Тақырыбы:
«Ана тілім – ажарым, асыл мұрам»
Мақсаты:
1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемділігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3.Тіл тазалығын сақтау, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі:
Нақыл сөздер, безендірілген презентация, шарлар, асықтар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты 3- сыныптың дайындаған мерекелік іс-шарасына қош келдіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «22 қыркүйек Тіл мерекесі күні» болып атап өтілсін деген бастауын қолдау мақсатымен мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни, 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның Тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген. Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажетілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. 1989 жылы, 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. Бауыржан Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз- тіліміз. Сондықтан ана тілімізді құрметтей білейік. Ендеше бүгінгі 3 сынып оқушыларының дайындаған сазды бағдарламасына кезек береміз.
Амангелді:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Мұғалім:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Азамат.
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
Мұғалім:
Тіл- халықтың жаны, сәні тұтастай кескін –келбеті, ұлттың болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін- ана тілі мен ата дәстүрі.
Біздің осындай халықтың қасиетті мұрасы, ана тіліміз- қазақ тілі. Әр халықтың өзінің ана тілі бар.
Тіл - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Тіл – еліміздің іргетасы.
«Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».
«Тіл – асыл ойдың бұлағы»
«Тіл -құдырет»
Би: «Қазақ биі»
Ор: қыздар тобы
1-оқушы: Азамат
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым- тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Ғабит Мүсірепов былай деген екен: «Тілін білмеген- түбін білмейді»
2-оқушы: Амангелді
Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,
Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.
Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен
Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.
3-оқушы: Камила
Жанымды жадыратқан бала тілім,
Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,
Жаралып жермен бірге, күн көзімен,
Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.
4-оқушы: Нариман
Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,
Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.
Жиһанкез желмаялы Асанқайғы
Жер-жерге баға берген сынды тілім.
Көрініс.
«География сабағында»
Бірде география пәнінің мұғалімі оқушысынан: шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік қайда? – деп сұрапты. Оқушы оңтүстік, солтүстік, батыс деп беталды картадан көрсете беріпті. Ал шығысты айта алмай қалыпты. Сонда мұғалім: - арқаңда не бар? Деп жетелеген ғой. –шалбарымның жамауы бар депті оқушы.
5-оқушы: Арай
Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.
Жұлдызды құдыреттің туы болғанғ
Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.
6-оқушы: Мейірман
Мен саған «Осы тіл не үшін керек?» деген сұрақты қойғым келіп отыр?
7-оқушы: Бекзат
Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай «Тіл- қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?
6-оқушы: Махаббат
Жарайды, тіл –қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
8-оқушы: Ғанибет
Ой, Айтқышбегім –ай. Кез-келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы , өз ана тілі, өз Отаны бар емес пе?
Көрініс. Пышақ
Сарбаздар, тік тұрыңдар. Кімде пышақ бар бір қадам алға шықсын.
Жарайсың, сарбаз, саған он күн демалыс берем.
Арада 3 күн өтеді.
Сарбаздар, тік тұрыңдар. Кімде пышақ бар бір қадам алға шықсын.
Жарайсыңдар, сарбаздар. Бәрің де асханаға картоп аршуға барасыңдар. Солға бұрыл.
9-оқушы: Қадыл
Балалар, ана тілі дегеніміз ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген- бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.
10-оқушы: Жандәулет
Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы мына өлеңін оқып берейін:
Ана тілім - бала шағым, өркенім,
Ана тілім- болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім.
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
Ана тілді білмесем,
Шат-шадыман күлмес ем,
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем.
11-оқушы: Айда
Керемет екен. Ал Әбділдә Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңде ме?
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз!»
Ор: Махаббат , Камила
Сөзі: Е.Өтетілеуов
Әні: И.Нүсіпбаев
Бау-бақша белдер,
Орман, тау, көлдер –
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан –
Көңілді ауыл, қаламыз.
Қайырмасы
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей
Бақытты біздер баламыз!
Өзіміз туған,
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып
Білімді адам боламыз.
12-оқушы: Әмір
Ақын апаларымыз да тіл туралы тамаша өлеңдер шығарған. Тұрсынхан Әбдірахманова деген әрі ғалым, әрі ақын, әрі әнші апамыз былай депті:
Ана тілім –бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
Көрініс:
Ханзада:
Мына халық неге шулап жатыр?
Уәзір:
Өзіңіз білесіз, қазір дағдарыс қой. Жұмысы жоқ, халықтың қарны аш. Сондықтан да жұрт көшеге шығып, ереуіл жасап жатыр.
Ханзада
Қарны аш болса, нанға май жағып жемей ме?
13-оқушы: Ботагөз
Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?
14-оқушы: Бибіхадиша
Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Барлығы хормен:
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас.
Ән: «Бала тілегі»
Ор: Ақерке, Азамат, Камила, Амангелді, Әмір
Сөзі: С.Молдасанұлы
Ә:Ф.Лұқпанова
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік – ұлан –байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
15-оқушы: Темірлан
Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғабит Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
Қожанасыр мен ұстазы
2 күн сабақтан кешіккен Қожанасыр молданың алдына келеді.
Қожанасыр: ассалаумағалейкум, Молдеке!
Молда: - Сен екі күннен бері қайда жүрсің?
Қожанасыр: -1-ші күні шешем тері шалбарымды жуып, кеппей қалды.
Молда: -2-ші күні ше?
Қожанасыр: -Келесі күні келе жатсам, сіздің шалбарыңыз да жаюлы тұр екен. Құрттай менің шалбарым бір күнде кеппегенде, сіздің далақтай шалбарыңыз 2 күн кебер деп келмедім, - депті.
16-оқушы: Арай
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл ғой.
Хор:
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Сөзін жазған Ә.Дүйсенбиев
Әнін жазған Б.Ғизатов
Біз өмірдің түлегіміз
Зеңгір көктен
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен
Біз өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз.
17-оқушы: Исламбек
Қасиетің ана тіл аз ба сенің,
Өзің барда ескірмес, тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.
18-оқушы: Жастан
Асанқайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл,
Жәнібек пен Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Хор: Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге сіз деген.
19-оқушы: Малика
Сол туған тіл атауы –
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен,
Баба тілі- шын асыл.
Мұғалім:
«Өз еліне деген шынайы махабатты өз тіліне деген сүйіспеншіліксіз елестету қиын. Туған тіліне жаны ашымаған адам – тағы хайуанмен тең» деп орыс ақыны К.Паустовский айтқан екен.
20-оқушы: Азамат пен Ақерке
Тәубә, тәубә жаратқанға мың тәуба,
Біреу болсам қайтер едім жан сауға.
Менің ұлтым – қасиетті киелі,
Жасық емес, асыл оның сүбесі.
21-оқушы: Данара
Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек-ана, мен өзіңнен таралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
22-оқушы: Әділ
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Көрініс.
Хор:
Ана тілі- ұраным,
Ана тілі –Құраным.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Достарыңызбен бөлісу: |