Нормативтік сілтемелер


Қоғамдағы өзгерістер мен халықтық ой-пікірлер



жүктеу 229,61 Kb.
бет5/15
Дата06.06.2023
өлшемі229,61 Kb.
#42903
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Отыншы Айкүміс Нұрланқызы

1.2 Қоғамдағы өзгерістер мен халықтық ой-пікірлер
Қоғамдық өзгерістер мен халықтық ой-пікірдің әр жағдайындағы даму күйіне байланысты бұл мәселеге түрліше көзқарас туды, талас пікірлер де болмай қалған жоқ. Бүгін олардың бәрі — біздің өткен жолымыз. Соңғы жылдар ішінде жалпы қазақ тарихына байланысты жаңа көзқарас туып қалыптасты. Көптеген тарихи деректер қайта қаралып, толықтырылып, оларды нағыз ғылыми шыншылдықпен бағалауымызға жол ашылды. Халық тарихына байланысты жаңаша ойлану - қазір ұлттардың бәрінің басында болып отырған жай. Осы негізде олар елдік салты мен халықтың игі дәстүрлері, оның тарихтың прогрестік жолына бет бұруы, сол істің басында тұрған халық өкілдері мен ұлттық сана-сезімінің оянуы сияқты мәселелерді терең қарастыруға мүмкіндік алып отыр. Осы мәселеге арналған қазіргі қазақ әдебиетінің тәуір туындылары да бұл шындықты растайды [12].
Орыс-қазақ халықтарының тарихи байланысының түп негіздері мен олардың ынтымақтасу жолының заңдылығын көркем бейнелеуге арналған туындылар ішінде Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары көрнекті орын алады. Бұл — мерзімді баспасөзде шығып жатқан мақалалар мен көптеген оқырмандар конференцияларында айтылып жүрген, республиканың әдеби қауымы мойындап отырған шындық.
Әбіш романдарының бірден қалың оқырман назарын аударуының үлкен бір себебі — оның қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінің оқиғаларын тақырып етіп алуында Алайда тарихтың объективтік дамуы әрқашан алға қараушылар жағында болмақ. Қанша ұзақ тартысқанымен, кері күш қашанда прогрестік бағытқа жол береді. Бұл жолы да солай болғанын көреміз.
Әбіш романдарының тарихилық сипаты (историзмі) күшті. Ол халықтар тарихының даму бағытына әлеуметтік өзгерістер негізінде қарайды. Адамдардың қай дәуірде болса да үміті болашақтан күткенін, өзара қарым-қатынасқа, материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсінеді. Көрші елдердің жан-жақты қыспағына түсіп, көшпелі өмір кешкен қазақтың да ендігі жерде томаға тұйық, оқшау өмір сүруі мүмкін емес еді. Дүние жүзілік әлеуметтік тіршіліктің ірі қозғалысқа түсуі, жаңа жерлердің ашылып, халықтар арасында байланыстың күшеюі, басып алу бағыну шындықтары қазақ халқын да бұрынғы күйден қозғап, ізденіс жолына бағыттады. Осы жолда оның іздегені орыс халқының кең қолтығының астынан пана табу еді. Осы бір тарихи құбылыстың заңдылығын жазушы «Үркерде» үлкен суреткерлікпен және ойшылдықпен бейнелейді. Үркер — маңдай алдыңнан туып, жолыңа нұр беріп тұрған, адастырмайтын жарық жұлдыз немесе жұлдыздар шоғыры. Үркердің қарсы алдынан туғанын қазақ қашан да жақсылыққа жорыған, халық бойын билеген үміт оты осыған жетектейді [13].
Ел билігіндегі азаматтар болғанын тарихи деректерге сүйене отырып, «Үркер» романы бізге кең суреттеп жеткізеді. Ол тек тәуекелге бел буған, даңққұмар билеушілердің ғана емес, жоғарыда келтірілгендей ақылдылық, ойлылық, төзімділік сияқты мінездерге бай характердің ғана қолынан келмек. Әбіш бізге осындай кесек характер ашып берді. Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір кұбылыстары — бәрі де оның негізгі қаһарманы Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой елегінен өте көрсетіледі. Осы тұрғыдан Әбілқайыр есімі романның екінші аты болуға да лайық.
Әбілқайыр романда әр қырынан көрінеді, Ең алдымен, ол — хан тұқымъі, сұлтан. Осы тұқымға тән билік-құмарлық, эгоистік сезімдерден де құр емес. Әбіш оның сұлтандық психологиясына да үңіле біледі. Бүгін болмаса, билікке қолы ертең жететінін біледі. Оның көз алдына көкпен таласқан күмбез бен алдында жыртылып-айырылып тұрған қалың қазақ елестеуі де осы сезімнің көріністері. Бұл — заңды да, хан тұқымының бәрінің басында болатын жай. Тұқым қуалаған хандыққа ертелі-кеш ие болатынын білетін олардың психологиясында соған тезірек жетуге құмарлық, өзімшілдік сезім басым болды. Олар қазіргі іс басындағы бауырларына қызғанышпен қарады, реті келсе, сол орынға тезірек жетуді қарастырды. Әкесін, туысын өлтіріп, хан болғандар бұл тұқымдарда аз емес-ті [15].
Алайда, Әбілқайыр жаратылысы бұлардан өзгешелеу. Ол ішін тырнаған эгоистік сезімдерін баса біледі, бірден көзге түсіп, билікке де ұмтылмайды. Хан түқымына, жалпы билік басындағы адамдарға тән даңғойлықтан, кеудесоқ мінезден де аулақ. Өзін қарапайым, сыпайы ұстап, халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайды. Көп ортасында болады, сез тыңдауға, адам тануға ұмтылады. Әбілқайырдың бұл мінезінде хан тағына өзін іштей дайындау сезіледі. Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, мінез-құлқын қалыптастыруы, толысуы ерекше қызықты. Ол романда сол кездегі ел өмірінің кең тынысымен астасып, жарқын бейнеленеді, Әбілқайырдың кедей деп кем тұтпай, Тайланды тең ұстап, дос болуы — оның азаматтығын танудан туған білімділік. Тентек інісі Мамай Тайланға зорлық жасап, шұбар атын тартып мінгенде де, ол інісін жазалап, әділдік жағында қалады. Осыны байқаған Әйтеке би: «Төренің бағы — қарашаның қайраты. Қарымдыдан құрдас жиғаның жөн екен»— депті. Әйтеке сөзі хан тағына отырғаннан кейін де Әбілқайырға сабақ боп қалғаны аңғарылады.
Халық даналығы мен ерлігінің бейнесіндей Мәтіні де Әбілқайыр танып, сыйлай біледі. Оның ақылы, сөзі әрқашан өрелі жастың ойына ой қосқанын, кекірек-көзін ашқанын көреміз.
«Не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі, мал -екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұ заманда абыройдың да аты өзгеріп кетті. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көлденең түсіп жатып алатын күдіре желке көктөбет сияқты... Күні өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап дәулет қуып, дәурен іздеген, жалыны қайтпаған жастарға үйір болған дұрыс. Тәйірі, жөн білетін текті жігітке ел ұстау деген сөз бе екен? Ол үшін үлкенге ізет, қатарға қадір, ініге ілтипаттан басқа не қажет болушы еді! Бұл жұрттың соңына ереміз бе деп үміттенетін азаматынан бар дәметері сол-ақ қой!»
Бір әңгімеде Мәті аузынан айтылатын осы сөздер де Әбілқайыр жадында қатты сақталғаны, оның бүкіл ел билеушілік, азаматтық жолының заңды қағидасына айналғаны сұлтанның бүкіл романда суреттелетін іс-әрекетінен анық танылады. Ол бедел үшін күресті. Әлі батырлығымен атағы шықпаған бозбала жігіттің Іле бойында қалмақтармен ұрыста ерлік көрсетуге ұмтылуы осыдан сияқты. Ол бұл жолы жүрек жұтқан батырлығымен көзге түсті. Батырлықтың ар жағында даңққұмарлық та жоқ емес еді. Оны Есет дәл байқапты. «Сабазың қалың ел түгел таңқалып жатқанда кірпігін де қаққан жоқ. Сазарып тұрып алды. Сұмдығына найза бойламас қу болмаса қайтсын»—дейді ол Әбілқайыр ерлігіне таң қалған жұртқа. Дегенмен бұл жолы ол қалың қазақ ілтипатына бөленіп қайтты. «Аруағыңнан айналайын, қазақтан да Қалдаман туған екен ғой» десті қалың тобыр. Ынтымағы аз, көшпелі, жауынгер ат жақ. Шықшыттығы да мынау бет деп аталатын ұлан асыр кеңістікте жымпиып жатып қалғылары келмегендей екі жақтан ереуілдеп бой көтеріп, соқиып-соқиып шығып тұр. Дегенмен мырза құдай осынау мол пішілген кісіге де есебін тауып қытыңқылық жасап бағыпты. Шықшыт сүйектің тасасында бұғып жатқан шұнаққұлақты ешкім көре қоймастай. Дәл мынау шарадай бетке анау келте танаудың да тап онша жарасып тұрғаны шамалы. Бірақ осы бір ұлан-асыр мол дүниені бет-бетімен шашыратып жібермей, бас-аяғын жиып ұстап тұрған әлдебір сиқыр күш бар. Ол алақандай ала көзі сияқты. Қарсы алдынан келгенде, кірпігін қақпай тіке қарайтын үлкен көз қапталынан қарасаң, бір қиығынан сығалай қарайтын сынампаз саңылауға айналып кетеді екен. Сол бір екі сынампаз саңылаудың манадан бері мұның үсті-басын түгел тінткілеп шыққан түрі байқалады» [16].
Әбілқайыр бірінші көргенде әсер қалдырған Мәті портреті осы. Нағыз — қазақтың, оның ішінде біздің замандасымыз емес, жаугершілік заманның батырының тұлғасы. Сынампаз көз оны шешен де, сыншы да еткен.
Негізінен әдемі, бейнелі тілмен жазылған романдар бетінде кейде түсініксіз сөздер, ұғымдар ұшырасып қа-лып отырады. Сөйлемді жатық құратын, ойы нақты жа-зушының кейде ойын да, сезін де ауырлатып алатын тұстары да жоқ емес. «Үркердің» 10-бетінде Итжеместің өзіне-өзі ризалығын суреттеуге арналған бір сөйлем кітаптың жарты бетінен артық орын алған. «Орта жүзді қамшы беріп дауға қой» деген халықтықі қалыптасқан ұғымын «қалам беріп» деп езгертіпті. Көшпелі қазақтың ойына ол кезде қалам түсе қойды ма екен. Оның үстіне дауға түскен билер қамшы ұстайтын салт та болған [17].
Әбіш романдары басылғалы көп бола қойған жоқ. Оның үстіне кітап аз күннің мүлкі емес, асықпай, ұзақ оқылады. Оқырманын біртіндеп табады. Әр ұрпақ оған өз пікірін, ойын қосатын болады. Соның өзінде «Үркер» мен «Елең-алаңның» халықтық туынды екені дау тудыр-майды. Олар — ойнап емес, ойлап оқылатын кітаптар. Оларда суреттелетін тарих сабағы негізінен бізге адам-гершілік тағылым ұсынады. Жазушы тарихи фактыны парасатты талдаудан өткізе алған. Сондықтан «Үркер» мен «Елең-алаң»— Әбіш Кекілбаевтың ғана емес, қазақ романының жаңа табысы болып саналады.
Оралхан Бөкеев — алпысыншы жылдар ішінде әдебиетке келіп,| бүгінгі прозаның салмақты жүгін көтерісе бастаған топтың талантты өкілдерінің бірі. Онық шығармалары оқырмандардың жылы ықыласына бөленіп, жазушы есімі қалың қауымға белгілі болған. Кітаптары орыс тіліне аударылып, одақтық оқырмандардың кітапханасынан орын алуда. Оралханның ескі сүрлеуді таптамай, әдебиетке өзіндік үнімен, сырымен, айтар ойымен келгені, өмірді өзінше керіп тануға, өзінше бейнелеуге ұмтылысы, осы жолдағы сәтті ізденістері оның оқырманын тез табуына, оның жүрегінен жылы орын алуына себеп болғаны даусыз. Жазушының «Жалын» баспасынан өткен жылы жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ» деп аталатын повестер жинағы бұл айтқанымызға дәлел болғандай [18].
Оралхан геройлары — біздің бүгінгі замандастарымыз. Кәрісі бар, жасы бар — қайсысы болса да қазіргі дәуірдің азаматтық міндеттерін белсенді атқарып жүрген іс адамдары. Жазушы.солардың әрекеті, мінез-кұлқы, көзқарасы арқылы бүгінгі өмір шындығын, оның алуан түрлі сырларын ғана ашып қоймайды, өткенімізге де ой тоқтатып қарайды, болашағымызға да көз жібереді. Ол характерлерді шебер ашады, солардың көзқарасы, ұғым-түсінігі арқылы дәуірдің өзекті проблемаларын батыл көтереді. Оның біз сөз етіи отырған кітапқа кірген повестері ең алдымен осы проблемалығымен, образдарының ойлылығымен бағалы.
Жұлдыз аулы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына отыз жыл толуын мерекелейін деп жатқанда, Ақан қарт ертемен шағыр қасқа биесін мініп аттанып кетіпті. Оның қайда, неге кеткенін сұрастырған да, керек еткен де ешкім болмапты. Тек кеше кешке қарай шалының әлденеге ренжулі екенін Алма кемпір ғана байқаған. Бірақ әрнәрсені қазбалап сұрап Ақанды мазалап көрмеген әдетімен үнсіз қалған. Жалғыз-ақ шалының ел болып жиналған жерден бөлініп кетпейтінін, тек қаңқу сөзден ғана қашқақтайтынын білетін ол Ақанның бірнәрсеге қырсығып, өкпелеп кеткенін сезгендей еді [19].
Шынында да, Ақан өкпелеп кетіпті. Ауыл басшылары жеңіс тойын тойлауға соғысқа қатысқандарды ғана шақырыпты да, Ақанға шақыру жібермепті. Оның үстіне Құмырайды шақыра келген баланың Ақанға жолы-ғып, бәрін айтып бергенін қайтерсің?
Ақан ойға қалды. Үлкен тойға шақырылмайтындай жазығы не? Кінәсі — майданға бармағаны ма? Оны майданға емес, еңбек армиясында жұмыс істеуге жіберген өкіметтің өзі ғой. Ол қиын-қыстау жағдайда аянбай тер төккен жоқ па еді. Аурулығына да қарамай еңбек озаты атанды. Партия қатарына кірді. Жұмысқа қыры жоқ Құмырай сияқты жалқауларды майданға жіберіп жатқанда, мұны 1946 жылға дейін босатпады. «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!»— деп еңбек етті олар. Өкінішке карай, осыны бағалаған ешкім жоқ. Сол кездің өзінде «трудармияны» киноға түсірген бір адам көрмепті, «газеттенбіз» деп бір журналист келмепті. Ал, бүгін жұрт назары түгелдей жауынгерлерге ғана ауған [20].
«Қазірдің өзінде қарт солдаттар соғыс ардагері атанып, «немісті тырқыратып қуып барамыз, жолдасыма оқ тиді, мен аман қалдым», — деп естелік айтып есінеп отырғанда, «Қүн демей, түн демей, кен қазып, топырақ тиеп жатырмыз»,— деп әңгімеге араласудың өзін әбес санаймыз»,— дейді Ақан.— Бірақ менің, жарылыстың астыңда қалған Бураның, ауылға келген соң көп ұзамай дімкәстік пен жіңішке аурудан қайтыс болған Қожақ пен Қаймақтың жазығы неде? Жазығы — сый-құрмет дәметпей, жанталаса еңбектенгені ме? Жазығы — жауынгерлерге қару дайындап бергені ме? Отыз жыл бойы осы оймен соғысып келемін. Жеңістің отыз жылдығына шақырылмадық. Оны былай қойғанда, «Ата, сенің наградаларың неге жоқ? Әлде, соғысқа қатыспадың ба?»— деген немеремнің сұрағына да жауап бере, алмадым-ау. Ол сұраққа әсте де мен емес, басқа біреулер жауап беруі керек еді!» [21].
Бұл — үлкен қоғамдық проблема. Адамды және оның еңбегін бағалау адамзат тарихында бірінші рет іске асып отырған біздің елде мұндай ұлы істерді ұмыт қалдыруға ешбір жол жоқ. Кеше ғана жеңістің 40 жылдығын атап өту үстінде де майдан мүддесі үшін жан аямай күш жұмсаған тыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлесі атап айтылды. Алайда, күнделікті тіршілігімізде оны үнемі еске ала бермейтініміз, олардың әрқашан сый-құрметтен, атақ-абыройдан сырт қалатыны да жалған емес. Ақан осыған күйінеді. Жазушы да тыл енбеккерлері мен еңбек армиясында адам төзгісіз қиыншылық жағдайында, жұмыс істеген азаматтардың ерлігін көре білуге, бағалауға шақырады. Сондықтан да ол повесін «Бәрі де майдан» деп атап, Ақанның еңбек армиясындағы, оның әйелі Алманың ауылдағы өмірін, азапты да ауыр еңбек жолын көркем бейнелеуді мақсат еткен. Шығарманың бүкіл идеялық түйіні оның образдары арқылы ашылады: Бұл тұрғыда Ақан, Алма, екінші кезектегі Құмырай, тағы басқалар жазушының үлкен табысы саналуға лайық.
Ақан — жасынан еңбек астында өскен, саналы өмірін жалтақсыз, бұлталақсыз, адал өткізген адам. Намысын ешкімге бермейтін, басқаға қиянаты жоқ жан. Бүгін де ұлғайған жасына қарамай шағын шаруасын жып-жинақы етіп, дөңгелетіп ұстайды. Аурулығы себепті өкімет тағайындаған шағын пенсиясын тәуір болған соң алудан бас тартып, еңбекке қайта араласты: ауыл малшыларына газет-журнал тасиды. Қатардан қалып отырып қалғысы келмейді.
Жазушының негізгі кеңіл аударатыны — Ақанның соғыс кезіндегі еңбегі. Соғыстың төрт жылын ол Орал тауы маңында еңбек армиясында өткізеді. Оралхан оның естеліктері арқылы Ұлы Отан соғысы кезінде майданға қару дайындасқан көпшіліктің адам айтқысыз ауыртпашылық жағдайында жасаған ұлы еңбегін суреттейді, «Біздер, еңбек армиясында болғандар, жаумен мылтықсыз шайқастық, әрине, өлім-жітім аз болды. Сондықтан да қадірсіз болдық,— дейді Ақан.— Дене жарасынан жүрек жарасы әлдеқайда ауыр дегенді ширек ғасырдан бері Құмырайға түсіндіре алмай-ақ келемін... Қайтейін, тағдырдың жазуы шығар» [22].
Еңбектің ауыр бейнетін бастан кешкенмен, «қадірсіз болдық» деген сөзінің жаны бар Ақанның. Еңбек армиясына қатысушылардың тұрмыс-күйінің ауырлығын, моральдық жүдеулігін біздер, соғысты өткен ұрпақ кезімізбен көргенбіз. «Адам екен десем, трудармия екен гой!» деген ұнамсыз ұғым Қарағандыда кең тараған еді. Осы сөзді Ақанның әйелі Алма да айтады. Бұл — аталған ұғымның Алтай бойына да жайылғанының белгісі. Соғысқа қатыспағанмен, тылдағы еңбектің ауыртпалығын көрген, сөйтіп жеңіс мүддесіне жан аямай күш қосқан Ақан осындай жалған түсініктермен күреседі. Содан бері арылмай келе жатқан «қадырсіздігіне» күйінеді. Оның «Жүрек жарасы» деп отырғаны да осы. Бүгінгі жеңіс тойына Ақанның шақырылмай қалуы да сол ұғымнан арылып болмағандығымыздың кесірі.
Оралда еңбек еткен жылдар ауырлығына қарамай Ақан үшін үлкен мектеп болғанын көреміз. Ол азаматтық жол кешті. Отанға берілгендіктің, іске жауапкершіліктің, жолдастық, адамдық қарым-қатынастардың сынынан өтті. Денсаулығын күйттеп қалмай, көппен бірге адал еңбек етті, абыройға ие болды. Қостас жолдастары — Қожақ, Қаймақ, Бурамен ғана емес, басқа ұлттар өкілдерімен тілектес, достық қарым-қатынасқа түсті. «Бұған дейін көз көріп, аяғымыз жетпеген мүлдем басқа ұлттьщ өкілдері бір шаңырақтың астында бірігіп, қара нан, үсіген картопты бөліп жедік,— дейді Ақан.— Түр-түсіміз, тіліміз бен дініміз бөлек демедік, бір кісінің баласындай маңырап табыстық. Отан соғысы біздердің басымызға қайғының қара бұлтын төндіріп қана қойған жоқ, біздерді айнымас Ұлы достыққа да үйретті». Тіпті әйел-еркектің достығы дегенді ұғынбаған Ақанға соғыс жыныстық қарым-қатынастан биік туыстық болатынын үйретеді. Ол өзінің Надеждамен қарым-қатынасын осылай түсіндіреді [23].
Сонымен қатар соғыс қана емес, еңбек армиясының ауыр бейнеті де адам жанына өлмес жара салды. Ауыр жұмысқа, аштыққа шыдамай қайтыс болғандар да болды онда. Қейбірі сұранып соғысқа кетті. Ауылдың аусар мінезді жігіттері тасуы қайтқан тау өзеніндей жуасып, мәңгүрт болып қалғанын да Ақан кезімен көрді. Қалжыңбас Қожақтың өз денесін өзі көтере алмай тілден қалғанының, Қаймақ ағасының тірі аруаққа айналғанының ол куәсі болды. Тәртіпке, қиындыққа көндікпеген ауыл баласы Бураның қарны ашса, жоғалып кетіп, қайтып келіп жүретін мінезіне де тұсау түсті. Ақыры Құмырайдың қырсығынан Бура өлімге душар болды. Бұл да соғыстың құрбандығы. Онсыз да ауыр тұрмысты қиындатып жүрген өндіріс басқарушысы Шахтинский мен оның әпербақандығының құрбаны болған Иван да дәуір ауыртпашылығын бейнелейді.
Ақан емірінің шындығын жазушы Құмырай бейнесін қарсы қоя отырып суреттейді. Жасынан қатар өскен, әлі күнге көрші тұратын Құмырай — Ақанның бәсекелес күндесі іспетті. Жауыңның іргеде болғаны, бір есептен, дұрыс па деп ойлайтын Ақан ақсақал. Ерегістен бе екен, немесе іштей бәсекелестіктен бе, қора-жайын таза, жинақы ұстап, өзі әрі тың, әрі сақ жүреді. Есік алды ылғи ыбырсып жататын, аяғы ақсақ демесең, денсаулығы зор, жалқау Құмырай тіршілігіне ол жиіркене қарайды. Соғыста бір аяғынан айрылғанын бұлдап, пенсия алып, жұмыстан қол үзген Құмырайдың бүгін темекісін бұрқыратып дүкен алдын аңдығаннан басқа ермегі қалмаған. Келімді-кетімділерден жүз грамм дәметкіш көңіл пайғамбар жасына келген қарт солдаттьщ беделін түсіріп жүргенің елдік бәрі көріп, біліп жүр [24].
Құмырай бейнесінде жасынан оқшау өскен, топқа түсіп сыннан өтпеген, менменшіл адамньщ белгілері мол. Ертеректе бір күресте Ақаннан жығылып қалғанын ол әлі де ұмыта алмайтын көрінеді. Еңбек армиясы да оған ештеме үйретпепті. Өз жолдастарынан бөлініп, тамағын ұрлап ішіп күн көрген. Ақан қатты ауырып қалғанда елдеңі алдырған етін оған сатуға саудалағаны да, өздері аш отырған бала-шағасының аузынан жырып, «ашпын» деп жылап, елден ылғи тамақ алдыратыны да, іс басындағыларды «айналдырып» өзіне оңай жұмыс алғаны да оның характерін жан-жақты толықтыра түседі. Ақанды орыс қызына үйленді деп өтірік хабарлаушы да осы. Жұмысқа қыры жоқ Қүмырай еңбек армиясында жалқаулығымен көзге түсіп, майданға жөнелтіледі. Онда да қырып-жойғаны шамалы, майданға кірген бетте бомбаның жарықшағы түсіп, бір аяғын жаралайды да, елге қайтады. Омырауына жалғыз медаль тағып қайтқан ол: «осы медальдың арқасында екі кісіні сотсыз атып тастауға қақым бар»—деп кеудесін қағады. Содан Құмырай әлі өзгере қоймаған.
«Соғыс кезінде қанатынан қайрылмаған сұңқар, тұяғынан айрылмаған тұлпар қалып па еді,— дейді Құмырайға ашулы әйелі.— Кебінің сырты бүтін болғанмен, іші түтін. Екі аяқ, екі қолы сау демесең, Ақаннан артық азап шеккен жоқ шығарсың: Отыз жылдан бері язбі жөлетке, асқазанына ас батпайды. Түйені түгімен жұтып, шелектеп арақ ішкен сенен гөрі иманды. Қартайса да аттан түспей, көштен қалмай келеді» [25].
«Жауды жалғыз өзі жеңгендей кеудесіне нан пісіп, өзінен-өзі бұлданып, өз-өзінен кергіп, боғын боталы түйеге балап жүрер Құмырай жалғыз Ақанды ғана емес, осы «Жұлдыз» аулының тамамын ерқашты қылушы еді. Жалғыз ұлынан айрылған аналар, ерінен айрылған жесірлер мен әкесінен айрылған жетімдер қаншама дейсіз жер бетінде. Солардың әрқайсысы Қүмырайға ұқсап ел үстіне әңгір-таяқ ойната берсе не болар еді,— деп ойлайтын Ақан.—Онда ақырзаман орнар еді... Отанды қорғауға кімдер қатыспады? Әркім де әлінше үлес қосты. Аяғынан айрылмағанның барлығы — ақымақ, қоян жүрек қорқақ па екен, тәңірім-ау! Бүкіл іш құрылысым жаңа бет алысын, жетістіктерін, сонымен қатар алда ізденер бағытын көрсете алады. Оралханның суреткерлік талантын да танытады.
Адам тану жолындағы осы бір жақсы бастама Сафуанның кейінгі шығармаларында тереңдей түсті. Ол адам бойынан жақсы азаматтық белгілерді, әсем сезімді, сыршыл мінезді, гуманистік көңіл күйін іздейді. Осыған қайшы келетін ұғым-түсініктерді танып бейнелейді. Сөйтіп, дүниенің қайшылықты сипатын образдарға сыйғызады. Сол жайлы пікірлер қозғайды, философиялық, психологиялық толғаныстарға барады.
Осындай бір жақсы ізденістің нышанын біз «Мезгіл» повесінен (1963) таныған едік. Осында суреттелетін өгей ана мен Мезгілдің арасындағы бауырмал, сыйластықты қарым-қатынастар жалпы адамға тән игі сипаттарды бейнелейді. Мезгіл әңгімесі арқылы берілетін ұзақ сырда оның өмір тануы мен адамгершілік жолындағы тәрбиесінде ананың атқарған ролі әдемі көрініс табады. Адамның көңіл күйіне, ішкі сырына үңілу, сезім сұлулығы, әсемдік—бәрі де бас кейіпкердің характеріне хас белгілер. Жазушы ана мен баланың ара қатынасын дәуірдің қат-қабат тартысында қалыптастырады. Аз айтылса да, повесте дәуір шындығы шынайы суреттеледі.
Бұдан кейінгі дәуірде де Сафуан көп шығармалар жазды. Олардың бастылары—«Қарғаш» (1965), «Жыл құсы» (1969), «Өмір нұры» (1970), «Ашу» (1975), «Мәжнүн тал» (1978), т. б. Бұлар жазушының негізінен повесть жанрында тұрақтағанын, онда өнімді еңбек еткенін байқатады. Соңғы жиырма жылдың ішінде қазақ повесінің жанрлық баюына, тақырыптық тереңдеуіне, оның лириктік сипатының артуына Сафуанның елеулі үлес қосқанын бүгін жұрттың көбі мойындайды. Осы жылар ішінде ол дәуір, адам сырын тез ұғар сергектігімен, жазушылық өнерге деген биік талғамымен, өмір құбылыстары туралы ойшыл толғанысымен үлкен суреткер болып қалыптасты. Ол адамгершіліктің талмас жыршысына айналды. Оның шығармасының қай-кайсысын алсаң да, мұны жақсы танисың [26].
Әсемдікті тану, бағалау, қадірлеу, сезім сұлулығын ардақтау — «Қарғаш» повесінің (әуелде «Алғашқы махаббат» деген атпен басылған) негізгі тақырыбы. Сапар мен Қарғаштың сәтсіз аяқталған сүйіспеншілігін суреттей отырып, автор алғашқы жастық сезімнің шынайы мөлдірлігін паш етеді. Сезім сыршылдығын, адам сүйгіш көңілдің тазалығын, ар абыройын бағудың жолын жазушы үлкен азаматтық идеалға айналдырады. Немесе оның «Өмір нұры», «Селдің екпіні» атты повестерін алыңыз. Мұнда да адамның рухани байлығы, өмірдің нұрлылығы кішіпейілдікте, қанағатшылықта, адам сүйгіш кең кеңілде екенін танисың.
Адам бойындағы осындай игі мінездерді бейнелейтін, соны мұрат тұтатын жазушы шығармаларында өмір шындығын жұтаңдатпайды, терең тартыста бейнелейді. Ұнамды тип сол тартыс үстінде өседі. Өз бойындағы жақсы мінез-құлықты, адамгершілік биік саланы, сыршыл сезімді ту етіп көтеріп шығады. Адамгершілікпен күреске түскен қоғам, адамзат мүддесіне қиғаш көзқарастар да белгілі образдар арқылы ашылады. Жазушы оларды да әлсіретпей, характер дәрежесіне көтереді. Ұнамды, ұнамсыз типтердің даралығы мен нанымдылығы екеуінің ортасындағы тартыстың да шынайылығын бейнелейді. «Инештегі» Инеш пен оның қармағына іліккен Белгіғұловтар, «Мезгілдегі» белсенді Жүсіп пен тышқан көз Садыр, «Қарғаштағы» аңғал қыздың адал сезімін өз құлқынына кұрбан еткен Мелдес, «Өмір нұрындағы» дүниеқұмар Шәмшігүл, «Ашу» повесіндегі ферма бастығы Қарғабек, тағы басқалар—жазушы өзіне мұрат тұтқан идеалдың дұшпандары. Сафуан оларды да жақсы таниды. Образдық Дәрежеге кетеріп, оқырман талқысына салады [27].
Адам бойындағы адал, кісіге сенгіш достық көңіл күйі мен соның бәрін тек өз кұлқыны үшін құрбан етуге дайын типтерді бейнелеуде жазушының «Ашу» атты повесінің елеулі маңызы бар. Мұндағы екі жақты қарым-қатынастың шиеленісуіне Лезбай қойшының иті Марғау себепкер болады. Жазушы қойшы семьясындағы кайшылықты тартыстарды Марғаудың көзқарасы, сезімі, психологиялық күйзелістері, ашуы арқылы шебер бейнелейді. Адамдық қарым-қатынастарды ашудың жолы әдебиетте әр түрлі болатыны белгілі. Бұл — әдебиет тарихына жат кұбылыс емес. Сафуанның Марғауы осы ретте қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орын алатыны даусыз. Ол біздің әдебиетімізде көркемдік ізденістің әр салада өрбіп келе жатқанының куәсі.
Туған даланың әсем көріністерін адам сезімімен, үғым-талғамымен терең байланыста суреттеу «Мәжнүн тал» повесінде орын алған. Суретші, Бағдан өзінің творчестволық шабытын табиғат сұлулығынан, ойлы, әсем, сезімтал Әспеттің бейнесінен іздейді. Сөйтіп, бұл құбылыстар суретшіні өнерге қанағаттандырған өмір сұлулығының романтикалық көрінісіне айналады [28].
Сафуанның творчестволық жолында бұл аталған шығармалардан тақырыбы оқшауырақ бір повесть бар. Ол — «Жьіл құсы». Бұл повесть жайында кезінде әр түрлі пікірлер болды. Шығарма негізінен ұнамды бағаланып, кәсіподақтар Орталық Советінің жұмысшы тақырыбына арналған жүлдесін алды. Менінше, повестін бағалы жағының өзі оның жұмысшы тақырыбын көтеруінде емес, адам характерінің нақтылықпен күшті жасалуында. Қазақ ауылындағы феодалдық-патриархалдық тіршіліктің тозып ыдырауы, өндірістік қарым-қатынастардың кіре бастауы кезіндегі өмір танудың қайшылықты сипаттары мұнда Битабар бейнесінде жақсы жннақталған. Өз дәуірінің ұлы Битабар ескінің тозуы-а көнсе де, жаңа, өндіріс ортасының өз ұғымына жат шындығына көндіге алмайды. Қең далада еркін өскен, күші мен қолына сенген қазақ ешкімге пенде болуды қаламайды. Өз ортасынан жұққан олпы-солпы, дөрекі, бірбеткейлігін сақтайды. Сондықтан да жазушы балуанның күрестерін қазбалап жатпайды, оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына кебірек назар аударады. Ескі феодалдық ортада туып-өсіп, жаңалықты еш дайындықсыз қабылдаған адамның қайшылықты тағдыры, психологиялық жай-күйі повесте терең суреттелген.
Мұның бәрі Сафуан Шаймерденовтің творчестволық жолы табысты өтіп келе жатқанын көрсетеді. Оның кітаптары заманымыздың әр түрлі кезеңдеріндегі адамдар тағдырын бейнелеуге арналады. Шығарманын бүкіл идеялық бағытын, ез идеалын жазушы түгелдей образдар жуйесі арқылы ашуға ұмтылады. Адам мұратын көбінесе ол сыршылдық пен сезім. иірімдерін суреттеу арқылы аңғартады. Сондықтан да оның еңбектері адам туралы толғаныс, адам жайындағы жыр болып елестейді [26].
Соны негізге ала отырып, повестер мен қатар шағын новеллалар, эсселер, этюдтер үлгісін туғызады. Бұл — автордың жаңаша ізденуінің айғағы. ескі жанрлық формаларды жаңартып жетілдіруі. Сонымен бірге бұл «шығарма формасын оның маз-мұнын тудырады» деген белгілі қағиданың іс жүзінде дәлелдеуге қызмет етеді.
Сафуан кітабының қазақ әдебиеті үшін жаңашылдық сыпаты күшті. Әңгіме-новеллаларды нақты деректі үлгіге, болған адамдар өміріне қатысты фактыларға құра жазу салты бізде бұрын болмаған дүние. Сафуан осыны бастап, дамытты, сол негізінде прозаның шағын жанрлық формаларын жетілдірді. Бұл — «Ағалар ала-қанының» атап айтарлық жаңалығы. Қітапты оқығанда көп адамдармен кездесіп, олардың шапағатын, жан жылуын сезесің, кісілік мектебінен өткендей боласың. Кітаптың тілі жақсы, бейнелі. Автор қысқа, ұтымды айта біледі. Стилі де байсалды, жатық. Мұндай жаңалықтарды қолдап отыру әдебиетті байыту, реалистік өнерді жетілдіру үшін аса қажет.
Кейінгі жылдары Сафуан «Әдеби толқындар» атты әдеби-сын мақалалар кітабын жариялады. Бұл кітапқа жазушының әр кезде жазған әдебиет жайлы толғаныстары, мақалалары кірген. Әдебиет мәселелерін талқылауға, жеке шығармаларды бағалауға, әдеби процестің бағыт-бағдарын айқындауға жазушылардың өздерінің араласып отыруы құптарлық іс. Мұның жақсы жағы — жазушының сыншылдық ой-пікірлері құрғақ білімге, теорияға емес, өздерінің творчестволық тәжірибесіне сүйенеді. Сондықтан жазушының сын пікірлері қашанда оқырманға, жас талапкер әдебиетшілерге кебірек ой салады. Сафуан кітабы да осы жағынан бағалы.
Оның үстіне «Әдеби толқындарда» Сафуан бүгінгі әдебиетке биік талаптар тұрғысынан қарай алатын, әділ төреші, сыншы есебінде керінеді. Ол ешкімнің жасына, беделіне жалтақтамай, пікірін ашық айтады, сын-ескертпелерін мәдениетті түрде дәлелдеп, ой сала жазады.
Сұлулықка құштарлық Кәкімбектің махаббат жайындағы өлеңдерінен тым айқын көрінеді. Мұнда үзіліп, өліп тұрған натуралистік сезім жоқ, шынайы сағыныш, кез тойдырар көркемдікке құмарту бар. Оның «сүйгенінің аппақ арының айғағындай», суымайтын жылуға толы жүрегі, қайда барса да, сүйгенін іздейді. Ақынның сүйгені — қолға түспейтін алыс арман. Осы арман оны өмір сүруге, ізденуге жетелейді. «Ғашық көзде жан пида жылылық бар», «Ештен кеш», «Жаным жалау», «Сұлулыққа отырам шек қоя алмай», «Сені іздеймін», «Кім маған айта алар екен» сияқты өлеңдер ақын бойындағы осы өлмес махаббаттың, таусылмайтын сағыныш сезімінің жырлары.
Ақынның жаңа өлеңдерінде («Махаббатты паш етем», «Қанаттымын», «Айта берме», «Сен берсең», «Қөктем лебі», «Дүнне», т. б.) бұл тақырып әрі қарай терендете жырланады.
«Ұрпақ сыры» поэмасында Кәкімбек осы тақырыпты қайта қозғай отырып, анаға қоса, әке туралы, оның өмірдегі, семьядағы орны жайлы ақындық толғаныс жасайды. Әке хаттарын оқу арқылы, әке боп тілдескен сарғайған қағаздар бетінен шертілген сыр арқылы әкенің ерлік жолы, ол қалдырған адамгершілік тағылымы туралы жырлайды.
Әке жайын балаға көп айтатын, сол арқылы жас адамды тірлікке үйреткен ана бейнесі поэмада әкемен тығыз байланыста беріледі. Ол — тұрмыс ауыртпашылығына қоса, әке қайғысын арқалаушы. Балаға әрі ес, әрі өмір сабағын беруші. Сиыр жеккен шана үстінде отыннан қайтып келе жатып ана айтқан мұңлы өлең сарыны бала есіне анасының әке хаттарын осылай әндетіп оқитынын түсіреді.
Көңілі босап,
Жазатын жауап елеңмен.
Сағыныш лебі шығатын шып-шып теріңнен.
Махаббатымен тербетіп бізді өсірген.
Анамнан артық ақынды
Көре алмай әлі келем мен.
Ақындық туады екен-ау.
Қөңілдегі дүбірден,
Сезімдегі өлеңнен.
Ана мен баланың шаруашылыққа қатысы жайлы көріністер, әке өлімін қабылдауы да поэмада суреткерлікпен берілген. Ана осының бәрін ерлікпен қабылдап, жоғалған жарын ұзақ тоса біледі. «Тек жары үшін жаралғанын дәлелдейді». Тірліктегі тілегі — жары мен ұлы болады. Ұзақ қайғыдан қайтқан анасын еске түсіріп, бала бүгін әкеге:
Анам менің
Ардақты адал жарың,
Танытты сен үшін жаралғанын.
Екеуміз ек ақ, адал тілегі де,
Сүйеніш, тірліктегі тірегі де.
Ол барда жақын еді сан арманым.
Бір кетсе, орны қайтып толмайды екен,
Анаңнан артық адам болмайды екен.
«Ұлы таланттың бойында ішкі сыр, субъктивтік элементтің мол болуы — гуманистік белгісі. Бұл бағыттан қорықпаңыздар: ол сізді алдамайды, адастырмайды. ¥лы ақын өзі туралы, өзінің «мені» туралы сөйлей отырып, жалпы адамзат туралы айтады. Өйткені оның табиғатында адамзатқа тән нәрсенің бәрі болады. Сондықтан онық мұң-шерінен әркім өз мүңын табады, оның жанынан өз жанына сырын үғады және одан ақынды ғана емес, адамды, өзінің адамзат ішіндегі бауырын таниды. Оның табиғатының өзінен биік екенін мойындай отырып, әркім-ақ сонымен бірге онымен туыстығын сезінеді»,—деген еді В. Г. Белинский.
Ақын бойындағы ішкі сыр, әрине, ғайыптан пайда болатын дүние емес. Ол ақынның айналасындағы құбылыстан алған әсерінен, адамдармен, тіршіліктің басқа да түрлерімен (мәселен табиғатпен, аңмен т. б.) араласы-нан, байланыстан туады. Сыртқы тіршілікпен байланыс негізінде оның ойында сезімінде ақынның өзіне ғана тән субъективтік пікір құралады. Әлем. тіршілігіндегі бірде бір елеулі құбылыс бүгінгі ақын назарынан тыс қала алмайды, оның бәрі ақын жүрегіне сыя алады, одан өзіне тиісті бағасын күтеді [27].
«Өмір сүру дегеніміз сезіну мен ойлау, кайғыру мен қуану. басқа өмірдің бәрі де өлім»— деген Белинскийдің сөзі ең алдымен ақын үшін айтылған. Өйткені ақын өмірі — өлең, ал өлең өмірі — сезіну мен ойлау, қайғыру мен қуану. Адам бойындағы осы қасиеттерді ақын басқалардан өзгеше сезінеді. Ол қуанса — дүниені басына көтере әлемге бар даусымен шаттана айғайлайды, қайғырса — күйінішіне бүкіл тіршілікті ортақ ете отырып, пәлені төндіре жазады. Оның сезімталдығы мен ойшылдығы да осыдан туады. Бүл — өмірді толық сезінуден, оған деген құштар сезімнен ғана туатын қасиет. Ақынның елеңсіз тіршілігі жоғын түсіну де осы жағынан қиынға соқпайды.
Қонған екен тағдырдын құсы маған,
Енді қалай төбемнен ұшыра алам.
Бақытым ба, болмаса азабым ба,
Біле алмадым, ал, бірақ сұсы жаман,
Тағдырымның жыр атты сыйына мен Кезіктім де,
жол тарттым қиырға кең, Мандайыма осылай жазылыпты Ғажап та қиын әлем.
Отау — айдын, жасауым — жасыл кемем,
Ойнайды айдын көгінде жасыл-жебең.
Думандатқан жерлерде отырамын,
Көзде — мұң, басымда — елең.
Көп адамға көктемде, қыс та арайлы,
Ал мен үшін алтын да — мыс талайғы.
Жай құбылыс секілді құшсам Айды, Бақытым да, әйтеуір, басқалардың Бағына үқсамайды. Елтімеймін дауылсыз таң ғұмырға, Түк еместей шының да, шалғының да, Жүрек емес, жүрегім — антеннадай Қабылдайтын әлемнің ән, мұңын да. Ем іздеуім бекер-ақ, бұл болмысым Қанымда, тағдырымда [28]!
Осы бір өлеңде Фаризаның бүкіл акындық болмысы анық көрінеді. Ең алдымен бұдан біз ақындық тағдырдың ғажап та қиын тіршілігін, оны мойнына алған таланттың азапты жолын көріп танимыз. Ол өз басынын қызығын күйттемейді, әлемнің мүңы мен әніне қүлақ тосады, ақын тілімен айтқанда, оның жүрегі антеннадай дүниенің әр бұрышындағы қуаныш, қайғыны қабылдайды. Думанды ортада көзіне мұң, басына өлең оралып оңаша ой кешеді. Тыныш үйықтап, Айды қүшса қуанып, алтын көрсе көңілі көтерілетін сезім оған жат. Осының бәрін өз тағдырым деп түсінеді, оны мойындайды, басқаның бақытына үқсамайтын өз бақытын мақтан тұтады. Өлеңдегі ой сезіммен өріліп, тұтас суретке айналып, ақын тағдырын жарқын бейнелейді.
Фариза жырлары автордың кең ойлануынан, қоғам шындығы мен өз басының мұңды күйлерін түйіндестіре толғаудан туады. Бұл— өз ортасынан оза шыққан адамның бәрінің трагедиясы. Абайдың жалғыздығы да кезінде осыдан туды. Лермонтовтың «Одиночествосы» да осындай жағдайда жазылған. Бірақ Фариза ақындығы күйректік сезімге бой алдырудан, дертке ұрынып қалудан аулақ. Оның жыры, үні өктем. Ол қазақтың даласындай жаны кең, кегінен бұлт арылмаса да тарылуды білмейтін ақын көңілін «баяғының құс қанат түлпарындай» дүбірмен оятып, қобыздың сарынымен жұбатады. «Ойсыздықтан өрекпіп тойғандардың» құлағына қайғы боп ызыңдап, елдік, ерлік ұғымы «қалғығандарды» дабыл кағып дүрліктіреді. «Жағымпазды ту сыртынан тілгілеп», зорлық көргендерге «әділет сыбағасын әпереді» [28].
Ақынның бойындағы бес қаруы да өлең-жыры. Ол — ақынмен бірге неше түрлі қатерден өткен, соның бәрін де оның намысын батыл қорғаған, өнер мүхитын онымен бірге кешкен жан серігі. Енесін — елін іздеген қос құ-лындай ылғи желіні айналып жүретіні де олардың туған елге деген махаббатының белгісі.сыршыл жеңге,
Шыныменен өкпелеп жүрсіңдер ме?—дейді ол. «Өкпелеп жүрсіңдер ме?» атты өлеңінде ақын көңіл-күйін көтерер, оның ойын серпілтер ортаны да сол достарынан, елінен, кең даласынан іздейді. Оның ұғынуында, адам біріне-бірі қарыздар, олар бірін-бірі жан шуағымен, сезім нәрімен емдейді. Сондықтан ол да өз жанына емді солардан табады.
Мен саған қарыздармын. Сен де маған басқа қызық-шыжықтар ем бе маған. (Бірі-біріне қарыздар екендігін, Неге біле бермейді жердегі адам?») Менің мына жүзімнен жел жалаған Шаттықтардың шуағы танылмаса, Жанарымнан ой-тұман арылмаса, Оны сезім нәрімен емдеп алам. Немене анау ақкөңіл елге барам. Жусаны да жайымды ұғынатын Кемпір, шал да «қалқам» деп бұрылатын, Көтергендей ақ басын жерден анам.
Асылы, Отан, ел, жер сүю сезімі Фариза гуманизмін, оның адамды сүю, әділетсіздік пен ұнамсыздыққа қарсы күресі идеясын толықтыра түседі. Оның басындағы ой, көзіндегі мұң, ел, адамдар басындағы қайғы. Ақын соны өткір сезінеді. Оны өзінің жеке басының сезіміне айналдырады. Лирикалық өлеңнің өтімділігі үшін бұл—басты шарт. Жеке адам сезімін адамзаттың көңіл -күйімен тұтастыру шын таланттардың ғана қолынан келеді және өлмейтін өлең тудырады. Бұл тұрғыда ақынның «Жақсылық туралы жыр», «Далам менің», «Туған жер», «Ақ түн», «Дала — менің қазынам», «Қырға кеткім келіп тұр», «Айналайын, ауылдың адамдары-ай», тағы басқа өлеңдері едәуір маңызды роль атқарады. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері елі мен жерін, туған даласын шексіз сүйген, оның адамдарын, табиғатын (жусанының иісіне дейін) рухани тіршілігіне азық .еткен сезімтал, бауырмал жан. Ол қазақ даласының қай жерін болса да бөлмей, рулық немесе жыныстық ұғыммен шектелмей, тұтас сүйеді. Саумалкелдің самалы, Оқжетпестің басындағы . сағым-мұнар. Үшқараның биігі, даланың ақ түні — бәрі де оның қиялы мен сезімін қозғайды, бойына қуат қүяды. Ақын жырына да азықты содан алады [29].
Дала менің қазынам, жыр сандығым, Жыр нәрімен жер балқып, бусанды құм. Сортаң жердің тұзы бар тамырында Ашқылтымдау сондықтан жусан — жырым,-дейді ол.
Сондықтан қиналған, шаршаған шағында ол қырға шығып, жанына шипа іздейді. Саумал иісінен дауа табады.
Тірлік кешем қалада құлап-шатып, Жүргенім жоқ тындырып бірақ та түк. Жанды сығып, әйтеуір сүйрейді алға Жеткізем деп түбінде мұратқа уақыт. Мың ғасыр барады мені, әйтеуір, құйқа иісті қырымның жырақтатып.
Кейде менің жанымда шалғын қалмай, Сезінемін: маңым — су, алдым — жардай.
Сарқылғандай қуатым, сонда менің
Қалар көңіл-шырағым қалғып, жанбай,
Есі-дертім сол кезде қырға ауады
Бір нәрсемді сонда ұмыт қалдырғандай.
Бұл — далаға, өзі өскен өзінің жаратылысы мен табиғатына,| қанына сіңген ортаның шындығына деген сағынышты бейнелейді. Мұны, әрине, даланы калаға қарсы қою деп үғынбау керек. Ақын қаланы бүгінгі қаумалаған жедел тіршіліктің бейнесінде таныса, дала содан бір сәт босаған кезде жанға тыныштық іздер көңіл демеуі. Дала, ең алдымен, өзінің адамдарымен қымбат. Ақын көңілін жүбататын солардың дарқандылығы, шуаққа бай жан сезімі. Ол халқының әнін де, ана сүті сіңген тіршілік иісін де сақтаушы. Сондықтан Фариза өзін жалғыз түп жусан сезінсе, оның тамыр жаяр құнарлы топырағы ауыл деп түсінеді.
Ақын даланы тек бүгінгі елдің бейнесін, табиғатты көрсету үшін алмайды, одан бүкіл халық тіршілігінің ізін, тарих жолын таниды. Ол ұзақ жол легінен адамға ой салар, жүрек көзімен саралар шындық табады.
Көзбен көріп, оймен шолып даланы Жүрек кезім талады. Сарғайтамын, шаршатамын сананы. Тіршілігімнін, тегершіні шиқылдап, Қырылдайды домбырамның сағағы. Көк жүзінде мен ұмтылған мәңгі күн Жылдарымды домалатып барады.
Бұл— тарих қана емес, уақыт құдіретін түсінуден туған ойлар. «Қаратаудың басынан кеш келеді» өлеңінде автор қазақ әнінен де сол тарихтың қайғылы ізін кереді. Тарих ізі обаларға айналып қалмай, ән болып қалғанын қалайды [30].
Ал, бүгінгі даланы ақын жаңарған елдің бейнесі ретінде, еңбектен өзгерген, батырлық даңққа толы жаңа өлке деп қарайды. Оны бейнелеуге Фариза жаңа образдар пайдаланады. Одан біз даланың ән ырғағының өзгергенін, оның тамырын солқылдатып дән алып жатқан адамдар еңбегін танимыз. Тың — осы жаңа, батыр даланың символы. Кеудесінде жреннің бәрін батыр жасап жатқан дала күдіретін ақын шалқыған көңіл күйінің әсеріне орап суреттейді.
Фаризаның адам сезімінің қат-қабат шиырлы қалтарысын суреттейтін, туған жерге, елге деген ынтық көңілді бейнелейтін өлеңдері оның табиғат туралы көзқарасымен тұтасып жатады. Ол өз бойындағы ақындық қуатты да, сезімталдықты да, көңіл- күйінін әрқилы жағдайларынсол табиғаттан алғандай сезінеді.табиғнәрсе. Өйткені ақын мен табиғат егіз. Адам бойындағы рухта табиғаттың қүпия сыры-ның көп белгілері болады. Ол ашық күнге куанады, жаңбырлы йспанға қарап қамығады, көктемде шалқи-ды, дауылға қарап, бұрқанады. Мұның өзі өмірдің шынайы суреттерінен тұрады Ақын сезімінің күрделі болатыны да осыдан. Табиғаттың құпия сырлары оның жанында кейде өзі де түсініп болмайтын ғажайып-сезім туғызады. Фаризаның көп өлеңдері — осы сөзімізге куә. Оларды оқи отырып, біз табиғаттың әр жағдайдағы әдемі суреттеріне тапі боламыз, соған ұқсас ақын бойындағы сезім сырын аңғарамыз. «Теңіз қайтып, бұйығып жатыр бүгін» атты өлеңде кеше ғана «кеудесіне жиналған запыранды жағаға лақтырған тентек» теңіздің бүгінгі, бұйығы күйін суреттей отырып, ақын өз жанының бүгінгі қайтқан теңізге үқсаған бұйығы кейпін бейнелеп көрсетеді. Кеше ғана ағынды, эқырлы ақынның да бүгін қымызы сарқылған торсықтай, дабылы, кегі бітіп қалғаны елестейді. Бірақ теңіздің қайтуы — оның тартылуы емес, асау толқын тағы да арпалысқа шығады, ақын жаны да бүрқанысты сырымен көркем, әсем.
«Қоңыраулатып көктемдер келді маған», «Жарқыра күн», «Кектем күліп келеді» сияқты өлеңдерде көктемнің нурға бөленген әдемі күйін бейнелер суреттер мол. «Балғын бүршіктерімен сұлу қайың толықсиды босанған жас анадай», «Тырмысады жабысып тасқа қына» (тасты жасартып жатқан емірдің белгісі ғой), «Жан» сезімін түнекке тасаламай, табиғатқа қызуын шашады арай» т. б. жолдар бұған дәлел. Ақын көңіл күйі де осыған лайық, шатты екенін көреміз. Тасқа жабысқан қынадай оның көңіліне де үміттің ине — сәулесі қадалады, «Қанат қылып жанымның куанышын, ұшып келем аяғым жер жанамай», «Ән шырқағым келеді бар ғаламға, Шаттығымды сездірер үнімменен» деген жолдар арқылы ол өзінің бойындағы сезім шуағын суреттейді.
Жанымда — қуаныштар,
Куанышқа ілескен бұла күш бар.
Көшіп келіп көңіліме көкжиектер
Жақындаған секілді бір алыстар.
Мүның артынша, жаңбырлы аспанды көріп («Жаң-ібырлы аспан түнеріп») тағы да мұңайып қалған ақынның кәңіл күйін танысақ, Сарыарқаның маужыраған тыныш төсінен («Мына кештің ғажабы-ай») сабыр мен жылылық күткен ақын ананың ойлы сырын ұғамыз. Ол әйел сезімінің күрделілігін еске түсіреді. («Жұбанса да жылаған, қуанса да жылаған») [31].
«Түнгі қала» өлеңіндегі түнгі қаланың суреті қандай әдемі! Оны оқи отырып түнгі қала тіршілігін кызықтаған әсем сезімге бөленесің. Төбесінен нұр құшқандай жарық ай сәулесінің суреті, сыбырласқан қыз балтыр ақ қайыңдар, қызды ауылды күзеткен ұлдардай өріп жүрген көк теректер, ар жағындағы адамдардың жылуын сыртқа шығарып жатқан түнгі терезе оттары, зәулім сарайларын түнгі қаланың оты сәнмен өріп, оның кеудесінде сәуле ойнатуы — бәрі де ұмытылмас әсер қалдырады. Бұл өлеңдер Фаризаның адам сезімінің арпалысын жанды бейнеге айналдырған жырларына қосылып, ақынның суреткерлік шеберлігін танытады.
Табиғат — ақын үшін тазалықтың, пәктіктің, әсемдіктің бейнесі. Ол адам бойынан тазалық іздесе де, табиғатқа жүгінеді. Ол көз алдында тарылып бара жатқан тіршілік қысымына табиғаттың кеңдігін қарсы қояды, соны іздейді («Әлде көзден ұзаған кеңдігімнің қос ат алып соңынан қусам ба екен?»), шаң-тозаңға былыққан қара жерден мелдірліктің белгісі — аспанға ұмтылады, жағадан жиіркеніп, теңіздің тұнығын кешеді («Теңіздердің тұнығын кешсем деп ем, жағадағы жиіркеніп ылайлардан, ылай көрсе мендегі жылайды арман»), қасаң тартқан жандардың кеудесін тазартар Арыстанды — Қарабастың дауылын күтеді. Адамды сүю, адамға жақсылық тілеу, тілеп қана қоймай, оны жасауға ұмтылу, осыған қайшы ұғым, іс-әрекеттерге қарсы батыл күрес Фариза гуманизмінің мөлшерін анықтайды. Ол — адамгершілік игі мінез үшін, адам жанын жылытар күн, шуақ үшін, қасаңдыққа қарсы тұра алатын шындық үшін күрескер. Адамға жақсылык жасау — оның лирикалық кейіпкерінің азаматтық программасы. Жақсылық жасау адам жанына нәр береді, «Кезінде етпеген жақсылық — қылмыспен кейде пара-пар», «Жасалмай қалған жақсылық ішіңді жейді тышқандай»—дейді ол. Адамға жақсылық жасай оты-рып, оның бойындағы қасаңдықты жібіту, адамды мейірім арқылытәрбиелеу мәселесіне ақын адамдықты, адалдықты сақтаудың жолы ретінде қарайды. Ол адамды жылытар шуақ іздейді. Бұл саладағы ақын ойлары «Кей ісің ойға салар мұң», «Шыға жаздап шырқырап шыбын жаның», «Мына күн тұр ма тағы жауғалы», «Жүрмегін күлмей жылап», «Ішімдегі ойларды тот басуда», т. б. өлеңдерде анық көрінеді. Ақын шындықтың, әзілдіктің жеңісіне сенеді. Жалғандық дүниесімен келісімге келе алмайды. Бұл өлеңдердің көбі оқырманмен бетпе-бет тілдесу түрінде, ақын монологы үлгісінде жазылған. Бұл арқылы Фариза өз ойындағысын ашық айтады, өмір туралы, жақсылық пен жамандық жайлы ұғым-түсінігін көп талқысына салады.
Фариза адам мінезінің, характердің тұтастығын іздейді. Тіршіліктің ұсақ-түйегімен шектелушілікті ұнатпайды. Оның идеясы — адамдық ірілік. «Тілеу» атты өлеңінде ол даланың жігіттерін күңкіл мен ұсақтықтан сақта деген тілек айтады. Ол ел тұтастығын, жақсы адамдардың әрқашан ұғысып, тіл табысып, жүруін, татулықты тілейді. Оларға аталар дәстүрін үлгі етеді.
Ағалары асқар шың, қырау шалған, Жігіттері ат баптап, қыран салған. Дала көңіл халықтың ұрпағы едік Елдікті айтып ұрпаққа ұран салған.
«Қазығым — алтын қарттарым» өлеңі де ағалардың азаматтық дәстүрін мадақтауға құрылады. Олардың халық бақыты мен азаттығы жолындағы күресі, намыс пен арды ту етіп еткен ерлік жолы болады. Ақын олардың бейнесін «Тарланы болған халқымның, салмағы болған даңқымның»,, «уызымен елдік, кеңдіктің ұл-қызын ауыздандырған, әкенің жоғын білдірмей аймалап шығар алдыңнан», «Елімнің қанын сіңірген, жерімнің нәрін сіңірген, жүйрікті көрсе сүйсініп, жалтақтық көрсе түңілген» деген жолдар арқылы танытуға ұмтылады. Елдіктің, адамдықтың, адалдықтың белгісіндей қарттарға арналған ықылас «Қайырымды, қайран, қарттарым!», «Қайыңдай қайсар қарттарым!», «Қазығым- алтын қарттарым!» сияқты қайталаулар арқылы толыға түседі [32].
«Баттың деп бекер зар-мұңға», «Мен әлі нүкте де емен, үтір де емен», «Өсек айтып, әркімнің сөзін бағып» атты өлеңдерде ол бүгінгі ұрпақтан кеңдік, ерлік, ірілік, биіктік мінез күтеді. Адамдар аласа болса, ұсақтық көрсетсе, ақын жаны жүдеп қалады. Не айтса да, ашық айтатын, қасқайып тұрып дұшпанға «жауыңмын!» дейтін, пасықтың көзіне тіке қарап, «пасықсың» дейтін, қыспаққа түскен әлсізге қол үшін беретін, қиянатқа қарсы тұратын адамдарды арман тұтады. Өмірдің мән-мағынасы күресте деп түсінетін ақын сол күрес идеясын адам баласының бақытты тіршілігінің үстемдігіне, жеңісіне арнайды.
Фаризаның көп өлеңдері әйел тақырыбын қозғайды. Бұл — заңды да. Өзі де сол жынысқа қатысты болғандықтан ол әйел психологиясын, оның басындағы өмір фактыларын көбірек біледі, айқынырақ түсінеді. Ол әйелге тән төзімді, өткір сезім күйлерін, кейде сол сезімге малтығып қалатын әлсіздікті, көңілдің нәзіктігін, адал махабатты тереңірек жырлайды. Оның сезімі де мұңды, ойлы. «Ешнәрсеге, ешкімге алаңдамай», «Шығарып салдың мені», «Қасиет көп адамда табынардай» өлеңдерінде ол қуанышы мен қайғысы аралас жүретін сүюдің азапты күйлерін нақты суреттейді. Адамдар жүрегінің тазалығы, сүюдің саудаға, есепке құрылмауы, сүйгенінің жанын ауыртпауы — автордың ой қалауы. «Аралап жүр көктем кеп бар алапты», «Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі», «Қасаңсып кеткен кезінде» си-яқты өлеңдер лирикалық кейіпкер сезімінің тазалығын, әйелге тән адалдықты, көңіл- күйінің әрқилы қалтарыстарын әдемі бейнелейді. Жаңбыр құйып тұрғанда қол шатырдың астын жігітпен бірге паналаған қыз сезімі-нің дір етуі, қос жүректің тілсіз қимылдап, қабақтан түсінісуі оқырманның көз алдына жанды сурет алып келеді. Әшейінде тәкаппар қыз да осал| тартып. «Менің тәкаппарлығымды, өрлігімді қоштасқанда өзіңмен ала кеттің» деп мойындайды. Фариза суреттейтін әйел осалдығы — ол — махаббат алдында бас ию, сезім нәзіктігі, сүюдің азабына көну. Ондай жағдайда әйел: «байлық емес, мансап пен атақ емес, махаббаттың өзіңнің — ең керегім» — дейді. Сүйгенінің сезімімен қанаттанады. Лирикалық кейіпкердің осындай көңіл күйін ақын Қыз Жібектің қоңыраулы күймесімен өмір кешін бастап ба-ра жатқан күйде таниды. «Айша бибі», «Баба әже» сияқты тарихи ескерткіштерден ақын әйелдің адал сезіміне деген бүкіл халықтық ілтипат көреді.
Фаризаның «Әйел» деп аталатын топтамасында да әйелдер өмірінің, оның жан дүниесінің әртүрлі жайларын сез ететін өлеңдер мол. Жүректегі өлмейтін махаббат сезімі, аналық кең пейіл, семья салтанаты, ананың азаматтық дәстүрі — бәрі де ақынның гуманистік ойларын толықтыра түседі [33].
Өзінің ақындық толғаныстарында да Фариза әйел екенін ешуақыт естен шығармайды. Оны билейтін сезім де ақындық және әйелдік сезімдер. «Отыр менде екі адам» өлеңінде ол тағдыры тұтасқан екі адамдың сезімнің түйісуін әдемі жырлайды. Оның ақындық шабыты ерлікке, өрлікке ұмтылса, «әйел затын ғашық еткен,сүйдірген», «Жақсы көрсе қара тасты идірген» от-жалыннан жаралса, ал, оның бойындағы әйелдік сезім«Мейірімі күн елі, нәзіктігі — дертіңіздің бір емі» болып суреттеледі. Осы екі сезім арпалысы — ақынның жан -күйі, оның адамдығы мен адалдығының, қуанышы мен мұңының жиынтығы. «Сапфомен сырласу»,«Атын жазбаған студенттің хаты және оған жауап»өлеңдерінде Фариза әйел көңілінің нәзіктігін, тез жараланатынын («Аялаған жандарым жаным шығып, мені өзгеден көбірек жаралайды» деген ескі гректің әйел ақыны Сапфоның ойын бөліседі) және әйелді не мақтап, не даттап емес, өзіне тән болмысымен жан дүниесіне үңіле жырлауды мақсат ететінін оқырманмен сырласу арқылы жеткізеді. Ол даңқ шығаруға құмар емес,жыры оқырманның көңілін тауып, әйел жүрегінен орын: алса, соған разы.Жалпы Фариза ақындықты адам ырқына бағына бермес асау сезім деп бағалайды. Оның кейде адам ойына бағынбай, алып қашып жүрген күйін көреміз.Ақында ақылмен өлшеп, сезім күшіне айтылар сын да аз емес.Жанымның қозғалысы, ағыстары —өзіңе бұрыннан да таныс бәрі.
Өзіме бығынбайды тасқын судай
Кеудемнен ән ұшқалы.
Қаламын кейде өзімді басқара алмай,
Мен — айдын, мынау дүние тас қамалдай,
Қиратып,
кері жасар өз бойымнан Күш сезем жасқанардай. Сандырақ не қиялым емес мұңым, Ойымнан шығарғам жоқ мен ешбірін, Сезімім, сезінуім, мәнім — осы Мазмұным, демек — шыным. Сен маған үйретесің:—«Атаққа ерме, Аңдап бас, құлашыңды байқап серме!» Тек сонда бір қорытынды шығармай жүр, Мендегі найсап кеуде!
Осындай жақпас қылық — дертке жалғыз дауа деп ақын ел сенімін, дос көңілін атайды. Олардың ақындық сезімінің алабұртқан күйлеріне түсіне қарап, кешірімді болатынына сенеді. Сезімнің алабұртқан алыпқашпа мінезі ақын кеңіліне ой, мұң сарынын ұялатады. Сондықтан ол үшін әрбір өлең жазу, ізденіс жолы — творчестволық азаптың, жыр — алауға өртенудің жолы. «Қаншама жыл» елеңінен осындай азаптың ұзақ жолын кешіп, жеткізбес жыр елін қуып келе жатқан ақынның көңіл күйін жақсы танимыз [34].
Қансыраймын, таламын,
Паналаймын жайма желін жағаның,
Ұмыт болған ұйқы менен күлкіні
Місе тұтпай жанарым,
Дұшпан көріп қарадым,
Төккен жасым, азабым —
Сол қалпында жыр етемін, жазамын,—
дейді ақын. Бұл сөздің түпкі сырын барлау үшін ақын психологиясының ерекшелігін, творчество азабын терең түсіну қажет. «Көңілімді шырқататын бір жан жокқ, көкірегімде мұңдар көп», «Азап — жердің бар қайғысын қақпайлап, жүрегіңе сыналау» деген жолдарда да ақын көңілін кеулеген мұңның себебі айқындала түседі. Ақын теңеуі де әдемі жаңа. Жердің бар қайғысын ақын жүрегіне сыналап кіргізу азабын ана кеудесін қинап сорған сәбимен теңестіреді.
Шынында да Фариза өлеңдері оның ойын тербеп, жүрегін сыздатып туған сәбидей елестейді, (Сәбидейін бойыма біткен екен, тууға оны тиіспін мен ендеше»). Ол ой арқылы жетіледі. Айтылмаған, сыртқа шықпаған, өлген ой — денеге біткен тыртық секілді. («Тұла бойда сау-тамтық жоқ та шығар — шұрқ-тесік, секілді жыртық кілем»): Өлең боп туған ой — жетіліп кетер сәби. Оның түр-түсі, мінезі ұнаса да, ұнамаса да ақын өз туындысын қызғыштай қорғайды («Тірі жүрсем — жақсысы, жаманы ма — шерткізбеймін ешкімге ешбірін де»). Бұл — ақынның жан сырын, ойын, өлеңін ардақтауын, оның тазалығы үшін күресін, адамдық, ақындық сезімдерінің жылылығын көрсетеді. Ол өзінің осы жан сырын оқырманымен бөліседі.
Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар, Жарқылдауға шамам жоқ, бойда мұң бар. Мені құрмет тұтқаның үнімді емес, Жырларымды оқы да, ойларымды ал, Ойларымды ал, сонан соң ойланыңдар! —дейді ол.
Фариза өлеңдерінің ойлы, мұңлы сарыны оның өмір сүргіштігінен туатыны жоғарыда айтылды. Ол «өмірді сүйем!» деп кеудесін ұрып айғайламай, оған деген байсалды құштарлық танытады. Өмірді қырымен, сырымен; ащысымен, тұщысымен тұтас көреді, оның сонысымен ғана қызықтығын түсінеді, сол үшін азап тартады, мұңаяды. Ол өмір мен әлім философиясының сырын да терең біледі. Оны өмірдің артықтығына сая жырлайды. «Өмір-өлім» өлеңінде ақын «өмір—жаға, өлім — су, тұнық, терең» дей отырып, үмітін кеме етіп, жағаны бетке алып келе жатқанын айтады. Ал, «Бір мерген бар» өлеңінде ажал — мергенге бас имейтін өмір -дананы мадақтайды. Ақиқат елім - адам кешкен өмірдің қатері. Адам сол қатер үстімен өмір — жағаға ұмтылады. Өмірдің қызықтығы да сол қатерлерден өткен ерлік, азаматтық жолымен байланысты. Сондықтан ол алға қарай отырып, жаңаға тілек білдіре тұрып («Жаңа жылғы тілек») өзін қателестірген, күрсіндірген жылдарын ұзатып салудың қиындығын еске алады.Соларды ойлап толғанады, көзіне жас оралады. Оның қайшылыққа, күреске толы ғасырын мадақтауы да осыдан туады. «Нерудаға наразылық» өлеңінде Фариза ғасырына наразылық білдірген Чили ақыны Нерудаға дау айтып, «Бұл ғасырдан- құтылғанша асықтың, ал, мен оған ғашықпын!» дейді. Революция алауын кетіріп, адамзаттың азаттығы жолындағы күресін туғызып, ақынның өр даусын шығарған өз ғасырын ол көтеріңкі пафоспен жырлайды. Бұл — ақынның өмір сүйгіш үнінің азаматтық, әлеуметтік мән алуы. Фариза өлеңдерінің тақырыбы әр алуан. Ол өмір құбылыстарының қай жағына болса да көз салады оның сипаттарын жіті таниды. Солардың бәріне ақынның ойлы көзімен қадала, ойлана қарайды. Ақынның әрқилы көңіл -күйін шертер жырлар да онда аз кездеспейді. Оның «Шешім», «Білмей тұрмын не дерге», «Тастамаймын бәрін» сияқты өлеңдерін оқи бастасаң, Абай айтқан «Адамның кейбір кездері» еске түседі. Оның бірінен ойлы, мұңды күйден сергіп, жүйріктің қүйрығындай шолақ ғұмырын жаңбырлатқан сезіміне тоқтау айтып, «Қар басқан Алатаудың көкірегін думанға толтырмасам болмас енді», «Төлеген, Мұқағали армандаған бір тойды дүрілдетіп бастайын ба?!» деп отырған ақынды көрсек, екіншісінен кеудесін жұлқып шапқылаған қуаныш сезімінің жанды суретін танимыз. Нағыз адамға тән көңіл- күйінің әсерін ақын суреткерлікпен бейнелейді. Соңғы өлеңде «Шарттылықтар мен шектелушіліктерден шаршаған» ақынның жаңаша үн қатып,«Тастаймын бәрін, бастаймын әнін баршаның!» деп тұрған өр даусы естіледі. Ақын үнінде бүгінгі қайта құру дәуірінің талабы, тілегі сезіледі. Осы «жүректермен үндестік табуға», кеудесінен итерген қарсы ағынға бой бермей, «сұсты мұхиттар мен тауларға жол тартуға» шығады. Ақын суреткерлігін оның «Назқоңыр», «Әуеде ұшып жүрген көк көбелек», «Қырғыз, қазақ — өзімнің қос жанарым» атты өлеңдерінен молырақ тануға болады. Үндістандағы Роза Бағланова концертінің суреті, түнгі қаланың тыныштығын бұза Дели үстінде қалықтаған қазақ әнінің бейнесі көрініске толы. Бірде ол әнші халықтың психологиясын, оның жан сезімінің қалтарыстарына үңіледі: «Үй салмай, мүсіндемей, мешіт соқпай, тарихын әнмен өрген» халықтың сырлы жүрегін ұғуға ұмтылады. Әр әннен ел мен даланы, сағыныш пен ша-расыздықты таниды. «Күмістей сымға тартқан қызға» лайық. «Мәрт мінез батыр жігіттің» туу заңдылығын түсінуге тырысады. Осының өзінен-ақ ақын өз ойын, сезімін толықтырады. «Ойсыздықтың дертіне шалдыққан-ды» халық әнімен емдеуді ұсынады [34].
Қырғыз, казақтың достығын айтқан өлеңдер де бізде аз емес. Олардың көбі-ақ Алатаудың ортақтығын, қонысымыздың іргелестігін, бір өзеннің) суын бөліп ішетіндігімізді тілге тиек етеді. Осыларды Фариза да айтады. Өзгеше, басқаға ұқсамай айтуға тырысады. бұған қоса онда «екеумізді бір қанжар жаралаған» деген әдемі образ бар. Осы бір жолда қаншама тағдырластықтың ізі жатыр. Ел тыныштығы, жауға қарсы күрес мүддесі түйістірген халықтың сыры аңғарылады. Екі ел достығын ол екі көздің қос жанарына теңейді. Оның сөнбеуі — достықтың бұзылмауының кепілі.
Фариза не айтса да осылай нақтылай, сурет тілімен, образбен айтуға ұмтылады, қарапайым жазады, Қарапайымдылық пен нақтылық суреткерлік пен бейнелілік — нағыз талантты туындының белгілері. Ол әсіре қызыл, жылтырақтықтан, сөзуарлықтан аулақ. Фариза қадамы, ізденіс, бұл тұрғыда, мейлінше сәтті, табысты. Ол сөзді үнемді пайдаланады. Теңеулерге де жиі жүгіре бермейді, көбінесе метафоралық бейнелер жасайды да, құбылысты суреткерлікпен көрсетуге ұмтылады. «Жүрген кезде жеткізбей құлын — бақыт» деген жолдағы жеткізбей жүрген бақытты ұстатпайтын құлынға балау аркылы суреттеу. «Өмір — бұлақ жыраққа қа-шады ағып» дегендегі өзінің бұралаң жолымен аққан бұлақ пен өмірді ұқсата балау осыны байқатады.«Жер — жөргектің бар ауруын жаныма жұқтырыппын», «Жүйрікпен жол тартатын көңіл-жігіт», «Жыл — ұршық зырылдады», «Ой — баламның талайын тұншықтырып», «Кеуде — ұядан қияға қанат қақсын сан ойларым», «Толқының теңіз — өмір үйіргенде», «Жыр — дертімді бұлдаман ешкімге де», «Сүт — сәулесін ұсынды Ай», «Тағы бір жыл — жапырақ тұр ұшқалы», «Жаз жайлауым — айналып нән теңізге» сияқты тіркестердегі ақын қолданған метафоралардың көбі жаңа, үйреншікті емес. Ақын солардың өзінен сурет тудырады, ойын бейнелі сөзбен өреді. Бұл сезімталдыққа, ойшылдыққа қоса Фаризаның шеберлік жолындағы ізденістерінің табыстарын мойындатады. Оның өлеңдері идеялық-көркемдік тұтастығымен, «айналасы теп-тегіс; жұмыр келген» өлең өнерінің шынайылығымен бағалы [35].
Біздің бүгінгі поэзиямыз талантқа кенде емес. Бір кезде В. Маяковский іздеген әртүрлі және жақсы ақындар тобы бізде лек құрады. Олар қазақ поэзиясы оркестрін құрап, әр қайсысы өз үнімен, бірін бірі қайталамай, соның қатарын толықтыруда. Фариза — осы топтағы күшті дауыстың бірі. Оның ешкімге ұқсамайтын таланты өзінің ойшылдығымен, талғампаздығымен, айналасына, төңірегіне сын көзімен қарай алатын биік интеллектуалдық санасымен, мұң мен көңіл күйі әсеріне бөленген сазды әнімен, жырымен оқшау тұр. Ол тынымсыз ізденіс үстінде. Бір кітабынан екінші кітабына өрлеумен, ізденумен жетіп келеді. «Сұхбат» (1983) жинағынан «Дауаға» (1985) дейінгі қысқа жолдың өзі-ақ мұны анық байқатады. 1984 жылы ақын «Маңғыстау монологтары» атты өлеңдері үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Дауа» — осылардың қатарында оқшау тұратын, Фаризаның ақындық келбетін, творчестволық ізденісін танытатын талантты кітап. Ақын жырларының ойшылдығы, адам мен оның қоғамдағы ізденісі, қиналысы мен көңіл күйінің күрделі шындығы оны қазіргі қайта құру дәуірі талап етіп отырған әдебиеттер қатарына қоюға право береді. Ақынның ойы мен мұңына себеп болған өмір оның жүрек жарасына да дауа болары даусыз.



жүктеу 229,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау