қалалардың мамандану картасын әзірлейді және қажет болған кезде агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер мен түзетулер
енгізеді. Бұл ретте аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісіледі, оларды
ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары
бекітеді.
Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы микроқаржы ұйымдарына (
МҚҰ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/ "АШҚҚҚ"АҚ-ға/ "ҚазАгроКепіл" АҚ-ға
ұсынылады.
Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы бизнесті дамыту үшін
әлеуетті тауашалар мен перспективалы бағыттарды айқындау бойынша аудандық
деңгейде өткізілетін маркетингтік зерттеу негізінде әзірленеді. Маркетингтік зерттеуді (
скрининг әдісі бойынша) "Атамекен" ҰКП, қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді
. Маркетингтік зерттеу аяқталғанға дейін аудандардың, шағын қалалардың бұдан
бұрын бекітілген мамандану карталары қолданылады.
Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және
шағын қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кредиттер/микрокредиттер "
АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы
қорландырылатын кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі.
Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер "Даму" КДҚ АҚ арқылы
қорландырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары арқылы
беріледі.
Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында бюджеттік
кредит жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттармен беріледі:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01% жылдық
сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде
бизнес-жобаларға микрокредит беру;
3) ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімде негізгі
қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредит
жергілікті атқарушы органға аударылған кезден бастап есептеледі.
Кредиторлар жергілікті атқарушы органмен жасалатын қарыз шарты сомасының
кемінде 20%-ын бастапқы бизнесті қаржыландыруға жолдайды.
Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің
нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бір
жыл ішінде бизнес мақсатқа өзгертетін жағдайларды қоспағанда, кредиттер/
микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетін
өнімдерді өндіруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер
учаскелерін (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ) сатып алуға
берілмейді.
Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлінетін
сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Бір облыста бір
мезгілде екі микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ қатысуына жол беріледі.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы
органдар микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға кредиттік келісімдер
бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.
Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға бюджеттік кредит беру
шарттары:
1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01%;
3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚ" АҚ үшін – 12 ай;
4) нысаналы мақсаты – "АШҚҚҚ" АҚ үшін – Бағдарлама шеңберіндегі
бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – Бағдарлама
шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны
қорландыру.
МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:
1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану
шарттарында жүзеге асырылады. Қаржылық-тұрақты микроқаржы ұйымдарын
қоспағанда, микроқаржы ұйымдары үшін қарыз қаражаты микрокредит ұйымының ішкі
құжаттарына сәйкес қамтамасыз етумен беріледі;
2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1%-ға
дейін және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ үшін жылдық 2%-ға дейін;
4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және
ауылдық елді мекендерде 12 ай, қалаларда және моноқалаларда 9 ай;
5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/
микрокредит беру.
Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға негізгі қарызды
өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын
мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.
Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы
жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит
беру мерзімі – 7 жылға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:
ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және
шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0
мың АЕК-ке дейін;
қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан
басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;
Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды;
4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға Бағдарламаға қатысушының кредит/
микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебімен алынатын комиссияларды,
алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың
кредитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды
және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың,
алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда,
кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;
5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан),
шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кредит/микрокредит Қазақстан
Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі
кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;
Достарыңызбен бөлісу: |