Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021
жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік
бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының
сәйкес
1) тармақшасына
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан
әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісім
бойынша) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім
бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790
сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегііс-шаралар жоспарына сәйкес
қаулысына
ақпарат берсін.
4. Осы қаулыға
сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір
қосымшаға
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 746
қаулысымен
бекітілген
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 –
2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы ахуалды талдау
4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру
нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Бағдарламаның
негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу
жолдары, тиісті шаралар
6. Қажетті ресурстар
Атауы
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021
жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін
негіздеме
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14
желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты" атты Қазақстан халқына
;
Жолдауы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636
Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Бағдарламаны
әзірлеуге
жауапты
мемлекеттік
орган
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бағдарламаны
іске асыруға
жауапты
мемлекеттік
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты
бойынша,Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты
органдар мен
ұйымдар
бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру
Мақсаты
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту
Міндеттері
1-міндет. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық
және кәсіптік білімі
бар кадрларды даярлау.
2-міндет. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа
мерзімді кәсіптік оқыту.
3-міндет. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар
даярлау.
4-міндет. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау.
5-міндет. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
6-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда
микрокредит беруді кеңейту.
7-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда,
қалаларда және
моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру.
8-міндет. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
9-міндет. Жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен
қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
10-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
11-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту
Іске асыру
мерзімдері
2017 – 2021 жылдар
Нысаналы
индикаторлар
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай
нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:
1) жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан аспайтын болады;
2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және
бастауыш білімі бар еңбек
ресурстарының үлесі 20%-дан аспайды;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен
қамтылғандардың үлесі 10,2%-дан аспайды;
4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10%-ды
құрайды
Қаржыландыру
көздері және
көлемі
1) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 жылы – 40 347 965
мың теңге;
2018 жылы – 67 392 995 мың теңге;
2019 жылы – 78 438 152 мың теңге;
2020 жылы – 86 177 355 мың теңге;
2021 жылы – 92 124 387 мың теңге.
2) жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 жылы – 45 038 436 мың теңге;
2018 жылы – 45 311 093 мың теңге;
2019 жылы – 45 453 119 мың теңге
2. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай
прогреске қол жеткізіп, табысы орташадан жоғары деңгейдегі елдер тобына кірді.