Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар


Өрт техникасы мен оның тіршілік циклі процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары



жүктеу 1,42 Mb.
бет3/7
Дата20.05.2018
өлшемі1,42 Mb.
#14357
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7

3.2. Өрт техникасы мен оның тіршілік циклі процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары
      120. Объектіде орналастырылатын өрт техникасы орналастырылуы бойынша мыналарға сәйкесуі керек:
      1) ғимарат пен үймараттардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттары;
      2) электростатикалық ұшқын қауіпсіздік;
      3) объектіні климаттық ауданға бөлу және өрт техникасын орналастыру санаттары;
      4) қоршаған орта жемірлігі;
      5) сыртқы діріл әсерлерінің параметрлер мәндері.
      121. Өрт автомобильдерін пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде еңбекті қорғау ережелері" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      122. Өрт автомобильдерін және өзге өрт техникасын пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға жауаптылық объектілердің бірінші басшылары немесе олардың орынбасарларына жүктеледі.
      123. Өрт автомобильдеріне техникалық күтім жасау және жөндеу осы мақсаттарға арнайы арналған үймараттар мен орындарда (посттарда) бүтін және өзінің арналуына сәйкесетін жабдықтар мен аспаптар пайдаланылып жүргізілуі керек.
      Өрт техникасына техникалық күтім жасау және жөндеу жұмыстарына қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша даярлықтан өткен және жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білетін тұлғалар қатыстырылады.
      124. Доңғалақ немесе шынжырлы шассиге салынатын өрт машиналарының құрастырымы мен жинақталуы негізгі машинаның қауіпсіздік көрсеткіштерін төмендетпеуі керек.
      125. Өрт машиналарының құрылғылары (агрегаттарды, басқару жүйелерін, өрт-техникалық жарақтар, әскери есепті орналастыру) өртті сөндіру кезінде тактикалық міндеттердің орындалу қауіпсіздігін, сондай-ақ қозғалыс, техникалық күтім жасау және жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.
      Өрт-техникалық жарақты орналастыру сызбалары мен бекіту тораптары оның сенімді бекуін, әскери жұмыс істеу жылдамдығын, оны алу және орнату кезінде қолайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.
      126. Пайдалану барысында өрт машинасының техникалық қалпы, өрт автомобилінің салонында орналастырылатын өрт-техникалық жарақ, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері, арнайы агрегаттарды басқару органдарының көлемдері, объекті мен орналасуы, өрт автомобилінің түсті-кескінді сызбасы, арнайы сәуле және дыбыс белгілері, сондай-ақ электр жабдығы, сыртқы сәуле түсіру құралдары мен жарық шағылыстыратын жарақтар мемлекеттік, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі керек.
      127. Өрт автомобилін өртке қатысты күйге келтіру құрастырымы кәсіпорын-дайындаушы оны негізгі шассиге құрастыруға арнап әзірленген нормативтік және техникалық құжаттамаларға сәйкесуі керек.
      Өрт автомобилін пайдалану барысында оның құрастырымына өзгерістер енгізу, орналастыру орнын өзгерту және кәсіпорын-дайындаушы келісімінсіз қосымша өрт-техникалық жарақ орнатуға тыйым салынады.
      128. Жарық берулі деңгейі мыналардан кем болмауы керек:
      1) 20 лк - сілтегіштер, бақылау және өлшеу құралдары, басқару жүйесі элементтерін таңбалау;
      2) 10 лк - әскери есеп кабиналары мен өрт-техникалық жарақ салынған шанақ бөлігі;
      3) 10 лк - оларға сорғыш және арынды түтік құбырлар, электр күшті қондырғылар кабельдері қосылатын бөлімдерден бір метр қашықтықта жұмысшы алаңдарда.
      Өрт автомобилінің салонында, бөлім командирінің жұмысшы орын аймағында жарық беру деңгейі кемі 10 лк, жүргізушінің көзіне шағылыспайтын жергілікті жарық беру шамы орналасуы керек.
      129. Басқару органдарының құрастырымы мен арнайы агрегаттар орналастыру оларды кездейсоқ іске қосылу мүмкіндігін болдырмауы керек.
      Арнайы агрегатты басқару органдары, қақпақтар, ыдыс қақпақтары, өрт автомобилі салонының есіктерін, бөліктер мен өзге элементтерді ашуға арналған тұтқалар оларды жеке қол қорғау құралдарын киіп қолмен қамтып ұстау мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
      Арнайы дыбыс және сәулелі дабыл беруді басқару органдары оларды жүргізуші немесе бөлім командирі шұғыл іске қосуы үшін қолайлы аумақта орналасуы керек.
      130. Өрт автомобилінің толық салмағы негізгі шассиге орнатылған толық салмақтың 95% аспауы керек.
      131. Өрт автомобилінің құрамдас бөліктерін негізгі шасси жақтауында жинақтау жүктемелердің өрт автомобилінің осіне толық салмағының нақты шассиге арналған техникалық шарттарға сәйкес таралуын қамтамасыз етуі керек, бұл жағдайда басқарылатын оське түсетін жүктеме толық салмақтан кемі 25% құрауы, ал оң және сол жақтағы доңғалақтарға жүктемелер толық салмақтан 1% артық емес рұқсат етілетін ауытқумен тең болуы керек
      132. Өрт автомобилінің статикалық орнықтылығының көлденең бұрышы толық салмақ жағдайында кемі 30 о болуы керек.
      133. Өрт автомобилінің еденнен тебе қаптамасына дейінгі, бүйір қабырғасының ішкі қаптамасынан 0,25 м қашықтықта өлшенген салон биіктігі кемі 1,40 м болуы керек.
      Өрт автомобилінің орындық жастығынан (жазықтығынан) салон төбесіне дейінгі тікеге 8 о бұрыш астында өлшенген қашықтығы кемі 1,10 мм болуы керек.
      134. Орындықтардың көлденең орналасқаны (шассидің бойлық осіне қатысты) жағдайда өрт автомобилі салонының есік жақтауының ені кемі 0,65 мм болуы керек.
      Орындықтардың бойлық (шасси жақтауы бойына) орналасқаны жағдайда өрт автомобилі салонының есік жақтауының ені кемі 1,10 мм болуы керек.
      Есік жақтауының биіктігі кемі 1,35 мм болуы керек.
      Жүргізуші үшін жұмысшы кеңістіктің ені кемі 0,80 м, ал әскери есепсіз орындықтар ені кемі 0,45 м болуы керек.
      135. Өрт автомобилі салонының есіктері автомобиль жүру бағыты бойынша ашылуы және сыртқы және ішкі тұтқалары болуы керек, бұл жағдайда бірінші қатар есігі сыртынан және ішінен, ал қалғандары тек ішінен жабылуы керек.
      Өрт автомобилі салонының есіктері оларды жабық және ашық күйде 75 о бұрыш қалпында бекітетін құрылғылары болуы керек.
      136. Өрт автомобилі салоны есіктерінің ішкі құлыптары автомобиль қозғалуы кезінде есіктердің еріксіз ашылып кету мүмкіндігін болдырмайтын құрылғыларға ие болуы керек.
      Өрт автомобилі салоны есіктерін бекіту тетіктерінің тұтқалары жарақат тигізуді болдырмайтын объектіге ие болуы керек.
      137. Өрт автомобилі салонының есіктері кез келген аралық қалыпта бекітілетін түсірілетін, жылжытылатын немесе бұралатын шынылармен жабдықталуы керек.
      138. Орындықтардың көлденең орналасқаны жағдайда өрт автомобилі салонында орындықтар қатары жарақат қауіпсіз тұтқалармен қоршалуы керек.
      Өрт автомобилі салонында орындықтардың екінші қатары мен тұтқалары арасындағы қашықтық кемі 0,35 мм болуы керек.
      Орындықтардың үш қатарлы орналасқаны жағдайда екінші және үшінші қатарлар арасындағы қашықтық кемі 0,45 м болуы керек.
      139. Өрт автомобильдері кемі екі өрт сөндіргішпен жабдықталуы керек.
      Өрт сөндіргіштерді бекіту орындары жабдықтарды орналастырудың жеңіл қол жеткізілетін аймақтарында болуы керек, бұл жағдайда олардың біреуі (ОП-2 түрдегі) жүргізуші орындығына жақын, ал екіншісі (ОП-10 түрдегі немесе екі ОП-5) өрт автомобилінің шанағында (бөлігінде) болуы керек.
      140. Өрт автомобильдері "Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесін , Көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелері мен лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін және Көлігі арнайы сәулелі және дыбысты белгілермен және арнайы түрлі-түсті кескін сызбалары бойынша боялуға жататын жедел және арнайы қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына сәйкес бірінші медициналық көмек пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарымен және электр тогымен зақымданудан жеке қорғау құралдарымен жабдықталуы керек.
      141. Өрт автомобилінің салонында, сондай-ақ оператордың жұмысшы орнында өрт автомобилі қозғалтқышы пайдаланған газдарының түтіндерінен болатын зиянды заттар болуы шекті рұқсат етілетін шоғырлардан аспауы керек.
      Өрт автомобильдері оператордың жұмысшы орнынан пайдаланылған газдарды бұрып әкету жүйесімен жабдықталуы керек.
      Төмен температуралы өрт сөндіретін заттан салқындайтын және оператор жұмыс істеуі кезде жанасуға қол жеткізімді өрт автомобилінің құбыржолдары мен агрегаттар беттері оқшаулануы керек.
      142. Өрт автомобильдері тепкішек, саты және тұтқалармен (қапсырмалармен) жабдықталуы керек.
      Өрт автомобилінің салонына немесе оның жұмысшы бетіне көтерілуге арналған тепкішек биіктігі жол (жер) деңгейінен 0,50 м артық емес деңгейде болуы керек.
      Техникалық негізделген жағдайларда тепкішек немесе сатының бірінші басқышының биіктігін 0,70 м артық емес биіктікте орындау рұқсат етіледі.
      Өрт автомобилі темпішектерінің ені кемі 0,25 м, тереңдігі кемі 0,20 м болуы керек.
      Өрт автомобилі сатыларының басқыштар ені мен тереңдігі кемі 0,15 м, басқыштар арасында қашықтық 0,30 м артық емес болуы керек.
      Тұтқалар (қапсырмалар) диаметрі кемі 0,02 м, орналасу биіктігі шанақ бетінен кемі 0,10 м болуы керек.
      Тепкішектер, саты басқыштары, өрт автомобилі салоны еденінің жабыны, жұмысшы алаңдар сырғу тудырмайтын материалдан дайындалуы немесе 1 мм-ден 2,5 мм-ше дейінгі шекті биіктікте бедерлі орындалуы керек.
      Тепкішектер шанақ элементтерінен шығып тұратын жағдайда онда олар жарақат қауіпсіз объектіге ие болуы керек.
      143. Өрт автомобилінің төбесінде орналасқан жұмыс орны, жұмысты түрегеп тұрып орындаған жағдайда айнала биіктігі кемі 0,10 м қоршауға ие болуы керек.
      144. Өрт автомобильдері бөліктерінің есіктері олардың өздігінен ашылып кетуін болдырмайтын өздігінен іске қосылатын бекіту құрылғыларымен жабдықталуы керек.
      Серпімді есіктер ашық қалыпты өздігінен іске қосылатын бекіткіштермен жабдықталуы керек.
      Бөлік есіктерінің перделі және оған ұқсас құрастырымды есіктерінде ашудың кез келген қалпында бекітуге ие болуы керек.
      145. Тұрақ қалпында ашық есіктер, орнатылған шығарылатын тіреулер, жарық беру мачталарының кермелері, автомобильдің ұзындығы немесе ені бойынша үлкейтетін габариттік көлемдері өрт автомобилінің габариттерін көрсететін жарық қайтаратын элементтермен немесе өзге белгі беру құрылғыларымен жабдықталуы керек.
      Құрал бетінде жүргізушіде ашық есіктердің болуын, шығару тіреулерін және жарық беру мачталарын көрсету қондырғылары туралы белгі беру құрылғысы жеке шығарылып көрсетілуі керек.
      146. Өрт автомобильдерінің құрастырымы салонды жылулық қорғау жүйесін, негізгі агрегаттарды, отын бактарын, отын магистральдарын жоғары жылу ағындарының әсерінен қорғау жүйесін орнату мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
      Бет температурасының және жылу ағыны тығыздығының шекті рұқсат етілетін мәндері, жылудан қорғау жүйелерінің параметрлері мен құрастырымы (экран, жабын, суландыру) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес анықталуы керек.
      147. Отын багын өрт автомобилінің салонында және қозғалтқыштың өңделген газдарын шығаратын жүйеден кемі 0,10 м қашықтықта орналастыруға тыйым салынады.
      Отын багы мен оған отын құятын мойны өрт автомобилі шанағының габаритінен шығып тұрмауы керек.
      Қосымша жылу жетектерін орналастыру оларды тұтқырлық, жемірлі және соққы әсерінен қорғауды қамтамасыз етуі керек.
      Қосымша отын жетектері өрт автомобилі жақтауының ақаулануы туындаған жағдайда олардың бүлінуін болдырмайтын теңгермелерге ие болуы керек.
      148. Суға (немесе өзге өрт сөндіретін сұйық затқа) арналған цистерна ішінде көлденең толқын бұзғыштар (қалқаншалар, кеуекті толтырғыш) орналастырылуы керек.
      Толқын бұзғыштар алаңы цистернаның көлденең қимасы алаңының кемі 95 % құрауы керек.
      Көлденең толқын бұзғыштар әрбірі 1,5 т сыйымдылықпен, өзара бір біріне жанасатын бөліктерге бөлуі керек.
      Артқы сыртқы шиналар жолтабанының 80 % артық көлемдегі цистерна ені жағдайда бойлық толқын бұзғыштарды орнату міндетті емес.
      149. Өрт автомобиліне Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес "массалар орталығы" (жеткізу қалпында) деген айла-шарғылық белгі салынуы керек.
      150. Өрт автомобильдері екі кері шегеруге қарсы тіреулермен (табандықтармен) жабдықталуы керек.
      151. Дизель қозғалтқышты өрт автомобилінің шығару түтігінің құрастырымы оған ұшқын басқыш қондырғы орнатылуын қарастыруы керек.
      152. Пневмо- және гидрожүйелер құрастырымы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі керек.
      153. Өрт автомобильдеріне орнатылған, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар "Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережелері" талаптарына сәйкесуі керек.
      154. Автосатылар, иінді өрт автокөтергіштер мен өрт көбік көтергіштер мына жағдайларда құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруді қауіпсіз жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін статистикалық және динамикалық орнықтылыққа ие болуы керек:
      1) 6 о дейін қоса көлбеумен оларды бетке орналастыру;
      2) өрт сөндіретін заттарды беруге арналған құрылғылармен жұмыс істеген жағдайда;
      3) саты (жүкбесік) жоғарғы деңгейінде жел жылдамдығының 10 м/с артық жағдайында.
      155. Автосатылардың, иінді өрт автокөтергіштерінің және өрт көбік көтергіштерінің шығарылатын тіреу табандығынан топыраққа орташа қысым 0,6 МПа артық емес болуы керек.
      156. Автосатылар, иінді өрт автокөтергіштері мен өрт көбік көтергіштері мыналарды болдырмайтын блоктауларға ие болуы керек:
      1) бекітілмеген серіппе мен көтерілген тіреулер жағдайында бұрма (иін жиынтығы) қозғалу мүмкіндігі;
      2) жұмыс алаңынан тыс бұрма (иін жиынтығы) қозғалу мүмкіндігі;
      3) бұрманың (иін жиынтығы) жұмысшы қалпы жағдайда тіреулер көтерілуі;
      4) автомобиль қозғалысы кезінде тіреулердің өздігінен жылжып алға шығуы;
      5) бұрмада лифт кабинасы немесе оның ең төменгі қалыпта болмағаны жағдайда қозғалыс кезінде орнынан жылжып кетуі;
      6) бұрманы (иін жиынтығы) көліктік қалыпқа орнатқаннан кейін оның әрі жылжуды тоқтатпауы;
      7) автомобильдің күшті іріктеудің қосылған қорабы, бекітілген серіппелер, алға жылжыған тіреулер мен көтерілген бұрма (иін жиынтығы) жағдайында қозғалуы;
      8) құрастырманың шеткі нүктелерінің (алдымен соғылуды шектегіштер) кедергімен жанасқаны жағдайда бұрманың (иін жиынтығының) жүкбесіктің қозғалуы;
      9) жүк көтергіштіктің 10 %-дан артық асқаны жағдайда бұрма (иін жиынтығының) қозғалуы.
      157. Автосатылар, иінді өрт автокөтергіштер мен өрт көбік көтергіштерінде негізгі күш агрегаты жетегінің немесе шасси қозғалтқышының істен шыққаны жағдайда бұрманы, иін жиынтығын көлік қалпына келтіруге арналған апаттық жетегі болуы керек.
      158. Автосаты, иінді өрт автокөтергішінің және өрт көбік көтергішінің жоғарғы жағының қозғалу жылдамдығы қауіпсіздік өрісінің шекті мәндеріне немесе қозғалыс жетектерінің атқарушы тетіктерінің шеткі қалыптарына жеткен жағдайда автоматты түрде баяулауы керек.
      159. Автосатылар мен иінді өрт автокөтергіштері:
      1) бұрма көтерілу биіктігі мен шығуын, иін, жүкбесік, лифт кабинасының жиынтығын көрсеткіштермен жабдықталуы және оператордың жұмыс орнынан жақсы көрінетін бір блокта жинақталуы және 5 % артық емес кінәратқа ие болуы керек;
      2) бұрманың төменгі иінінің көлбеу бұрышын;
      3) бұрма көлбеулігінің көлденең бұрышын көрсеткіштерімен (бақылау құралдарымен) жабдықталуы керек.
      160. Басқару батырмаларында орналасқан автосатының және иінді өрт автокөтергішінің дыбыстық, сәулелік дабыл белгілері мыналар туралы хабарлауы керек:
      1) бұрманың, иіндер жиынтығының, жүкбесіктің, лифт кабинасының қозғалыстың жұмысшы өріс шекарасына жақындағанын;
      2) бұрманың, жүкбесіктің, лифт кабинасының асқын жүктелуін;
      3) алдымен соғылуды шектегіштің іске қосылу сәтін;
      4) тіреудің жерден немесе төсемнен ажырау сәтін;
      5) осьтердің бірігу сәтін (автосатылар үшін);
      6) басқыштар бірігу сәтін (автосатылар үшін).
      161. Автосатыны және иінді өрт авто көтергішін басқарудың барлық тармақтарынан барлық орындалатын қозғалыстарды ақырын (сатысыз) реттеу қамтамасыз етілуі керек.
      162. Автосатылар мен иінді өрт автокөтергіштер оның кез келген қалпында жүкбесік еденінің көлденеңдігін және бұрма бойы орналасқан саты басқыштарының көлденеңдігін қамтамасыз ететін тегістеу жүйесіне ие болуы керек (болған жағдайда), бұл жағдайда жүкбесік еденінің көлденең жазықтықтан ауытқуы 3 о артық болмауы, ал сатылар 2 о артық болмауы керек.
      163. Жүкбесік еденінің алаңының мынадай көтеру биіктікті иінді өрт автокөтергіш үшін мыналарды құрауы тиіс:
      1) кемі 22 м - кемі 1,4 м 2 ;
      2) 22 м-31 м - кемі 2,0 м 2 ;
      3) 31 м-дан артық - кемі 2,5 м 2 .
      Жүкбесік еденінің және лифт кабинасының алаңы мынадай көтеру биіктікті автосатылар үшін мынаны құрауы керек:
      1) кемі 25 м - кемі 0,46 м 2 ;
      2) 25 м-ден артық - кемі 0,7 м 2 .
      164. Автосатылар мен иінді өрт автокөтергіштерінің жүкбесіктері 0,50 м және 1,10 м биіктікте тұтқалардың екі қатарымен түзілген қоршауға ие болуы керек. Жүкбесік еденінің айналасында биіктігі кемі 0,1 м тегіс қоршау (жиектеме) болуы керек.
      Жүкбесікті қоршау элементтері (тұтқалар) түрлі бағытта кемі 1,3 кН жиынтық жүктемеге төтеп беруі керек.
      Лифт кабинасы айнала биіктігі кемі 1,50 м ұялы қоршауларға ие болуы керек.
      165. Иінді өрт көтергішінің жүкбесігі мен автосаты лифтінің кабинасы ішінен және сыртынан ашылатын құлыпты бір немесе екі жағынан бір жақтаулы есіктермен жабдықталуы керек.
      Иінді өрт автокөтергіштің жүкбесігін қайырма тұтқалармен жабдықтау рұқсат етіледі, бұл жағдайда өтпе ені кемі 0,50 м болуы керек.
      166. Автосатылар мен иінді өрт автокөтергіштері (орнықты жүкбесікті) біреуі жүкбесікте, екіншісі автомобильде орналасқан екі басқару батырмаларымен жабдықталуы керек.
      Өрт көбік көтергіш шығарылатын (негізгі) және автомобильде орнатылған (көмекші) екі басқару батырмаларымен жабдықталуы керек.
      167. Жүкбесік қозғалысын онда орналасқан батырмадан басқарған кезде негізгі батырмадан басқару шектелуі керек.
      168. Басқару батырмасында иінді өрт автокөтергішінің жүкбесігінің барлық қозғалыстарын басқару органдары өздігінен қайтатын, олардың өздігінен қосылу мүмкіндігін болдырмауы және іске қосылатын тетік қозғалыстарын белгілеуге ие болуы керек.
      169. Автосатыны, иінді өрт автокөтергішін басқару батырмасының және өрт көбік көтергіштің басқару батырмалары автомобиль қозғалтқышын ажыратпай орындалатын маневрді апаттық тоқтату және дыбыстық белгі беруді қосу құрылғысына ие болуы керек.
      170. Автосатылар мен иінді өрт автокөтергіштері негізгі басқару батырмасы мен жүкбесік арасында екі жақты дауыс зорайту байланысын қамтамасыз ететін сөйлесу құрылғыларымен жабдықталуы керек.
      171. Өрт машиналарының электр жабдықтарын орнату және пайдалану "Электр қондырғыларын орнату ережелері", "Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері мен тұтынушылардың электр қондырғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережелеріне", сондай-ақ "Өрт автомобильдері мен тіркемелерінің электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелеріне" сәйкесуі керек.
      172. Өрт автомобилі салоны мен бөлімдерінде орналасқан электр қосылыстар IP 43 қорғаныс деңгейіне, қалған электр қосылыстары IP 54 қорғаныс деңгейіне сәйкесуі керек.
      173. Электр сымдары құрастыру кезінде олардың үзілуін, қажалуын болдырмау үшін берік бекітілуі, сондай-ақ оларға өрттің температуралық факторлары, су төгілуі мен атмосфералық жауын-шашын әсерінен қорғалуы керек.
      174. Қосымша электр жабдығының кез келген элементін қоректендірудің электр тізбектері қорытпа сақтандырғыштармен (немесе автомат ажыратқыштармен) жабдықталуы керек.
      175. Енгізулер, өткізгіштер, айыртетікті ажыратқыштар таңбалауға ие болуы керек. Өткізгіштерді таңбалау әр өткізгіштің екі шетінде орындалуы керек.
      176. Өрт автомобильдері базалық шассидің аккумуляторлық батареяларын ажыратқышпен (массаны ажыратқышпен) жабдықталуы керек.
      177. Өрт автомобильдері жеке құрамды электр тогымен зақымданудан жеке қорғау құралдарымен (диэлектр қолғаптар, ботылар, кілемшелер, сондай-ақ электр сымдарын қиюға арналған қайшылармен) жабдықталуы керек.
      178. Өрт автомобилін және оның электр жабдықтарын жерге тұйықтайтын қысқыштар Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес дайындалуы керек.
      Жерге тұйықтау құрылғысының байланысу беті жегіге қарсы жабынға ие болуы керек.
      179. Өрт автомобилін жерге тұйықтау жерге тұйықтайтын құрастырымдарға бекітудің арнайы құрылғысымен жабдықталған 10 мм 2 кем емес қималы (диаметрлі) оқшауланбаған көп өзекті сым сымының көмегімен жүргізілуі керек.
      180. Өрт автомобилінде жерге тұйықтаушы қысқышты орналастыру орнында өрт автомобилі құрастырымының барлық металл элементтерімен (өрттік күйге келтіру, су-көбікті коммуникациялар және автомобильдің негізгі шассиі) электр байланысқа ие болуы керек (байланысу орындарында 2000 мкОм артық емес айнымалы қарсылықты қамтамасыз ететін метал бөгеттер орнатылған).
      181. Өзекті жерге тұйықтағыштар саны нақты үлгідегі өрт автомобильдеріне арналған нормативтік құжатта белгіленуі керек.
      182. Кернеуі 230 В және 400 В өрт автомобилінің электр күшті қондырғылары қосымша ажыратқыш құрылғысына қосымша өзекті жерге тұйықтағыштармен жинақталуы керек.
      183. Өзек пен жерге тұйықтаушы өткізгіштер арасында айнымалы қарсылық 600 мкОм артық емес болуы керек.
      184. Жерге тұйықтаушы құрылғы 250 м артық емес ағу қарсылығын қамтамасыз етуі керек.
      185. Өрт автомобилінің электр күш қондырғысының құрастырымы қызмет көрсетуші қызметкерлердің электр тогынан зақымданудан қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
      186. Өрт автомобилінің электр күш қондырғыларының айнымалы үш фазалы тогының электр қосылыстар сызбасы оқшауланған бейтарапқа (генератор орауын нөлдік нүктені шығарып "жұлдызша" сызбасы бойынша қосқан жағдайда) ие болуы керек.
      187. Фазалық сымдар немесе бейтараптың корпуспен немесе жермен тікелей және жасанды нөлдік нүктемен (радиоқабылдауға бөгеуілдерді басуға арналған құрылғыдан басқа) электр байланысын құрайтын қандай да бір құрылғыны қолдануға тыйым салынады.
      188. Оқшаулау қарсылығын үнемі қабылдау құрылғысы мен қорғаныс ажырату құрылғысының қиюласуынан тұратын электр қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі өрт автомобилінің 36 В және артық кернеулі электр күшті қондырғысын пайдаланған кезде электр қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі жүйесі болып табылуы керек.
      189. Оқшаулау бүлінуі салдарынан қауіпті кернеу астында болуы мүмкін электр жабдығының барлық металл ток өткізбейтін бөліктері қоректендіру көзінің корпусымен, сондай-ақ өрт автомобилінің шассиімен электр қосылысқа ие болуы керек.
      190. 230 В және 400 В атаулы кернеулі жеке ажыратылған күш тізбектері жағдайында өрт автомобилінің күш электр жабдықтарының оқшаулау қарсылығы өзара және корпусқа қатысты кемі 0,5 МОм болуы керек.
      191. Бұйымның қосылған қалпын, қорғаныс, кернеу болуын, орнықты және тасымалданатын электр қабылдағыштарын қосу және өзге іс-әрекеттерді көрсету үшін өрт автомобилінде ескертпе белгілер, жазулар мен тақтайшалар қолданылуы керек.
      192. Өрт сөндіру қондырғыларына, автомат өрт дабылы, хабарлау және өрт кезінде адамдар көшіруді басқару жүйелеріне қойылатын өрт автоматикасының (бұдан әрі - жүйелер мен қондырғылар) қауіпсіздік талаптары "Автомат өрт сөндіру және автомат өрт дабылы, хабар беру және өрт кезінде көшіруді басқару жүйелерімен бар ғимарат, үймарат және құрылымдарды жабдықтау бойынша талаптар" техникалық регламент талаптарына сәйкесуі және нақты түрлі мен өзгерісті өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған техникалық құжаттамада белгіленуі керек.
      193. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары "Қазақстан Республикасының электр қондырғыларын орнату ережелері" талаптарына сәйкес электрмен қамтамасыз ету сенімділігі бойынша 1 санатты ток қабылдағыштарына жатқызылуы керек.
      194. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының электр жабдықтары мен құбыржолдары жерге тұйықталуы (нөлденуі) керек.
      Жерге тұйықтау белгісі мен орны Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі керек.
      195. Автомат өрт сөндіру қондырғыларын басқару тораптары мен қолмен іске қосу крандары сорғы стансалары немесе өрт тармақтары үймараттарында орнатылған басқару тораптары мен қолмен іске қосу крандарынан басқасы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес қоршалып пломбылануы керек.
      196. Қоршалатын үймараттарда орналастырылатын автомат өрт сөндіру қондырғыларын басқару тораптары осы үймараттардан 1 тұрпатты өртке қарсы қалқаншалармен және REI 45 құрылыс құрастырымдарының отқа төзімділік шекті 1 тұрпатты қалқаншалармен, қорғалатын үймараттан тыс шыны немесе торлы қалқаншалармен бөлінуі керек.
      197. Бекіту құрылғылары (ысырмалар, бұрандалар, крандар) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі және сұйық ағынының бағытын көрсеткіштермен (тілдермен) және "Ашық" және "Жабық" жазуларымен жабдықталуы және автомат өрт сөндіру қондырғыларының кездейсоқ немесе өздігінен іске қосылу және ажырау мүмкіндігін болдырмауы керек.
      198. Автомат өрт сөндірудің автомат қондырғыларымен жұмыс істеуге арнайы нұсқаулықтан және қауіпсіздік және еңбекті қорғаудан оқудан, орындалатын жұмысқа қатысты атқаратын лауазымына сәйкес қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтарды білуге тексеруден өткен тұлғалар қатыстырылуы керек.
      199. Автомат өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану кезінде:
      1) автомат өрт сөндіру қондырғыларының құбырларын қандай да бір жабдықты асу немесе бекіту үшін пайдалануға;
      2) автомат өрт сөндіру қондырғыларының құбырларына өндірістік жабдық пен санитарлық құралдарды қосуға;
      3) автомат өрт сөндірудің сплинкерлік қондырғыларының құбырларында орнатылған ішкі өрт крандарын өрт сөндіруден басқа мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
      200. Өрт сөндірудің сорғылық стансасының үймараттарында және басқару тораптарында оған сәйкес сорғылар, басқару тораптары, ысырмалар мен өзге жабдық нөмірленуі керек сорғылық қондырғының принципиалдық сызбасы ілінуі керек.
      201. Сорғы стансасының үймараттарында жұмысшы және апаттық жарық беру, сондай-ақ өрт тармағымен (диспетчерлік) телефон байланысы қарастырылуы керек.
      202. Сынаулар немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу орнында "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес "Сынаулар жүріп жатыр" түсіндірме жазбасымен "Байқа! Өзге қауіптер" деген ескертпе белгісі орнатылуы, сондай-ақ нұсқаулықтар мен қауіпсіздік ережелері ілінуі керек.
      203. Көбік түзгішті сақтауға арналған үймарат Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі керек.
      204. Радиоизотопты өрт хабарлағыштары радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкесуі керек.
      Радиоизотопты өрт хабарлағыштарының бетінде гамма- және рентген сәулеленулердің балама көлемінің күші 3 мкЗв/ч артық емес болуы керек.
      Альфа- және бета сәулеленетін радиоизотопты өрт хабарлағыштарының белсенділігі 185 кБк артық болмауы керек.
      205. Өрт кезінде хабарлау мен көшіруді басқарудың техникалық құралдары құрастырылуы және олар пайдаланудың қалыпты жағдайында өрт қаупін тудырмайтындай үлгіде дайындалуы керек.
      Техникалық хабарлау құралының ішінде туындайтын жалын құрастырым материалдары мен қабық шегінен тыс қоршаған кеңістікке таралмауы керек.
      206. Металл емес материалдардан дайындалған, сыртқы бөліктер үшін пайдаланылатын өрт кезінде хабар беру мен көшіруді басқарудың техникалық құралдарының бөліктері кемі плюс 75 о С температурасына термикалық тұрақты болуы керек.
      Өрт кезінде хабарлау және көшіруді басқарудың техникалық құралдарының ток өткізгіштерді ұстайтын және қосылыстарды нақты қалыпта ұстайтын бөліктері кемі плюс 125 о С температурасы жағдайында термикалық тұрақты болуы керек.
      207. Өрт кезінде хабарлау және көшіруді басқарудың техникалық құралдарының металл емес материалдардан дайындалған бөліктері оған 30 с бойына жалын әсер еткен жағдайда тұтануға тұрақтылыққа ие болуы керек.
      208. Өрт кезінде хабарлау және көшіруді басқарудың техникалық құралдарының металл емес материалдардан дайындалған бөліктері оған 30 с бойына жалын әсер еткен жағдайда жалынның таралуына тұрақтылыққа ие болуы керек.
      209. Өрт кезінде хабарлау және көшіруді басқарудың техникалық құралдары электр қауіпсіздік талаптарына сәйкесуі және қызмет көрсету қызметкерлерінің құрастыру және регламенттік жұмыстары кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
      210. Оттегі-оқшаулауыш газқағарларын қамтамасыз ету үшін химиялық жұтқышпен жұмыстар жүргізілетін үймараттар ауа тарту-әкету желдеткіштерімен жабдықталуы керек.
      Химиялық жұтқышпен жұмыс істейтін тұлғалар арнайы киіммен және жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі керек.
      211. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары баллондарын оттегімен (ауамен) толтыруға арналған сығымдағыш қондырғыларды пайдаланған кезде "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде еңбекті қорғау ережесі", "Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережелері", сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде газ-түтіннен қорғау бойынша нұсқаулықтар" талаптары сақталуы керек.
      212. Қысатын оттегілік сығымдағыштармен жұмыс істеген жағдайда оларды ауаны және оттегін ауыспалы айдау үшін пайдалануға тыйым салынады.
      213. Сығымдағыштармен жұмыс істеген кезде мыналарға тыйым салынады:
      1) жұмыстағы сығымдағыштарға жөндеу жасау;
      2) қысым астында тұрған жүйелер ақаулығын жою;
      3) сығымдағыштың қателесіп жұмысқа қосылуын болдырмайтын шаралар қабылдамай жөндеу жұмыстарын жүргізу;
      4) сығымдағыштар мен оттегі баллондарына майлы киімде қызмет көрсету және жөндеумен байланысты жұмыстар орындау;
      5) баллондарды оттегімен (ауамен) жұмысшы қысымнан жоғары толтыру.
      214. Оттегі (ауа) толтырылатын баллондар сығымдағыштардың тарату жақтауларына берік бекітілуі керек.
      215. Баллондарды мына жағдайларда оттегімен (ауамен) толтыруға тыйым салынады:
      1) белгіленген қызмет ету мерзімі аяқталды;
      2) кезекті тексеру мерзімі өткен;
      3) баллонның толтырылу (жүктелу циклдері) ресурстары аяқталған;
      4) баллон корпусы бүлінген (қатты жегі, майысулар, көтерілулер, ойықтар немесе тесіктер);
      5) бұрандалары ақаулы (жалғастырғыш ойығы бүлінген, соташық майысқан, клапанның фторопласты салмасында сақиналы ойықтар, оттегінің (ауаның) клапан және тығыздау сомыны арқылы кетуі, бұранда сермерінің бұралуы қиын);
      6) тиісті бояуы немесе жазуы жоқ;
      7) оттегінің (ауаның) артық қысымы жоқ;
      8) орнатылған таңбалар жоқ.
      216. Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін көліктік және шағын литражды баллондардағы медициналық оттегі үймараттан тыс қоршаған ортаға шығарылуы керек, бұл жағдайда бұранда жалғастырғышының кірер саңылауы алдында кемі 2 м еркін кеңістік қамтамасыз етілуі және оттегін шығару маңында ашық от, қыздыру құралдары, жеңіл тұтанатын заттар мен майлар болмауы керек.
      217. Баллонды қайта тексеру мерзімі:
      1) болат баллондар үшін - 5 жылда бір реттен артық емес;
      2) металл композитті баллондар үшін - 3 жылда бір реттен артық емес мерзімді құрауы керек.
      218. Өрт туындаған кезде сүзетін типті өзін құтқарғыштар қоршаған ортада (үймаратта) оттегі шоғырының кемі 17 % (об.) құрайтын жағдайда пайдаланылуы керек.
      219. Тыныс алу аппараттарын, оқшаулау түріндегі өзін құтқарғыштар, өкпені жасанды желдету аппараттар баллондарын ауамен толтыруға арналған қысылған ауа осы техникалық регламенттің 7-қосымшасының 1-кестесінде берілген мәндерге сәйкесуі керек.
      220. Оттегілік оқшаулаушы газқағарларды жабдықтауға арналған газ тектес оттегі мен химиялық әкті жұтқыш осы техникалық регламенттің 7-қосымшасының 2-кестесінде берілген мәндерге сәйкесуі керек.
      221. Жеке қорғаныс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі керек және олар пайдалану жөніндегі жетекшіліктің сәйкес бөлімдерінде берілген.
      222. Суқұбыры желілерінің өрт жабдығы мен жинақтаушы жабдық сорғыш коммуникациялардың жинақтаушы жабдықтарынан басқа кемі 1 МПа жұмысшы қысымға есептелуі және қызмет көрсету үшін қолайлы қауіпсіз орындарда орнатылуы және қызмет көрсетуші қызметкерлер үшін қауіпті шектерде жұмысшы режимде және іске қосу кезінде гидравликалық соққылар тудырмауы керек.
      223. Бекіту құрылғыларын басқару органдарының нысаны, сондай-ақ оларды ашу (жабу) күштері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға  рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда берілген эргономикалық талаптарға сәйкесуі керек.
      Бұрандалар мен крандар сұйықтық ағынының бағытын көрсеткіштермен (тілдермен) және "Ашық" және "Жабық" сөздерімен жабдықталуы керек.
      224. Өрт жабдығының, ішкі өрт крандары мен өрт құбыржолдарының (тіке құбыр) бекіту бұрандаларының бояу түсі "Өндірістік объектілерде дабыл түстеріне, белгілеулер мен қауіпсіздік белгілеріне қойылатын  талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкесуі керек.
      225. Өрт машиналарын жинақтауға арналған қол су өрт бағандары жабатын құрылғылармен жабдықталуы, жылу өткізгіштігі төмен материалдан жасалған қаптамаларға ие болуы және тасымалдау қолайлығы үшін белдіктермен жабдықталуы керек.
      226. Өрт жабдығы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес жұмысшы қысым мен өзге деректері бар таңбалауға ие болуы керек.
      Оны өрт сөндіру коммуникациясының сызбасына орнату орта ағынын бағыттаумен байланысты жинақтаушы өрт жабдығы (өрт гидроэлеваторы, көбік араластырғыш) корпусында сәйкес белгілеуге ие болуы керек.
      227. Түтік құбыр жапқыштар кемі 2 кН жүктемеге төтеп беруі керек.
      228. Қол өрт сатылары берік, қамту және тасымалдау үшін қолайлы және қызмет көрсету кезінде қауіпсіз және қолайлы болуы керек.
      229. Саты-таяқты ашу (жинау) үшін қажетті күш 80 Н артық болмауы керек. Үш иінді сатыны жылжыту үшін қажетті күш 500 Н артық болмауы керек.
      230. Саты басқыштары адырнадан жасалуы, ал олардың объектілері басқыштың орнықты қалпын қамтамасыз етуі керек.
      231. Жылжымалы үш иінді саты құрастырымы мыналарды қамтамасыз етуі керек:
      1) орнықты, сырғымайтын, орнату орындарында беттердегі, оның ішіндегі қатты жабынды орында қалып;
      2) қабырғаға сүйенген сатының оның басындағы тіреу есебінен оның бүйірлік орнықтылығы;
      3) иіндердің кез келген биіктікте өздігінен басқыштар адымына есе сырғып түсіп кетуін болдырмайтын сенімді тіреу (бекіту).
      232. Жылжымалы үш иінді сатыны орнатқан кезде мынадай қауіпсіздік талаптары сақталуы керек:
      1) саты қабырғадан 80 о көлбеу бұрышты қамтамасыз етіп, оның құлауы жағдайда электр және радиожелі желістерімен жанасуы болмайтын орындарда қабырғадан 1,5 м - 2 м дейінгі шекте орналастырылуы керек;
      2) саты иіндері біртегіс, жұлқымай, қолда жіптің бұралуын болдырмай жылжып шығарылуы керек;
      3) саты адырнаның ішкі жағын саусақтармен қамтып ұсталуын болдырмай бірінші иін адырнасынан тартқан кезде ұсталуы керек;
      4) сатыны тартып шығарған кезде оның тепе-теңдігі қолдануы керек;
      5) алға жылжып шыққан қалыпта сатыны бекіту тетігі тексерілуі керек.
      233. Жылжымалы үш иінді саты бойынша көтерілу немесе түсу мыналардан кейін жүргізілуі керек:
      1) білік жұдырықшасы саты иінінің басқышын бекіткен;
      2) саты ғимаратқа (құрылымға) сүйенген және өрт сөндіруші бірінші иін адырнасын ұстап демеледі;
      3) саты ұзындыққа жылжып шығарылған, ол жағдайында жоғарғы иіннің екі басқышы ғимарат кенересі немесе терезе табанынан шығып тұрады.
      234. Жылжымалы үш иінді саты бойынша объект ғимаратының (құрылымының) металл төбесіне көтерілген немесе түскен жағдайда ол тоқтан ажыратылған болуы керек.
      235. Жылжымалы үш иінді саты бойынша көтеріліп немесе түскен кезде өрт жабдығының және аспаптарының құлауын болдырмайтын шаралар қабылдануы керек.
      236. Арқанды түсіру және (немесе) құтқару түтікті құбыр құрылғыларын пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге арнайы оқу курсын бітірген тұлғалар жіберілуі керек.
      Арқанды - түсіру және (немесе) құтқару түтік құбырлы құрылғыларға техникалық күтім жасауды тек жауапты тұлға нормативтік және (немесе) техникалық құжаттың (паспорттың) сәйкес бағанасына жазу түсіріп орындауы керек.
      237. Объектіде орнатылған арқанды - түсіру және (немесе) құтқару түтік құбыр құрылғысына техникалық тексеру, сондай-ақ оны пайдалануға қабылдау, жөндеуден кейін, әр пайдаланғаннан кейін сынаулар, содан кейін жылына бір реттен жиі емес жауапты тұлға мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтың бөлімшесінің және арнайы ғылыми мекеменің (сынақ зертханасының) өкілдерін қатыстырып жүргізуі керек.
      238. Арқанды - түсіру құрылғысы бойынша түсіру ақырын, жұлқымай, дайындаушы - завод әзірлеп бекіткен сызба бойынша қатаң сақталып жүргізілуі керек.
      239. Мынадай арқанды - түсіру және (немесе) құтқару түтік құбырлы құрылғыны пайдалануға тыйым салынады:
      1) пломбысы жұлынған, бүлінгені байқалған, жұмысшы бөліктері ақаулы;
      2) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестікке сынақтан өтпеген;
      3) жөндеуге келмейтін немесе өзінің ресурсын өтеген.
      240. Құтқару түтік құбырлы құрылғыларды пайдалану кезінде түсіру кезінде, әсіресе құтқарылатын және сақтандыратындардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін түтік құбырының төменгі бөлігінде статикалық электр зарядтарының жинақталу мүмкіндігі қарастырылуы керек.
      Көшірілетін адамдарға электрдің статикалық кернеуінің әсерін төмендету мақсатында:
      1) құтқару түтік құбыр құрылғысын антистатикалық құралдармен өңдеу;
      2) түтік құбырдың төменгі бөлігін кезеңді түрде ылғалдап тұру (қоршаған орта температурасы 0 о С-тан төмен емес жағдайда);
      3) көшірілген адамдарды қолды түтік құбырдан алмай, қолғап киіп сақтандыруды жүзеге асыру керек.
      241. Түсетін кезде көшірілетін адамдарда түтік құбырдың бүлінуін тудыратын, сондай-ақ жарақат алу мүмкіндігіне ие үшкір заттар болмауы керек.
      242. Құтқару құралдары мен құрылғыларына қойылатын қауіпсіздік талаптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі керек және олар пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың сәйкес бөлімдерінде берілген.
      243. Пневматикалық, электр немесе бензин жетекті соққылау, соғу-айналдыру және айналдырып әсер ететін механикаландырылған қол аспабында:
      1) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда белгіленген нормалардан аспайтын діріл мен шу параметрлерінің мәндеріне ие болуы;
      2) басқару органдарына әсер етуді тоқтатқан кезде автоматты түрде ажырауы;
      3) пайдалану кезінде жұмыс қабілеттілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.
      244. Бензин жетекті механикаландырылған өрт аспабы өңделген газдар шығуы операторға әсер етпейтіндей және оның тыныс алу аймағын Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда белгіленген нормалардан аса зиянды қоспалармен ластамайтындай орындалуы керек.
      245. Механикаландырылған аспаппен жұмысқа арнайы даярлықтан өткен, емтихан тапсырған, белгіленген үлгідегі куәлікті алған тұлғалар жіберілуі керек.
      246. Жауапты тұлға (оператор):
      1) қозғалтқышты іске қосар алдында жақтау, сүйеме, шина, кескіш шеңбердің беку сенімділігін, ара шынжырының керілуін тексеру керек;
      2) қозғалтқышты іске қосқан кезде аралық шынжыр мен кескіш шеңбердің қандай да бір заттарға тимейтіндігіне көз жеткізу керек;
      3) механикаландырылған аспапқа қосымша отын құю тек қозғалтқыш тоқтап тұрған кезде рұқсат етіледі;
      4) қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикаландырылған аспапты қозғалтқыштың бос айналу кезінде ғана тасымалдау;
      5) ара шынжырының үзілуі немесе шығып кетуі, сүйеме, шина, кескіш шеңбердің, қорғаныс қаптамасының бекітпесі босауы және жұмысты орындау кезінде байқалған өзге ақаулар жағдайында бірден газды түсіріп қозғалтқышты тоқтату керек.
      247. Бензин моторлы аралармен, соққылау балғаларымен, түтін сорғышпен жұмыс істеген кезде жауапты тұлғаға (операторға):
      1) ақаулы механикаландырылған аспаппен жұмыс істеуге;
      2) механикаландырылған аспап қозғалтқышын сүйемесіз (бекітусіз) іске қосуға;
      3) айқаспаны қозғалтқыш жұмысының бос режимінде қосуға;
      4) қозғалтқышты жүктемесіз жұмысшы айналымға шығаруға;
      5) сүйемеде реттеу жұмыстарын жүргізуге және жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш жағдайында ақауларды жөндеуге;
      6) қозғалтқышты шамда жоғары кернеу сымының қалпағын алып тастау жолымен тоқтатуға тыйым салынады.
      248. Пневматикалық және (немесе) гидравликалық қол аспабымен жұмыс арнайы киім (комбинезон), қорғау қолғаптарын (крага, биялай), қорғаныс шынылы дулыға киіп жүргізілуі керек.
      249. Механикалық аспаппен ток өткізетін құрастырымдары мен тетіктері бар телімдерде жұмыс істеген жағдайда оларды тоқтан ажырату керек.
      Оператор механикаландырылған аспаптың жұмысшы магистралін тексеруі және оның майысуын, сынуын, тетік тоқтауы немесе бүлінуін тудыратын өзге бүлінулерді болдырмауы керек.
      250. Механикаландырылған қол өрт аспабы эргономикалық талаптарға жауап беретін объект пен салмаққа ие болуы керек.
      Өрт балталары мен ілмектерінің металл бөліктері саптарына сенімді орнатылуы керек.
      Ағаш саптар ағаштың берік түрлерінен дайындалуы және сызаттар мен сынулары болмауы керек.
      251. Электр жетектерін кесуге арналған қайшылардың оқшаулауыш саптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі керек.
      252. Пневможетекті, электрожетекті қол машиналарының құрастырымы мен пайдалануға, сондай-ақ металдарды газ-жалынды өңдеуге (газды кескіш аппараттар) арналған жабдықтар мен аппаратураға қойылатын қауіпсіздік талаптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарға сәйкесуі керек және олар пайдалану жөніндегі жетекшіліктің сәйкес бөлімдерінде берілген.
      253. Электростатикалық ұшқын қауіпті объектілерде диэлектр материалдардан жасалған қонышты ұнтақты және көмірқышқылды өрт сөндіргіштерді орналастыру және қолдануға тыйым салынады.
      254. Көлік құралдарында (автомобильдерде, мүдірмейтін автомобильдер, тракторларда) орнатуға арналған өрт сөндіргіштер тіреулермен жабдықталуы керек.
      Тіреу өрт сөндіргішті демеуі, өзінің элементтерімен нұсқаулықтық жазбаларды жаппауы, жұмыста қауіпсіз және өрт сөндіргішті орнату және жедел алып шығу үшін қолайлы болуы керек.
      255. Иінтіректі, батырмалы немесе иінтірек-батырма түрдегі бекіту-іске қосу құрылғылары зарядтың берілуін үзу және өрт сөндіргішті қайта жұмысқа қосу мүмкіндігіне ие болуы керек.
      256. Өрт сөндіргішті іске қосу үшін қажетті күш қол саусағымен жүзеге асырылатын іске қосу кезінде 230 Н артық емес және үлкен саусақпен басқан кезде 100 Н артық емес болуы керек.
      257. Жылжымалы өрт сөндіргіштерді қолмен тегіс бетон немесе асфальт жабынды жазық бет бойынша жылжыту үшін тарту күшінің шамасы 250 Н артық болмауы керек.
      258. Өрт сөндіргішті тұтану орнына жеткізу үшін қызмет ететін иінтіректі түрдегі бекіту-іске қосу құрылғысының және тұтқалардың (саптарының) объекті мен көлемдері оларды қол саусақтарымен қамтып ұстау қолайлығын қамтамасыз етуі керек.
      259. Өрт сөндіргіштерде сақтандырғыш құрылғылары немесе корпуста жұмысшыдан жоғары қысымның артуынан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзге құралдары қарастырылуы керек.
      260. Барлық түрдегі өрт сөндіргіштердің бекіту-іске қосу құрылғылары дірілден, сілкуден немесе іске қосу элементтеріне кездейсоқ басып қалудан өздігінен іске қосылудан сенімді бекітуге ие болуы керек.
      Іске қосу құрылғысы өрт сөндіргіштің өзге бөлшектеріне қарағанда ерекше нақты байқалатын болуы керек.
      261. Сыйымдылығы 5 л және одан артық қол өрт сөндіргіштері, сондай-ақ жылжымалы өрт сөндіргіштер майысқақ шлангпен жабдықталуы керек.
      262. Салмағы 5 кг-нан артық зарядты қол өрт сөндіргіштері көлденең жазықтыққа орнатқан кезде өздігінен аударылып кетуден орнықты болуы керек.
      263. Корпусқа қатты бекітілетін көмірқышқыл өрт сөндіргіштерінің қоныштары берілген қалыпта сенімді бекіп бұралу мүмкіндігіне ие болуы керек.
      264. Корпустың ішкі бетін қарап шығуға кедергі жасайтын өрт сөндіргіштің тораптары мен бөлшектері алынбалы болуы керек.
      265. Мыналарға тыйым салынады:
      1) өрт сөндіргіш корпусында, бекіту-іске қосу басында немесе салма сомында майысулар, көтерілулер немесе сызаттар пайда болған өрт сөндіргіштерді, сондай-ақ өрт сөндіргіштің тораптар қосылуының қымталғандығы бүлінген немесе қысым индикаторының ақаулығы жағдайда пайдалануға;
      2) егер өрт сөндіргіш корпусы ығыстырушы газ немесе өрт сөндіргіш буының қысымы астында болса, кез келген жұмыстарды орындауға;
      3) зарядталатын өрт сөндіргіштің корпусын ығыстырушы газбен қорғалатын қоршаудан тыс және сақтандырғыш клапаны, қысым реттегіші және манометрі жоқ көзден толтыруға;
      4) өрт сөндіргішті немесе ығыстырушы газ көзін соққылау;
      5) өрт сөндіргішке және оның тораптарына, өрт сөндіргіштің бұзылуы жағдайда жарықшағының шашырауын және қызмет көрсетуші қызметкерлердің жарақат алуын болдырмайтын қорғаныс құрылғысынан тыс гидравликалық (сондай-ақ пневматикалық) сынаулар жүргізуге;
      6) көбік түзгіштердің шоғырланған ерітінділерімен жұмыс істеген жағдайда ашық отты немесе өзге тұтану көзін пайдалануға;
      7) тыныс алу органдарын, тері және көзді қорғайтын сәйкес құралдарсыз өрт сөндіргіш заттармен жұмыс істеу;
      8) атмосфераға өрт сөндіретін заттарды (хладондар) тастауға немесе канализацияға сәйкес өңдеусіз көбік түзгіштерді төгуге тыйым салынады.
      266. Үймаратта өртті газды тасымалдағыш өрт сөндіргіштерінің (көмірқышқыл немесе хладон) көмегімен сөндірген жағдайда:
      1) үймарат ауасында оттегінің шекті мәннен төмен болуын төмендету мүмкіндігі ескерілуі;
      2) тыныс алу органдарын қорғаудың оқшаулағыш құралдары пайдаланылуы керек.
      267. Өртті ұнтақты өрт сөндіргіштермен өшірген жағдайда жоғары тозаңданудың түзілу мүмкіндігі мен ұнтақты бұлт түзілуі салдарынан өрт ошағының көрінуінің төмендеу мүмкіндігі (әсіресе шағын көлемді үймаратта) қарастырылуы керек.
      268. 1000 В-ге дейінгі кернеу астында болатын электр жабдықтарын газды немесе ұнтақты өрт сөндіргіштер көмегімен өшірген жағдайда өрт сөндіргіштің таратушы арнасы мен корпусынан ток жеткізетін бөліктерге дейін қауіпсіз қашықтық (кемі 1 м) қамтамасыз етілуі керек.
      269. Өртті сулы және ауа-көбікті өрт сөндіргіштер көмегімен өшірген жағдайда үймарат пен жабдықтарды токтан айыру бойынша шаралар қабылдануы керек.
      270. Өрт сөндіргіштерге қойылатын қауіпсіздік талаптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарға сәйкесуі керек және оларды пайдалану жөніндегі жетекшіліктің сәйкес бөлімдерінде берілген.
      271. Өрт техникасын таңбалау және орау "Орауға, таңбалауға, зат белгі орнату мен оны дұрыс салуға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкесуі керек.
      272. Өрт сөндіргіш корпусына мынадай деректерден тұратын таңбалау түсірілуі керек:
      1) кәсіпорын-дайындаушының (жеткізушінің) атауы және заңды мекен-жайы оның тауарлық белгісі;
      2) өрт сөндіргішті іске қосу тәртібі;
      3) өрт класының индексі;
      4) өрт сөндіргіш зат түрі;
      5) сақтау (тасымалдау) температураларының ауқымы;
      6) өшіру үшін электр қондырғыларын пайдалану мүмкіндігі мен шекті кернеу шамасы, сондай-ақ "Тіке күн көзі сәулесінен және қыздыру құралдарының әсерінен қорғау" деген сақтық жазуы;
      7) топтама нөмірі;
      8) дайындалған айы мен жылы.
      Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде, жібектен тоқу, калькалау немесе синтетикалық негізге затбелгілерді жапсыру әдістерімен орындалуы керек.
      273. Өрт техникасын тасымалдау және сақтау шарттары оларды пайдалану шарттарына және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі керек.
      274. Өрт техникасын тасымалдау және сақтау кезінде оларды механикалық бүлінулерден, қызудан, оған тіке күн сәулесінің, атмосфералық жауын-шашындардың түсуінен, ылғал мен жемірлі орталар әсер етуінен қорғау шарттары қамтамасыз етілуі керек.
      275. Кепілдік сақтау мерзімдері аяқталған немесе өзінің параметрлері бойынша сәйкес нормативтік және техникалық құжаттар талаптарына жауап бермейтін өрт сөндіруші заттар жаңарту өңдеуіне түсіріледі немесе кәдеге жаратылады.
      276. Өзінің бастапқы қасиеттеріне сәйкеспейтін және қайта жөндеуге келмейтін көбік түрлендіргіштер А класты өрттерді сөндіру кезінде суландырғыштар ретінде немесе ластанған металл беттерін тазарту кезінде су ерітінділері ретінде пайдаланылуы керек.
      277. Биологиялық "қатты" көбік түзгіштерді зарарсыздандыру концентратты арнайы пеште жағу жолымен немесе арнайы полигонда көму жолымен жүргізілуі керек.
жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау