О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет61/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69

225
Орынғазы Әбутәліп
С.Әбдібеков – филология ғылымдарының докторы, профессор.
1.Оқу  құралында  қазіргі  баспа  ісінде  кездесетін  қандай  өзекті  
мәселелер атап көрсетілді?
2.Оқу  құралының  қосымшасында  берілген  материалдар  студент- 
тердің өз бетімен істейтін жұмысына негізделген бе, әлде аудиториялық 
жұмысқа негізделген бе?
ЖАУАП:
1.Оқу құралында қазіргі баспа ісінде кездесетін төмендегідей өзекті 
мәселелер атап көрсетілді. Олар:.. (жауаптың толық нұсқасы жазыла-
ды).
2.Оқу  құралының  қосымшасында  берілген  материалдар  студент- 
тердің өз бетімен істейтін жұмысына негізделген.
М.Айтжанов – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.
Оқу  құралында  берілген  функционалдық  стильдерді  айырудың  әдіс-
тәсілдеріне  қатысты  мәселелерді  теориялық  және  практикалық 
тұрғыдан жетілдіру қажет деп есептемейсіз бе?
ЖАУАП:
Функционалдық  стильдерге  қатысты  берілген...  (жауаптың  толық 
нұсқасы жазылады).
М.Бердібаев  –  мәжіліс  төрағасы,  баспа  ісі  және  редакциялау 
кафедрасының  меңгерушісі,  филология  ғылымдарының  докторы,  про-
фессор.
Сұрақтардың барлығына толық жауап берілді. Басқа сұрақтарыңыз 
болмаса, оқу құралын талдауға көшсек, ресми бекітілген рецензенттер: 
филология ғылымдарының докторы, профессор А.Оспан;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әділжанов; филоло-
гия ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Есболатова.
1. ЖАРЫССӨЗ:
А.Оспан – филология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Садықов  Мамыржан  Тілеуұлының  «Редакциялаудың  теориясы  мен 
практикасы»  атты  оқу  құралы...  (пікірде  айтылған  негізгі  ойлар  мен 
ұсыныс, ескертпелер толық жазылады).


226
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Оқу құралын журналистика факультетінің студенттеріне қажетті 
еңбек ретінде бағалап, баспаға ұсынуға болады деп есептеймін.
С.Әділжанов – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Баспа ісі мамандығы бойынша білім... (пікірде айтылған негізгі ойлар 
мен  ұсыныс,  ескертпелер  толық  жазылады).  Мамыржан  Тілеуұлының  
талданып  отырған  оқу  құралын  теориялық  және  практикалық  
талаптарға жауап бере алатын еңбек ретінде бағалап, баспаға ұсынуға 
болады деген қорытынды жасаймын.
Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Редакциялаудың  теориясы  мен  практикасына,  әдіс-тәсілдеріне 
қатысты...  (пікірде  айтылған  негізгі  ойлар  мен  ұсыныс,  ескертпелер 
толық  жазылады).  Қорыта  келгенде,  М.Садықовтың  «Редакциялау- 
дың  теориясы  мен  практикасы»  атты  оқу  құралын  баспаға  ұсынуға  
болады.
М.Бердібаев  –  мәжіліс  төрағасы,  баспа  ісі  және  редакциялау 
кафедрасының  меңгерушісі,  филология  ғылымдарының  докторы,  про-
фессор.
Оқу  құралына  қатысты  негізгі  ой-пікірлер  мен  сын-ескертпелер, 
ұсыныстар  айтылды.  Енді  талдауды  қорытындыласақ...  Пікірлердің 
барлығы  оң.  Әріптесіміздің  аталған  еңбегін  студенттерге  қажетті  
құрал  ретінде  баспаға  ұсынуға  болады.  Осы  ұсынысты  ашық  дауысқа 
салайық.
Дауыс беру нәтижесі: «қолдайтындар» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ, 
«қалыс қалғандар» – жоқ.
2. ТЫҢДАЛДЫ: 
Баспа  ісі  және  редакциялау  кафедрасының  меңгерушісі,  фило-
логия  ғылымдарының  докторы,  профессор  М.Бердібаев  филология 
ғылымдарының  кандидаты  А.Мамыровқа  10.01.00  –  әдебиеттану 
мамандығы  бойынша  доцент  ғылыми  атағын  беруге  ұсыныс  жасау 
жөніндегі хабарлама жасады.
А.Мамыров баспа ісі және редакциялау кафедрасында доцент мінде- 
тін атқарушы болып 1 жыл қызмет істеді. Университетте 2000 жыл- 
дың тамыз айынан бері істейді. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 16 жыл. 
2001 жылы  кандидаттық  диссертация қорғаған.  Кандидаттық  диссер-
тация  қорғағаннан  кейін  9  ғылыми  еңбегі  жарық  көрді.  Оның  ішінде  2 
оқу құралы, біреуі серіктес авторлықта, біреуі жеке авторлықта жарық 
көрді. Оқытушының теориялық және әдістемелік бағыттағы ізденістерін 


227
Орынғазы Әбутәліп
қолдай  отырып,  А.Мамыровты  10.01.00  –  әдебиеттану  мамандығы  бо- 
йынша доцент ғылыми  атағына  ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми 
кеңесіне кафедра атынан өтініш білдіргеніміз дұрыс деп санаймын.
2. ЖАРЫССӨЗ:
М.Бердібаев – филология ғылымдарының докторы, профессор.
А.Мамыров төмендегі пәндер мен арнайы курстар бойынша жоғары 
талапқа сай дәріс оқиды.
Қазіргі  кітап  ісінің  проблемалары  –  күндізгі  бөлім  студенттеріне  –  
36 сағат, Публицистика өнері – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат, 
сырттай  бөлім  студенттеріне  18  сағат;  Редакциялаудың  теориясы  
мен  әдістемесі  –  күндізгі  бөлім  студенттеріне  –  72  сағат;  сырттай  
бөлім  студенттеріне  –  18  сағат;  Бұқаралық  ақпарат  құралдары 
және  нарықтық  экономика  –  күндізгі  бөлім  студенттеріне  –  36  сағат; 
сырттай  бөлім  студенттеріне  –  18  сағат.  Сондай-ақ  факультет  
магистранттарына  ақпараттар  жүйесі  пәні  бойынша  18  сағат  дәріс 
оқып, арнайы курстар жүргізеді. А.Мамыровтың жүргізетін дәрістерінің 
деңгейін,  ғылыми-әдістемелік  бағытта  істеген  жұмыстарын  ескере 
отырып,  оны  10.01.00  –  әдебиеттану  мамандығы  бойынша  доцент 
ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш 
білдіруді қолдаймын.
Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
А.Мамыров  журналистиканың  өзекті  мәселелеріне  қатысты  уни-
верситетте  өткізілген  ғылыми-теориялық,  ғылыми-тәжірибелік 
конференциялардың, семинарлардың ұйымдастырылуына ұйытқы болды. 
Сонымен қатар баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стан-
дарты  мен  типтік  оқу  жоспарларын  түзуге  автор  ретінде  қатысты. 
А.Мамыровтың авторлығымен жарық көрген оқу құралын студенттер-
ге  қажетті  көмекші  құрал  деп  есептеймін.  Қазір  мерзімді  баспасөздегі 
қоғамдық-саяси  мәселелер  жөнінде  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
жүргізіп  жүр.  А.Мамыровты  10.01.00  –  әдебиеттану  мамандығы  бо- 
йынша доцент ғылыми  атағына  ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми 
кеңесіне өтініш жасауға болады деп есептеймін.
Кафедра  мүшелері  бұл  ұсынысты  ашық  дауысқа  салды.  Дауыс 
беру  нәтижесі  «қолдайтындар»  –  бірауыздан,  «қарсы»  –  жоқ,  «қалыс 
қалғандар» – жоқ.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау