Об обязательном социальном медицинском страховании



жүктеу 20,18 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі20,18 Kb.
#2996

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

  • Қазақстан Республикасының Заңы
  • 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені
  • аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша
  • жарналар –төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидаттары

  • 1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын сақтау және орындау;
  •       2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудің міндеттілігі;
  •       3) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі;
  •       4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасы;
  •       5) қордың активтерін тек қана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге пайдалану;
  •       6) қор қызметіндегі жариялылық қағидаттарына негізделеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар

  • 1) төлеушілер;
  •       2) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар;
  •       3) денсаулық сақтау субъектілері;
  •       4) уәкілетті орган;
  •       5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
  •       6) қор;
  •       7) Мемлекеттік корпорация;
  •       8) өзге де уәкілетті органдар болып табылады.

Төлеушілер

  • 1. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.
  •       2. Жарналарды төлеушілер:
  •       1) мемлекет;
  •       2) жұмыскерлер;
  •       3) дара кәсіпкерлер;
  •       4) жекеше нотариустар;
  •       5) жеке сот орындаушылары;
  •       6) адвокаттар;
  •       7) кәсіби медиаторлар;
  •       8) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар болып табылады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

  •  1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:
  •       2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
  •       2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы;
  •       2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы;
  •       2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
  • Жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар

  •  1. Жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
  •       2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  •       2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
  •       2. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төленуге жататын жарналары:
  • 2017 жылғы 1 шілдеден бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
  •       2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 3 пайызы;
  •       2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы;
  •       2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 7 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Освобождаются от уплаты взносов в фонд

  • Освобождаются от уплаты взносов в фонд следующие граждане:
  •       1) дети;
  •       2) многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени;
  •       3) участники и инвалиды Великой Отечественной войны;
  •       4) инвалиды;
  •       5) лица, зарегистрированные в качестве безработных;
  •       6) лица, обучающиеся и воспитывающиеся в интернатных организациях;
  •       7) лица, обучающиеся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего образования, а также послевузовского образования в форме резидентуры;

қорға жарналар төлеуден босатылады

  • 1) балалар;
  •       2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
  •       3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;
  •       4) мүгедектер;
  •       5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  •       6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;
  •       7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
  • 8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  •       9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
  •       10) зейнеткерлер;
  •       11) әскери қызметшілер;
  •       12) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  •       13) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
  •       14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
  •       15) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

МӘСҚ қалай қатысушы болады

  • Егер Сіз немесе Сіздің жұмыс берушіңіз әлеуметтік сақтандыру қорына үнемі жарна аударып отырса, онда Сіз осы бағдарламаның қатысушысы бола аласыз.
  • Сондай-ақ объективтік себептермен жұмысқа жарамсыз жандар да осы бағдарламаның қатысушысы бола алады. Олар үшін мемлекет төлейді.
  • Егер Сіз жұмыс істемейтін болсаңыз, онда жергілікті жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз қажет. Сонда Сіз үшін мемлекет төлейтін болады.

Медициналық көмектің қандай түрлеріне құқығыңыз бар

  • 1. Сақтандырылмаған азаматтар үшін:
  • - жедел жәрдем және санитарлық авиацияға;
  • - әлеуметтік маңызды ауырулар мен шұғыл жағдайлардағы медициналық көмекке;
  • - алдын алу екпелеріне;
  • 2. Сақтандырылған азаматтар үшін:
  • амбулаторлық-емханалық көмекке:
  • - емханаларда емделуге;
  • - дәрігерлердің қабылдауына;
  • - зертханалық қызметтерге;
  • - диагностика мен манипуляцияларға

стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте;

  • стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпте;
  • стационарды алмастыратын көмек : - күндізгі стационарда емделу;
  • жоғары технологиялы медициналық қызметтер:
  • - күрделі және жоғары технологиялар қолданылатын медициналық көмек;
  • дәрілік заттармен қамтамасыз ету: - амбулаториялық-емханалық көмек кезіндегі
  • Медициналық күтім: - өз өзін күте алмайтын немесе ауырудан кейін үнемі басқа біреудің күтіміне зар жандарға көрсетілетін күтім;
  • Паллиативтік көмек: - жазылмайтын, өмірге қауіпті және күрделі ауырулармен ауыратын емделушілердің өмір сапасын адам деңгейіне сай жайлы жағдай жасау.
  • 3. Барлық азаматтар үшін:
  • - Жедел жәрдем, санитарлық авиация;
  • - әлеуметтік маңызды ауырулар мен шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек;
  • - алдын алу екпелері;
  • амбулаторлық-емханалық көмек және амбулаторлық-дәрілік қамту(2020 жылға дейін)

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

  • Қор жалғыз құрылтайшысы мен акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  • Қордың активтері:
  •       1) кепіл нысанасы бола алмайды;
  •       2) оларды кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алуға болмайды;
  •       3) мүлікке тыйым салу немесе өзгеше түрде ауыртпалық салу нысанасы бола алмайды;
  •       4) оларды қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алуға болмайды;
  •       5) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды сенімгерлік басқаруға беруге болмайды;
  •       6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы бола алмайды.

жүктеу 20,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау