Мульдер реакциясы (ксантопротеин)
Бұл әдіс ароматты амин қышқылдарының (триптофан, фенилаланин, тирозин) концентрлі HNO3 пен әрекеттесу нәтижесінде сары түсті динитротуындыларын түзу қабілеттілігіне негізделген. Олар сілтілік ортада қызылсары түсті хиноидті құрылымдарды түзеді.
Фоль реакциясы
Әдіс сілтілік ортада натрий плюмбитімен қыздырған кезде құрамында күкірті бар амин қышқылдарының қорғасын сульфидінің қара тұнбасын беретін натрий сульфидін түзу қабілеттілігіне негізделген.
Натрий нитропруссидімен жүретін реакция
Әдіс цистеиннің сілтілік гидролизі кезінде түзілген натрий сульфидінің натрий нитропруссидімен қызыл-күлгін түсті комплексті қосылыс түзуіне негізделген.
Миллон реакциясы
Әдіс тирозинді Миллон ертіндісімен қыздырғанда ашық қызғылт түсті боялған нитротирозиннің сынап тұзын түзу қабілетіне негізделген.
Шульце-Распайль реакциясы
Концентрлі күкірт қышқылы әсерінен сахароза гидролизі жүреді, осыдан кейін түзілген моносахаридтер сусызданып оксиметилфурфуролға айналады. Триптофан оксиметил фурфуролмен әрекеттесіп қызыл-шие түсті комплексті қосылыс түзеді.
Адамкевич реакциясы
Әдіс қышқылдық ортада триптофанның альдегидтермен – сірке қышқылында қоспа түрінде кездесетін глиоксил қышқылымен реакцияласуына негізделген. Реакция нәтижесінде күлгін түске боялған триптофанның екі молекуласынан тұратын конденсация өнімі (күлгін сақина) түзіледі.
Циклді амин қышқылдарына Паулидің диазореакциясы
Әдіс гистидин, триптофан, тирозиннің диазобензол сульфоқышқылымен қызылсары түсті азоқосылыстар түзу қабілетіне негізделген.
Аргининге гипобромитті натриймен – Сакагучи реакциясы
Аргининнің гуанидин тобының сілті қатысуында гипобромитпен және α-нафтолмен қызыыл түсті қосылыс түзуіне негізделген. Алдымен аргининнің гуанидин тобы гипобромитпен тотығады, ал тотыққан аргинин α-нафтолмен қосылып, қызыл түсті конденсация өнімін түзеді түзіледі.
Клиникалық-диагностикалық маңызы
Жеке амин қышқылдарына арналған түсті реакциялар:
нәруыздың біріншілік құрылымының сандық талдамасын анықтау үшін пайдаланылады,
ақуыздың құндылығын анықтау үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |