Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар



жүктеу 0,68 Mb.
бет4/7
Дата03.01.2020
өлшемі0,68 Mb.
#25833
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7

4. Сәйкестiк презумпциясы

      278. Отандық және импорт өндiрiлген, Қазақстан Республикасы аумағында iске асырылатын өрт техникасы мен өрт сөндiру құралдары (көбiк түзгiштер, газ және ұнтақты өрт сөндiргiш құрамдар) осы Техникалық регламент талаптарына сәйкесуi керек.


      279. Өрт техникасын әзiрлеу және оны өндiрiске жеткiзген, жаңғыртқан және өнiмдi сатқан кезде Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарында белгiленген техникалық талаптар сақталуы керек.
      280. Техникалық реттеу саласында қолданыстағы немесе әзiрленетiн, өрт қауiпсiздiгi талаптарын, өнiмнiң сәйкестiгiн растау процедуралары белгiленетiн нормативтiк құжаттар туралы ақпарат техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми баспа басылымында және жалпы пайдаланылатын ақпараттық жүйеде хабарлама түрiнде орналастырылуы керек.
      281. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес дайындалып объектiлерге орнатылған өрт техникасы осы техникалық регламент талаптарына сәйкеседi деп саналады.

5. Сәйкестiктi растау

      282. Өрт техникасы мен өрт сөндiру құралдары Қазақстан Республикасы нарығына жеткенге дейiн сәйкестiктi растау процедурасына түсiрiлуi керек.


      283. Сәйкестiктi растау жөнiндегi орган, оның қызметтерi, құқықтары мен мiндеттемелерi "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.
      284. Өнiмнiң осы техникалық регламент талаптарына сәйкестiгiн растау техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген сызбалар бойынша жүргiзiледi.
      285. Өрт техникасының, сондай-ақ өрт сөндiру құралдарының сәйкестiгiн растауды:
      1) меншiк объектiне қарамастан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнде аккредиттелген сынақ зертханалары;
      2) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға белгiленген тәртiпте аккредиттелген сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар;
      3) уәкiлеттi органдар өз құзыреттiгi шегiнде мемлекеттiк бақылау жүргiзу кезiнде жүргiзедi.
      286. Отандық және импорт өндiрiлген, Қазақстан Республикасы аумағында iске асырылатын өрт техникасы мен өрт сөндiру құралдары өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның арнайы қорытындысына ие болуы тиiс.
      Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган қорытындысы өнiм дайындаушы немесе жеткiзушiге зертханалық сынаулар нәтижелерi (хаттамалары) негiзiнде берiледi.
      Өрт - техникалық арналған өнiмге сертификаттық сынаулар өткiзу әдiстерi Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi тиiс.
      287. Мiндеттi сәйкестiгi расталуға жататын өнiмдер тiзбесi осы Техникалық регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

6. Үйлестiрiлген стандарттар тiзбесi

      288. Үйлестiрiлген стандарттар мен нормативтiк құжаттар тiзiлiмi осы Техникалық регламенттiң 8-қосымшасында келтiрiлген.



7. Өтпелi қорытындылар

      289. Қазақстан Республикасы аумағында ережелерi осы Техникалық регламент талаптарына сәйкесетiн өрт-техникалық арналған өнiмдердi өндiру, сату, пайдалану, техникалық күтiм жасау және кәдеге жаратуға қатысты бөлiгiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысы сақталады.


      290. Осы Техникалық регламенттi қолданысқа енгiзумен осы Техникалық регламент талаптарын қайталайтын немесе сәйкеспейтiн Қазақстан Республикасында өрт-техникалық арналған өнiмдердi өндiру, сату, пайдалану, техникалық күтiм жасау және кәдеге жаратуға қатысты қолданыстағы өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттар ережелерi түзетiлуге немесе белгiленген тәртiпте жойылуға жатады.
      291. Түзетуге немесе жойылуға жататын нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмi, сондай-ақ осы жұмысты өткiзу мерзiмдерiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган анықтайды.
      292. Осы техникалық регламент оның бiрiншi ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

                                  "Объектiлердi қорғау үшiн өрт


                                техникасы қауiпсiздiгiне қойылатын
                                талаптар" техникалық регламентiнiң
                                            1-қосымшасы

               Осы Техникалық регламенттiң талаптары


                  қолданылатын өнiмнiң тiзбесi

ҚР СЭҚ ТА коды

Өнiмнiң атауы

1. Өрт машиналары:

8705 300 000

Алғашқы жәрдем өрт автомобилi

8705 300 000

Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзу және өрт сөндiру үшiн жылдам әрекет ету автомобилi

8705 300 000

Өрт автоцистернасы

8705 300 000

Өрт сорғы стансасы

8705 300 000

Сорғы-түтiк құбыр автомобилi

8705 300 000

Көбiкпен сөндiруге арналған өрт автомобилi

8705 300 000

Ұнтақпен сөндiруге арналған өрт автомобилi

8705 300 000

Газбен сөндiруге арналған өрт автомобилi

8705 300 000

Аэродромға арналған өрт автомобилi

8705 300 000

Жинақтық сөндiруге арналған өрт автомобилi

8705 300 000

Өрт автосатысы

8705 300 000

Өрт көбiк көтергiшi

8705 300 000

Байланыс жасауға және жарық беруге арналған өрт автомобилi

8705 300 000

Өрт штаб автомобилi

8705 300 000

Газ-түтiннен қорғау қызметiнiң өрт автомобилi

8705 300 000

Түтiн жоюға арналған өрт автомобилi

8705 300 000

Өрт мотосорғысы

2. Техникалық өрт және күзет-өрт сигналдарын беру құралдары:

8531 100 000

Жылу өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Желiлiк оптикалық-электрондық түтiн өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Нүктелiк оптикалық-электрондық түтiн өрт хабарлағыштары

9022 290 000

Радиоизотоптық түтiн өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Автоном өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Газ өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Өрт жалын хабарлағыштары

8531 100 000

Қол өрт хабарлағыштары

8531 100 000

Мекенжайлық өрт сигналын беру жүйелерi

8531 100 000

Қабылдау-бақылау және басқару өрт құралдары

8531 100 000

Хабар таратуға және эвакуацияны басқаруға арналған өрт техникалық құралдары

3. Өрт сөндiрудiң автоматикалық қондырғыларының элементтерi

8424 900 000

Газдық өрт сөндiруге арнаған автоматты қондырғылардың модульдерi мен батареялары

8424 900 000

Төмен қысымды газдық өрт сөндiру автоматты қондырғыларының изотермиялық сұйыққоймалары

8424 900 000

Газдық өрт сөндiруге арналған автоматты қондырғылардың тарату құрылғылары

8424 900 000

Ұнтақтық өрт сөндiруге арналған автоматты қондырғылардың модульдерi

8424 900 000

Жұқалап су шашатын өрт сөндiру қондырғыларының модульдерi

8481 800 000

Сумен және көбiкпен өрт сөндiру автоматты қондырғыларын басқару тораптары

8481 000 000

Сумен және көбiкпен өрт сөндiру автоматты қондырғыларының көбiк шайғыштары мен мөлшерлегiштерi (сумен қоректендiргiштiң сулы желiлерiне орнатылған қондырғылардан басқа)

8481 000 000

Көбiкпен өрт сөндiруге арналған автоматты қондырғылардың мөлшерлегiштерi

8481 401 000

Сумен және көбiкпен өрт сөндiруге арналған өрт автоматты қондырғыларының сұйықтығы қысымының және ағынының сигнализаторлары

8424 898 009,
8424 900 000

Шашыратқыш және шашу құрылғысы бар су шашқыштар

8424 898 009,
8424 900 000

Шашыратқыш және шашу құрылғысы бар көбiк шашқыштар

8481 309 100,
8481 309 900,
8481 401 000,
8481 806 100,
8481 807 100,
8481 808 100

Басқару тораптарының клапандары, бекiту құрылғылары

8479 899 500

Дыбыстық гидравликалық өрт хабарлағыштары

4. Өрт жеке қорғану құралдары:

9020 009 000

Оттегiлiк оқшаулаушы газқағарлар (шаңтұтқыштар)

9020 009 000

Өрт кезiнде зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуге арналған өкпеге жасанды жел айдау аппараттары

9020 009 000

Сығылған ауа бар тыныс алу аппараттары

9020 009 000

Өрт уақытында үй-жайлардан адамдарды эвакуациялауға арналған оқшаулауыш өзiн-өзi құтқарғыштар

9020 009 000

Өрт уақытында үй-жайлардан адамдарды эвакуациялауға арналған сүзгiш өзiн-өзi құтқарғыштар

9020 009 000

Беттiк бөлiктер

6506 100 000

Өрт дулығасы

5707 000 000,
5407 000 000,
5408 000 000,
5512 000 000 -
5516 000 000,
5903 000 000,
5906 990 000,
6203 000 000,
6210 000 000,
6211 000 000

Өрт сөндiрушiлердiң жауынгер киiмi, өрт сөндiрушiлердiң жауынгер киiмiне арналған маталар

6203 000 000,
6210 000 000,
6211 000 000

Өрт сөндiрушiлердiң арнайы қорғану киiмi, өрт сөндiрушiлердiң арнайы қорғау киiмiне арналған маталар:
1) жоғарғы жылу әсерiнен;
2) оқшаулауыш типтi

6401 000 000 -
6403 000 000

Өрт сөндiрушiлерге арналған арнайы қорғау аяқ киiмi

4203 291 000,
6116 000 000,
6216 000 000

Өрт сөндiрушiлердiң қолдарын жеке қорғау құралдары

5. Өрттен құтқару құрылғылары:

5607 500 000

5.1 Өрт арқан-түсiру құрылғылары

6306 910 000

5.2 Өрт секiруге арналған құтқару құрылғылары

5909 000 000

5.3 Түтiк құбырлы өрттен құтқару құрылғылары

7326 903 000,
7616 999 000

5.4 Қол өрт сатылары

5607 500 000

5.5 Өрт құтқару арқандары

6. Өрт сөндiрушiлердiң жарақтану заттары:

6307 200 000,
4203 300 000

Өрт құтқару белдiгi

7326 906 100,
7326 909 300,
7326 909 700,
7616 991 000

Өрт карабиндерi

7. Өрт жабдығы:

 
 

8424 000 000,
8481 000 000,
8424 000 000


Өрт ұңғылары:
1) қол;
2) лафеттiк;
3) ауа-көбiк

8413 820 090

Өрт гидроэлеваторы

8481 800 000

Ауа-көбiк ұңғыларының көбiк араластырғыштары және орташа еселi көбiк генераторлары

8424 000 000

Өрттердi қабаттар түрiнде сөндiруге арналған төмен еселi көбiк генераторлары.

4009 507 000

Өрт түтiк құбыры:
1) арынды;
2) сорғыш

 
 



7307 000 000,
7609 000 000
8481 800 000
8481 000 000

Өрт арқаулығы:
1) Өрт жабдығына арналған қосу басы;
2) түтiк құбырлық тарамдалу;
3) сору торы;
4) түтiк құбырлық су жинағыш

8. Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiнiң жабдығы:

8481 000 000

Жер асты өрт гидранттары

8481 000 000

Өрт бағаны

7309 000 000,
7310 000 000,
9403 000 000

Өрт шкафтары

8481 800 000

Өрт крандарының клапандары

9. Өрт кезiнде арнайы жұмыстар жүргiзуге арналған құрал-сайман:

8201 000 000,
8205 000 000

Жинақталған гидравликалық инструмент

8508 000 000,
8425 000 000

Электр жетектi және мотожетектi механикаландырылған қол құралы

8467 000 000

Механикаландырылмаған өрт қол құралы

10. Өрт сөндiргiштер:

8424 10 910 0

Ауыстырмалы

8424 10 990 0

Жылжытпалы

8424 100 000
(8424 101 000 басқа)

Өрт сөндiретiн аэрозоль генераторлары:
1)стационарлық
2) жедел қолданылатын

11. Өрт сөндiретiн заттар:

2903 300 000
(2903 303 100 басқа),
2903 450 000 -
2903 490 000,
3813 000 000

Өрт сөндiретiн газдар және газ құрамдары

2836 300 000, 3104 300 000, 305 400 000, 3813 000 000

Өрт сөндiретiн ұнтақтар

3402 110 000 -
3402 130 000,
3402 190 000,
3813 000 000

Өрт сөндiруге арналған көбiк түзгiштер

12. Өрттiң таралуын шектеу құралдары

3209 000 000,
3809 000 000,
3824 907 000

Оттан қорғау заттары мен материалдары

"Объектiлердi қорғау үшiн өрт   
техникасы қауiпсiздiгiне қойылатын
талаптар" техникалық регламентiнiң
2-қосымшасы          

Өрт техникасын жiктеу

      1. Өрт техникасы мынадай түрлерге бөлiнедi:


      1) өрт машиналары;
      2) өрт сөндiру қондырғылары;
      3) өрт кезiнде адамдарға автоматты өрт сигналын беру, хабарлау және эвакуациялауды басқару қондырғылары (жүйелерi);
      4) өрт сөндiрушiлердiң жеке қорғану құралдары;
      5) өрт жабдығы;
      6) өрт құтқару құрылғылары;
      7) қол өрт құралы мен керек-жарақтары;
      8) өрт сөндiргiштер.
      2. Өрт машиналары өрт автомобильдерiне, өрт мотосорғыштарына және сорғыларына бөлiнедi.
      1) Арналуына байланысты өрт автомобильдерi негiзгi, арнайы және көмекшi автомобильдерге бөлiнедi.
      Негiзгi өрт автомобильдерi жалпы және мақсаттық қолданылатын өрт автомобильдерiне бөлiнедi.
      Жалпы қолданылатын өрт автомобильдерiне мыналар жатады:
      алғашқы жәрдем автомобильдерi;
      жылдам әрекет ететiн автомобильдер;
      сорғылық түтiк құбырлық өрт автомобильдерi;
      жоғары қысымды сорғысы бар автомобильдер;
      сыйымдылығы 2 м 3 судан артық емес жеңiл автоцистерналар;
      сыйымдылығы 4 м 3 судан артық емес механикалық сатысы бар орташа автоцистерналар мен өрт автоцистерналары;
      сыйымдылығы 14 м 3 судан артық емес ауыр өрт автоцистерналары.
      Мақсаттық қолданылатын өрт автомобильдерiне мыналар жатады:
      ауа-көбiк сөндiру автомобильдерi;
      ұнтақпен сөндiру автомобильдерi;
      ұнтақпен сөндiрудiң автомобильдiк модульдерi;
      газбен сөндiру автомобильдерi;
      газ-сумен сөндiру автомобильдерi;
      жинақтап сөндiру автомобильдерi;
      аэродромдық автомобильдер;
      радиоактивтiк сәулеленуден және қатты әсер ететiн улы заттардан қорғанышы бар автомобильдер;
      сорғы стансалары;
      түтiк құбырлы автомобильдер.
      Арнайы өрт автомобильдерiне мыналар жатады:
      автосатылар;
      иiндi автокөтергiштер;
      автокөбiк-көтергiштер;
      апаттық-құтқару автомобильдерi;
      байланыс жасау және жарық беру автомобильдерi;
      техникалық қызмет автомобильдерi;
      газ-түтiннен қорғау қызметi автомобильдерi;
      штабтық автомобильдер; түтiн жоятын автомобильдер (тiркемелер).
      Көмекшi өрт автомобильдерiне мыналар жатады: авто - жанармай құйғыштар;
      жылжымалы автожөндеу шеберханалары;
      диагностикалық зертханалар;
      өрт техникасының жылыту автомобильдерi;
      жеңiл, жүк, жедел-қызметтiк автомобильдер мен автобустар, сондай-ақ басқа көлiк құралдары.
      2) Өрт мотосорғыштары ауыспалы және тiркемелi болып бөлiнедi.
      3) Өрт сорғылары мыналарға бөлiнедi:
      қалыпты қысымды сорғылар (шығатын жердегi қысымы 2 МПа артық емес);
      жоғары қысымды сорғылар (шығатын жердегi қысымы 2 МПа-дан 5 МПа дейiн);
      жинақтық
      вакуумдық.
      Әрекет ету принципi бойынша өрт сорғылары динамикалық және көлемдiк болып бөлiнедi.
      Динамикалық өрт сорғылары мыналарға бөлiнедi:
      инерциялық (клапандық-дiрiл, қалақты);
      сұйық үйкелу;
      аралас (ағынды, тангенциалдық дисктiк).
      Көлемдiк өрт сорғылары мыналарға бөлiнедi:
      пiспектi;
      тiлiмшелi (шиберлiк);
      шестернялы;
      сусақиналы.
      3. Автоматты өрт сөндiру қондырғылары мыналарға бөлiнедi:
      1) Iске қосу тәсiлi бойынша:
      қайталайтын қолмен iске қосу (жергiлiктi және (немесе) алыстан) бар автоматты өрт сөндiру қондырғылары;
      қайталайтын қолмен iске қосуы жоқ автоматты өрт сөндiру қондырғылары;
      қолмен өрт сөндiру қондырғылары (жергiлiктi және (немесе) алыстан iске қосуы бар).
      2) Сөндiру тәсiлi бойынша:
      көлемдiк өрт сөндiру;
      ауданы бойынша өрт сөндiру;
      жергiлiктi өрт сөндiру (көлемi бойынша, ауданы бойынша).
      3) Өрт сөндiретiн заттың түрi бойынша:
      шашыратқыш (су; ауа; ауа-су) және шашу құрылғысы бар сумен өрт сөндiру;
      көбiкпен өрт сөндiру;
      газбен (көмiр қышқыл, азот, бу) өрт сөндiру;
      аэрозольмен өрт сөндiру.
      Ұнтақпен өрт сендiру (импульстiк, модульдiк типтi).
      4. Автоматты өрт сигналын беру қондырғылары мыналарға бөлiнедi:
      1) Өрт хабарлағыштары:
      1.1) Автоматты жылу:
      биметалдық
      термобулармен;
      жартылай өткiзгiштiк;
      жеңiл балқытылатын дәнекерлеумен;
      магнит-байланыстық
      1.2) Автоматты түтiндi:
      ионизациялық
      оптикалық
      автономды;
      1.3)Автоматты жалын:
      инфрақызыл сәулелену;
      ультракүлгiн сәулелену;
      1.4) Автоматты жинақтық
      1.5)Қолмен.
      2) Күзет-өрт хабарлағыштары;
      3) Электрмен қоректендiру жүйесi бар өрт және күзет-өрт қабылдау-бақылау құралдары;
      4) Өрт кезiнде адамдарға хабарландыру және оларды эвакуациялауды басқару құрылғылары;
      5) Сызықтық құрылыстар.
      5. Жеке қорғау құралдары мыналарға бөлiнедi:
      1) Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары:
      1.1) Оттегiлiк оқшаулауыш газқағарлар (шаңтұтқыштар);
      1.2) Қысылған оттегiсi бар оттегiлiк оқшаулауыш газқағарлар (шаңтұтқыштар);
      1.3) Қысылған ауасы бар тыныс алу аппараттары;
      1.4) Оқшаулауыш өзi құтқарғыштар: (химиялық байланысқан оттегi бар; қысылған ауасы бар);
      1.5) Сүзгiш өзi құтқарғыштар.
      1.6) Зардап шегушiлердiң өкпесiне жасанды ауа жiберу құрылғылары;
      1.7) Тыныс ал ағзаларын жеке қорғау құрылғыларының беттiк бөлiктерi;
      1.8) Тыныс алу ағзаларын жеке қорғау құралдарының қосалқы бөлшектерi, тораптары мен тетiктерi;
      1.9) Тыныс алу ағзаларын жеке қорғау құралдарын тексеруге (сынау), қызмет көрсетуге және пайдалануға арналған құралдар мен жабдықтар:
      жеке қорғау құралдарын тексеруге (сынауға) арналған құралдар (жабдық);
      жеке қорғау құралдарын оттегiмен және ауамен зарядтауға және жарақтауға арналған сығымдағыштар, баллондар, стансалар.
      1.10) Жеке қорғау құралдарына арналған сынау жабдығы кешендерi.

      2) Басты, қолды және аяқты қорғау құралдары:


      өрт каскалары, шлемдерi, шлем астарлықтары;
      өрт сөндiрушiлердiң қолдарын жеке қорғау құралдары (өрт сөндiрушiлерге арналған арнайы биялайлар, қолғаптар);
      өрт сөндiрушiлердiң арнайы қорғау (былғары және резеңке) аяқ киiмi.

      3) Өрт сөндiрушiлердiң арнайы қорғау киiмi:


      3.1) Жоғары жылу әсерлерiнен қорғайтын өрт сөндiрушiлердiң арнайы қорғау киiмi:
      өрт сөндiрушiлерге арналған жылу-қорғау киiмi жинақтары;
      өрт сөндiрушiлерге арналған жылу қайтарғыш жинақтар;
      өрт сөндiрушiлерге арналған оқшаулап қорғау құралдарының жинақтары.
      3.2) Оқшаулаушы типтi өрт сөндiрушiлердiң арнайы қорғау киiмi:
      иондаушы сәулеленуден қорғайтын өрт сөндiрушiлердiң арнайы қорғау киiмi жинақтары;
      термоагрессивтi тұрақты костюмдер.
      3.3) Өрт сөндiрушiлердiң жауынгер киiмi (I, II және III қорғау дәрежелi).

      6. Өрт жабдығы мыналарға бөлiнедi:


      өрт ұңғылары;
      өрт түтiк құбыры және қосу бастары;
      өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiнiң жабдығы;
      басқа да өрт жабдығы.

      1) Өрт ұңғылары қолмен, лафеттiк және бiрiктiрiлген болып бөлiнедi.


      1.1) Өрт қол ұңғылары мыналарға бөлiнедi:
      су: тұтас атқын; тұтас және тозаңдатылған атқын;
      көбiк: төмен еселi қол көбiк өрт ұңғылары;
      орташа еселi көбiк генераторлары;
      бiрiктiрiлген өрт ұңғылары;
      ұнтақ өрт ұңғылары.
      1.2) Өрт лафеттiк ұңғылары мыналарға бөлiнедi:
      өрт автомобилiне немесе өнеркәсiптiк жабдыққа орнатылған стационарлық
      тiркемеге орнатылған жылжымалы лафеттiк өрт ұңғылары;
      ауыспалы лафеттiк өрт ұңғылары.

      2) Өрт жабдығына арналған қосқыш өрт түтiк құбыры арынды және сорғыш болып бөлiнедi.


      2.1) Арынды өрт түтiк құбырлары мыналарға бөлiнедi:
      өрт крандарына және ауыспалы мотосорғыштарға арналған (зығыр және латекстелген);
      жылжымалы өрт техникасы үшiн (iшкi гидроизоляциялық жабыны бар, латекстелген, екi жақты полимер жабыны бар);
      жоғары қысымды.
      2.2) Сорғыш өрт түтiк құбырлары сорғыш және арынды-сорғыш болып бөлiнедi.

      3) Өрт жабдығына арналған қосқыш өрт бастары мыналарға бөлiнедi:


      арынды;
      жоғары қысымды арынды;
      сорғыш;
      бекiткiш-бастар;
      түтiк құбыр өткiзгiштерi.
      3.1) Арынды қосқыш өрт бастары түтiк құбырлық, жалғастырғыштық және теселiк болып бөлiнедi.
      3.2) Жоғары қысымды арынды қосқыш өрт бастары түтiк құбырлық, жалғастырғыштық және өткiзгiштiк болып бөлiнедi.
      3.3) Сорғыш қосқыш өрт бастары түтiк құбырлық және жалғастырғыштық болып бөлiнедi.
      3.4) Қосқыш өрт бекiткiш-бастар арынды және сорғыш болып бөлiнедi.

      4) Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiнiң жабдығы мыналарға бөлiнедi:


      өрт гидранттары (жерасты, жерүстi);
      өрт тiреуiштерi;
      өрт крандары (iшкi, сыртқы);
      өрт шкафтары (аспалы, орнатылған, жалғастырылған).

      5) Басқа өрт жабдығы мыналарға бөлiнедi:


      өрт-қосу арқаулығына арналған кiлттер;
      өрт сорғыш тор;
      өрт гидроэлеваторы;
      өрт бағаны;
      көбiкараластырғыштар;
      түтiк құбыры су қоймалары;
      түтiк құбыры таралымы;
      n - жүрiстi түтiк құбыр таралымы;
      түтiк құбыр аунақшасы;
      түтiк құбыр арқалығы;
      түтiк құбыр қысқышы;
      түтiк құбыр кiдiрiсi;
      түтiк құбыр құндағы;
      түтiк құбырды байлау құрылғысы.

      7. Өрт құтқару құрылғылары мыналарға бөлiнедi:


      өрт қол сатылары;
      өрт құтқару құрылғылары.
      1) Өрт қол сатылары мыналарға бөлiнедi:
      штурмдық сатылар;
      сатылар-таяқшалар;
      жылжытпалы сатылар.
      2) Өрт құтқару құрылғылары мыналарға бөлiнедi:
      өрт құтқару құрылғылары;
      арқан-түсiру құтқару құрылғылары;
      секiру құтқару құрылғылары;
      өрт құтқару арқандары (қарапайым жасалған, жылуға төзiмдi).

      8. Қол өрт аспабы механикаландырылмаған және механикаландырылған өрт аспабына бөлiнедi.


      1) Қол механикаландырылмаған өрт аспабы мыналарға бөлiнедi:
      өрт багоры;
      өрт iлгегi;
      өрт балтасы;
      өрт сүңгiлерi (ауыр, жеңiл, әмбебап);
      2) Қол механикаландырылған өрт аспабы мынадай механикалық аспаптарға бөлiнедi:
      гидравликалық жетегi бар;
      пневматикалық жетегi бар;
      мотожетегi және пневможетегi бар.

      9. Өрт сөндiргiштер мыналарға бөлiнедi:


      ауыстыру тәсiлi бойынша;
      қолданылатын өрт сөндiретiн заттың түрi бойынша;
      өрт сөндiретiн затты ығыстырып шығару үшiн артық қысымды жасау принципi бойынша.

      1) Өрт сөндiргiштердi жылжыту тәсiлi бойынша мыналарға бөлiнедi:


      ауыспалы: қол, арқа-аспалы (салмағы 20 кг артық емес);
      жылжымалы (салмағы 20 кг-нан 400 кг дейiн, арбаға орнатылған өрт сөндiретiн затты зарядтауға арналған бiр немесе бiрнеше ыдыстар бар);
      тiркемелi шассимен тасылатын;
      стационарлық.

      2) Қолданылатын өрт сөндiретiн заттың түрi бойынша:


      2.1) Су өрт сөндiргiштерi:
      жинақтық ағынмен;
      тозаңдатылған ағынмен (тамшылардың диаметрi 100 мкм артық емес);
      ұсақ шашыратып тозаң ағынмен (тамшылардың диаметрi 100 мкм кем емес).
      2.2) Ауа-көбiк өрт сөндiргiштерi:
      төмен еселi (көбiк еселiгi 5-ден 20 дейiн қоса алғанда);
      орташа еселi (көбiк еселiгi 21-ден 200 дейiн қоса алғанда).
      ұнтақты өрт сөндiргiштер;
      газды өрт сөндiргiштер (көмiр-қышқылды);
      аэрозольды;
      бiрiктiрiлген.

      3) Өрт сөндiретiн затты ығыстырып шығару үшiн газдың артық қысымын құру принципi бойынша:


      айдау;
      қысылған газ баллоны бар;
      газ-генеризациялау элементi бар;
      эжектор құрылғысы бар;
      термикалық элементi бар.

"Объектiлердi қорғау үшiн өрт   


техникасы қауiпсiздiгiне қойылатын
талаптар" техникалық регламентiнiң
3-қосымшасы           

жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау