- Сіздің тобыңыз қалай аталады?
Тобыңызға мінездеме беріңіз.
- Топтың атауы «Атыраудағы кішкен
-
тай мемлекет». Ал ұранымыз «Кіш
-
кентай – кішкентай адамдармен
үлкен-үлкен мақсаттарға!» Біздің
тобымыз өте тату, ұйымшыл болып
келеді. Менің ойымша қай жерде
болмасын ең бағаланатын мінез –
жауапкершілік. Біздің тобымыздағы
жігіттердің бәрі жауапкершілігі мол.
Тапсырмаларды бөліп алып, уақы
-
тында бітіріп келеміз.
- Сіздің ойыңызша, адам құқығы де
-
геніміз не? Қазақстанда адам құқығы
сақталады ма? Ал әлемде ше?
- Адам құқығы дегеніміз ең алдымен
оның өмір сүруге деген құқығы. Содан
соң оның ар- ұятының, қадір-қаси
-
етінің заңмен қорғалуы. Әрбір адам,
нәсіліне, дініне, түр-түсіне, тұрмыс
тіршілігіне, жынысына қарамастан
бірдей құқықтарға ие болуы керек.
Қандай да бір мемлекетте болмасын
адам құқығы толыққанды қорғалуы
тиіс. Қазақстанда да кез- келген мем
-
лекеттегідей адам құқықтары жоғары
деңгейде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |