Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Индер ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының



жүктеу 58,79 Kb.
Дата07.12.2017
өлшемі58,79 Kb.
#3242
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Индер ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
БСН 940740000614, 060200, Атырау облысы, Индербор поселкесі, Қонаев көшесі, 14 а, анықтама телефоны:(871234) 2-18-19, электрондық мекенжайы: a.konysov@kgd.gov.k,


Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Индер ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықты әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (1 бірлік) С-R-4 санаты «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73 288 тенгеден 99 106 тенгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Қойылған мәселелер бойынша объективті шешімдер көрсете отырып, басқармамен тағайындалатын аудиторлық іс-шараларды бойынша кешенді, қарсы, тақырыптық тексерістер стандарттарына сәйкес уақытылы және білікті жүргізу, оның ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілікті көздейтін құқық бұзушылықтардың көріністері анықталған кезде әкімшілік хаттама жасау. Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бұйрығымен бекітілген тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын сақтау сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтарды ЕУСС бағдармасына уақытымен енгізу және салыстырма акт есептемелерін жасақтау; Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) іс жүргізуді жүргізуді қамтамасыз ету. Аудит материалдары бойынша анықталған бұзушылықтарды уақтылы және толық жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; Сот, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда бөлім мамандарымен жүргізілген аудит материалдары бойынша белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін білдіру. Бөлімге жүктелген міндеттердің шегінде аналитикалық жазбаларды, анықтамаларды, ақпаратты жасауға қатысу; Өз кәсіби деңгейін арттыру; Еңбек міндеттерін атқаруға байланысты оған мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламау;Басқарма басшылығын немесе құқық қорғау органдарын оған мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы уақтылы хабардар ету; Еңбек және қызметтік тәртіпті сақтау; Басшылықтың өзге тапсырмаларын орындау.



Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы (қаржылық бақылау және аудит , салық және салық салу) барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі бар болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымыны орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс. Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды a.konysov@kgd.gov.k, S.Isalieva@kgd.gov.kz электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы беруіне болады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық берген азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Атырау облысы, Индербор поселкесі, Қонаев көшесі, 14 а үйде орналасқан Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Индер ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________


(мемлекеттік орган)  

Өтініш


      Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар: ________________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                       _______________________________


   (қолы)                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.
жүктеу 58,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау