Об утверждении Устава службы на судах


§ 2. Вахта бастығы (капитанның вахталық көмекшісі)



жүктеу 0,94 Mb.
бет4/6
Дата24.12.2017
өлшемі0,94 Mb.
#5659
1   2   3   4   5   6
§ 2. Вахта бастығы (капитанның вахталық көмекшісі)
202. Вахта бастығы кеменің бүкіл вахта қызметі бойынша үлкені болып табылады және тікелей капитанға, ал ол болмаған кезде аға көмекшіге бағынады.

203. Вахта бастығы (осы Жарғымен оған жүктелген шеңберде) вахта қызметінің тиісінше атқарылуын, кеменің, адамдардың қауіпсізідігін, кемедегі жүктің және мүліктің сақталуын, сондай-ақ табиғи ортаның ластануын болдырмауды қамтамасыз етеді.

204. Өзінің өкілеттіктері шегінде вахта бастығының өкімдерін кеме экипажының әрбір мүшесі және кемедегі басқа да адамдар орындайды.

205. Өрт ошағын, тесілген жер анықтаған кезде, жарылыс кезінде, сондай-ақ борт сыртына адам құлаған кезде вахта бастығы дабыл жариялайды.

206. Вахтаға кіріскен кезде вахта бастығы:

1) кеменің палубалық бөлігін тексеріп шығады, қойылған навигациялық оттар мен сигналдардың дұрыс қолданылуына және жарамдылығына көз жеткізеді;

2) сыртқы және кемшілік байланыс және сигнал беру (дыбыстық, көзбен шолу, ал күндізгі уақытта авариялықты да) құралдарын, УҚТ радиостанциясын қолданыста тексереді;

3) вахта құрамымен танысады, вахтаға кірісетіндердің баяндамаларын қабылдайды және оларға нұсқау береді;

4) кеменің тұрған жерімен және жай-күйімен, қоршаған ортамен, ауа райы болжамдарымен және дауыл ескертулерімен танысады.

207. Вахта бастығы сондай-ақ вахтаны тапсырушыдан кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және оның пайдалану қызметімен байланысты мәліметтер алады, соның ішінде мынадай мәліметтер:

1) капитанның вахта жөніндегі өкімдері туралы;

2) балласты кемеге қабылдау және кеме корпусының бөліктерінде судың бар-жоғы туралы;

3) кеме және жөндеу жұмыстары (ашық палубаларда жүргізілетін, борт сыртындағы арматуралы және ашық от қолданылатын жұмыстарға ерекше назар аудара отырып) туралы.

208. Тұрақтағы вахтаны атқарған кезде вахта бастығы:

1) кеменің жай-күйін бақылауды жүргізеді және кеменің, адамдардың, жүктің кауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

2) ауа райының жай-күйін және қоршаған ортаны тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;

3) суағарлардағы және ағынды құдықтардағы суға өлшеу жүргізуді қамтамасыз етеді (жүргенде - әрбір вахтаны, зәкірде және шынжырмен байлаулы тұрған кезде – корпусымен мұзға, айлаққа соғылғаннан кейін тәулігіне кемінде екі рет, сондай-ақ мұз құрсауы кезінде – бірден және су ағушылықтың болмауына толық сенімділікке дейін). Су білінген жағдайда дереу капитанға хабарлайды және оны ағызып шығаруға тапсырма береді. Дауылдар, мұздану жағдайларында өлшеу жүргізу мүмкін болмайды, вахта бастығының өкімі бойынша бақылау ағызып шығаруын жүргізеді;

4) бортқа адамдар алған кезде және кемеден адамдарды түсірген кезде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды;

5) сүргі салынған трюмдерде және бөлмелерде пломбылар мен мөрлердің сақталуын қадағалайды;

6) борт жанындағы кемені және оларға борт жанындағы тұрақты көрсете отырып, кемеге жақын келетін жүзбелі құралдарды қадағалайды; жүзбелі кеме құралдарын суға жіберген кезде оларға бақылау жүргізеді және оларды уақытында бортқа көтеруге шаралар қабылдайды;

7) шлюпкалардың жіберуге даярлығын қамтамасыз етеді, оларды жіберуге және қайтаруға рұқсат береді; олар кемеге қайтып келгенде шлюпкалардың командирлерінен баяндамалар қабылдайды;

8) тұрақта палубалық бөлігі бойынша жұмыстарды орындайтын экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді; жүзбелі кеме құралдарын суға түсірген және кеме бортының сыртындағы жұмыс кезінде осы жұмысты орындайтын адамдардың сақтандыру жұмыс (құтқару) жилеттерінде болуын қадағалайды;

9) ішкі су жолдарымен жүзу ережелерімен, сондай-ақ қауіпсіздікке қатысты басқа да ережелер мен қағидалардың талаптарын уақытында және дәл орындауды қамтамасыз етеді;

10) Мемлекеттік және басқа да тулар мен вымпелдерді көтеруге және түсіруге өкім етеді;

11) сигналдық оттардың уақытында қосылуын, орналасқан жеріне, кеменің жай-күйіне және қызметіне сәйкес келетін белгілер мен сигналдар қоюды қамтамасыз етеді, олардың жарамды іс-әрекетін бақылайды, кеменің көзбен шолу және дыбыстық құралдармен және УҚТ радиобайланысы бойынша жағалаумен және басқа кемелермен байланысын жүзеге асырады;

12) егер вахтаны атқару барысы жөнінде қандай да болмасын күдіктер туындаған немесе көмек қажеттігі пайда болған жағдайда капитанға хабарлайды және соңғысының нұсқауы бойынша іс-әрекет жасайды.

209. Вахта бастығы жүріс вахтасына кіріскен кезде:

1) карта және құралдар бойынша навигациялық жағдаймен және алдағы жүзу ауданының жағдайларымен танысады;

2) кеме жүргізу техникалық құралдарының жарамды жұмысына көз жеткізеді;

3) басты және көмекші қозғалтқыштарды, рульдеу құрылысын дистанциялық басқарудың қолданылуын көрсетеді, басқару пульті аспаптарының көрсеткіштерін көрсетеді;

4) маневр орындаған кезде вахтаны табыстауды орындалатын іс-әрекет толығымен аяқталатын болғанға дейін жүргізбейді.

210. Вахта бастығы жүрістегі вахтаны атқару кезінде:

1) ұдайы жүріс мінбесінде (рульдеу рубкасында) болады және қоршаған жағдайға үздіксіз бақылау жүргізеді (оның штурман бөлмесінде болуына штурмандық міндеттерін атқарумен байланысты жұмысты атқару үшін қысқа мерзімге ғана рұқсат етіледі);

2) ішкі су жолдары бойынша жүзген кезде кемені (құрамды) басқаруды жүзеге асырады;

3) кеме жүргізу техникалық құралдарының жұмысын бақылайды және оларды түзетулердің жиілігі оның қажеттігімен және мүмкіндігімен анықталады;

4) рульдеу бөлмесіндегі және жүріс мінбесіндегі бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін ұдайы бақылап отырады;

5) басты қозғалтқыштардың белгіленген режимдегі ұзақ жұмысынан кейін кеменің гидротехникалық құрылыстарға, айлақтарға, рейдтерге, жолдың қиын учаскелеріне жақындаудың алдында рульдеу құрылғысының басты қозғалтқыштарының дистанциялық басқарылуы мен қолданылуын, сондай-ақ іске қосу және тифондық баллондардағы тығыздалған ауаның қысымын тексереді;

6) құтқару құралдарының, жүк жебелері мен крандарының, палубалық жүктердің және палубадағы жылжымалы заттардың бекітілу сенімділігін, люк жаппаларының жай-күйін қадағалайды;

7) жүзудің ерекше күрделі жағдайларында (шынжырмен байлау операциялары, шхераларды, арналарды және қылталарды өту, портқа кіру немесе порттан шығу, мұзда, таяз суда, қанағаттанғысыз көру жағдайларында, дауыл кезінде) және маневрлік режимдер кезінде күні бұрын вахта механигіне нұсқау береді – қайталау функцияларын орындайтын барлық техникалық кеме құралдарын қолданысқа дайындауды, ал одан кейін осы өкімнің орындалуын бақылайды;

8) көріну мүмкіндігі нашарлаған немесе көру мүмкіндігі шектеулі ауданға жақындаған кезде алдын ала бұл туралы капитанға хабарлайды, радиолокациялық станцияны және жүріс оттарын қосады, жылдамдықты азайтады, тұманда дыбыстық сигналдар бере бастайды, алға қараушы қояды және оған нұсқаулар береді, вахта механигін мүмкіндікті реверстер туралы ескертеді және одан әрі капитанның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды;

9) егер ерекше жағдайлар (кеме қатынасының жағдайлары, жекелеген кемелердің орын ауыстыруы, навигациялық жабдықтың немесе басқа техниканың анықталған жарамсыздықтары) жүзу қауіпсіздігіне күдік келтірсе, жылдамдықты азайтады (немесе қозғалысты тоқтатады), капитанға хабарлайды және оның нұсқауы бойынша іс-әрекет жасайды;

10) ішкі су жолдары бойынша жүзген кезде кемелердің жүзуі үшін қауіп тудыратын, кеме қатынасы жағдайларының анықталған өзгерістері туралы диспетчерді және қарсы келе жатқан кемелерді хабардар етеді;

11) бортта лоцман болған кезде кеменің орнын және оның қозғалысын бақылауды жалғастырады, ал лоцманның іс-қимылына немесе ниетіне күдік келтірген кезде, дереу капитанға хабарлайды және сақтық шараларын қабылдайды.

211. Машина бөлімшесінде тұрақты вахта болмаған және қозғалтқыштардың немесе басқа тетіктердің жарамсыздығын анықтаған кезде вахта бастығы оларды жою үшін тиісті мамандарды (мінбедегі вахтада тұрғандардан басқа) шақырады немесе кеменің қозғалысын тоқтатады.

212. Вахта бастығы басқару постында бөтен адамдардың және кемені басқаруға қатысы жоқ экипаж мүшелерінің болуына рұқсат етпейді.

213. Вахта бастығына қандай да болмасын іспен айналысуға немесе вахтаны атқаруға қатысы жоқ қандай да бір функцияларды өзіне алуына рұқсат етілмейді.

214. Кезекші бастық жүріс мінбесінде (рульдеу рубкасында) капитанның болуына қарамастан, осы Жарғымен өзіне жүктелген, жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауды, кемені басқаруды өзіне қабылдағаны туралы капитан оған арнайы хабарлағанға дейін жалғастыра береді.

215. Вахта бастығы кеме айлақта тұрған кезде:

1) вахтаға кіріскен кезде тапсырушыдан тұрақ жағдайлары, жүк және балластық операциялардың барысы, капитанның тұрған жері, бортта командалық және қатардағы құрамның және экипаж құрамына кірмейтін басқа адамдардың болуы туралы, айлақтағы тереңдік, кеменің шөгуі, жоғары және төмен су деңгейі мен уақыты туралы, шынжырмен арқандаудың жай-күйі, зәкірдің (зәкірлердің) қалпы және түсірілген зәкір-шынжырдың мөлшері туралы қажетті мәліметтер, сондай-ақ тұрақтың ерекшеліктері, басты қозғалтқыштардың даярлығы және оларды авариялық жағдайда пайдалану мүмкіндігі, бортта жүзбелі құралдырдың болуы туралы мәліметтер алады;

2) кеме борты жанындағы тереңдіктердің жай-күйін, байлайтын арқандар мен кранецтердің тиісінше бекітілуін және олардың жай-күйін қадағалайды; траптың (басқыштардың) бекітілуін, тұтқалардың орнатылуын, сым арқандардың тартылуын және траптың астында сақтандырғыш тор орнатылуын, траптың (басқыштың) жанында құм толтырылған кенеп қапшықпен суға батырмайтын дөңгелектің даярлықта болуын және трапқа тиісінше жарық түсірілуін қамтамасыз етуді қадағалайды;

3) ауа райы нашарлаған кезде, сондай-ақ дауыл болатындығы ескертілген кезде кеменің қауіпсіз тұрағын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды және капитанға хабарлайды;

4) кеменің жүк құралдарының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, трюмдердің, жүк люктерінің, қылталар мен желдеткіштердің уақытында ашылуын және жабылуын қамтамасыз етеді; ватерсызықтағы иллюминаторлардың қайрылып көтерілуін қадағалайды;

5) кемеде жүктердің тиелуінің немесе түсірілуінің, орналастырылуының және бекітілуінің дұрыстығын қамтамасыз ете отырып, жүк жұмыстарының орындалу барысын бақылайды (екінші штурманға көмекке); жүктеменің белгіленген нормалардан асып түсуіне жол бермейді;

6) корпустық бөлігі бойынша жұмыстарды орындаған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалайды;

7) жағалаудағы құтқарушы және өртке қарсы құралдарды шақыру тәртібін біледі және қажет болған кезде оларды дереу шақыруды қамтамасыз етеді;

8) жолаушы сыйымдылығы нормаларының бұзылуына жол бермей, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге басшылық жасайды;

9) машиналарды айналдырудың алдында корманың асты таза екендігіне көз жеткізеді, ал айналдыру кезінде шынжыр арқандарды бақылауды ұйымдастырады;

10) кемені арқандап байлау операцияларына (траптарды жинап алу, шлюпкаларды түсіру құрылғысын, крандарды, жебелерді толтырып тастау) уақытында дайындауды, шынжыр арқандарды қабылдауды (беруді), пайдалануды қамтамасыз етеді;

11) кемені мезгіл-мезгіл аралайды және байқау жүргізеді. Вахта бастығының отыратын орны кезекші рульдеу басқарушы адамға (матросқа) белгілі;

12) экипаж мүшелерінің демалысқа шығуының және жағалаудан қайтып оралуының есебін, сондай-ақ кемедегі бөтен адамдардың есебін жүргізеді;

13) жағалауда, кеменің маңында немесе қатар тұрған кемеде қауіп-қатер туындаған кезде капитанға хабарлайды және оның нұсқауы бойынша іс-әрекет жасайды.

216. Капитан жағалауға кеткен кезде (жағалаудан келген кезде) вахта бастығы оның кету (келу) уақытын көрсетіп кеме журналында тиісті жазба жүргізеді.

217. Вахта бастығы сондай-ақ:

1) зәкірге қойған кезде кеменің орнын белгілейді және одан әрі жеткілікті жиіліктегі дрейфті уақытында анықтау үшін оны ұдайы бақылайды;

2) батырылған зәкір шынжыры ұзындығының тұрақ жағдайларына сәйкестігін, оның тартылуын және қалпын, сондай-ақ суды айдаған жағдайда кеменің құрғауына жол бермей, зәкірлік тұрақ орнындағы су деңгейінің өлшенуін қадағалайды;

3) басқа кемелермен қауіпті жақындасуды немесе жел мен ағынның әсерінен кеме зәкірде шайқалған кездегі навигациялық қауіптілікті ескертеді;

4) жақын маңдағы кемелердің жағдайын қадағалайды; өз кемесінің дрейфі сияқты, кемелердің дрейфін немесе басқа қауіп-қатерді анықтаған кезде дереу капитанға хабарлайды;

5) жүріс мінбесінде (рульдеу бөлмесінде) болады; мінбеден түскен кезде кемеге қауіп төніп тұрмағанына және өзі болмайтын кезеңде қоршаған ортаны тиісті бақылау қамтамасыз етілетіндігіне көз жеткізеді.


§ 3. Вахта радиооператоры
218. Штат кестесінде радиостанция бастығының лауазымы көзделген кемелерде оған сондай-ақ вахта радиооператорының функциялары жүктеледі.

219. Вахта радиооператоры жағалаулардағы және кемелердегі радиостанциялармен радиобайланысын, сондай-ақ апат дабылының сигналдарын, жүзу ауданына қарай радиобайланыс ережелеріне сәйкес мерзімділігін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады.

220. Вахта радиооператоры:

1) вахтаға кірісіп, радиостанция аппаратурасының қолданысқа даярлығын тексереді, сондай-ақ вахта бойынша барлық өкімдермен танысады;

2) тұрақты және уақтылы радио алмасуды жүзеге асырады; радиотелеграф журналын жүргізеді, оны өз қолымен куәландырады және капитанға қол қоюға ұсынады;

3) радиоалмасу уақытында дабыл, апат, мерзімділік және қауіпсіздік сигналдарын қабылдаған жағдайда алмасуды тоқтатады, алынған сигналдар туралы капитанға, вахта бастығына хабарлайды және капитанның нұсқауларына сәйкес іс-әрекет жасайды;

4) дабыл, апат, мерзімділік және қауіпсіздік сигналдарын кеме капитанының өкімі бойынша ғана береді;

5) радиобайланыс ережелерімен белгіленген үнсіздік минуттарында алмасу бойынша жұмысты тоқтатады және эфирге бақылау жүргізеді;

6) эфирде тәртіп, шақыру, шақыруға жауап беру және алмасу ережелерін сақтайды, жеке және кодталмайтын сөйлесулерді жібермейді, бақылау және жағалау радиостанцияларының эфирде тәртіп сақтауға қатысты талаптарын дереу және сөзсіз орындайды;

7) тәулігіне кемінде екі рет дәл уақыт радиосигалдары бойынша радиорубкада сағатты тексереді;

8) метеомәліметтерді, ауа райы болжамдарын, ауа райының және теңіз жағдайының факсимильдік карталарын, дауылды және мұздануды ескертулерін, радиостанциялардан аудандарға навигациялық хабарларды және капитан көрсеткен мерзімдерде, сондай-ақ жол және арналар басқармаларынан жол ақпаратын ұдайы және уақытында қабылдайды; алынған мәліметтерді вахта бастығына қолын қойдырып уақтылы беріп отырады;

9) жүзудің қиын жағдайларында капитанның нұсқауы бойынша тұрақты радио вахтаны атқарады;

10) кемеден тек капитанның қолы бар радиограммалар мен телеграммаларды береді (жолаушылар кемесіндегі жолаушылардың радиограммалары ерекшелік құрайды);

11) радиотелеграфтық хабарлар мен радиотелеграфтық сөйлесулердің құпиялығын сақтайды. Мұндай хабарларды бақылауды кемеде капитан ғана жүзеге асырады;

12) неғұрлым қуатты радиостанцияда жұмыс істеген кезде немесе байланыстың өтуіне қатысты жақсы жағдайды сезіне отырып, байланыспен басқа кемелерге жәрдем көрсетеді. Мұндай жағдайда, сондай-ақ қызмет көрсететін радиостанциямен тікелей радиобайланыс орнату мүмкін болмаған кезде кеме бұл туралы кеме иесіне және қызмет көрсететін радиостанцияның диспетчеріне хабарлайды;

13) радиотелефондық сөйлесулер жүргізетін адамдардан радиобайланыс ережелерін орындауды және оларды бұзған жағдайда тиісті ескертулер жасайды немесе сөйлесулерді тоқтатады және болған жағдай туралы капитанға хабарлайды.

221. Радиостанция бастығы радио хабарын таратқыштың немесе қабылдағыштың істен шығуы туралы капитанға дереу хабарлайды және түзету шараларын қабылдайды.

222. Радиостанция бастығына рубкаға бөтен адамдарды және қызметтік қажеттіліксіз экипаж мүшелерін жіберуіне тыйым салынады. Радиорубкада капитанның ғана болуына рұқсат етіледі.

223. Радиостанция бастығы кемеден кетерінде радиорубканың, агрегат және аккумулятор бөлмелерінің кілттерін вахта бастығына тапсырады.

224. Радиостанция бастығы капитан белгілеген сағаттарда кеме радиоторабы бойынша хабар жүргізеді. Радиохабарлар 7:00 сағаттан ерте басталмауға және 23:00 сағаттан кешікпей аяқталуға тиіс.

225. Кемеге жаңадан тағайындалған радиостанция бастығы өзінің алдындағыдан техникалық құралдар мен материалдық-техникалық жабдықтарды, сондай-ақ техникалық және өзге құжаттаманы қабылдайды. Қабылдау-тапсыру туралы капитан бекітетін акт екі данада жасалады. Бір данасы кемеде сақталады, екіншісі кеме иесінің байланыс және радионавигация торабына жіберіледі. Қабылдау-тапсыру радиотелеграф журналында тіркеледі.
§ 4. Вахтада рульдеуді басқаратын адам
226. Вахтада рульдеуді басқаратын адам тікелей вахта бастығына бағынады.

227. Вахтада рульдеуді басқаратын адамның вахтаны қабылдауы және тапсыруы кезекші бастықтың рұқсатымен жүргізіледі.

228. Вахтаға кірісе отырып, кезекші рульдеуді басқаратын адам сигналдық оттардың қолданылуын, ал күндізгі уақытта - осы жағдайда қажетті, көтерілген тулар мен белгілердің болуын тексереді, вахта бойынша өзіне қатысты барлық өкімдермен танысады.

229. Вахтада рульдеуді басқаратын адам кеме зәкірде немесе шынжыр арқанмен байлаулы тұрған кезде вахта бастығы көрсеткен орында болады, қоршаған ортаға бақылау жүргізеді, зәкір шынжырының қалпын және тартылуын, шынжыр арқандарды, кранецтерді, басқыштарды, траптарды, зәкірлік оттарды және белгілерді, болат арқандарда егеуқұйрыққа қарсы қалқаншалардың болуын, сондай-ақ арқандар мен құбыршектердің борт сыртына салбырамауын қадағалайды. Жағдайдың барлық өзгерістері туралы дереу вахта бастығына хабарлайды.

230. Вахтада рульдеуді басқаратын адам жүріс вахтасында вахтаны рульдеуді қабылдай отырып, ауысушыдан бағытты қабылдайды, кеменің рульдеуге қалай бағынатынын анықтайды және қабылданған бағыт туралы (бағдарлар немесе бағыткөрсеткіш бойынша) вахта бастығына мәлімдейді.

231. Вахтада рульдеуді басқаратын адам басқару постында болғанда кемені берілген бағытта қатаң ұстайды, бағыт көрсеткіштердің және меңгерік құрылғысының жұмысын қадағалайды, олардың жұмысындағы жарамсыздықтар туралы дереу кезекші бастыққа хабарлайды.

232. Вахтада рульдеуді басқаратын адам алдын ала оларды қайталай отырып, тек капитанның, вахта бастығының немесе лоцманның командаларын (соңғының командалары - капитанның немесе вахта бастығының рұқсаты бойынша) орындайды.

233. Бағдарлаудың көзбен өлшеу әдісін пайдаланып жүзген кезде вахтада рульдеуді басқаратын адам навигациялық жабдықтардың жүзбелі және жағалаудағы белгілеріне, сигналдық діңгектердегі тереңдіктердің көрсеткіштеріне, қозғалыстағы және тоқтап тұрған кемелердегі сигналдарға тұрақты бақылау жүргізеді және қауіп төндіретіндердің барлығы туралы вахта бастығына хабарлайды.

234. Кеме тұрақ орнынан кетер алдында вахтада рульдеуді басқаратын адам рульдеуді борттан бортқа ауыстырып қою жолымен рульдеу құрылғысының қолданылу жарамдылығына көз жеткізеді және бұл туралы вахта бастығына мәлімдейді.

235. Тоқтап тұрған уақытта кемеде немесе оның маңында өрт пайда болған, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде вахтада рульдеуді басқаратын адам дереу вахта бастығына хабарлайды және оның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды.


§ 5. Вахта матросы
236. Постқа кіріскен кезде вахта матросы траптың жарамды жай-күйіне, сақтандырғыш тордың (егер ол талап етілсе), тұтқалардың және арқанымен бекітілген құтқарғыш дөңгелектің бар екендігіне көз жеткізеді.

237. Трап жанындағы вахта матросы трап маңынан ешқайда кетпей және вахта бастығының рұқсатынсыз кемеге бөтен адамдарды жібермей, кемеге келушілерді бақылауды жүзеге асырады, вахта матросы вахта бастығының отыратын орнын біледі.

238. Вахта матросы:

1) вахтаға кірісердің алдында ауысатын матростан ашық орындардағы және палубалардағы мүлікті, құрал-саймандар мен жабдықтарды қабылдайды, сондай-ақ орындалатын жұмыс тапсырмалары туралы мәліметтер алады;

2) вахтаны атқару кезінде қабылданған мүліктің, құрал-саймандардың және жабдықтардың сақталуын, жолаушылардың кеме ережелерін сақтауын қадағалайды; тапсырылған жұмыс тапсырмаларын орындайды және оған бекітілген учаскелердің тазалығын сақтайды.
§ 6. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) вахта бастығы
239. Жер снарядының вахта бастығы осы Жарғының «Вахта бастығы» параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және функцияларды орындайды.

240. Жер снарядының вахта бастығы сондай-ақ:

1) вахтаға кірісер алдында жер снарядының сүйретпе болат арқанының сенімділігін, жүк көтергіш құрылғылардың және жедел жүк шығырлардың жарамдылығын тексереді; олардың міндеттері, тетіктердің жұмыс режимі, зәкірлерді ауыстырып қоюмен және шаландалардың ауысымымен байланысты алдағы өндірістік операциялар туралы, жұмыстарды орындаған кезде еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтау жөніндегі шаралар туралы кезекшілікке кірісетіндермен нұсқама өткізеді;

2) вахтаны атқарған кезде әзірленетін қайраңда навигациялық белгілердің жарамды қолданылуын, кеме жолының габариттік мөлшерлерін қадағалайды; көлік флотын қауіпсіз өткізу шараларын қабылдайды, кемелермен жүзу ережелерінде көзделген дыбыс және жарық сигналдарымен уақтылы алмасып тұрады;

3) кезекті жұмыс орнына тіркеп сүйреудің алдында жер снарядтары керуені кемелерін бекітуге қатысады.
§ 7. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы)
241. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы) жер снаряды жұмысының технологиялық процесін басқару жөніндегі вахта бастығының нұсқауларын орындайды.

242. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) вахта шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы):

1) вахтаға кіріскен кезде жедел шығырлардың және жұмыс арқандарының жай-күйін тексереді;

2) жер снарядына қызмет көрсетумен байланысты шағын кемемен зәкірлерді ауыстырып қою жөніндегі өндірістік жұмыстарға және басқа да жұмыстарға қатысады;

3) шаландаларды арқандап байлауға қатысады;

4) вахта бастығының нұсқауы бойынша слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындайды.


§ 8. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) вахта матросы
243. Вахтаға кіріскен кезде кезекші матрос (түбін тазартқыш снарядтың) сым арқан қоршаудың жай-күйін, құтқарушы және өртке қарсы құралдардың, сорушы ұшы тазартуға арналған құрал мен жүк асып қоятын арқандардың болуын тексереді.

244. Вахта уақытында кезекші матрос:

1) шағын кемемен зәкірлерді ауыстырып қою жөніндегі барлық өндірістік операцияларды және басқа да белгіленген жұмыстарды орындайды;

2) рубкада, брезент жаппалы және басты палубаларда тазалық пен тәртіп сақтайды;

3) вахта бастығының нұсқауы бойынша палубалық көмекші тетіктерді басқарады, топырақ жолдарын тазартуды жүргізеді, шлюпканы түсіруге және көтеруге қатысады, жер снарядының жұмысына дейін және одан кейін тереңдікті өлшейді;

4) арқандап байлау және такелаж жұмыстарын, ұсақ ағымдағы жөндеуді және сырлауды орындайды;

5) палубаларды, қондырманың сыртқы қабырғаларын жиыстырады және жуады;

6) рефулер мен шөміш шынжырын дайындау, құрастыру және жөндеу жөніндегі жұмыстарға қатысады;

7) жұмыс қақпақтарын қояды және оларда оттар жағады.
§ 9. Вахта механигі
245. Вахта механигі машина вахтасының бүкіл құрамының бастығы болып табылады және тікелей вахта бастығына бағынады.

246. Вахта механигі вахтаға кіріскен кезде:

1) механикалық қондырғының жұмыс істейтін техникалық құралдарының (соның ішінде машина меңгерігінің) жай-күйін өзі тексереді;

2) машина журналын қарап шығады және ондағы жазбалардың өз бақылауларына сәйкестігін тексереді;

3) вахтаны тапсыратын вахта механигі басты қозғалтқыштарды басқару тәсілі, барлық техникалық құралдар жұмысының жай-күйі мен режимдері, олардың жұмысындағы байқалған жарамсыздықтар туралы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы мәліметтер алады, сондай-ақ түскен барлық ескертулермен және өкімдермен танысады;

4) машина командасының адамдарынан вахтаға кіріскендері туралы мәлімдемелер қабылдайды, вахтаны қабылдау туралы машина журналында жазба жүргізеді және вахтаға кіріскендігі туралы кезекші бастыққа хабарлайды.

247. Вахта механигі:

1) кемедегі техникалық құралдардың белгіленген жұмыс режимін, оларды техникалық пайдалану ережелерін, оларға қызмет көрсету жөніндегі механиктің нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауды қамтамасыз етеді, машина бөлмелерінде экипаж мүшелерінің жұмысы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылайды;

2) техникалық құралдардың барлық анықталған жарамсыздықтары туралы механикке хабарлайды және оларды жою шараларын қабылдайды;

3) кеменің өміршеңдігі үшін күрес құралдарының қолданысқа тұрақты даярлығын қамтамасыз етеді;

4) тұтынушыларға электр энергиясын, су және бу беруді қамтамасыз етеді;

5) вахта уақытында отынның, майлайтын, сүртетін және басқа да материалдардың дұрыс жұмсалуын қадағалайды;

6) машина бөлімшелерінде қоспа сулардың жиналуына жол бермейді және оларды қоспа суларды жинайтын цистернаға уақытында ағызып құяды; ластанған судың және машина бөлмелері қоқыстарының борт сыртына тасталмауын қадағалайды;

7) вахта бастығының өкімі бойынша балласт пен отынды қабылдауды, ағызып шығаруды және ауыстырып құюды, сондай-ақ бөліктерден суды ағызып шығаруды жүргізеді;

8) машина бөлмелерінде тазалық пен тәртіп сақтауды қамтамасыз етеді.

248. Техникалық көмек (консультациялар) көрсету қажет болған кезде вахта механигі машина бөлімшесіне механикті шақырады.

249. Техникалық қызмет көрсетуді орындағаннан кейін механик басты қозғалтқыштарды сынақ ретінде іске қосулар мен айналдыруларды вахта бастығының рұқсатымен механиктің бірінші көмекшісінің қатысуы арқылы жүргізеді.

250. Басты қозғалтқышты тоқтату, мінбеден алдын ала белгіленген тетіктердің жұмыс режимін өзгерту немесе жауапты тағайындаудың техникалық құралдарын ажырату қажет болған жағдайда вахта механигі бұл туралы вахта бастығына және механикке хабарлайды.

251. Авария қатері немесе адамдардың өмірі үшін қауіптілік кезінде вахта механигі басты қозғалтқышты немесе кез келген басқа тетікті тоқтатады және бұл туралы дереу вахта бастығына және механикке хабарлайды.

252. Өрт байқалған немесе кеме корпусының ішіне борт сыртындағы су құйылған жағдайда вахта механигі бұл туралы дереу кезекші бастыққа хабарлайды және бұл үшін барлық мүмкіндікті және нәтижелі шараларды пайдалана отырып, өрт сөндіруді немесе сумен күресті ұйымдастырады.

253. Электромеханиктердің вахтаны атқаруы көзделмеген кемеде кезекші механик электр жабдықтарын басқаруды қамтамасыз етеді. Кемедегі электр жабдықтарының жарамсыздығы пайда болған кезде вахта механигі машина бөлімшесіне электромеханикті шақырады.

254. Жүріс вахтасында вахта механигі:

1) басты қозғалтқыштарды басқару постында болады және оларды жұмыспен қамтамасыз етеді;

басқару постында өзі үшін кезекші мотористі (машинисті) қалдыра отырып, машина бөлмелерінде жұмыс істеп тұрған техникалық құралдарға тексеру жүргізеді;

2) өзгеруіне жол бермей, басты қозғалтқыштардың мінбеден тағайындалған жұмыс режимін қатаң сақтайды;

3) мінбеден түсірілетін командалар мен өкімдерді орындайды. Егер командаларды (өкімдерді) орындау авария қауіп-қатерімен немесе адамдардың өмірі үшін қауіптілікпен байланысты болса, бұл туралы дереу вахта бастығы мен механикке хабарлайды, ал мінбеден қайталап бұйрық берілген кезде машина журналында тиісті жазба жүргізе отырып, соңғы команданы (өкімді) орындайды;

4) басты қозғалтқыштарды мінбеден басқарған және машина бөлімшесін шұғыл тастап шығу қажет болған кезде дереу кез келген сәтте басқару постына келуге және басты қозғалтқыштарды басқаруды қабылдауға дайын;

5) вахта бойы кемінде бір рет рульдеу құрылғысының жұмысын тексереді.

255. Тұрақтағы вахтадағы вахта механигі:

1) кемеден кетпейді және техникалық құралдар жұмысының белгіленген режимін қамтамасыз етеді; машина бөлімшесін тастап шыға отырып, кезекші мотористке (машинистке) өзінің болатын орны туралы хабарлайды;

2) өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын, су және бу беруді қамтамасыз етеді. Электр энергиясы мен буды жағалаудан (басқа кемеден) алған кезде қажетті іске қосуларды қамтамасыз етеді;

3) машина бөлмелерінде вахтаны сенімді атқаруды қамтамасыз етеді және вахтаны ауыстыру кезінде қатысады.



жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау