 1-2 ½ л., ұсақ малдарға – 1, 1/4 стақан. Іш жүргізетін клизманың мөлшері көбірек етіп және оған сабын қосып беру керек; ірі малдарға 2-5 л және одан да көбірек, ұсақ малдарға 1-4 стақанға дейін береді. Сабын (балауыз) тікішекке енгізіледі, бұдан кейін малды тыныш қалдырады.
Жатыр мен жыныс қынабына дәрі сұйық, жұмсақ (қынап домалақтары) және қатты (ұнтақтар) формада енгізіледі; сұйық затты ірі қараға арнаулы үшы бар клистрлі кружкамен береді; (жынс қабына енгізу үшін қолданылатын әдейі ұштықтар жоқ болса, кәдімгі ұштықтарды пайдалануға болады); ұнтақтарды сүртіп-жағу үшін ұнтақ сепкіш құрал қолданылады; дәрі енгізудің бұл жолы бір жерге әсер ету үшін пайдаланылады, бірақ жатыр мен қынаптың кілегей қабықтары арқылы дәрілердің өте жақсы сіңетіндігін ескеру керек.
Ауызды шайып жуу үшін каучук, ағаш немесе пластмассалы ұштығы бар клистирлі кружка қолданылады. Көздің кілегей қабығына ұнтақтарды қағаз немесе ұнтақ сепкіштер арқылы енгізеді, сұйықтарды көз пипеткаларының көмегімен тамызады, ал сүртпемайларды қабақтың астына салады.
Қуық пен желінге дәрілер арнаулы катерлердің көмегімен енгізіледі. Дәрі жіберу яғни парэнтарлық енгізулер зарарсыздаандырылған ертінділер мен оған сәйкес зарарсыздаандырылған құралдарды (шприцтер, инелер) керек етеді.
Дәрілерді тері астына және бұлшықет арасына енгізу әдістері малдәрігерлік тәжрибеде (ветеринарияда) көп тараған, өйткені бұлар қолайлы, оңай әрі дәріні дәл мөлшерлеуге мүмкінді береді және тез әсер етеді. Тері астына тек тұнық сұйық дәрі формаларын ғана, ал бұшықет астына, бұдан басқа, езінділер жіберіледі. Тітіркендіретін және жансыздандыратын заттарды, осы әдістермен өте сирек және ерекше мақсатты көздегенде ғана жіберуге болады.
Малдың денесіне дәрі жіберетін жердің жүнін қырып, терісін спиртпен, немесе басқа дезинфекциялайтын затпен сүртеді, сонсоң дәрі жіберілгеннен кейін екінші рет дезинфекциялайды. Дәріні көлемі белгілі шприцпен жібереді. Дәрі енгізілетін жерлер: ірі малдар үшін - әдетте мойынның бойы, жауырын, көкірек асты; ұсақ малдар үшін – кеуденің бойы болып келеді. Тері астына енгізер кезде сол қолдың ұш саусағымен теріні қыртыстап, оң қолдың басбармағы және сұққолдың көмегімен қыртыстың астына шприцтің инесін қадайды, оны шприцпен жалғастырып поршенді қысып барып дәріні жібереді. Бұлшықет арасына жіберу үшін үлкен инелер керек, бұл жағдайда теріні қыртыстамаса да болады.
Құрсақ қуысына дәрі жіберу әдісі сирек және лаборатория жануарлары үшін ғана қолданылады. Дәрінің қан жүйесіне араласу жылдамдығы бойынша бұл әдіс бұлшықет арасы мен венаға дәрі жіберудің арасында орта орын алады.
Кеңірдек ішіне енгізу әдісі, көбіне тыныс жолдарында бір жерге әсер етуді ғана көздейді. Ол үшін кеңірдектің айналасындағ жүнді қырып, иод настойкасын жағады, кеңірдек білезіктерінің арасына инені қадап, оны шприцпен жалғастырады, сонсоң өте ақырын дәріні жібереді.
Егер дәріні тыныс жолдарының төменгі бөліктеріне тегіс тарту керек болса, малды жанымен жатқызып, оның басы мен мойнын 30° көтеріңкі ұстайды. Сонсоң малды екінші жанымен жатқызып, дәрі жіберуді қайталайды. Дәрі жіберудің бұл әдісі мал дәрігерлігінде бараған сайын кең тарап келе жатқанын ескеру керек; оның оңайлығынан және тыныс жолдарының ауруларын емдеуде қолайлығынан туады.
Венаға дәрі жіберу әдісі бұлшықет арасына жіберуден гөрі кең қолданылады. Дәрінің әсері тез көрінеді. Қан тамырының ішкі қабының сезгіш рецепторлары жоқ екенін ескере отырып, тітіркендіргіш қастеті бар заттарды осы жолмен енгізуге болады. Қанға ықпал тигізетін заттарды (белоктарды ұйытатын, қызылқан түйіршіктерін бұзатын) венаға енгізуге болмайды. Қан мен органдарға (ең алдымен жүрекке) жағымсыз әсер ететін концентрация пайда болмау үшін дәрілік заттардың ертіндісі венаға жәйләп енгізіледі.
Шошқа, ит, мысық және үй қояндарынан басқа ірі және ұсақ жануарларға дәріні күре венасына, мысық пен итке – сан венасына, шошқа мен үй қоянына – құлақ венасына жіберу керек.
Күре венасына енгізу техникасы төмендегідей. Күре науасының бойын жағалаай мойнның жоғарғы үштен бірінің жүнін қырқады; теріні спиртпен немесе басқа бактерицидтық дәрімен дезинфекциялайды; сол қолдың басбармағымен, ал сыйыр малы үшін жгуттың немесе белбеудің көмегімен, дәрі жіберілетін жерден төменірек венаны қысады, оны оң қолдың саусағымен басып тауып алады да, оған инені түйрейді. Аққан қанға қарап, иненің венаға кіргеніне көз жеткеннен кейін, оны ертіндіге толған цилиндрдің резинка түтігімен жалғастырады. Венаға ауа кіргізбеу үшін цилиндрді мойынның жоғарғы жағынан төменірек ұстау керек. Цилиндрде қанның көрінуі системаның дұрыс жалғанғанын сыйпаттайды. Сонсоң цилиндрді мойыннан жоғарырақ көтеріп, оның ішіндегі дәріні жайлап венаға жібереді. Дәрі жіберудің біткенін цилиндрдегі сұйықтың жиегіне қарап анықтайды. Цилиндрді төмен түсіріп, оның ішінде қан көрінген бойда инені тамырдан шығарады. Дәріні жібергеннен кейін цилиндрді екінші рет төмен түсіру инені қанмен жууды көздейді; бұл кейбір заттарды енгізген кезде тканьдерді тітіркендіру мен некрозға ұшыраудан сақтайды.
Дәріні искетіп беру (ингаляция) әдісі бір жерге және жалпы (резорбтық) әсер ететін газ және бу тәрізді заттар үшін ғана жарайды. Жалпы әсер тез пайда болады. Бұл әдіс бойынша кейде әдейі маска арқылы малды газ немесе бумен, кейде маскасыз оны белгілі концентрациялы ұшқыш заттар себілген үйдің ауысымен, ал кейде брезент шелек, дорба т.с. құралдар арқылы дем алдырады. Көрсетілген ыдыстарды шөп ұнтағымен, немесе сабанмен жеткілікті етіп толтырып, олардың үстіне су құйып және лайықты дәрілік затты қосып малдың тұмсығына кигізеді.
Дәріні жұлын каналына енгізу өзінің қыйындығына байланысты сирек қолданылады, ол көбінесе бір жерді жансыздандырғыш заттарды енгізуге жарайды. Бұл заттарды омыртқа каналында қысым күшеймеу үшін алдымен жұлын сұйығының (линвордың) сәйкес мөлшерін шығарып барып аз концентрациялы және аз мөлшерлі ертінді күйінде енгізеді. Теріге, жара және іріңді жараның бетіне сүртпе майлар, пасталар, ұнтақтар, настойкалар, ертінділер, эмульсиялар, булаулар, пластырлар, қолданылады. Ұнтақтар ұнтақ үргіштің, немесе мақтаның көмегімен себіледі, сүртпе майлар мен пасталарды жұқалап жағады, немесе сыйпап сылайды. Ертінділермен жуу резина баллондар (спринцовкалар), немесе клистирлі кружкалар арқылы атқарылады, мақта тампондардың көмегімен тканьнің тиісті бөлегін настойкалармен майлайды; эмульсияларды мақта тампондардың көмегімен қолданады немесе жараның яғни іріңді жараның бетіне тікелей жағады. Бұларды шөп қыйқымынан, кендір тұқымынан кебектерден, қосындылардан және жыйнақтардан жасайды; оларды ыстық сумен булайды, матадан жасалған қапшықтарға салып, терінің тиісті жеріне жапсырады; ұшқыш заттар ұшып кетпеу үшін және олардың суымауын көздеп қапшықтарды клеенкамен бекітеді.
Пластырларды 1 мм-дей қалың етіп кенепке жағады да, терінің, немесе жараның тиісті бөлегіне жапсырады. Пластырдың ауданы (оның ұзындығы мен ені) әрқашанда керегінше белгіленеді. Ірі қара малдар ұшін пластырды дененің тиісті жеріне тікелей жағуға болады.
Теріге газ тәрізді заттармен де әсер етуге болады; мысалы, жылқылардың қотырын күкірт ангидридімен түрліше құрылысты әдейі камераларда емдеу осыған негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |