Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 300,36 Kb.
Pdf просмотр
бет4/27
Дата25.01.2020
өлшемі300,36 Kb.
#27288
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

      ЖЖК 2020 бағдарламасықолданыста болған уақытта 770 мың азаматқа мемлекеттік 
қолдау шаралары көрсетілді. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына 
жұмысқа орналастырылды.
      Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 5,1%-дан 2016 жылы 5,0%-ға 
және 2017 жылы 4,9%-ға дейін төмендеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 
2015 жылғы 4,2%-дан 2016 және 2017 жылдары 3,8%-ға дейін төмендеді.
      Сонымен қатар, еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де әсер ететін 
мынадай жүйелі проблемалар сақталуда:
      1) Еңбек ресурстары сапасының еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі.
      Соңғы 3 жыл ішінде кәсіптік білімі бар еңбек ресурстарының үлесі өсті. Егер 2015 –
2017 жылдары жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыс күшінің үлесі 38%-
ды құраса, онда техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі 2015 жылғы 
38%-дан 2016 жылы 41%-ға дейін, 2017 жылы 42%-ға дейін өскен.
      Бұл ретте 2015 жылғы 24%-дан 2016 жылы 22,6%-ға дейін төмендегеніне 
қарамастан негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 
жоғары болып отыр.
      Соңғы 3 жылда жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сыныптары 
түлектерінің қозғалыс серпіні жылына орта есеппен 21 мың адам жұмысқа біліктіліксіз 
орналасатынын көрсетеді.
      Бұл ретте еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес 
келмеуінен жыл сайын жұмыс берушілер мәлімдеген 20 мыңға жуық бос орынға ешкім 
орналаспайды.


      Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға 
қажеттіліктің 73%-ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға келетінін 
көрсетті.
      Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге 
қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы 
кәсіптер бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын 
арттыру қажет.
      2) Нәтижесіз жұмыспен қамтылу.
      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2015 жылғы 2,3 млн. адамнан (
жұмыспен қамтылған халықтың 27%) 2017 жылғы 2,1 млн. адамға (24,5%) дейін 
қысқарды. Өз қызметін тіркелмей жүзеге асыратын немесе табысы ең төмен күнкөріс 
деңгейінен төмен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны соңғы үш
жылда 66%-ға – 2015 жылғы 330,9 мың адамнан 2016 жылғы 301,2 мың адамға дейін 
және 2017 жылғы 217,7 адамға дейін қысқарды.
      2017 жылы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен 
ауыл шаруашылығында шоғырланған (58%), мұнда еңбек өнімділігінің ең төмен 
деңгейі байқалады (жан басына шаққанда 1402 мың теңге). Халықтың табыс деңгейі 
экономика салаларындағы еңбек өнімділігінің деңгейімен тікелей байланысты.
      Білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі едәуір өнімді әрі табысты жұмыс 
орындарына қолжетімділікті шектейді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың 49,1%-
ында тек негізгі, орта, жалпы және бастауыш білім бар.
      Нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты өнімді экономикалық қызметке тарту 
экономикалық белсенділіктің өсуіне және олардың табыстарының артуына ықпал етеді.
      3) Өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздік.


      2015 жылы солтүстік өңірлер тұрғындарының саны 2 946 мың адамды құраса, 2017 
жылы – 2 934 мың адамды құраған, яғни 12 мың адамға қысқарған. Сол кезде оңтүстік 
өңірлерде халықтың саны 186 мың адамға – 2015 жылғы 6 564 мың адамнан 2017 
жылғы 6 750 мың адамға дейін өскен. Бұл ретте 2017 жылы солтүстік өңірлердің 
барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші тұрғындардың үлесі орта 
есеппен 19%-ды, ал оңтүстік өңірлерде орта есеппен 34%-ды құраған.
      Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауға сәйкес еліміздегі тұрғындардың
саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрамақ. Бұл ретте ағымдағы үрдістер 
сақталғанда солтүстік өңірлердің тұрғындары 0,9 млн. адамға азайып, ал оңтүстік 
өңірлердегі тұрғындардың саны 5,3 млн. адамға өседі деп күтілуде. Оңтүстік өңірлерде 
халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен 4 есеге артық болады.
      Сондықтан жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 
азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының 
аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн.
      4) Экономиканыңжеке секторындаөнімді жұмыс орындарының жеткіліксіз түрде 
генерациялануы.
      Жұмыспен қамтуда мемлекеттік сектордың (мемлекеттік меншік үлесі 50%-дан 
артық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың) үлесі 2015 – 2017 жылдары 
жұмыспен қамтылған халықтың орта есеппен 25,4%-ынқұрады. Аталған 
көрсеткішЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіштердің бірі болып 
табылады, мұнда халықты жұмыспен қамту құрылымындағы мемлекеттік сектор 
үлесінің орташа мәні 18%-ды құрайды.
      ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жұмыспен қамтамасыз етуде ШОБ-тың үлесі 
жеткіліксіз. ЭЫДҰ-да шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен 
айналысатындардың орташа үлесі 64%-ды құрайды, бұл Қазақстандағы деңгейден 1,4 
есеге артық (45%).
      Осылайша, жеке секторда жұмыс орындарын құру үшін жаппай кәсіпкерлікті 
дамытуды ынталандыру қажет. Әлемнің дамыған елдерінің озық тәжірибесі 


микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және жаңа жұмыс 
орындарын құруға ықпал ете отырып, кәсіпкерліктің тиімділігін және ауқымын 
арттыратынын көрсетеді.
      Әлемдік практикада еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен 
қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын 
дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (
жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық 
сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметін жетілдіру, 
сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.
      Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды
еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты 
қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.
      Технологиялық жаңғыру бірқатар дәстүрлі салаларда еңбек ресурстарына 
сұраныстың төмендеуімен және жаңа салаларда сұраныстың өсуімен байланысты еңбек
нарығындағы едәуір өзгерістерге алып келеді.
      Цифрлы экономиканың талаптарын ескере отырып, жұмыс күшінің дағдылары мен 
біліктіліктеріне жаңа талаптар қойылады. Экономиканы сұранысқа ие кадрлардың 
заманауи және сапалы ұсынысымен және барлық азаматтарды қызмет түрін 
ауыстыруға арналған барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін қайта даярлау, 
біліктілікті арттыру бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. 
Сонымен қатар, еңбек ресурстарын жаңа экономиканың қажеттіліктеріне бейімдеу 
қажет.
      Жаңа экономиканы өнімділіктің артуына, технологиялық жаңаруға және 
кәсіпорындар мен салалардың цифрлануына қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету 
еңбек нарығына білім беру жүйесінен жаңа білікті кадрлардың келуі есебінен, 
сондай-ақ жұмыс істейтін жұмыскерлерді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
      4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру 
нәтижелерінің көрсеткіштері


жүктеу 300,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау