НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 209 Жарлығы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» 27 шілде 2007 ж. №319-III ҚРЗ. Астана. Ақорда.
Білім беру бойынша құжаттарды ресімдеу үлгілері: "Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің Әдістемелік Кеңесімен бекітілген, 2021ж., «Магистратурада қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі».
7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруде магистрлік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Орталық Азия инновациялық университеті, 2021ж.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2019.
АНЫҚТАМАЛАР
Критерий – 1) Орындалуы қандай да бір заңның немесе тәсілдің қолданушылығын қамтамасыз ететін шарт. 2) Мөлшерлік бағаның өлшеуін таңдайтын белгі.
Этнография, этнология (гр. етнос – тайпа, халық, грапһо – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
Утилитарлық, Утилитаризм - (лат. ұтілітас - пайда) өнегелі іс-әрекеттің пайдалығының мойындайтын буржуазиялық этикалық теория.
Импровизация (лат. імпровісұс — кенеттен, тұтқиылдан), суырып салмалық – көркем туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі.
Индивид (жеке тұлға) – дербес өмір сүретін жеке организм, атап айтқанда, адам, жеке тұлға, адамзат баласының жалғыз өкілі. «Индивид» ұғымы адамды басқа адамдар арасында жеке тұлға ретінде белгілеу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |