Айқын. – 011. №145. – тамыз



жүктеу 52,5 Kb.
Дата12.02.2020
өлшемі52,5 Kb.
#28820

Айқын. – 2011. - №145. – 9 тамыз

Сұхбаттасқан А. СЕЙТАҚ
Енді қаладан ауылға қоныс аударатын жастардың үрдісін қалыптастыруымыз керек
Жасқайрат СҮНДЕТҰЛЫ, Экономика ғылымдарының докторы, академик: Енді қаладан ауылға қоныс аударатын жастардың үрдісін қалыптастыруымыз керек

- Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар. Заманның ағымына сай үн қосып келе жатырсыз ба?

- Иә, 1990 жылдардың басында елімізге нарық экономикасы келді. Барлық қарым-қатынастар өзгерді. Шаруашылықты жаңаша ұйымдастыру түрлері пайда болды. Жалға беру мердігерлігі, ұжымдық мердігерлік туралы біраз ғылыми еңбектер жаздым. Бұл бұрынғы экономикалық механизмдерге қарағанда тиімділігі артық. Бұрын әр механизаторға ай сайын, апта сайын қанша гектар жерге дән екті, қанша гектарды орды, жинады, тасыды деп наряд толтырылатын. Әрқайсысына сол бойынша еңбекақы есептелді. Ал ұжымдық және жалға беру мердігерлігі кезінде олай емес. Мысалы, бір бригадада 15-20 адам болса, соның бәріне бір наряд жабылады. Әрбіреуінің еңбекақысы мүшелерінің өздерінің келісімі бойынша әрқайсысына бөлінеді. Бұл ұжымдық мердігерлік бойынша.


1996 жылы ауылдық жерлерде көп қырлы экономиканы енгізу тақырыбында докторлық диссертация қорғадым. Барлық дамыған елдерде нарықтық экономика жекелеген фермерлік шаруашылықтар арқылы жүзеге асырылды. Ал біздің жағдайда, әсіресе, солтүстік өңірде ол әдіс келмейді. Өйткені бізде жер көлемі үлкен, шаруашылықтың адамдары көп және тұрғындар жылдар бойы ұжымдасып істеуге бейімделіп кеткен. Сондықтан солтүстік, орталық өңірлерде үлкен шаруашылықтарды тым қысқартпаудың маңыздылығы зор болды. Жаппай шаруа қожалықтарын құру бізге тиімсіз. Мен осы мәселені көтердім. Бұл мәселені әрбір ұжым мүшелері өздері шешуі керек. Шағын ұжым болса, 2-3 отбасы бірігіп, шаруа қожалығын құруға болады. Ал 5-10 мың гектар жерді өңдейтін алқабы болса, оған шаруа қожалықтары ештеңе істей алмайды. Оған түгелдей ұжым керек. Бұрынғыдай кеңшар, ұжымшар емес, енді жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив арқылы ұйымдастырылды. Жерді, техниканы бөлу кезінде ұжым мүшелерінің ұсынысы мен шешіміне сәйкес болуы керек. Жоғарыдан бөлмеуі керек. Мен осындай ұсыныстар бердім. Оның біразы іске асырылды. Қабылданбай қалғандары да болды.

Нарық экономикасы басталған тұста «фермеризация» деген құбылыс болды. «Бәрін шаруа қожалықтарына бөліп беру керек» деген ұран тасталды. Оңтүстік жақта ол - өте тиімді. Өйткені ол жақта жер аз. Шаруа қожалықтары жарты гектардан, 1-2 гектардан суармалы жерлерді алып жұмыс істейді. Сондай жағдайда шаруа қожалығын құру тиімді. Ал 1 мың гектардан астам жер көлемі бар өңірлерде тиімсіз. Өйткені онда жұмыс істеу үшін көп адам керек. Бірнеше техника қажет. Қазіргі заманғы қажетті техниканың түрлерін сатып алуға шаруа қожалығының қаржысы жетпейді. Қазіргі Үкіметтің саясаты бойынша инвестиция көп жағдайда тиімділігі жоғары ірі кәсіпорындарға беріледі.


- Бүгінгі таңда тарап кеткен шағын шаруашылықтарды біріктіру жөнінде жиі айтыла бастады.

- Иә, бұл мәселе көтеріліп жатыр. Соңғы жылдары астық және күріш шаруашылығымен айналысатын үлкен компаниялар құрылып жатыр. Олар шағын-шағын кәсіпорындарды біріктіріп, жері мен техникасын алды. Өндіріспен айналысушыларды жаңа техникалармен қамтамасыз етті. Солтүстік өңірде астықтың негізгі өнімін үлкен компаниялар жинайды. Мұның тиімді жақтары көбірек. Әсіресе, мемлекеттен қаражат алуда көп кедергіге кездеспейді. Өнімділігі жоғары жаңа техникалар қолданылады. Жанармай, қосалқы бөлшекті алудың тиімді жолдарын ұстанып отыр. Жинаған астығын сатқан кезде де оңай. Жеке адам 5-10 мың тонна астығын әрең сататын болса, ірі компаниялар 500-1000 тонналап сатады. Дегенмен оның кемшілік жағы да бар. Атап айтсақ, бұрын ауылда тұрған көптеген адамдар кіре алмай қалып жатыр. Өйткені ірі компанияның басшылары көп жағдайда жұмысқа өзінің адамдарын тартады. Сондай-ақ компанияның кеңселері Астана, Қостанай, Петропавл секілді ірі-ірі қалаларда орналасқан.


- Біз өткеннен сабақ алуымыз керек. Жақсы жағын жаңғыртып, қажет емесін қабылдамауымыз қажет. Кеңес дәуірінде ғылымның дамуына қалай көңіл бөлінуші еді? Қазір енгізуге болатын қандай жақсы жағы бар?
- Біз Кеңес заманында өскен адамдармыз ғой. Мен сияқты адамдардың білім алуына, еңбек жолында өсуіме сол кезең оң ықпал етті. Әйтпесе, 17 жасында ауылдан келген ақшасы жоқ баланың қазіргідей ақылы жағдайда оқитын болса, жетіліп кетуі мүмкін болмас еді. Екінші жағынан ол кезде барлық дүние-мүлік мемлекет меншігінде болды. Орталықтандырылған жоспар-жоба жүзеге асты. Жұмыс жүргізу тәртібі де, тіпті оқулықтарға дейін Орталықтан келетін. Жергілікті билік орындары өз ұсыныстарын айта алмайтын.
Ол кезде қазақтың тілі қолданылмады. Тек 1980 жылдардың орта кезеңінен бастап жоғары оқу орындарының жоспарларында қазақ тілінде де оқытылуы керек деп енгізілді. Бірақ қазақша оқулықтар жетіспеді. Жазатын оқытушылардың да мүмкіндіктері аз. Бастапқыда біразы жазып жүрді. Бірақ ондай оқулықтардың сапасы төмен болды. Өйткені бірыңғай орыс тіліндегі кітаптардан аударылған. Оқулықтардағы келтірілген мысалдары да Ресей не басқа елдердің тәжірибелері бойынша жазылған. Біздің елдің ерекшеліктеріне сай мысалдар жоқтың қасында. Мен де осы іске атсалысып, қазақ тілінде 15-ке жуық оқулықтар мен оқу құралдарын жаздым. Орысшадан тікелей аудара салсаң, ол түсініксіз болады. Мағынасын келтіріп жазуың керек. Ол көп жұмыс. Оны жазған адам біледі. Шәкірттерге түсінікті болуы үшін жалпы еліміздің және жеріміз бен адамдардың ерекшеліктерін ескере келіп, қазақы мысалдармен жаздым. Сондай кітаптарды жазғанымның арқасында былтыр маған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» деген атақ берді. 2 млн 800 мың теңге грант ұтып алдым. Дубайда Американың университеті бар екен, іссапармен барып, олардың тәжірибесімен таныстым. Сондай-ақ Қытай мен Ресейдің ауыл шаруашылығы университеттеріндегі бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығын ғылыми дамыту істерімен танысып келдім. Сол елдердің тәжірибелері қамтылған оқулықтарды да дайындап жатырмын.

- Ол да қазақ тілінде шыға ма?

- Соңғы жылдары кітаптарды негізінен мемлекеттік тілде шығарып жүрмін. Бүгінгі таңда Аграрлық университеттің факультеттерінде қазақ топтары ашылды. Оқулықтар да көбейді. Дегенмен әлі де салалық пәндер бойынша жетіспейтін жақтары бар. Бізде бір кемістік бар. Біз сияқты мамандар кітап жазса, ит қорлығын көреді. Өзің жазасың, өзің шығарасың. Ең соңында өзің сатуың керек! Бұл зиялы қауым өкілі үшін қорлық қой! Бізге жазғанымыз үшін ақша төлеп, ынталандырудың орнына, кітапты таратудың осындай жағы шешімін таппай келе жатыр.



- Ғылым мен өндіріс арасы ажырап қалған жоқ па?

- Ажырап қалды деуге болмайды. Бұрын ғылыми-зерттеу институттары, олардың тәжірибелік станциялары болды. Бұрын осындай институттар Ауыл шаруашылығы Ғылым Академиясына қараған болса, 2007 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді. Жаңа жүйеге көшу үшін ғылыми-зерттеу институттарын біріктіріп, он орталық құрылды. Осы орталықтарды басқару үшін «ҚазАгроинновация» АҚ-ы ашылды. Сол арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, өндіріс орындарымен байланыс жасалады. Бұл жақсы жағы. Ал бір кемшін соғып тұрғаны ғылыми-зерттеу институттарының тәжірибелік станциялары өтпелі кезеңде қысқарып кетті, көбі жекенің қолына өтіп кетті. Соның нәтижесінде ғылыми-зерттеу институттарының жетістіктерін өндіріске енгізуде тәжірибелері азайды.

Мысалы, ертеректе Шортанды ғылыми-зерттеу институтының 30-40 мың гектар жері болатын. Ол тәжірибелік және өндірістік учаскелерге бөлінетін. Тәжірибелік жер телімдері қалды да, өндіріске арналған жер көлемдері жекешелендіруге түсіп кетті. Соның нәтижесінде ғылыми зерттеулер тікелей өндіріске енбей қалды. Неге десеңіз, оған ақша керек. Мысалы, шетелдерде ақшаны фермерлер, олардың бірлестіктері және Ауыл шаруашылығы министрліктері төлейді. Ал біздің жағдайда қазір шаруа қожалықтарының нәтижелері өте төмен, ірі кәсіпорындардың өздері де жеке-жеке, содан барып олар ғылымның нәтижесіне мән бермейді. Басым бөлігі шетелде осылай екен деп соған назар аударады. Өз ғылымымыздың ұсыныстары жетпей жатады. Бұған бір дәлел, соңғы кезде елімізде ет өндіруді арттыру міндеті алға қойылды. Елбасы өз Жолдауында да айтты. Мал өсіруге Қазақстанның табиғи жағдайы жақсы, жайылымдар жеткілікті. Әсіресе, ірі қара және қой малын, жылқы мен түйені де өсіруге мүмкіндік мол. Қандай кедергі десек, қазір біздің малдарымызда бруцеллез, туберкулез аурулары өте көп.
- Жыл сайын қатерлі дерттерге қарсы малдарды егіп тұрады емес пе?
- Қазіргі кезде бұрынғыдай жүйелі түрде ветеринарлық шаралар жүргізілмейді.

Жекелеген шаруа қожалықтарының мүмкіндіктері де жетпей жатады. Оларда ветеринар болмайды. Сондықтан аудан көлемінде немесе үш-төрт ауылға бір ветеринарлық станциялар құрып, аталған аурулармен тікелей күреспесе болмайды. Басқа ауруларды айтпай тұрмын. Ал бруцеллезбен, туберкулезбен ауырған малдың етін сатуға болмайды! Біздің елдің адамдары туберкулезбен көп ауырады. Соның бір себебі осында жатыр деп ойлаймын.

Келесі бір мәселе - малдың тұқымы. Асыл тұқымды малдар азайып кетті. Жекешелендіру кезінде бәрі талан-таражға түсті. Қазір бар болғаны 3-7 пайыз төңірегінде асыл тұқымды мал қалған шығар. Бұл өте аз. Мал өнімін көбейту үшін, әсіресе, бәсекеге қабілеттілікті ұлғайтамыз десек, Кедендік одақтың тең дәрежедегі мүшесі болу үшін малды асылдандыруымыз қажет. Әйтпесе, Ресейдің де, Беларустың да мүмкіндіктері зор. Қазір сол елдердің ет және сүт өнімдері өте өтімді, біз де солардан алып отырмыз.
Өткен жолы Президент біз тек етті өзіміз үшін өндіріп қана қоймай, экспортқа шығаруымыз қажет екенін айтып, Үкіметке тапсырма берді. Оған мүмкіндік бар. Өйткені Ресей 2 млн тонна етті Бразилия, Аргентина сияқты шетелдерден сатып алады. Ал біздің мүмкіндігіміз болып тұрса, Қазақстаннан неге алмасқа?! 1990 жылдары Қазақстан 180 мың тоннаға дейін етті экспортқа шығарған. Қазіргі шығаратынымыз 30-40 тоннадай ғана. Ол өте аз. Қазір 2016 жылға дейін 60 мың тоннадай етті экспортқа шығару туралы міндет қойылып отыр. Ол үшін ветеринарлық шаралар жүргізуге, малды бордақылау пункттерін ашуға, ірі сүт кешендерін құруға арнайы қаржы бөлініп жатыр. Жаңа туған төлден бастап, дайын ет өнімін шығарғанға дейінгі процесті қамтитын кешеннің жұмысы жүйелі жүрсе, ісіміз оңға басады. Осы жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің 5 жылдың ішінде 72 мың бас асыл тұқымды мал сатып алу керек, сол арқылы көбейту қажет деген ұсыныстары болды. Қазірден бастап шетелден мал әкелініп жатыр. Бұл да өз нәтижесін беретін бастама деп ойлаймыз.

- Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қандай маңызды істер атқарылуы тиіс деп ойлайсыз?
- Қазіргі кезде бізде ауыл шаруашылығының жалпы көрсеткіші жаман емес. Жылдан-жылға өсім бар. Әр жыл сайын 5-10 пайызға өсіп келеді. Алайда алда тұрған мәселелер көп. Егінді алсақ, бізде астық шаруашылығы басым. Егістік жеріміздің 85-90 пайызына бидай егіледі. Бір текті өнімді өсірудің пайдалы жағы да, кемшілігі де бар. Қазір бізге бидай пайдалы. Мәселен, біз бидай өндіруде әлемнің ондығына кіреміз. Ұн өндіріп, экспортқа шығаруда соңғы үш жыл бойы дүниежүзі бойынша бірінші орын аламыз. Бірақ мұның да бір қайшылық келтіретін тұсы бар. Бидай көп өндіріліп кетсе, оны сақтау мен тасудың өзі қиын. 2008-09 жылдары көп өнім алынды. Дағдарыс та болды, сол кезде астықтың бағасы төмендеп кетті. Шаруа қожалықтары жоғары бағаға сата алмай қалды. Сақтайтын жер де таба алмай әуреге түсті. Көктемде тұқым жетпей қалды. Ендігі жерде бізге бір түрлі дақыл егуден гөрі басқа дақылдарды да көбейту қажет. Майлы өнім беретін күнбағыс, рапс өнімдері және де бұршақ тұқымдастары да бізге өте қажет. Мысалы, биыл қарақұмықтың бағасы екі жарым есеге өсіп кетті. Оның өнімі бізге жетеді, бірақ Ресей жағынан сұраныс көп болды. Шағын шаруа қожалықтары бұршақ дәнді-дақылдарын өсіретін болса, тиімділігі мол болмақ. Ал бидайды, арпаны үлкен ірі кәсіпорындардың өндіргені жөн.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау әлі де болса жетіспейді. Үкімет тарапынан қолдау жасалып жатыр. Бірақ ол тапшы. Біздің жалпы мемлекеттік қолдауға кететін қаржының шығыны өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің 3-5 пайызынан аспайды. Ал дамыған елдерде ауыл шаруашылығын 70 пайызға дейін қолдайды. Неге десеңіз, ауыл шаруашылығы, біріншіден, адамға қажетті азық-түлікті береді, екінші жағынан азық-түлік қауіпсіздігін сақтайды. Азық-түлік қауіпсіздігі болмаса, елдің қауіпсіздігіне де нұсқан келеді. Сондықтан халықты қауіп-қатерден сақтау үшін біз ауыл шаруашылығын қолдауымыз қажет. Ресейдің өзінде ауыл шаруашылығын 6-7 пайызға дейін, Беларусь елінде 17 пайызға дейін қолдайды. Қазір Кедендік одаққа кіріп жатырмыз. Үш елдің де үлесі бірдей болуы керек. Беларустар кішкене азайтуы қажет, біздер көтеруіміз керек. Оған әр елдің мүмкіндіктері жете ме, жетпей ме, осы жерде біраз мәселе бар. Көбірек мемлекеттік қолдау жасалмаса, өнімділік те жоғары нәтиже бермейді. Бәсекелестікке түсе алмай, артта қаламыз.



- Ең өзекті мәселелер қандай?

- Бүгінгі таңда мал өніміне сұраныс арта түсуде, бағасы көтеріліп келе жатыр. Бірінші кезекте етпен, сүтпен ішкі нарығымызды толтыруымыз керек. Екіншіден, бұрынғыдай бүгін-ертең пайдаланатын шикізат түрінде сату тәсілінен арылатын кезіміз келді. Бар дүниені ұқсата білсек, ұтарымыз көп. Ет, сүт өнімдерін жоғары деңгейде өңдеуіміз керек. Бізде қайта өңдеу мәселесі дамымай қалып отыр. Жаңа заманғы құрал-жабдықтармен қамтылған кәсіпорындар жетіспейді. Бұл мәселені түбегейлі шешпесек, жаңа ғасырда ескі қалпымызбен жүре беретін түріміз бар. Мысалы, сүтті бір адамға шаққанда, жылына 350 келіден өндіреміз, 260 келіні пайдаланамыз. Ал 260 келіні 20 пайызын импорттан аламыз. Етте де сондай көрініс бар. Айталық, құс етінің 70 пайызын шетелден аламыз. Шетелдің қымбат өніміне тәуелді болмау үшін өзіміздің кәсіпорындарды қолдап, сапалы түрде қайта өңдеу ісін жолға қоюымыз керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел бола аламыз. Елімізде мал өнімін әлемдік деңгейге шығаруға толық мүмкіндік бар. Әсіресе, жылқы мен қой өсіріп, сапалы өнімді шетелге шығарсақ, Қазақстанның тауары өтімді болар еді. Дүниежүзі бойынша қазір жылқы етіне, қымызға деген сұраныс өте жоғары. Түйенің шұбатына да тамсанатындар көбейіп келе жатыр.



- Ауылдың жай-күйін еске алғанда сізді қандай ойлар толғандырады?
- Мамандар мәселесі де толғандырады. Ауылда жұмыссыздық көп деп есептеледі. Екінші жағынан қажетті мамандар жетіспейді. Сондықтан ауыл шаруашылығына қажетті мамандарды даярлау бүкілхалықтық іс деп қарау керек. Мемлекет тарапынан «Дипломмен - ауылға» деген бағдарлама шықты. Ол да жүзеге асып жатыр. Дәрігерлер мен мұғалімдер баруда. Бірақ нағыз ауылдық мамандар жаппай кіріскен жоқ. Менің ойымша, ауыл шаруашылығының мамандары қажет. Сонда ғана ауылдың өндірісі дамып, көркейеді. Ауыл өссе, аурухана да салынады, жаңа жұмыс орындары да ашылады, техника да көбейеді, механизатор да керек болады.

Сонымен бірге қазір ауылдық жердің өзін сақтау да үлкен проблема болып тұр. Көп ауылдар құрып кетіп жатыр. Жылдан- жылға елді мекендер азайып барады. Бұл дұрыс емес. Жақсылыққа апармайды. Әсіресе, қазақ ауылдарының жағдайы өте қиын. Бәрі мал шаруашылығымен айналысады. Жастардың көбі кетіп жатыр. Мен биыл Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында болдым. Енді бес-алты жылда жастар түгел кетіп болады. Ауылда ешкім қалмайды деген қауіп бар. Мысалы, көшіп кеткен, иесіз қалған үйге бірнеше жылдан кейін барсаң, ол жабайы қалыпқа түседі. Бұрынғы бейнесінен ештеңе қалмайды. Иесіз үйдің төңірегіне биік-биік адам бойындай шөптер өсіп кетеді, үй мен қорасы құлап, неше түрлі жәндіктер басып алады. Біздің ауылдар да осындай кейіпке келмеуі үшін ел болып күресуіміз керек!



Қанша жерді ұстап отырып, осы ауылдарымызды иеленбесек, бос жатқан жерлерді пайдаланбасақ, оған біреулер көз алартуы мүмкін. Ондай қауіп бар. Ауыл қазақтың қасиетті мекені, салт-дәстүрінің толық сақталған жері ғой. Елді мекендерге баратын жолдарды салуымыз керек. Жолы тақтайдай болса, газы мен ауызсуы жетіп тұрса, ауылдан ешкім қашпайды. Тіпті қаладан ауылға баратындар да болады. Сонда ғана ауыл шаруашылығының жағдайы жақсарады. Осы кезге дейін тұрғындар ауылдан қалаға көшсе, енді қаладан ауылға қоныс аударатын жастардың үрдісін қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын.

- Әңгімеңізге рақмет.
жүктеу 52,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау