Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар


Өрт техникасы мен оның тiршiлiк циклi процестерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары



жүктеу 0,68 Mb.
бет3/7
Дата03.01.2020
өлшемі0,68 Mb.
#25833
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7

3.2. Өрт техникасы мен оның тiршiлiк циклi процестерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары

      120. Объектiде орналастырылатын өрт техникасы орналастырылуы бойынша мыналарға сәйкесуi керек:


      1) ғимарат пен үймараттардың өрт-жарылыс және өрт қауiптiлiгi бойынша санаттары;
      2) электростатикалық ұшқын қауiпсiздiк;
      3) объектiнi климаттық ауданға бөлу және өрт техникасын орналастыру санаттары;
      4) қоршаған орта жемiрлiгi;
      5) сыртқы дiрiл әсерлерiнiң параметрлер мәндерi.
      121. Өрт автомобильдерiн пайдалану кезiнде қауiпсiздiк және еңбектi, қоршаған ортаны қорғау, өндiрiстiк санитария және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнде еңбектi қорғау ережелерi" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      122. Өрт автомобильдерiн және өзге өрт техникасын пайдалану кезiнде қауiпсiздiк және еңбектi қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындауға жауаптылық объектiлердiң бiрiншi басшылары немесе олардың орынбасарларына жүктеледi.
      123. Өрт автомобильдерiне техникалық күтiм жасау және жөндеу осы мақсаттарға арнайы арналған үймараттар мен орындарда (посттарда) бүтiн және өзiнiң арналуына сәйкесетiн жабдықтар мен аспаптар пайдаланылып жүргiзiлуi керек.
      Өрт техникасына техникалық күтiм жасау және жөндеу жұмыстарына қауiпсiздiк пен еңбектi қорғау бойынша даярлықтан өткен және жұмыстың қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiн бiлетiн тұлғалар қатыстырылады.
      124. Доңғалақ немесе шынжырлы шассиге салынатын өрт машиналарының құрастырымы мен жинақталуы негiзгi машинаның қауiпсiздiк көрсеткiштерiн төмендетпеуi керек.
      125. Өрт машиналарының құрылғылары (агрегаттарды, басқару жүйелерiн, өрт-техникалық жарақтар, әскери есептi орналастыру) өрттi сөндiру кезiнде тактикалық мiндеттердiң орындалу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ қозғалыс, техникалық күтiм жасау және жөндеу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi керек.
      Өрт-техникалық жарақты орналастыру сызбалары мен бекiту тораптары оның сенiмдi бекуiн, әскери жұмыс iстеу жылдамдығын, оны алу және орнату кезiнде қолайлылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi керек.
      126. Пайдалану барысында өрт машинасының техникалық қалпы, өрт автомобилiнiң салонында орналастырылатын өрт-техникалық жарақ, жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерi, арнайы агрегаттарды басқару органдарының көлемдерi, объектi мен орналасуы, өрт автомобилiнiң түстi-кескiндi сызбасы, арнайы сәуле және дыбыс белгiлерi, сондай-ақ электр жабдығы, сыртқы сәуле түсiру құралдары мен жарық шағылыстыратын жарақтар мемлекеттiк, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi керек.
      127. Өрт автомобилiн өртке қатысты күйге келтiру құрастырымы кәсiпорын-дайындаушы оны негiзгi шассиге құрастыруға арнап әзiрленген нормативтiк және техникалық құжаттамаларға сәйкесуi керек.
      Өрт автомобилiн пайдалану барысында оның құрастырымына өзгерiстер енгiзу, орналастыру орнын өзгерту және кәсiпорын-дайындаушы келiсiмiнсiз қосымша өрт-техникалық жарақ орнатуға тыйым салынады.
      128. Жарық берулi деңгейi мыналардан кем болмауы керек:
      1) 20 лк - сiлтегiштер, бақылау және өлшеу құралдары, басқару жүйесi элементтерiн таңбалау;
      2) 10 лк - әскери есеп кабиналары мен өрт-техникалық жарақ салынған шанақ бөлiгi;
      3) 10 лк - оларға сорғыш және арынды түтiк құбырлар, электр күштi қондырғылар кабельдерi қосылатын бөлiмдерден бiр метр қашықтықта жұмысшы алаңдарда.
      Өрт автомобилiнiң салонында, бөлiм командирiнiң жұмысшы орын аймағында жарық беру деңгейi кемi 10 лк, жүргiзушiнiң көзiне шағылыспайтын жергiлiктi жарық беру шамы орналасуы керек.
      129. Басқару органдарының құрастырымы мен арнайы агрегаттар орналастыру оларды кездейсоқ iске қосылу мүмкiндiгiн болдырмауы керек.
      Арнайы агрегатты басқару органдары, қақпақтар, ыдыс қақпақтары, өрт автомобилi салонының есiктерiн, бөлiктер мен өзге элементтердi ашуға арналған тұтқалар оларды жеке қол қорғау құралдарын киiп қолмен қамтып ұстау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi керек.
      Арнайы дыбыс және сәулелi дабыл берудi басқару органдары оларды жүргiзушi немесе бөлiм командирi шұғыл iске қосуы үшiн қолайлы аумақта орналасуы керек.
      130. Өрт автомобилiнiң толық салмағы негiзгi шассиге орнатылған толық салмақтың 95% аспауы керек.
      131. Өрт автомобилiнiң құрамдас бөлiктерiн негiзгi шасси жақтауында жинақтау жүктемелердiң өрт автомобилiнiң осiне толық салмағының нақты шассиге арналған техникалық шарттарға сәйкес таралуын қамтамасыз етуi керек, бұл жағдайда басқарылатын оське түсетiн жүктеме толық салмақтан кемi 25% құрауы, ал оң және сол жақтағы доңғалақтарға жүктемелер толық салмақтан 1% артық емес рұқсат етiлетiн ауытқумен тең болуы керек
      132. Өрт автомобилiнiң статикалық орнықтылығының көлденең бұрышы толық салмақ жағдайында кемi 30 о болуы керек.
      133. Өрт автомобилiнiң еденнен тебе қаптамасына дейiнгi, бүйiр қабырғасының iшкi қаптамасынан 0,25 м қашықтықта өлшенген салон биiктiгi кемi 1,40 м болуы керек.
      Өрт автомобилiнiң орындық жастығынан (жазықтығынан) салон төбесiне дейiнгi тiкеге 8 о бұрыш астында өлшенген қашықтығы кемi 1,10 мм болуы керек.
      134. Орындықтардың көлденең орналасқаны (шассидiң бойлық осiне қатысты) жағдайда өрт автомобилi салонының есiк жақтауының енi кемi 0,65 мм болуы керек.
      Орындықтардың бойлық (шасси жақтауы бойына) орналасқаны жағдайда өрт автомобилi салонының есiк жақтауының енi кемi 1,10 мм болуы керек.
      Есiк жақтауының биiктiгi кемi 1,35 мм болуы керек.
      Жүргiзушi үшiн жұмысшы кеңiстiктiң енi кемi 0,80 м, ал әскери есепсiз орындықтар енi кемi 0,45 м болуы керек.
      135. Өрт автомобилi салонының есiктерi автомобиль жүру бағыты бойынша ашылуы және сыртқы және iшкi тұтқалары болуы керек, бұл жағдайда бiрiншi қатар есiгi сыртынан және iшiнен, ал қалғандары тек iшiнен жабылуы керек.
      Өрт автомобилi салонының есiктерi оларды жабық және ашық күйде 75 о бұрыш қалпында бекiтетiн құрылғылары болуы керек.
      136. Өрт автомобилi салоны есiктерiнiң iшкi құлыптары автомобиль қозғалуы кезiнде есiктердiң ерiксiз ашылып кету мүмкiндiгiн болдырмайтын құрылғыларға ие болуы керек.
      Өрт автомобилi салоны есiктерiн бекiту тетiктерiнiң тұтқалары жарақат тигiзудi болдырмайтын объектiге ие болуы керек.
      137. Өрт автомобилi салонының есiктерi кез келген аралық қалыпта бекiтiлетiн түсiрiлетiн, жылжытылатын немесе бұралатын шынылармен жабдықталуы керек.
      138. Орындықтардың көлденең орналасқаны жағдайда өрт автомобилi салонында орындықтар қатары жарақат қауiпсiз тұтқалармен қоршалуы керек.
      Өрт автомобилi салонында орындықтардың екiншi қатары мен тұтқалары арасындағы қашықтық кемi 0,35 мм болуы керек.
      Орындықтардың үш қатарлы орналасқаны жағдайда екiншi және үшiншi қатарлар арасындағы қашықтық кемi 0,45 м болуы керек.
      139. Өрт автомобильдерi кемi екi өрт сөндiргiшпен жабдықталуы керек.
      Өрт сөндiргiштердi бекiту орындары жабдықтарды орналастырудың жеңiл қол жеткiзiлетiн аймақтарында болуы керек, бұл жағдайда олардың бiреуi (ОП-2 түрдегi) жүргiзушi орындығына жақын, ал екiншiсi (ОП-10 түрдегi немесе екi ОП-5) өрт автомобилiнiң шанағында (бөлiгiнде) болуы керек.
      140. Өрт автомобильдерi "Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесiн , Көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң негiзгi ережелерi мен лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мiндеттемелерiн және Көлiгi арнайы сәулелi және дыбысты белгiлермен және арнайы түрлi-түстi кескiн сызбалары бойынша боялуға жататын жедел және арнайы қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына сәйкес бiрiншi медициналық көмек пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету құралдарымен және электр тогымен зақымданудан жеке қорғау құралдарымен жабдықталуы керек.
      141. Өрт автомобилiнiң салонында, сондай-ақ оператордың жұмысшы орнында өрт автомобилi қозғалтқышы пайдаланған газдарының түтiндерiнен болатын зиянды заттар болуы шектi рұқсат етiлетiн шоғырлардан аспауы керек.
      Өрт автомобильдерi оператордың жұмысшы орнынан пайдаланылған газдарды бұрып әкету жүйесiмен жабдықталуы керек.
      Төмен температуралы өрт сөндiретiн заттан салқындайтын және оператор жұмыс iстеуi кезде жанасуға қол жеткiзiмдi өрт автомобилiнiң құбыржолдары мен агрегаттар беттерi оқшаулануы керек.
      142. Өрт автомобильдерi тепкiшек, саты және тұтқалармен (қапсырмалармен) жабдықталуы керек.
      Өрт автомобилiнiң салонына немесе оның жұмысшы бетiне көтерiлуге арналған тепкiшек биiктiгi жол (жер) деңгейiнен 0,50 м артық емес деңгейде болуы керек.
      Техникалық негiзделген жағдайларда тепкiшек немесе сатының бiрiншi басқышының биiктiгiн 0,70 м артық емес биiктiкте орындау рұқсат етiледi.
      Өрт автомобилi темпiшектерiнiң енi кемi 0,25 м, тереңдiгi кемi 0,20 м болуы керек.
      Өрт автомобилi сатыларының басқыштар енi мен тереңдiгi кемi 0,15 м, басқыштар арасында қашықтық 0,30 м артық емес болуы керек.
      Тұтқалар (қапсырмалар) диаметрi кемi 0,02 м, орналасу биiктiгi шанақ бетiнен кемi 0,10 м болуы керек.
      Тепкiшектер, саты басқыштары, өрт автомобилi салоны еденiнiң жабыны, жұмысшы алаңдар сырғу тудырмайтын материалдан дайындалуы немесе 1 мм-ден 2,5 мм-ше дейiнгi шектi биiктiкте бедерлi орындалуы керек.
      Тепкiшектер шанақ элементтерiнен шығып тұратын жағдайда онда олар жарақат қауiпсiз объектiге ие болуы керек.
      143. Өрт автомобилiнiң төбесiнде орналасқан жұмыс орны, жұмысты түрегеп тұрып орындаған жағдайда айнала биiктiгi кемi 0,10 м қоршауға ие болуы керек.
      144. Өрт автомобильдерi бөлiктерiнiң есiктерi олардың өздiгiнен ашылып кетуiн болдырмайтын өздiгiнен iске қосылатын бекiту құрылғыларымен жабдықталуы керек.
      Серпiмдi есiктер ашық қалыпты өздiгiнен iске қосылатын бекiткiштермен жабдықталуы керек.
      Бөлiк есiктерiнiң перделi және оған ұқсас құрастырымды есiктерiнде ашудың кез келген қалпында бекiтуге ие болуы керек.
      145. Тұрақ қалпында ашық есiктер, орнатылған шығарылатын тiреулер, жарық беру мачталарының кермелерi, автомобильдiң ұзындығы немесе енi бойынша үлкейтетiн габариттiк көлемдерi өрт автомобилiнiң габариттерiн көрсететiн жарық қайтаратын элементтермен немесе өзге белгi беру құрылғыларымен жабдықталуы керек.
      Құрал бетiнде жүргiзушiде ашық есiктердiң болуын, шығару тiреулерiн және жарық беру мачталарын көрсету қондырғылары туралы белгi беру құрылғысы жеке шығарылып көрсетiлуi керек.
      146. Өрт автомобильдерiнiң құрастырымы салонды жылулық қорғау жүйесiн, негiзгi агрегаттарды, отын бактарын, отын магистральдарын жоғары жылу ағындарының әсерiнен қорғау жүйесiн орнату мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi керек.
      Бет температурасының және жылу ағыны тығыздығының шектi рұқсат етiлетiн мәндерi, жылудан қорғау жүйелерiнiң параметрлерi мен құрастырымы (экран, жабын, суландыру) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес анықталуы керек.
      147. Отын багын өрт автомобилiнiң салонында және қозғалтқыштың өңделген газдарын шығаратын жүйеден кемi 0,10 м қашықтықта орналастыруға тыйым салынады.
      Отын багы мен оған отын құятын мойны өрт автомобилi шанағының габаритiнен шығып тұрмауы керек.
      Қосымша жылу жетектерiн орналастыру оларды тұтқырлық, жемiрлi және соққы әсерiнен қорғауды қамтамасыз етуi керек.
      Қосымша отын жетектерi өрт автомобилi жақтауының ақаулануы туындаған жағдайда олардың бүлiнуiн болдырмайтын теңгермелерге ие болуы керек.
      148. Суға (немесе өзге өрт сөндiретiн сұйық затқа) арналған цистерна iшiнде көлденең толқын бұзғыштар (қалқаншалар, кеуектi толтырғыш) орналастырылуы керек.
      Толқын бұзғыштар алаңы цистернаның көлденең қимасы алаңының кемi 95 % құрауы керек.
      Көлденең толқын бұзғыштар әрбiрi 1,5 т сыйымдылықпен, өзара бiр бiрiне жанасатын бөлiктерге бөлуi керек.
      Артқы сыртқы шиналар жолтабанының 80 % артық көлемдегi цистерна енi жағдайда бойлық толқын бұзғыштарды орнату мiндеттi емес.
      149. Өрт автомобилiне Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес "массалар орталығы" (жеткiзу қалпында) деген айла-шарғылық белгi салынуы керек.
      150. Өрт автомобильдерi екi керi шегеруге қарсы тiреулермен (табандықтармен) жабдықталуы керек.
      151. Дизель қозғалтқышты өрт автомобилiнiң шығару түтiгiнiң құрастырымы оған ұшқын басқыш қондырғы орнатылуын қарастыруы керек.
      152. Пневмо- және гидрожүйелер құрастырымы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi керек.
      153. Өрт автомобильдерiне орнатылған, қысым астында жұмыс iстейтiн ыдыстар "Қысым астында жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату және қауiпсiз пайдалану ережелерi" талаптарына сәйкесуi керек.
      154. Автосатылар, иiндi өрт автокөтергiштер мен өрт көбiк көтергiштер мына жағдайларда құтқару жұмыстары мен өрт сөндiрудi қауiпсiз жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн статистикалық және динамикалық орнықтылыққа ие болуы керек:
      1) 6 о дейiн қоса көлбеумен оларды бетке орналастыру;
      2) өрт сөндiретiн заттарды беруге арналған құрылғылармен жұмыс iстеген жағдайда;
      3) саты (жүкбесiк) жоғарғы деңгейiнде жел жылдамдығының 10 м/с артық жағдайында.
      155. Автосатылардың, иiндi өрт автокөтергiштерiнiң және өрт көбiк көтергiштерiнiң шығарылатын тiреу табандығынан топыраққа орташа қысым 0,6 МПа артық емес болуы керек.
      156. Автосатылар, иiндi өрт автокөтергiштерi мен өрт көбiк көтергiштерi мыналарды болдырмайтын блоктауларға ие болуы керек:
      1) бекiтiлмеген серiппе мен көтерiлген тiреулер жағдайында бұрма (иiн жиынтығы) қозғалу мүмкiндiгi;
      2) жұмыс алаңынан тыс бұрма (иiн жиынтығы) қозғалу мүмкiндiгi;
      3) бұрманың (иiн жиынтығы) жұмысшы қалпы жағдайда тiреулер көтерiлуi;
      4) автомобиль қозғалысы кезiнде тiреулердiң өздiгiнен жылжып алға шығуы;
      5) бұрмада лифт кабинасы немесе оның ең төменгi қалыпта болмағаны жағдайда қозғалыс кезiнде орнынан жылжып кетуi;
      6) бұрманы (иiн жиынтығы) көлiктiк қалыпқа орнатқаннан кейiн оның әрi жылжуды тоқтатпауы;
      7) автомобильдiң күштi iрiктеудiң қосылған қорабы, бекiтiлген серiппелер, алға жылжыған тiреулер мен көтерiлген бұрма (иiн жиынтығы) жағдайында қозғалуы;
      8) құрастырманың шеткi нүктелерiнiң (алдымен соғылуды шектегiштер) кедергiмен жанасқаны жағдайда бұрманың (иiн жиынтығының) жүкбесiктiң қозғалуы;
      9) жүк көтергiштiктiң 10 %-дан артық асқаны жағдайда бұрма (иiн жиынтығының) қозғалуы.
      157. Автосатылар, иiндi өрт автокөтергiштер мен өрт көбiк көтергiштерiнде негiзгi күш агрегаты жетегiнiң немесе шасси қозғалтқышының iстен шыққаны жағдайда бұрманы, иiн жиынтығын көлiк қалпына келтiруге арналған апаттық жетегi болуы керек.
      158. Автосаты, иiндi өрт автокөтергiшiнiң және өрт көбiк көтергiшiнiң жоғарғы жағының қозғалу жылдамдығы қауiпсiздiк өрiсiнiң шектi мәндерiне немесе қозғалыс жетектерiнiң атқарушы тетiктерiнiң шеткi қалыптарына жеткен жағдайда автоматты түрде баяулауы керек.
      159. Автосатылар мен иiндi өрт автокөтергiштерi:
      1) бұрма көтерiлу биiктiгi мен шығуын, иiн, жүкбесiк, лифт кабинасының жиынтығын көрсеткiштермен жабдықталуы және оператордың жұмыс орнынан жақсы көрiнетiн бiр блокта жинақталуы және 5 % артық емес кiнәратқа ие болуы керек;
      2) бұрманың төменгi иiнiнiң көлбеу бұрышын;
      3) бұрма көлбеулiгiнiң көлденең бұрышын көрсеткiштерiмен (бақылау құралдарымен) жабдықталуы керек.
      160. Басқару батырмаларында орналасқан автосатының және иiндi өрт автокөтергiшiнiң дыбыстық, сәулелiк дабыл белгiлерi мыналар туралы хабарлауы керек:
      1) бұрманың, иiндер жиынтығының, жүкбесiктiң, лифт кабинасының қозғалыстың жұмысшы өрiс шекарасына жақындағанын;
      2) бұрманың, жүкбесiктiң, лифт кабинасының асқын жүктелуiн;
      3) алдымен соғылуды шектегiштiң iске қосылу сәтiн;
      4) тiреудiң жерден немесе төсемнен ажырау сәтiн;
      5) осьтердiң бiрiгу сәтiн (автосатылар үшiн);
      6) басқыштар бiрiгу сәтiн (автосатылар үшiн).
      161. Автосатыны және иiндi өрт авто көтергiшiн басқарудың барлық тармақтарынан барлық орындалатын қозғалыстарды ақырын (сатысыз) реттеу қамтамасыз етiлуi керек.
      162. Автосатылар мен иiндi өрт автокөтергiштер оның кез келген қалпында жүкбесiк еденiнiң көлденеңдiгiн және бұрма бойы орналасқан саты басқыштарының көлденеңдiгiн қамтамасыз ететiн тегiстеу жүйесiне ие болуы керек (болған жағдайда), бұл жағдайда жүкбесiк еденiнiң көлденең жазықтықтан ауытқуы 3 о артық болмауы, ал сатылар 2 о артық болмауы керек.
      163. Жүкбесiк еденiнiң алаңының мынадай көтеру биiктiктi иiндi өрт автокөтергiш үшiн мыналарды құрауы тиiс:
      1) кемi 22 м - кемi 1,4 м 2 ;
      2) 22 м-31 м - кемi 2,0 м 2 ;
      3) 31 м-дан артық - кемi 2,5 м 2 .
      Жүкбесiк еденiнiң және лифт кабинасының алаңы мынадай көтеру биiктiктi автосатылар үшiн мынаны құрауы керек:
      1) кемi 25 м - кемi 0,46 м 2 ;
      2) 25 м-ден артық - кемi 0,7 м 2 .
      164. Автосатылар мен иiндi өрт автокөтергiштерiнiң жүкбесiктерi 0,50 м және 1,10 м биiктiкте тұтқалардың екi қатарымен түзiлген қоршауға ие болуы керек. Жүкбесiк еденiнiң айналасында биiктiгi кемi 0,1 м тегiс қоршау (жиектеме) болуы керек.
      Жүкбесiктi қоршау элементтерi (тұтқалар) түрлi бағытта кемi 1,3 кН жиынтық жүктемеге төтеп беруi керек.
      Лифт кабинасы айнала биiктiгi кемi 1,50 м ұялы қоршауларға ие болуы керек.
      165. Иiндi өрт көтергiшiнiң жүкбесiгi мен автосаты лифтiнiң кабинасы iшiнен және сыртынан ашылатын құлыпты бiр немесе екi жағынан бiр жақтаулы есiктермен жабдықталуы керек.
      Иiндi өрт автокөтергiштiң жүкбесiгiн қайырма тұтқалармен жабдықтау рұқсат етiледi, бұл жағдайда өтпе енi кемi 0,50 м болуы керек.
      166. Автосатылар мен иiндi өрт автокөтергiштерi (орнықты жүкбесiктi) бiреуi жүкбесiкте, екiншiсi автомобильде орналасқан екi басқару батырмаларымен жабдықталуы керек.
      Өрт көбiк көтергiш шығарылатын (негiзгi) және автомобильде орнатылған (көмекшi) екi басқару батырмаларымен жабдықталуы керек.
      167. Жүкбесiк қозғалысын онда орналасқан батырмадан басқарған кезде негiзгi батырмадан басқару шектелуi керек.
      168. Басқару батырмасында иiндi өрт автокөтергiшiнiң жүкбесiгiнiң барлық қозғалыстарын басқару органдары өздiгiнен қайтатын, олардың өздiгiнен қосылу мүмкiндiгiн болдырмауы және iске қосылатын тетiк қозғалыстарын белгiлеуге ие болуы керек.
      169. Автосатыны, иiндi өрт автокөтергiшiн басқару батырмасының және өрт көбiк көтергiштiң басқару батырмалары автомобиль қозғалтқышын ажыратпай орындалатын маневрдi апаттық тоқтату және дыбыстық белгi берудi қосу құрылғысына ие болуы керек.
      170. Автосатылар мен иiндi өрт автокөтергiштерi негiзгi басқару батырмасы мен жүкбесiк арасында екi жақты дауыс зорайту байланысын қамтамасыз ететiн сөйлесу құрылғыларымен жабдықталуы керек.
      171. Өрт машиналарының электр жабдықтарын орнату және пайдалану "Электр қондырғыларын орнату ережелерi", "Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерi мен тұтынушылардың электр қондырғыларды пайдалану кезiнде қауiпсiздiк техникасы ережелерiне", сондай-ақ "Өрт автомобильдерi мен тiркемелерiнiң электр қондырғыларын пайдалану кезiнде қауiпсiздiк ережелерiне" сәйкесуi керек.
      172. Өрт автомобилi салоны мен бөлiмдерiнде орналасқан электр қосылыстар IP 43 қорғаныс деңгейiне, қалған электр қосылыстары IP 54 қорғаныс деңгейiне сәйкесуi керек.
      173. Электр сымдары құрастыру кезiнде олардың үзiлуiн, қажалуын болдырмау үшiн берiк бекiтiлуi, сондай-ақ оларға өрттiң температуралық факторлары, су төгiлуi мен атмосфералық жауын-шашын әсерiнен қорғалуы керек.
      174. Қосымша электр жабдығының кез келген элементiн қоректендiрудiң электр тiзбектерi қорытпа сақтандырғыштармен (немесе автомат ажыратқыштармен) жабдықталуы керек.
      175. Енгiзулер, өткiзгiштер, айыртетiктi ажыратқыштар таңбалауға ие болуы керек. Өткiзгiштердi таңбалау әр өткiзгiштiң екi шетiнде орындалуы керек.
      176. Өрт автомобильдерi базалық шассидiң аккумуляторлық батареяларын ажыратқышпен (массаны ажыратқышпен) жабдықталуы керек.
      177. Өрт автомобильдерi жеке құрамды электр тогымен зақымданудан жеке қорғау құралдарымен (диэлектр қолғаптар, ботылар, кiлемшелер, сондай-ақ электр сымдарын қиюға арналған қайшылармен) жабдықталуы керек.
      178. Өрт автомобилiн және оның электр жабдықтарын жерге тұйықтайтын қысқыштар Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес дайындалуы керек.
      Жерге тұйықтау құрылғысының байланысу бетi жегiге қарсы жабынға ие болуы керек.
      179. Өрт автомобилiн жерге тұйықтау жерге тұйықтайтын құрастырымдарға бекiтудiң арнайы құрылғысымен жабдықталған 10 мм 2 кем емес қималы (диаметрлi) оқшауланбаған көп өзектi сым сымының көмегiмен жүргiзiлуi керек.
      180. Өрт автомобилiнде жерге тұйықтаушы қысқышты орналастыру орнында өрт автомобилi құрастырымының барлық металл элементтерiмен (өрттiк күйге келтiру, су-көбiктi коммуникациялар және автомобильдiң негiзгi шассиi) электр байланысқа ие болуы керек (байланысу орындарында 2000 мкОм артық емес айнымалы қарсылықты қамтамасыз ететiн метал бөгеттер орнатылған).
      181. Өзектi жерге тұйықтағыштар саны нақты үлгiдегi өрт автомобильдерiне арналған нормативтiк құжатта белгiленуi керек.
      182. Кернеуi 230 В және 400 В өрт автомобилiнiң электр күштi қондырғылары қосымша ажыратқыш құрылғысына қосымша өзектi жерге тұйықтағыштармен жинақталуы керек.
      183. Өзек пен жерге тұйықтаушы өткiзгiштер арасында айнымалы қарсылық 600 мкОм артық емес болуы керек.
      184. Жерге тұйықтаушы құрылғы 250 м артық емес ағу қарсылығын қамтамасыз етуi керек.
      185. Өрт автомобилiнiң электр күш қондырғысының құрастырымы қызмет көрсетушi қызметкерлердiң электр тогынан зақымданудан қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi керек.
      186. Өрт автомобилiнiң электр күш қондырғыларының айнымалы үш фазалы тогының электр қосылыстар сызбасы оқшауланған бейтарапқа (генератор орауын нөлдiк нүктенi шығарып "жұлдызша" сызбасы бойынша қосқан жағдайда) ие болуы керек.
      187. Фазалық сымдар немесе бейтараптың корпуспен немесе жермен тiкелей және жасанды нөлдiк нүктемен (радиоқабылдауға бөгеуiлдердi басуға арналған құрылғыдан басқа) электр байланысын құрайтын қандай да бiр құрылғыны қолдануға тыйым салынады.
      188. Оқшаулау қарсылығын үнемi қабылдау құрылғысы мен қорғаныс ажырату құрылғысының қиюласуынан тұратын электр қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi өрт автомобилiнiң 36 В және артық кернеулi электр күштi қондырғысын пайдаланған кезде электр қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi жүйесi болып табылуы керек.
      189. Оқшаулау бүлiнуi салдарынан қауiптi кернеу астында болуы мүмкiн электр жабдығының барлық металл ток өткiзбейтiн бөлiктерi қоректендiру көзiнiң корпусымен, сондай-ақ өрт автомобилiнiң шассиiмен электр қосылысқа ие болуы керек.
      190. 230 В және 400 В атаулы кернеулi жеке ажыратылған күш тiзбектерi жағдайында өрт автомобилiнiң күш электр жабдықтарының оқшаулау қарсылығы өзара және корпусқа қатысты кемi 0,5 МОм болуы керек.
      191. Бұйымның қосылған қалпын, қорғаныс, кернеу болуын, орнықты және тасымалданатын электр қабылдағыштарын қосу және өзге iс-әрекеттердi көрсету үшiн өрт автомобилiнде ескертпе белгiлер, жазулар мен тақтайшалар қолданылуы керек.
      192. Өрт сөндiру қондырғыларына, автомат өрт дабылы, хабарлау және өрт кезiнде адамдар көшiрудi басқару жүйелерiне қойылатын өрт автоматикасының (бұдан әрi - жүйелер мен қондырғылар) қауiпсiздiк талаптары "Автомат өрт сөндiру және автомат өрт дабылы, хабар беру және өрт кезiнде көшiрудi басқару жүйелерiмен бар ғимарат, үймарат және құрылымдарды жабдықтау бойынша талаптар" техникалық регламент талаптарына сәйкесуi және нақты түрлi мен өзгерiстi өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына арналған техникалық құжаттамада белгiленуi керек.
      193. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғылары "Қазақстан Республикасының электр қондырғыларын орнату ережелерi" талаптарына сәйкес электрмен қамтамасыз ету сенiмдiлiгi бойынша 1 санатты ток қабылдағыштарына жатқызылуы керек.
      194. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының электр жабдықтары мен құбыржолдары жерге тұйықталуы (нөлденуi) керек.
      Жерге тұйықтау белгiсi мен орны Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi керек.
      195. Автомат өрт сөндiру қондырғыларын басқару тораптары мен қолмен iске қосу крандары сорғы стансалары немесе өрт тармақтары үймараттарында орнатылған басқару тораптары мен қолмен iске қосу крандарынан басқасы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес қоршалып пломбылануы керек.
      196. Қоршалатын үймараттарда орналастырылатын автомат өрт сөндiру қондырғыларын басқару тораптары осы үймараттардан 1 тұрпатты өртке қарсы қалқаншалармен және REI 45 құрылыс құрастырымдарының отқа төзiмдiлiк шектi 1 тұрпатты қалқаншалармен, қорғалатын үймараттан тыс шыны немесе торлы қалқаншалармен бөлiнуi керек.
      197. Бекiту құрылғылары (ысырмалар, бұрандалар, крандар) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi және сұйық ағынының бағытын көрсеткiштермен (тiлдермен) және "Ашық" және "Жабық" жазуларымен жабдықталуы және автомат өрт сөндiру қондырғыларының кездейсоқ немесе өздiгiнен iске қосылу және ажырау мүмкiндiгiн болдырмауы керек.
      198. Автомат өрт сөндiрудiң автомат қондырғыларымен жұмыс iстеуге арнайы нұсқаулықтан және қауiпсiздiк және еңбектi қорғаудан оқудан, орындалатын жұмысқа қатысты атқаратын лауазымына сәйкес қауiпсiздiк ережелерi мен нұсқаулықтарды бiлуге тексеруден өткен тұлғалар қатыстырылуы керек.
      199. Автомат өрт сөндiру қондырғыларын пайдалану кезiнде:
      1) автомат өрт сөндiру қондырғыларының құбырларын қандай да бiр жабдықты асу немесе бекiту үшiн пайдалануға;
      2) автомат өрт сөндiру қондырғыларының құбырларына өндiрiстiк жабдық пен санитарлық құралдарды қосуға;
      3) автомат өрт сөндiрудiң сплинкерлiк қондырғыларының құбырларында орнатылған iшкi өрт крандарын өрт сөндiруден басқа мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
      200. Өрт сөндiрудiң сорғылық стансасының үймараттарында және басқару тораптарында оған сәйкес сорғылар, басқару тораптары, ысырмалар мен өзге жабдық нөмiрленуi керек сорғылық қондырғының принципиалдық сызбасы iлiнуi керек.
      201. Сорғы стансасының үймараттарында жұмысшы және апаттық жарық беру, сондай-ақ өрт тармағымен (диспетчерлiк) телефон байланысы қарастырылуы керек.
      202. Сынаулар немесе жөндеу жұмыстарын жүргiзу орнында "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес "Сынаулар жүрiп жатыр" түсiндiрме жазбасымен "Байқа! Өзге қауiптер" деген ескертпе белгiсi орнатылуы, сондай-ақ нұсқаулықтар мен қауiпсiздiк ережелерi iлiнуi керек.
      203. Көбiк түзгiштi сақтауға арналған үймарат Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi керек.
      204. Радиоизотопты өрт хабарлағыштары радиациялық қауiпсiздiк нормаларына сәйкесуi керек.
      Радиоизотопты өрт хабарлағыштарының бетiнде гамма- және рентген сәулеленулердiң балама көлемiнiң күшi 3 мкЗв/ч артық емес болуы керек.
      Альфа- және бета сәулеленетiн радиоизотопты өрт хабарлағыштарының белсендiлiгi 185 кБк артық болмауы керек.
      205. Өрт кезiнде хабарлау мен көшiрудi басқарудың техникалық құралдары құрастырылуы және олар пайдаланудың қалыпты жағдайында өрт қаупiн тудырмайтындай үлгiде дайындалуы керек.
      Техникалық хабарлау құралының iшiнде туындайтын жалын құрастырым материалдары мен қабық шегiнен тыс қоршаған кеңiстiкке таралмауы керек.
      206. Металл емес материалдардан дайындалған, сыртқы бөлiктер үшiн пайдаланылатын өрт кезiнде хабар беру мен көшiрудi басқарудың техникалық құралдарының бөлiктерi кемi плюс 75 о С температурасына термикалық тұрақты болуы керек.
      Өрт кезiнде хабарлау және көшiрудi басқарудың техникалық құралдарының ток өткiзгiштердi ұстайтын және қосылыстарды нақты қалыпта ұстайтын бөлiктерi кемi плюс 125 о С температурасы жағдайында термикалық тұрақты болуы керек.
      207. Өрт кезiнде хабарлау және көшiрудi басқарудың техникалық құралдарының металл емес материалдардан дайындалған бөлiктерi оған 30 с бойына жалын әсер еткен жағдайда тұтануға тұрақтылыққа ие болуы керек.
      208. Өрт кезiнде хабарлау және көшiрудi басқарудың техникалық құралдарының металл емес материалдардан дайындалған бөлiктерi оған 30 с бойына жалын әсер еткен жағдайда жалынның таралуына тұрақтылыққа ие болуы керек.
      209. Өрт кезiнде хабарлау және көшiрудi басқарудың техникалық құралдары электр қауiпсiздiк талаптарына сәйкесуi және қызмет көрсету қызметкерлерiнiң құрастыру және регламенттiк жұмыстары кезiнде қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi керек.
      210. Оттегi-оқшаулауыш газқағарларын қамтамасыз ету үшiн химиялық жұтқышпен жұмыстар жүргiзiлетiн үймараттар ауа тарту-әкету желдеткiштерiмен жабдықталуы керек.
      Химиялық жұтқышпен жұмыс iстейтiн тұлғалар арнайы киiммен және жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етiлуi керек.
      211. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары баллондарын оттегiмен (ауамен) толтыруға арналған сығымдағыш қондырғыларды пайдаланған кезде "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнде еңбектi қорғау ережесi", "Қысым астында жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату және қауiпсiз пайдалану ережелерi", сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнде газ-түтiннен қорғау бойынша нұсқаулықтар" талаптары сақталуы керек.
      212. Қысатын оттегiлiк сығымдағыштармен жұмыс iстеген жағдайда оларды ауаны және оттегiн ауыспалы айдау үшiн пайдалануға тыйым салынады.
      213. Сығымдағыштармен жұмыс iстеген кезде мыналарға тыйым салынады:
      1) жұмыстағы сығымдағыштарға жөндеу жасау;
      2) қысым астында тұрған жүйелер ақаулығын жою;
      3) сығымдағыштың қателесiп жұмысқа қосылуын болдырмайтын шаралар қабылдамай жөндеу жұмыстарын жүргiзу;
      4) сығымдағыштар мен оттегi баллондарына майлы киiмде қызмет көрсету және жөндеумен байланысты жұмыстар орындау;
      5) баллондарды оттегiмен (ауамен) жұмысшы қысымнан жоғары толтыру.
      214. Оттегi (ауа) толтырылатын баллондар сығымдағыштардың тарату жақтауларына берiк бекiтiлуi керек.
      215. Баллондарды мына жағдайларда оттегiмен (ауамен) толтыруға тыйым салынады:
      1) белгiленген қызмет ету мерзiмi аяқталды;
      2) кезектi тексеру мерзiмi өткен;
      3) баллонның толтырылу (жүктелу циклдерi) ресурстары аяқталған;
      4) баллон корпусы бүлiнген (қатты жегi, майысулар, көтерiлулер, ойықтар немесе тесiктер);
      5) бұрандалары ақаулы (жалғастырғыш ойығы бүлiнген, соташық майысқан, клапанның фторопласты салмасында сақиналы ойықтар, оттегiнiң (ауаның) клапан және тығыздау сомыны арқылы кетуi, бұранда сермерiнiң бұралуы қиын);
      6) тиiстi бояуы немесе жазуы жоқ
      7) оттегiнiң (ауаның) артық қысымы жоқ
      8) орнатылған таңбалар жоқ.
      216. Жарамдылық мерзiмi аяқталғаннан кейiн көлiктiк және шағын литражды баллондардағы медициналық оттегi үймараттан тыс қоршаған ортаға шығарылуы керек, бұл жағдайда бұранда жалғастырғышының кiрер саңылауы алдында кемi 2 м еркiн кеңiстiк қамтамасыз етiлуi және оттегiн шығару маңында ашық от, қыздыру құралдары, жеңiл тұтанатын заттар мен майлар болмауы керек.
      217. Баллонды қайта тексеру мерзiмi:
      1) болат баллондар үшiн - 5 жылда бiр реттен артық емес;
      2) металл композиттi баллондар үшiн - 3 жылда бiр реттен артық емес мерзiмдi құрауы керек.
      218. Өрт туындаған кезде сүзетiн типтi өзiн құтқарғыштар қоршаған ортада (үймаратта) оттегi шоғырының кемi 17 % (об.) құрайтын жағдайда пайдаланылуы керек.
      219. Тыныс алу аппараттарын, оқшаулау түрiндегi өзiн құтқарғыштар, өкпенi жасанды желдету аппараттар баллондарын ауамен толтыруға арналған қысылған ауа осы техникалық регламенттiң 7-қосымшасының 1-кестесiнде берiлген мәндерге сәйкесуi керек.
      220. Оттегiлiк оқшаулаушы газқағарларды жабдықтауға арналған газ тектес оттегi мен химиялық әктi жұтқыш осы техникалық регламенттiң 7-қосымшасының 2-кестесiнде берiлген мәндерге сәйкесуi керек.
      221. Жеке қорғаныс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi керек және олар пайдалану жөнiндегi жетекшiлiктiң сәйкес бөлiмдерiнде берiлген.
      222. Суқұбыры желiлерiнiң өрт жабдығы мен жинақтаушы жабдық сорғыш коммуникациялардың жинақтаушы жабдықтарынан басқа кемi 1 МПа жұмысшы қысымға есептелуi және қызмет көрсету үшiн қолайлы қауiпсiз орындарда орнатылуы және қызмет көрсетушi қызметкерлер үшiн қауiптi шектерде жұмысшы режимде және iске қосу кезiнде гидравликалық соққылар тудырмауы керек.
      223. Бекiту құрылғыларын басқару органдарының нысаны, сондай-ақ оларды ашу (жабу) күштерi Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға  рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда берiлген эргономикалық талаптарға сәйкесуi керек.
      Бұрандалар мен крандар сұйықтық ағынының бағытын көрсеткiштермен (тiлдермен) және "Ашық" және "Жабық" сөздерiмен жабдықталуы керек.
      224. Өрт жабдығының, iшкi өрт крандары мен өрт құбыржолдарының (тiке құбыр) бекiту бұрандаларының бояу түсi "Өндiрiстiк объектiлерде дабыл түстерiне, белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын  талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкесуi керек.
      225. Өрт машиналарын жинақтауға арналған қол су өрт бағандары жабатын құрылғылармен жабдықталуы, жылу өткiзгiштiгi төмен материалдан жасалған қаптамаларға ие болуы және тасымалдау қолайлығы үшiн белдiктермен жабдықталуы керек.
      226. Өрт жабдығы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес жұмысшы қысым мен өзге деректерi бар таңбалауға ие болуы керек.
      Оны өрт сөндiру коммуникациясының сызбасына орнату орта ағынын бағыттаумен байланысты жинақтаушы өрт жабдығы (өрт гидроэлеваторы, көбiк араластырғыш) корпусында сәйкес белгiлеуге ие болуы керек.
      227. Түтiк құбыр жапқыштар кемi 2 кН жүктемеге төтеп беруi керек.
      228. Қол өрт сатылары берiк, қамту және тасымалдау үшiн қолайлы және қызмет көрсету кезiнде қауiпсiз және қолайлы болуы керек.
      229. Саты-таяқты ашу (жинау) үшiн қажеттi күш 80 Н артық болмауы керек. Үш иiндi сатыны жылжыту үшiн қажеттi күш 500 Н артық болмауы керек.
      230. Саты басқыштары адырнадан жасалуы, ал олардың объектiлерi басқыштың орнықты қалпын қамтамасыз етуi керек.
      231. Жылжымалы үш иiндi саты құрастырымы мыналарды қамтамасыз етуi керек:
      1) орнықты, сырғымайтын, орнату орындарында беттердегi, оның iшiндегi қатты жабынды орында қалып;
      2) қабырғаға сүйенген сатының оның басындағы тiреу есебiнен оның бүйiрлiк орнықтылығы;
      3) иiндердiң кез келген биiктiкте өздiгiнен басқыштар адымына есе сырғып түсiп кетуiн болдырмайтын сенiмдi тiреу (бекiту).
      232. Жылжымалы үш иiндi сатыны орнатқан кезде мынадай қауiпсiздiк талаптары сақталуы керек:
      1) саты қабырғадан 80 о көлбеу бұрышты қамтамасыз етiп, оның құлауы жағдайда электр және радиожелi желiстерiмен жанасуы болмайтын орындарда қабырғадан 1,5 м - 2 м дейiнгi шекте орналастырылуы керек;
      2) саты иiндерi бiртегiс, жұлқымай, қолда жiптiң бұралуын болдырмай жылжып шығарылуы керек;
      3) саты адырнаның iшкi жағын саусақтармен қамтып ұсталуын болдырмай бiрiншi иiн адырнасынан тартқан кезде ұсталуы керек;
      4) сатыны тартып шығарған кезде оның тепе-теңдiгi қолдануы керек;
      5) алға жылжып шыққан қалыпта сатыны бекiту тетiгi тексерiлуi керек.
      233. Жылжымалы үш иiндi саты бойынша көтерiлу немесе түсу мыналардан кейiн жүргiзiлуi керек:
      1) бiлiк жұдырықшасы саты иiнiнiң басқышын бекiткен;
      2) саты ғимаратқа (құрылымға) сүйенген және өрт сөндiрушi бiрiншi иiн адырнасын ұстап демеледi;
      3) саты ұзындыққа жылжып шығарылған, ол жағдайында жоғарғы иiннiң екi басқышы ғимарат кенересi немесе терезе табанынан шығып тұрады.
      234. Жылжымалы үш иiндi саты бойынша объект ғимаратының (құрылымының) металл төбесiне көтерiлген немесе түскен жағдайда ол тоқтан ажыратылған болуы керек.
      235. Жылжымалы үш иiндi саты бойынша көтерiлiп немесе түскен кезде өрт жабдығының және аспаптарының құлауын болдырмайтын шаралар қабылдануы керек.
      236. Арқанды түсiру және (немесе) құтқару түтiктi құбыр құрылғыларын пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге арнайы оқу курсын бiтiрген тұлғалар жiберiлуi керек.
      Арқанды - түсiру және (немесе) құтқару түтiк құбырлы құрылғыларға техникалық күтiм жасауды тек жауапты тұлға нормативтiк және (немесе) техникалық құжаттың (паспорттың) сәйкес бағанасына жазу түсiрiп орындауы керек.
      237. Объектiде орнатылған арқанды - түсiру және (немесе) құтқару түтiк құбыр құрылғысына техникалық тексеру, сондай-ақ оны пайдалануға қабылдау, жөндеуден кейiн, әр пайдаланғаннан кейiн сынаулар, содан кейiн жылына бiр реттен жиi емес жауапты тұлға мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтың бөлiмшесiнiң және арнайы ғылыми мекеменiң (сынақ зертханасының) өкiлдерiн қатыстырып жүргiзуi керек.
      238. Арқанды - түсiру құрылғысы бойынша түсiру ақырын, жұлқымай, дайындаушы - завод әзiрлеп бекiткен сызба бойынша қатаң сақталып жүргiзiлуi керек.
      239. Мынадай арқанды - түсiру және (немесе) құтқару түтiк құбырлы құрылғыны пайдалануға тыйым салынады:
      1) пломбысы жұлынған, бүлiнгенi байқалған, жұмысшы бөлiктерi ақаулы;
      2) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестiкке сынақтан өтпеген;
      3) жөндеуге келмейтiн немесе өзiнiң ресурсын өтеген.
      240. Құтқару түтiк құбырлы құрылғыларды пайдалану кезiнде түсiру кезiнде, әсiресе құтқарылатын және сақтандыратындардың өмiрi мен денсаулығына әсер ететiн түтiк құбырының төменгi бөлiгiнде статикалық электр зарядтарының жинақталу мүмкiндiгi қарастырылуы керек.
      Көшiрiлетiн адамдарға электрдiң статикалық кернеуiнiң әсерiн төмендету мақсатында:
      1) құтқару түтiк құбыр құрылғысын антистатикалық құралдармен өңдеу;
      2) түтiк құбырдың төменгi бөлiгiн кезеңдi түрде ылғалдап тұру (қоршаған орта температурасы 0 о С-тан төмен емес жағдайда);
      3) көшiрiлген адамдарды қолды түтiк құбырдан алмай, қолғап киiп сақтандыруды жүзеге асыру керек.
      241. Түсетiн кезде көшiрiлетiн адамдарда түтiк құбырдың бүлiнуiн тудыратын, сондай-ақ жарақат алу мүмкiндiгiне ие үшкiр заттар болмауы керек.
      242. Құтқару құралдары мен құрылғыларына қойылатын қауiпсiздiк талаптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi керек және олар пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтың сәйкес бөлiмдерiнде берiлген.
      243. Пневматикалық, электр немесе бензин жетектi соққылау, соғу-айналдыру және айналдырып әсер ететiн механикаландырылған қол аспабында:
      1) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда белгiленген нормалардан аспайтын дiрiл мен шу параметрлерiнiң мәндерiне ие болуы;
      2) басқару органдарына әсер етудi тоқтатқан кезде автоматты түрде ажырауы;
      3) пайдалану кезiнде жұмыс қабiлеттiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi керек.
      244. Бензин жетектi механикаландырылған өрт аспабы өңделген газдар шығуы операторға әсер етпейтiндей және оның тыныс алу аймағын Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда белгiленген нормалардан аса зиянды қоспалармен ластамайтындай орындалуы керек.
      245. Механикаландырылған аспаппен жұмысқа арнайы даярлықтан өткен, емтихан тапсырған, белгiленген үлгiдегi куәлiктi алған тұлғалар жiберiлуi керек.
      246. Жауапты тұлға (оператор):
      1) қозғалтқышты iске қосар алдында жақтау, сүйеме, шина, кескiш шеңбердiң беку сенiмдiлiгiн, ара шынжырының керiлуiн тексеру керек;
      2) қозғалтқышты iске қосқан кезде аралық шынжыр мен кескiш шеңбердiң қандай да бiр заттарға тимейтiндiгiне көз жеткiзу керек;
      3) механикаландырылған аспапқа қосымша отын құю тек қозғалтқыш тоқтап тұрған кезде рұқсат етiледi;
      4) қозғалтқышы жұмыс iстеп тұрған механикаландырылған аспапты қозғалтқыштың бос айналу кезiнде ғана тасымалдау;
      5) ара шынжырының үзiлуi немесе шығып кетуi, сүйеме, шина, кескiш шеңбердiң, қорғаныс қаптамасының бекiтпесi босауы және жұмысты орындау кезiнде байқалған өзге ақаулар жағдайында бiрден газды түсiрiп қозғалтқышты тоқтату керек.
      247. Бензин моторлы аралармен, соққылау балғаларымен, түтiн сорғышпен жұмыс iстеген кезде жауапты тұлғаға (операторға):
      1) ақаулы механикаландырылған аспаппен жұмыс iстеуге;
      2) механикаландырылған аспап қозғалтқышын сүйемесiз (бекiтусiз) iске қосуға;
      3) айқаспаны қозғалтқыш жұмысының бос режимiнде қосуға;
      4) қозғалтқышты жүктемесiз жұмысшы айналымға шығаруға;
      5) сүйемеде реттеу жұмыстарын жүргiзуге және жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыш жағдайында ақауларды жөндеуге;
      6) қозғалтқышты шамда жоғары кернеу сымының қалпағын алып тастау жолымен тоқтатуға тыйым салынады.
      248. Пневматикалық және (немесе) гидравликалық қол аспабымен жұмыс арнайы киiм (комбинезон), қорғау қолғаптарын (крага, биялай), қорғаныс шынылы дулыға киiп жүргiзiлуi керек.
      249. Механикалық аспаппен ток өткiзетiн құрастырымдары мен тетiктерi бар телiмдерде жұмыс iстеген жағдайда оларды тоқтан ажырату керек.
      Оператор механикаландырылған аспаптың жұмысшы магистралiн тексеруi және оның майысуын, сынуын, тетiк тоқтауы немесе бүлiнуiн тудыратын өзге бүлiнулердi болдырмауы керек.
      250. Механикаландырылған қол өрт аспабы эргономикалық талаптарға жауап беретiн объект пен салмаққа ие болуы керек.
      Өрт балталары мен iлмектерiнiң металл бөлiктерi саптарына сенiмдi орнатылуы керек.
      Ағаш саптар ағаштың берiк түрлерiнен дайындалуы және сызаттар мен сынулары болмауы керек.
      251. Электр жетектерiн кесуге арналған қайшылардың оқшаулауыш саптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi керек.
      252. Пневможетектi, электрожетектi қол машиналарының құрастырымы мен пайдалануға, сондай-ақ металдарды газ-жалынды өңдеуге (газды кескiш аппараттар) арналған жабдықтар мен аппаратураға қойылатын қауiпсiздiк талаптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарға сәйкесуi керек және олар пайдалану жөнiндегi жетекшiлiктiң сәйкес бөлiмдерiнде берiлген.
      253. Электростатикалық ұшқын қауiптi объектiлерде диэлектр материалдардан жасалған қонышты ұнтақты және көмiрқышқылды өрт сөндiргiштердi орналастыру және қолдануға тыйым салынады.
      254. Көлiк құралдарында (автомобильдерде, мүдiрмейтiн автомобильдер, тракторларда) орнатуға арналған өрт сөндiргiштер тiреулермен жабдықталуы керек.
      Тiреу өрт сөндiргiштi демеуi, өзiнiң элементтерiмен нұсқаулықтық жазбаларды жаппауы, жұмыста қауiпсiз және өрт сөндiргiштi орнату және жедел алып шығу үшiн қолайлы болуы керек.
      255. Иiнтiректi, батырмалы немесе иiнтiрек-батырма түрдегi бекiту-iске қосу құрылғылары зарядтың берiлуiн үзу және өрт сөндiргiштi қайта жұмысқа қосу мүмкiндiгiне ие болуы керек.
      256. Өрт сөндiргiштi iске қосу үшiн қажеттi күш қол саусағымен жүзеге асырылатын iске қосу кезiнде 230 Н артық емес және үлкен саусақпен басқан кезде 100 Н артық емес болуы керек.
      257. Жылжымалы өрт сөндiргiштердi қолмен тегiс бетон немесе асфальт жабынды жазық бет бойынша жылжыту үшiн тарту күшiнiң шамасы 250 Н артық болмауы керек.
      258. Өрт сөндiргiштi тұтану орнына жеткiзу үшiн қызмет ететiн иiнтiректi түрдегi бекiту-iске қосу құрылғысының және тұтқалардың (саптарының) объектi мен көлемдерi оларды қол саусақтарымен қамтып ұстау қолайлығын қамтамасыз етуi керек.
      259. Өрт сөндiргiштерде сақтандырғыш құрылғылары немесе корпуста жұмысшыдан жоғары қысымның артуынан қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң өзге құралдары қарастырылуы керек.
      260. Барлық түрдегi өрт сөндiргiштердiң бекiту-iске қосу құрылғылары дiрiлден, сiлкуден немесе iске қосу элементтерiне кездейсоқ басып қалудан өздiгiнен iске қосылудан сенiмдi бекiтуге ие болуы керек.
      Iске қосу құрылғысы өрт сөндiргiштiң өзге бөлшектерiне қарағанда ерекше нақты байқалатын болуы керек.
      261. Сыйымдылығы 5 л және одан артық қол өрт сөндiргiштерi, сондай-ақ жылжымалы өрт сөндiргiштер майысқақ шлангпен жабдықталуы керек.
      262. Салмағы 5 кг-нан артық зарядты қол өрт сөндiргiштерi көлденең жазықтыққа орнатқан кезде өздiгiнен аударылып кетуден орнықты болуы керек.
      263. Корпусқа қатты бекiтiлетiн көмiрқышқыл өрт сөндiргiштерiнiң қоныштары берiлген қалыпта сенiмдi бекiп бұралу мүмкiндiгiне ие болуы керек.
      264. Корпустың iшкi бетiн қарап шығуға кедергi жасайтын өрт сөндiргiштiң тораптары мен бөлшектерi алынбалы болуы керек.
      265. Мыналарға тыйым салынады:
      1) өрт сөндiргiш корпусында, бекiту-iске қосу басында немесе салма сомында майысулар, көтерiлулер немесе сызаттар пайда болған өрт сөндiргiштердi, сондай-ақ өрт сөндiргiштiң тораптар қосылуының қымталғандығы бүлiнген немесе қысым индикаторының ақаулығы жағдайда пайдалануға;
      2) егер өрт сөндiргiш корпусы ығыстырушы газ немесе өрт сөндiргiш буының қысымы астында болса, кез келген жұмыстарды орындауға;
      3) зарядталатын өрт сөндiргiштiң корпусын ығыстырушы газбен қорғалатын қоршаудан тыс және сақтандырғыш клапаны, қысым реттегiшi және манометрi жоқ көзден толтыруға;
      4) өрт сөндiргiштi немесе ығыстырушы газ көзiн соққылау;
      5) өрт сөндiргiшке және оның тораптарына, өрт сөндiргiштiң бұзылуы жағдайда жарықшағының шашырауын және қызмет көрсетушi қызметкерлердiң жарақат алуын болдырмайтын қорғаныс құрылғысынан тыс гидравликалық (сондай-ақ пневматикалық) сынаулар жүргiзуге;
      6) көбiк түзгiштердiң шоғырланған ерiтiндiлерiмен жұмыс iстеген жағдайда ашық отты немесе өзге тұтану көзiн пайдалануға;
      7) тыныс алу органдарын, терi және көздi қорғайтын сәйкес құралдарсыз өрт сөндiргiш заттармен жұмыс iстеу;
      8) атмосфераға өрт сөндiретiн заттарды (хладондар) тастауға немесе канализацияға сәйкес өңдеусiз көбiк түзгiштердi төгуге тыйым салынады.
      266. Үймаратта өрттi газды тасымалдағыш өрт сөндiргiштерiнiң (көмiрқышқыл немесе хладон) көмегiмен сөндiрген жағдайда:
      1) үймарат ауасында оттегiнiң шектi мәннен төмен болуын төмендету мүмкiндiгi ескерiлуi;
      2) тыныс алу органдарын қорғаудың оқшаулағыш құралдары пайдаланылуы керек.
      267. Өрттi ұнтақты өрт сөндiргiштермен өшiрген жағдайда жоғары тозаңданудың түзiлу мүмкiндiгi мен ұнтақты бұлт түзiлуi салдарынан өрт ошағының көрiнуiнiң төмендеу мүмкiндiгi (әсiресе шағын көлемдi үймаратта) қарастырылуы керек.
      268. 1000 В-ге дейiнгi кернеу астында болатын электр жабдықтарын газды немесе ұнтақты өрт сөндiргiштер көмегiмен өшiрген жағдайда өрт сөндiргiштiң таратушы арнасы мен корпусынан ток жеткiзетiн бөлiктерге дейiн қауiпсiз қашықтық (кемi 1 м) қамтамасыз етiлуi керек.
      269. Өрттi сулы және ауа-көбiктi өрт сөндiргiштер көмегiмен өшiрген жағдайда үймарат пен жабдықтарды токтан айыру бойынша шаралар қабылдануы керек.
      270. Өрт сөндiргiштерге қойылатын қауiпсiздiк талаптары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарға сәйкесуi керек және оларды пайдалану жөнiндегi жетекшiлiктiң сәйкес бөлiмдерiнде берiлген.
      271. Өрт техникасын таңбалау және орау "Орауға, таңбалауға, зат белгi орнату мен оны дұрыс салуға қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкесуi керек.
      272. Өрт сөндiргiш корпусына мынадай деректерден тұратын таңбалау түсiрiлуi керек:
      1) кәсiпорын-дайындаушының (жеткiзушiнiң) атауы және заңды мекен-жайы оның тауарлық белгiсi;
      2) өрт сөндiргiштi iске қосу тәртiбi;
      3) өрт класының индексi;
      4) өрт сөндiргiш зат түрi;
      5) сақтау (тасымалдау) температураларының ауқымы;
      6) өшiру үшiн электр қондырғыларын пайдалану мүмкiндiгi мен шектi кернеу шамасы, сондай-ақ "Тiке күн көзi сәулесiнен және қыздыру құралдарының әсерiнен қорғау" деген сақтық жазуы;
      7) топтама нөмiрi;
      8) дайындалған айы мен жылы.
      Таңбалау мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, жiбектен тоқу, калькалау немесе синтетикалық негiзге затбелгiлердi жапсыру әдiстерiмен орындалуы керек.
      273. Өрт техникасын тасымалдау және сақтау шарттары оларды пайдалану шарттарына және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкесуi керек.
      274. Өрт техникасын тасымалдау және сақтау кезiнде оларды механикалық бүлiнулерден, қызудан, оған тiке күн сәулесiнiң, атмосфералық жауын-шашындардың түсуiнен, ылғал мен жемiрлi орталар әсер етуiнен қорғау шарттары қамтамасыз етiлуi керек.
      275. Кепiлдiк сақтау мерзiмдерi аяқталған немесе өзiнiң параметрлерi бойынша сәйкес нормативтiк және техникалық құжаттар талаптарына жауап бермейтiн өрт сөндiрушi заттар жаңарту өңдеуiне түсiрiледi немесе кәдеге жаратылады.
      276. Өзiнiң бастапқы қасиеттерiне сәйкеспейтiн және қайта жөндеуге келмейтiн көбiк түрлендiргiштер А класты өрттердi сөндiру кезiнде суландырғыштар ретiнде немесе ластанған металл беттерiн тазарту кезiнде су ерiтiндiлерi ретiнде пайдаланылуы керек.
      277. Биологиялық "қатты" көбiк түзгiштердi зарарсыздандыру концентратты арнайы пеште жағу жолымен немесе арнайы полигонда көму жолымен жүргiзiлуi керек.

жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау