Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 300,36 Kb.
Pdf просмотр
бет10/27
Дата25.01.2020
өлшемі300,36 Kb.
#27288
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

дағдыларыбойынша жүзеге асырылады. Біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін 
халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган салалық орталық атқарушы 
органмен және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп айқындайды.
      Кадрларды қайта даярлау жүзеге асырылатын біліктіліктер мен дағдылар тізбесі 
экономика салаларын технологиялық жаңғырту жоспарлары мен Еңбек ресурстарының 
ағынын басқару жөніндегі жол карталары ескеріле отырып айқындалады.
      Қысқартылатын жұмыскерлерді сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша 
қайта даярлау білім беру ұйымдары әзірлейтін және жұмыс берушілермен келісілетін 
қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары) бойынша 
жүргізіледі. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары) 
жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына негізделуі 
мүмкін.
      Қайта даярлау және біліктілікті арттыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесі оқу 
орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне сәйкес айқындалады.
      Білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктіліктер мен дағдылардың 
ерекшелігіне қарай он екі айға дейінгі мерзімді құрайды.
      Қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқыту жұмыскерлердің жұмыс пен оқуды 
қатар алып жүруін ескере отырып:
      - жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқыту;
      - жұмыстан ішінара қол үзе отырып оқыту;
      - жұмыстан бос кезде (кешкі уақыт, демалыс күндері) оқыту сияқты әртүрлі 
нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.


      Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау бір адамға арналған оқу 
жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және 
біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім 
беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген қайта даярлау курстары 
құнының кемінде 50%-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен 
жүзеге асырылады.
      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар 
білім беру ұйымына қайта даярлау курсы құнының 50%-дан аспайтын сомасын 
аударуды жүзеге асырады.
      Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды іске асыру 
жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Еңбек ресурстарын қайта даярлауға арналған онлайн оқыту
      Ақпараттық технологиялардың дамуы аясында азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру және адами капитал сапасын жақсарту, мамандарда жетпей тұрған және 
сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін Электрондық еңбек биржасы базасында 
онлайн оқыту іске қосылады.
      Онлайн оқыту анағұрлым сұранысқа ие кәсіптік және "жайлы" дағдыларды игеру 
бойынша онлайн курстарды қамтиды. Онлайн курстарды халықты жұмыспен қамту 
жөніндегі уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім 
беру ұйымдарын тарта отырып әзірлейді.
      5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту
      Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
      1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;


      2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда 
микрокредит беруді кеңейту;
      3) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда 
кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;
      4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – қалаларда және 
моноқалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрлігі – ауылдық елдімекендер мен шағын қалаларда "
Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша, 
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 
жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру мәселесі бойынша 
Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.
      Мынадай:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді 
көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге 
асыратын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 
қаулысына сәйкес мониторингтеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне 
енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз 
қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
      4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік 
кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және 
акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы 
мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (


әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік 
туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама 
түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес 
ұйымдар Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары бола алмайды.
      5.2.1. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
      "Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына, 
оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына 
оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан 
жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан 
орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен 
қамтылғандар, 2018 жылдан бастап қалада, оның ішінде моно және шағын қалада 
тұратындар "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 
қатысушылар болып табылады.
      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін 
Бағдарламаға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында техникалық 
және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру 
тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшін белгіленген мөлшерде 
стипендиямен қамтамасыз етіледі.
      Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар 
мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады.
      Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.
      Әлеуетті қатысушыларды хабардар ету мақсатында қаржылай емес қолдау 
операторының базасында арнайы Call-орталық қызмет етеді.


жүктеу 300,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау