Общие сведения о городе Караганды



жүктеу 0,55 Mb.
бет2/2
Дата24.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#7904
1   2

Географиялық орналасуы

Қала Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан және евразия континентінің орталығында 49o48'солтүстік ендікте, 73o09' шығыс ұзақтығында. Теңіздің үстінен биіктігі – 553 метр.

Қарағанды қаласынан Астанаға дейін қашықтығы - 222 км.

Қала әкімшілік жағынан екі ауданға бөлінген: Қазыбек би атындағы және Октябрь.
Табиғат-климаттық жағдайлары

Қарағанды қаласының аумақтық жер бедері Қазақстанның ұсақ құмды құрамына кіреді және Кеңгіз-Балқаш су аймақтарын бұру шегінде тұр. Жалпы алғанда, учаскенің жер бедері ұсақ құмнан түзілген толқынды тегістікті білдіреді. Солтүстікте ұсақ құмды аймақтар көп емес. Қалған аумағы тегіс жер бедерімен сипаттамалады.



Қаланың климаты шұғыл континетальды, жазда құрғақ ыстықпен және қыста ұзақ суық қысымен сипатталады.

  • Орташа жылдық температурасы — +3,6 °C

  • Орташа жылдық жауын-шашыны — 332 мм.

  • Ауаның орташа жылдық ылғалдылығы — 65 %.

  • Желдің орташа жылдық жылдамдығы — 3,8 м/c.


Климаттық деректері (орташа айлық мәні)



Пайдалы қазбалары

Аймақтың жер қойнауында қара, түсті металдар мен басқа да пайдалы қазбалардың кені сақталған. Тас көмір, коксты көмір, кремний, асбест, барит, қара және түсті металдар мен басқалары сияқты пайдалы қазбалар химиялық өгеркәсіппен және машина жасаумен байланысты түсті және қара металлургияны дамыиу үшін біршама қолайлы жағдайларды жасайды.

Қарағанды қаласы Қарағанды көмір бассейнінің орталығы болып табылады және негізгі игерілетін пайдалы қазба көмір және лигнит кен орындары болып табылады. Қосалқы көмір кен орны метан кен орны болып табылады, алайда, өнеркәсіптік масштабта газ қорын игеру қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жоқ.

Көмірден басқа құрылыс тасы (қиыршық тас) игеріледі. Октябрь ауданының аумағында құм мен саздың біршама қоры бар.

Михайловка айманында жер асты суларының кен орны бар.

Су ресурстары

Гидрогеографиялық желісі Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, Солонка, Безымянка, өзендерімен, Федоровск су қаймасымен, ЦПиКО көлмен, және өтрт Көгілдір тоғандармен берілген.

1973 жылдан бастап облыстың аумағынла Ертіс-Қарағанды каналы жұмыс істеп тұр, ол – Қарағанды және Теміртау қалаларын ауыз сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 458 км ірі гидротехникалық құрылыс. Каналдан судың берілуі орташа есеппен алғанда секундында 75 куб.метрді құрайды.
Халық саны

Қаланың халық саны 2016 жылдың 1 қаңтарына 498,1 мың адамды құрады, бұл 2015 жылдың осы аралығымен салыстырғанда 5,7 мың адамға артық.

Қаланың аймағында облыс халқының 36% өмір сүреді.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қарағанды қаласының көші-қон қалдығы 1582 адамды құрады. Қалаға көшіп келетіндердің негізін Қарағанды облысының басқа аймақтарынан келушілер құрады.

Халықтың табиғи өсуі оң динамиканы сақтап тұр және 2015 жыл ішінде 4072 адамды құрайды.


Қала экономикасының мамандандырылуы

Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасының өнеркіәсіптік дамыған аймақтарының бірі болып табылады және өндірісте көшбасшы бағытын алып отыр: дайын өнім, көмір игеру, сыра, маргарин өнімдері, электр энергиясы.

Қазіргі таңда Қарағанды көптеген өнеркәсіптік көрсеткіштері бойынша республикада жетекші орынды алып отыр. Тұрақты еңбектің бірдей тең шарттарын отандық сияқты, шетелдік инвесторлар да қамтамасыз етіп отыр.

Басымдылық мәнге өңдеуші сала, электр энергиясын өндіру және тарату саласы болып табылады.

Көмір қаламыздың бұрыннан келе жатқан дәстүрлі өнеркәсіптік таңбасы болып қала береді. Бірақ, шикізаттық өндірістен қала сервистік-технологиялық экономикаға келе жатыр.

Жетекі өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылатындар: ИП «Эфес Казахстан» АҚ, «Қарағанды-Нан корпорациясы» ЖШС, «Қарағанды кәмпиттері» АҚ, «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС, «Евразиан Фудс» ЖШС, «Карагандинский завод металлоконструкций – «Имсталькон» ЖШС, «Карагандинский завод металлоизделий» ЖШС, ИП «Борусан Макина Казахстан» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС және басқалары.


Білім беру және жастар саясаты

Мектепке дейінгі ұйымдар – 80, олардың ішінен



  • жеке меншік – 17;

  • мемлекеттік – 63, оның ішінде

  • балалар бақшасы – 40;

  • шағын-орталықтар –20 (толық күн болумен);

  • «мектеп-бала-бақша» кешендері» - 3 (КШДС № 33, 68, 77).

Мемлекеттік тапсырыс «Лесок» (400), «Гвоздичка» (180), «Әділет» (80), «Киндерленд» (65), «Эрфольг» (102) «Ақерке» (65), «Әсемай» (65 орын), «Растём вместе» (200 орын), «Алтын бесік» (40 орын) балалар бақшаларына орналастырылған.

Жеке меншік балалар бақшасы ашылған «Ақжаркын» (Пришахтинск), мұнда 288 орынға және «Баспалдақ» (Майқұдық) 12 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.

Барлығы жеке меншік балалар бақшасына мемлекеттік тапсырыс бойынша 1497 орын орналастырылған.

Жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер - 78, оның ішінде

орта – 55;



  • негізгі – 23;

  • инновациялық – 14;

  • мектеп-интернаттар – 3 (№№ 4, 22, 68);

  • кешкі – 4 (ОМ 13, 46, 60, 100),

  • жеке меншік - 6.


Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік медициналық мекеме жұмыс істейді: 6 диспансер, 12 стационар, оның ішінде 8 облыстық және 1 республикалық деңгейдегі, қалалық аурухана, құрамында емханасы, бар, 5 жеке емхана, тіс емханасы мен КГМУ кеңес беру-диагностикалық орталығы, облыстық медицинаолық жедел жәрдем станциясы, медициналық колледж, облыстық ФЗОЖ орталығы, СПИД орталығы, қан орталығы, 2 шипажай, «Үміт» бейімдеу орталығы, 2 балалар үйі, Қарағанды қаласының арнайы мамандандырылған медициналық жабдықтау базасы. Сонымен қатар, 4 жеке меншік медициналық ұйым бекітілген халыққа кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек көрсетеді (бұдан әрі ГОБМП): «Қалалық ПМСП орталығы» ЖШС, «МФ Гиппократ» ЖШС, «МФ Мерей» ЖШС , «Медицинская служба транспорта» АҚ Қарағанды қаласы – Қарағанды темір жол ауруханасы. «Региональный акушерско-гинекологический центр» ЖШС, Қарағанды облыстық комитеті – «Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы, «КДЛ Олимп» ЖШС ҚФ және ГОБМП шеңберінде арнайы мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуші ұйымдар.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың халыққа – 59,5, тәулік бойы стационар кереуеттермен қамтамасыз етілуі 10 мың халыққа – 84,1, күндізгі стационар кереуеттерімен қамтамасыз етілуі 10 мың халыққа – 17,9.
Туризм

Туризм

Қарағанды қаласы іскер, мәдени-танымдық, спорттық туризм орталығы болып табылады және туризм саласы негізінен қоғамдық тамақтануды (мейрамханалар) ұйымдастыратын кәсіпорындармен және олар орналасқан нысандармен сипатталады.

Туризмді дамыту үшін қызмет көрсету саласының қолданыстағы объектілерін кеңейту және жаңа объектілерін салу, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру және орналастыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қарағанды қаласында орналастыруға тіркелген орындардың саны 57 бірлік немесе 2014 жылмен салыстырғанда 9 бірлікке артқан. Олардың ішінен: 51 қонақүй әр түрлі қолайлылық жағынан, 1 пансионат, 1 мотель, 4 басқа объекті.



Қарағанды қаласының демографиялық картасы




Атауы

Қазыбек би атындағы аудан

Октябрь ауданы

Қарағанды қаласы

1

Ауданы (мың шаршы м)

231,3

267,1

498,4

2

Халқы (мың адам)

272,1

226

498,1

3

Көшелердің/ықшам аудандардың саны

357/15

283/18

640/33

4

Банк мекемелері

*

*

36

5

Ломбард/айырбастау пунктері

*

*

135

6

Кинотеатрлар/мәдениет үйлері

3/3

1/3

4/6

7

Саябақтар, жағажайлар

3

1

4

8

Стадиондар

1

2

3

9

Спорт сарайлары

3

-

3

10

Дүкендер

898

385

1283

11

Мейрамханалар және дәмханалар

125

45

170

12

Жазғы саябақтар

3

2

5

13

Жатақханалар

20

1

21

14

Қонақ үйлер

34

17

51

15

Орта мектептер

40

38

78

16

Базарлар

13

8

21

17

Өнеркәсіптік кәсіпорындар

1211

288

1499

18

Көлік кәсіпорындары

5

3

8

19

Байланыс бөлімшелері

22

23

43

20

СИЗО

1

-

1

21

УПП

19

13

32

22

Телефон-автоматтар

-

-




23

Камеры ЦОУ

258

123

381

24

Полиция бөлімшелері

3

4

7

25

Әкімдіктер ғимараты

3

1

4

26

Прокуратура ғимараты

3

1

4

27

Сот ғимараты

3

3

6

28

Әскери бөлімдер

5

3

8

29

Ауруханалар және медициналық мекемелер

28

19

38

30

ЖОО*

7

-

7

31

Колледждер/лицейлер*

28

5

33

32

Күзет құрылымдары

31

32

63

оның ішінде мемлекеттік

0

-

0

жеке меншік

31

32

63


Ескерту: *қала бойынша аудандар бойынша саны жоқ.




жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау