Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



жүктеу 1,42 Mb.
бет4/7
Дата20.05.2018
өлшемі1,42 Mb.
#14357
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7

4. Сәйкестік презумпциясы
      278. Отандық және импорт өндірілген, Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылатын өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдары (көбік түзгіштер, газ және ұнтақты өрт сөндіргіш құрамдар) осы Техникалық регламент талаптарына сәйкесуі керек.
      279. Өрт техникасын әзірлеу және оны өндіріске жеткізген, жаңғыртқан және өнімді сатқан кезде Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарында белгіленген техникалық талаптар сақталуы керек.
      280. Техникалық реттеу саласында қолданыстағы немесе әзірленетін, өрт қауіпсіздігі талаптарын, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары белгіленетін нормативтік құжаттар туралы ақпарат техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органның ресми баспа басылымында және жалпы пайдаланылатын ақпараттық жүйеде хабарлама түрінде орналастырылуы керек.
      281. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес дайындалып объектілерге орнатылған өрт техникасы осы техникалық регламент талаптарына сәйкеседі деп саналады.
5. Сәйкестікті растау
      282. Өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдары Қазақстан Республикасы нарығына жеткенге дейін сәйкестікті растау процедурасына түсірілуі керек.
      283. Сәйкестікті растау жөніндегі орган, оның қызметтері, құқықтары мен міндеттемелері "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.
      284. Өнімнің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сызбалар бойынша жүргізіледі.
      285. Өрт техникасының, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарының сәйкестігін растауды:
      1) меншік объектіне қарамастан Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген сынақ зертханалары;
      2) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындауға белгіленген тәртіпте аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
      3) уәкілетті органдар өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде жүргізеді.
      286. Отандық және импорт өндірілген, Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылатын өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдары өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның арнайы қорытындысына ие болуы тиіс.
      Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қорытындысы өнім дайындаушы немесе жеткізушіге зертханалық сынаулар нәтижелері (хаттамалары) негізінде беріледі.
      Өрт - техникалық арналған өнімге сертификаттық сынаулар өткізу әдістері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуі тиіс.
      287. Міндетті сәйкестігі расталуға жататын өнімдер тізбесі осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
6. Үйлестірілген стандарттар тізбесі
      288. Үйлестірілген стандарттар мен нормативтік құжаттар тізілімі осы Техникалық регламенттің 8-қосымшасында келтірілген.
7. Өтпелі қорытындылар
      289. Қазақстан Республикасы аумағында ережелері осы Техникалық регламент талаптарына сәйкесетін өрт-техникалық арналған өнімдерді өндіру, сату, пайдалану, техникалық күтім жасау және кәдеге жаратуға қатысты бөлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қолданысы сақталады.
      290. Осы Техникалық регламентті қолданысқа енгізумен осы Техникалық регламент талаптарын қайталайтын немесе сәйкеспейтін Қазақстан Республикасында өрт-техникалық арналған өнімдерді өндіру, сату, пайдалану, техникалық күтім жасау және кәдеге жаратуға қатысты қолданыстағы өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар ережелері түзетілуге немесе белгіленген тәртіпте жойылуға жатады.
      291. Түзетуге немесе жойылуға жататын нормативтік құқықтық актілер тізілімі, сондай-ақ осы жұмысты өткізу мерзімдерін өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
      292. Осы техникалық регламент оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
                                  "Объектілерді қорғау үшін өрт
                                техникасы қауіпсіздігіне қойылатын
                                талаптар" техникалық регламентінің
                                            1-қосымшасы
               Осы Техникалық регламенттің талаптары
                  қолданылатын өнімнің тізбесі



ҚР СЭҚ ТА коды

Өнімнің атауы

1. Өрт машиналары:

8705 300 000

Алғашқы жәрдем өрт автомобилі

8705 300 000

Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру үшін жылдам әрекет ету автомобилі

8705 300 000

Өрт автоцистернасы

8705 300 000

Өрт сорғы стансасы

8705 300 000

Сорғы-түтік құбыр автомобилі

8705 300 000

Көбікпен сөндіруге арналған өрт автомобилі

8705 300 000

Ұнтақпен сөндіруге арналған өрт автомобилі

8705 300 000

Газбен сөндіруге арналған өрт автомобилі

8705 300 000

Аэродромға арналған өрт автомобилі

8705 300 000

Жинақтық сөндіруге арналған өрт автомобилі

8705 300 000

Өрт автосатысы

8705 300 000

Өрт көбік көтергіші

8705 300 000

Байланыс жасауға және жарық беруге арналған өрт автомобилі

8705 300 000

Өрт штаб автомобилі

8705 300 000

Газ-түтіннен қорғау қызметінің өрт автомобилі

8705 300 000

Түтін жоюға арналған өрт автомобилі

8705 300 000

Өрт мотосорғысы

2. Техникалық өрт және күзет-өрт сигналдарын беру құралдары:

8531 100 000

Жылу өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Желілік оптикалық-электрондық түтін өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Нүктелік оптикалық-электрондық түтін өрт хабарлағыштары

9022 290 000

Радиоизотоптық түтін өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Автоном өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Газ өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Өрт жалын хабарлағыштары

8531 100 000

Қол өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Мекенжайлық өрт сигналын беру жүйелері

8531 100 000

Қабылдау-бақылау және басқару өрт құралдары

8531 100 000

Хабар таратуға және эвакуацияны басқаруға арналған өрт техникалық құралдары

3. Өрт сөндірудің автоматикалық қондырғыларының элементтері

8424 900 000

Газдық өрт сөндіруге арнаған автоматты қондырғылардың модульдері мен батареялары

8424 900 000

Төмен қысымды газдық өрт сөндіру автоматты қондырғыларының изотермиялық сұйыққоймалары

8424 900 000

Газдық өрт сөндіруге арналған автоматты қондырғылардың тарату құрылғылары

8424 900 000

Ұнтақтық өрт сөндіруге арналған автоматты қондырғылардың модульдері

8424 900 000

Жұқалап су шашатын өрт сөндіру қондырғыларының модульдері

8481 800 000

Сумен және көбікпен өрт сөндіру автоматты қондырғыларын басқару тораптары

8481 000 000

Сумен және көбікпен өрт сөндіру автоматты қондырғыларының көбік шайғыштары мен мөлшерлегіштері (сумен қоректендіргіштің сулы желілеріне орнатылған қондырғылардан басқа)

8481 000 000

Көбікпен өрт сөндіруге арналған автоматты қондырғылардың мөлшерлегіштері

8481 401 000

Сумен және көбікпен өрт сөндіруге арналған өрт автоматты қондырғыларының сұйықтығы қысымының және ағынының сигнализаторлары

8424 898 009,
8424 900 000

Шашыратқыш және шашу құрылғысы бар су шашқыштар

8424 898 009,
8424 900 000

Шашыратқыш және шашу құрылғысы бар көбік шашқыштар

8481 309 100,
8481 309 900,
8481 401 000,
8481 806 100,
8481 807 100,
8481 808 100

Басқару тораптарының клапандары, бекіту құрылғылары

8479 899 500

Дыбыстық гидравликалық өрт хабарлағыштары

4. Өрт жеке қорғану құралдары:

9020 009 000

Оттегілік оқшаулаушы газқағарлар (шаңтұтқыштар)

9020 009 000

Өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған өкпеге жасанды жел айдау аппараттары

9020 009 000

Сығылған ауа бар тыныс алу аппараттары

9020 009 000

Өрт уақытында үй-жайлардан адамдарды эвакуациялауға арналған оқшаулауыш өзін-өзі құтқарғыштар

9020 009 000

Өрт уақытында үй-жайлардан адамдарды эвакуациялауға арналған сүзгіш өзін-өзі құтқарғыштар

9020 009 000

Беттік бөліктер

6506 100 000

Өрт дулығасы

5707 000 000,
5407 000 000,
5408 000 000,
5512 000 000 -
5516 000 000,
5903 000 000,
5906 990 000,
6203 000 000,
6210 000 000,
6211 000 000

Өрт сөндірушілердің жауынгер киімі, өрт сөндірушілердің жауынгер киіміне арналған маталар

6203 000 000,
6210 000 000,
6211 000 000

Өрт сөндірушілердің арнайы қорғану киімі, өрт сөндірушілердің арнайы қорғау киіміне арналған маталар:
1) жоғарғы жылу әсерінен;
2) оқшаулауыш типті

6401 000 000 -
6403 000 000

Өрт сөндірушілерге арналған арнайы қорғау аяқ киімі

4203 291 000,
6116 000 000,
6216 000 000

Өрт сөндірушілердің қолдарын жеке қорғау құралдары

5. Өрттен құтқару құрылғылары:

5607 500 000

5.1 Өрт арқан-түсіру құрылғылары

6306 910 000

5.2 Өрт секіруге арналған құтқару құрылғылары

5909 000 000

5.3 Түтік құбырлы өрттен құтқару құрылғылары

7326 903 000,
7616 999 000

5.4 Қол өрт сатылары

5607 500 000

5.5 Өрт құтқару арқандары

6. Өрт сөндірушілердің жарақтану заттары:

6307 200 000,
4203 300 000

Өрт құтқару белдігі

7326 906 100,
7326 909 300,
7326 909 700,
7616 991 000

Өрт карабиндері

7. Өрт жабдығы:

8424 000 000,
8481 000 000,
8424 000 000

Өрт ұңғылары:
1) қол;
2) лафеттік;
3) ауа-көбік

8413 820 090

Өрт гидроэлеваторы

8481 800 000

Ауа-көбік ұңғыларының көбік араластырғыштары және орташа еселі көбік генераторлары

8424 000 000

Өрттерді қабаттар түрінде сөндіруге арналған төмен еселі көбік генераторлары.

4009 507 000

Өрт түтік құбыры:
1) арынды;
2) сорғыш

7307 000 000,
7609 000 000
8481 800 000
8481 000 000

Өрт арқаулығы:
1) Өрт жабдығына арналған қосу басы;
2) түтік құбырлық тарамдалу;
3) сору торы;
4) түтік құбырлық су жинағыш

8. Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жабдығы:

8481 000 000

Жер асты өрт гидранттары

8481 000 000

Өрт бағаны

7309 000 000,
7310 000 000,
9403 000 000

Өрт шкафтары

8481 800 000

Өрт крандарының клапандары

9. Өрт кезінде арнайы жұмыстар жүргізуге арналған құрал-сайман:

8201 000 000,
8205 000 000

Жинақталған гидравликалық инструмент

8508 000 000,
8425 000 000

Электр жетекті және мотожетекті механикаландырылған қол құралы

8467 000 000

Механикаландырылмаған өрт қол құралы

10. Өрт сөндіргіштер:

8424 10 910 0

Ауыстырмалы

8424 10 990 0

Жылжытпалы

8424 100 000
(8424 101 000 басқа)

Өрт сөндіретін аэрозоль генераторлары:
1)стационарлық;
2) жедел қолданылатын

11. Өрт сөндіретін заттар:

2903 300 000
(2903 303 100 басқа),
2903 450 000 -
2903 490 000,
3813 000 000

Өрт сөндіретін газдар және газ құрамдары

2836 300 000, 3104 300 000, 305 400 000, 3813 000 000

Өрт сөндіретін ұнтақтар

3402 110 000 -
3402 130 000,
3402 190 000,
3813 000 000

Өрт сөндіруге арналған көбік түзгіштер

12. Өрттің таралуын шектеу құралдары

3209 000 000,
3809 000 000,
3824 907 000

Оттан қорғау заттары мен материалдары

"Объектілерді қорғау үшін өрт   


техникасы қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық регламентінің
2-қосымшасы          
Өрт техникасын жіктеу
      1. Өрт техникасы мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) өрт машиналары;
      2) өрт сөндіру қондырғылары;
      3) өрт кезінде адамдарға автоматты өрт сигналын беру, хабарлау және эвакуациялауды басқару қондырғылары (жүйелері);
      4) өрт сөндірушілердің жеке қорғану құралдары;
      5) өрт жабдығы;
      6) өрт құтқару құрылғылары;
      7) қол өрт құралы мен керек-жарақтары;
      8) өрт сөндіргіштер.
      2. Өрт машиналары өрт автомобильдеріне, өрт мотосорғыштарына және сорғыларына бөлінеді.
      1) Арналуына байланысты өрт автомобильдері негізгі, арнайы және көмекші автомобильдерге бөлінеді.
      Негізгі өрт автомобильдері жалпы және мақсаттық қолданылатын өрт автомобильдеріне бөлінеді.
      Жалпы қолданылатын өрт автомобильдеріне мыналар жатады:
      алғашқы жәрдем автомобильдері;
      жылдам әрекет ететін автомобильдер;
      сорғылық түтік құбырлық өрт автомобильдері;
      жоғары қысымды сорғысы бар автомобильдер;
      сыйымдылығы 2 м 3 судан артық емес жеңіл автоцистерналар;
      сыйымдылығы 4 м 3 судан артық емес механикалық сатысы бар орташа автоцистерналар мен өрт автоцистерналары;
      сыйымдылығы 14 м 3 судан артық емес ауыр өрт автоцистерналары.
      Мақсаттық қолданылатын өрт автомобильдеріне мыналар жатады:
      ауа-көбік сөндіру автомобильдері;
      ұнтақпен сөндіру автомобильдері;
      ұнтақпен сөндірудің автомобильдік модульдері;
      газбен сөндіру автомобильдері;
      газ-сумен сөндіру автомобильдері;
      жинақтап сөндіру автомобильдері;
      аэродромдық автомобильдер;
      радиоактивтік сәулеленуден және қатты әсер ететін улы заттардан қорғанышы бар автомобильдер;
      сорғы стансалары;
      түтік құбырлы автомобильдер.
      Арнайы өрт автомобильдеріне мыналар жатады:
      автосатылар;
      иінді автокөтергіштер;
      автокөбік-көтергіштер;
      апаттық-құтқару автомобильдері;
      байланыс жасау және жарық беру автомобильдері;
      техникалық қызмет автомобильдері;
      газ-түтіннен қорғау қызметі автомобильдері;
      штабтық автомобильдер; түтін жоятын автомобильдер (тіркемелер).
      Көмекші өрт автомобильдеріне мыналар жатады: авто - жанармай құйғыштар;
      жылжымалы автожөндеу шеберханалары;
      диагностикалық зертханалар;
      өрт техникасының жылыту автомобильдері;
      жеңіл, жүк, жедел-қызметтік автомобильдер мен автобустар, сондай-ақ басқа көлік құралдары.
      2) Өрт мотосорғыштары ауыспалы және тіркемелі болып бөлінеді.
      3) Өрт сорғылары мыналарға бөлінеді:
      қалыпты қысымды сорғылар (шығатын жердегі қысымы 2 МПа артық емес);
      жоғары қысымды сорғылар (шығатын жердегі қысымы 2 МПа-дан 5 МПа дейін);
      жинақтық;
      вакуумдық.
      Әрекет ету принципі бойынша өрт сорғылары динамикалық және көлемдік болып бөлінеді.
      Динамикалық өрт сорғылары мыналарға бөлінеді:
      инерциялық (клапандық-діріл, қалақты);
      сұйық үйкелу;
      аралас (ағынды, тангенциалдық дисктік).
      Көлемдік өрт сорғылары мыналарға бөлінеді:
      піспекті;
      тілімшелі (шиберлік);
      шестернялы;
      сусақиналы.
      3. Автоматты өрт сөндіру қондырғылары мыналарға бөлінеді:
      1) Іске қосу тәсілі бойынша:
      қайталайтын қолмен іске қосу (жергілікті және (немесе) алыстан) бар автоматты өрт сөндіру қондырғылары;
      қайталайтын қолмен іске қосуы жоқ автоматты өрт сөндіру қондырғылары;
      қолмен өрт сөндіру қондырғылары (жергілікті және (немесе) алыстан іске қосуы бар).
      2) Сөндіру тәсілі бойынша:
      көлемдік өрт сөндіру;
      ауданы бойынша өрт сөндіру;
      жергілікті өрт сөндіру (көлемі бойынша, ауданы бойынша).
      3) Өрт сөндіретін заттың түрі бойынша:
      шашыратқыш (су; ауа; ауа-су) және шашу құрылғысы бар сумен өрт сөндіру;
      көбікпен өрт сөндіру;
      газбен (көмір қышқыл, азот, бу) өрт сөндіру;
      аэрозольмен өрт сөндіру.
      Ұнтақпен өрт сендіру (импульстік, модульдік типті).
      4. Автоматты өрт сигналын беру қондырғылары мыналарға бөлінеді:
      1) Өрт хабарлағыштары:
      1.1) Автоматты жылу:
      биметалдық;
      термобулармен;
      жартылай өткізгіштік;
      жеңіл балқытылатын дәнекерлеумен;
      магнит-байланыстық;
      1.2) Автоматты түтінді:
      ионизациялық;
      оптикалық;
      автономды;
      1.3)Автоматты жалын:
      инфрақызыл сәулелену;
      ультракүлгін сәулелену;
      1.4) Автоматты жинақтық;
      1.5)Қолмен.
      2) Күзет-өрт хабарлағыштары;
      3) Электрмен қоректендіру жүйесі бар өрт және күзет-өрт қабылдау-бақылау құралдары;
      4) Өрт кезінде адамдарға хабарландыру және оларды эвакуациялауды басқару құрылғылары;
      5) Сызықтық құрылыстар.
      5. Жеке қорғау құралдары мыналарға бөлінеді:
      1) Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары:
      1.1) Оттегілік оқшаулауыш газқағарлар (шаңтұтқыштар);
      1.2) Қысылған оттегісі бар оттегілік оқшаулауыш газқағарлар (шаңтұтқыштар);
      1.3) Қысылған ауасы бар тыныс алу аппараттары;
      1.4) Оқшаулауыш өзі құтқарғыштар: (химиялық байланысқан оттегі бар; қысылған ауасы бар);
      1.5) Сүзгіш өзі құтқарғыштар.
      1.6) Зардап шегушілердің өкпесіне жасанды ауа жіберу құрылғылары;
      1.7) Тыныс ал ағзаларын жеке қорғау құрылғыларының беттік бөліктері;
      1.8) Тыныс алу ағзаларын жеке қорғау құралдарының қосалқы бөлшектері, тораптары мен тетіктері;
      1.9) Тыныс алу ағзаларын жеке қорғау құралдарын тексеруге (сынау), қызмет көрсетуге және пайдалануға арналған құралдар мен жабдықтар:
      жеке қорғау құралдарын тексеруге (сынауға) арналған құралдар (жабдық);
      жеке қорғау құралдарын оттегімен және ауамен зарядтауға және жарақтауға арналған сығымдағыштар, баллондар, стансалар.
      1.10) Жеке қорғау құралдарына арналған сынау жабдығы кешендері.
      2) Басты, қолды және аяқты қорғау құралдары:
      өрт каскалары, шлемдері, шлем астарлықтары;
      өрт сөндірушілердің қолдарын жеке қорғау құралдары (өрт сөндірушілерге арналған арнайы биялайлар, қолғаптар);
      өрт сөндірушілердің арнайы қорғау (былғары және резеңке) аяқ киімі.
      3) Өрт сөндірушілердің арнайы қорғау киімі:
      3.1) Жоғары жылу әсерлерінен қорғайтын өрт сөндірушілердің арнайы қорғау киімі:
      өрт сөндірушілерге арналған жылу-қорғау киімі жинақтары;
      өрт сөндірушілерге арналған жылу қайтарғыш жинақтар;
      өрт сөндірушілерге арналған оқшаулап қорғау құралдарының жинақтары.
      3.2) Оқшаулаушы типті өрт сөндірушілердің арнайы қорғау киімі:
      иондаушы сәулеленуден қорғайтын өрт сөндірушілердің арнайы қорғау киімі жинақтары;
      термоагрессивті тұрақты костюмдер.
      3.3) Өрт сөндірушілердің жауынгер киімі (I, II және III қорғау дәрежелі).
      6. Өрт жабдығы мыналарға бөлінеді:
      өрт ұңғылары;
      өрт түтік құбыры және қосу бастары;
      өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жабдығы;
      басқа да өрт жабдығы.
      1) Өрт ұңғылары қолмен, лафеттік және біріктірілген болып бөлінеді.
      1.1) Өрт қол ұңғылары мыналарға бөлінеді:
      су: тұтас атқын; тұтас және тозаңдатылған атқын;
      көбік: төмен еселі қол көбік өрт ұңғылары;
      орташа еселі көбік генераторлары;
      біріктірілген өрт ұңғылары;
      ұнтақ өрт ұңғылары.
      1.2) Өрт лафеттік ұңғылары мыналарға бөлінеді:
      өрт автомобиліне немесе өнеркәсіптік жабдыққа орнатылған стационарлық;
      тіркемеге орнатылған жылжымалы лафеттік өрт ұңғылары;
      ауыспалы лафеттік өрт ұңғылары.
      2) Өрт жабдығына арналған қосқыш өрт түтік құбыры арынды және сорғыш болып бөлінеді.
      2.1) Арынды өрт түтік құбырлары мыналарға бөлінеді:
      өрт крандарына және ауыспалы мотосорғыштарға арналған (зығыр және латекстелген);
      жылжымалы өрт техникасы үшін (ішкі гидроизоляциялық жабыны бар, латекстелген, екі жақты полимер жабыны бар);
      жоғары қысымды.
      2.2) Сорғыш өрт түтік құбырлары сорғыш және арынды-сорғыш болып бөлінеді.
      3) Өрт жабдығына арналған қосқыш өрт бастары мыналарға бөлінеді:
      арынды;
      жоғары қысымды арынды;
      сорғыш;
      бекіткіш-бастар;
      түтік құбыр өткізгіштері.
      3.1) Арынды қосқыш өрт бастары түтік құбырлық, жалғастырғыштық және теселік болып бөлінеді.
      3.2) Жоғары қысымды арынды қосқыш өрт бастары түтік құбырлық, жалғастырғыштық және өткізгіштік болып бөлінеді.
      3.3) Сорғыш қосқыш өрт бастары түтік құбырлық және жалғастырғыштық болып бөлінеді.
      3.4) Қосқыш өрт бекіткіш-бастар арынды және сорғыш болып бөлінеді.
      4) Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жабдығы мыналарға бөлінеді:
      өрт гидранттары (жерасты, жерүсті);
      өрт тіреуіштері;
      өрт крандары (ішкі, сыртқы);
      өрт шкафтары (аспалы, орнатылған, жалғастырылған).
      5) Басқа өрт жабдығы мыналарға бөлінеді:
      өрт-қосу арқаулығына арналған кілттер;
      өрт сорғыш тор;
      өрт гидроэлеваторы;
      өрт бағаны;
      көбікараластырғыштар;
      түтік құбыры су қоймалары;
      түтік құбыры таралымы;
      n - жүрісті түтік құбыр таралымы;
      түтік құбыр аунақшасы;
      түтік құбыр арқалығы;
      түтік құбыр қысқышы;
      түтік құбыр кідірісі;
      түтік құбыр құндағы;
      түтік құбырды байлау құрылғысы.
      7. Өрт құтқару құрылғылары мыналарға бөлінеді:
      өрт қол сатылары;
      өрт құтқару құрылғылары.
      1) Өрт қол сатылары мыналарға бөлінеді:
      штурмдық сатылар;
      сатылар-таяқшалар;
      жылжытпалы сатылар.
      2) Өрт құтқару құрылғылары мыналарға бөлінеді:
      өрт құтқару құрылғылары;
      арқан-түсіру құтқару құрылғылары;
      секіру құтқару құрылғылары;
      өрт құтқару арқандары (қарапайым жасалған, жылуға төзімді).
      8. Қол өрт аспабы механикаландырылмаған және механикаландырылған өрт аспабына бөлінеді.
      1) Қол механикаландырылмаған өрт аспабы мыналарға бөлінеді:
      өрт багоры;
      өрт ілгегі;
      өрт балтасы;
      өрт сүңгілері (ауыр, жеңіл, әмбебап);
      2) Қол механикаландырылған өрт аспабы мынадай механикалық аспаптарға бөлінеді:
      гидравликалық жетегі бар;
      пневматикалық жетегі бар;
      мотожетегі және пневможетегі бар.
      9. Өрт сөндіргіштер мыналарға бөлінеді:
      ауыстыру тәсілі бойынша;
      қолданылатын өрт сөндіретін заттың түрі бойынша;
      өрт сөндіретін затты ығыстырып шығару үшін артық қысымды жасау принципі бойынша.
      1) Өрт сөндіргіштерді жылжыту тәсілі бойынша мыналарға бөлінеді:
      ауыспалы: қол, арқа-аспалы (салмағы 20 кг артық емес);
      жылжымалы (салмағы 20 кг-нан 400 кг дейін, арбаға орнатылған өрт сөндіретін затты зарядтауға арналған бір немесе бірнеше ыдыстар бар);
      тіркемелі шассимен тасылатын;
      стационарлық.
      2) Қолданылатын өрт сөндіретін заттың түрі бойынша:
      2.1) Су өрт сөндіргіштері:
      жинақтық ағынмен;
      тозаңдатылған ағынмен (тамшылардың диаметрі 100 мкм артық емес);
      ұсақ шашыратып тозаң ағынмен (тамшылардың диаметрі 100 мкм кем емес).
      2.2) Ауа-көбік өрт сөндіргіштері:
      төмен еселі (көбік еселігі 5-ден 20 дейін қоса алғанда);
      орташа еселі (көбік еселігі 21-ден 200 дейін қоса алғанда).
      ұнтақты өрт сөндіргіштер;
      газды өрт сөндіргіштер (көмір-қышқылды);
      аэрозольды;
      біріктірілген.
      3) Өрт сөндіретін затты ығыстырып шығару үшін газдың артық қысымын құру принципі бойынша:
      айдау;
      қысылған газ баллоны бар;
      газ-генеризациялау элементі бар;
      эжектор құрылғысы бар;
      термикалық элементі бар.
"Объектілерді қорғау үшін өрт   
техникасы қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық регламентінің
3-қосымшасы           
жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау