САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ
«Magnum Cash&Carry» ЖШС
САЯСАТ
УП-Плт03
№2 баспа
20-бет 36-ден
Тауарлардың жекелеген түрлері бойынша фотосуретке қойылатын талаптар
9.
Шұжықтар – бұл тауар үшін қажетті ракурс «перспективада», немесе 30-45 градус
бұрышымен болы тиіс. Тауардың атауы кӛрсетілуі тиіс және тауардың ағаш тақтайға кӛк
шӛппен, саңырауқұлақтармен, зәйтүндермен, пиязбен және т.б. сәнделген кесілген жерін
және кесілген тіліктерін кӛрсету қажет.
10.
Сосискалар мен қысқа шұжықтар (сарделькалар) – тауар заттаңбасы, яғни атауы
кӛрінетіндей етіп, жинақ сияқты кӛрсетілуі тиіс. Тауардың атауы кӛрсетілуі тиіс және
тауардың ағаш тақтайға кӛк шӛппен, саңырауқұлақтармен, зәйтүндермен, пиязбен және т.б.
сәнделген кесілген жерін және кесілген тіліктерін кӛрсету қажет.
11.
Ӛлшеніп сатылатын ірімшік – егер тауар қаптамаға салынған болса (мысалы, шайба
түрінде), міндетті түрде тауардың құрылысы мен түр ӛзгешелігін түсіну мақсатында
кесілген бӛлігін кӛрсету қажет. Тауарды әдемілеп ағаш тақтайға кӛк шӛппен,
саңырауқұлақтармен, зәйтүндермен, пиязбен және т.б. сәндеп қою қажет.
12.
Торттар – тауардың кӛлемі мен безендірілуі кӛрініп тұратындай етіп ракурс таңдалу қажет.
Жоғарыдан түсіруге болмайды, ӛйткені тауар шелпек тәрізді кӛрініп қалады. Тауардың
шеттері тегіс, ағып кеткен кремсіз болуы тиіс.
13.
Балық, тауық еті және ӛзге де қатырылған ӛнім – әдемі әрі балғын кӛрінуі және
эстетикалық тұрғыда тақтайға салынып, безендірілуі тиіс.
14.
Жұмсақ қаптамадағы сүт ӛнімдері – тауар біркелкі үлестірілуі тиіс, бума бүгістерсіз және
сынықсыз, тауардың кӛлемі кӛрсетілуі қажет.
15.
Йогурттар – фото үстінен түсірілмеуі тиіс, стақанша мен заттаңба орналасқан жоғарғы бет
кӛрініп тұруы қажет.
16.
Киім – Жақсы жай-күйде (үтіктелген, таза) манекенде кӛрсетілуі тиіс.
17.
Тоқыма – ұқыпты түрде және қаптамасыз күйде веер тәрізді дестеге тізіліп қойылуы тиіс,
заттаңба бӛлек кӛрсетіледі.
18.
Ыдыс-аяқ – ыдыстар – қаптамада және қаптамадан тыс түсірілген фотосуреттері, егер
ыдыс мӛлдір болса, ол кӛрініп тұруы қажет (ақ фонда түсірілуі тиіс), жинақтар кӛрсетілуі
қажет. Егер қасықтар мен ожаулар болса, олар бӛлек-бӛлек веер тәрізді тізіліп кӛрсетілуі
тиіс.
19.
Кептіргіштер, қатпар жазғыштар, орындықтар – тауар қаптамадан шығарылған және
жаюлы күйде кӛрсетілуі қажет, тауарға заттаңба қоса жүреді.
САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ
«Magnum Cash&Carry» ЖШС
САЯСАТ
УП-Плт03
№2 баспа
21-бет 36-ден
8
Компания сауда объектілерінде промо-шаралар ӛткізу
тәртібі
8.1
Жеткізушінің промоутерлерді (промо-шаралар ұйымдастыру) тарта отырып,
«Magnum Cash&Carry» ЖШС сауда объектілерінің аумағында жарнамалық
белсенділікті жүзеге асыру мүмкіндігі бар.
8.2
Промо-шаралардың мен олар ӛткізілетін промо-орындардың түрлері:
•Промоутер сатып алушыға тауар
туралы кеңес береді, тауардың
артықшылықтарын баяндай
отырып, жарнамаланып жатқан
тауарды сатып алуға ұсыныс
жасайды
Кеңес беру
•Промоутер тауарды жарнамалау
мақсатында сатып алушыларға оның
тестерін немесе үлгісін таратады
Семплинг
•Промоутер Клиенттің тауар, қызмет
немесе науқан жайлы ақпарат
кӛрсетілген баспа ӛнімін таратады
Үндеухаттар,
лифлеттер,
газеттер және
т.б. тарату
•Промоутерлер келушілерге (сатып
алушыларға) жарнамаланып отырған
тауардың дәмін татуға ұсыныс
жасайды
Дегустация
•Промоутерлер науқанның
шарттарына байланысты сыйлықтар
үлестіреді
Сатып алу
үшін сыйлық
•Промоутерлер сатып алушылар
науқан шарттарын орындаған
жағдайда, олардың арасында
сыйлықтар ұтысын ұйымдастырады
Ұтыс ойын
•Промоутерлер қандай да бір
тауар/қызмет жайында қоғамның
пікірін анықтау мақсатында
келушілер (сатып алушылар)
арасында сауалнама жүргізеді
Сауалнама
Сауда залында ӛнім
орналасқан сӛре жанында.
Сауда кешенінің
автотұрағында.
Кассалық зона артында.
Кассалық зона артында
Сауда залында ӛнім
орналасқан сӛре жанында.
Сауда кешенінің
автотұрағында.
Кассалық зона артында.
Кассалық зона артында.
Кассалық зона артында.
Промо бағанасы жанында
кассалық зона артында
(жабдық болған жағдайда).
Сауда залында ӛнім
орналасқан сӛре жанында.
Сауда кешенінің
автотұрағында.
Кассалық зона артында.
САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ
«Magnum Cash&Carry» ЖШС
САЯСАТ
УП-Плт03
№2 баспа
22-бет 36-ден
8.3
Сауда объектілерінің аумағында промо-шаралар ұйымдастыру ақылы негізде
жүзеге асырылады. Ӛткізілу тарифтері ӛтініш білдірген жағдайда ұсынылады.
8.4
Промонауқан ӛткізуді ұйымдастыру үшін «Magnum Cash&Carry» ЖШС басты
кеңсесінде Маркетинг және Жарнама департаментінің жарнамалық және
промо-орындарды сату жӛніндегі маманға келесі телефон нӛмірлері бойынша
хабарласу қажет (Алматы қ.) +7 (727) 326-91-22, ішкі нӛмірлер 2042, 2040.
8.5
Промо-шараны ӛткізу мүмкіндігін қарастыру үшін Тапсырушы Маркетинг
және Жарнама департаментінің маманына жоспарланып отырған промо-
шараны сипаттайтын ӛтініш-рұқсат жіберуі қажет.
8.6
Ӛтініш-рұқсатты Жеткізуші бекітілген нысанда (№4 Қосымша) жасап, оны
промо-шараның басталу күніне 10 (он) ж.к. қалғанға дейін Маркетинг және
Жарнама департаментінің маманының қарауына ұсынуы тиіс.
8.7
Ӛтініш-рұқсатта нысанмен кӛрсетілген барлық жолақтарды толтыру қажет,
промо-шараның механикасын сипаттау, ӛткізілу күндері мен сағаттары, промо-
үстел ӛлшемі, промоутерлер туралы ақпарат (саны, атқарылатын міндеттері,
ұялы телефонмен әңгімелесу, темекі шегуге және түскі асқа шығу ұзақтығына
секілді әрекеттерге қойылатын шектеулер) кӛрсетілу қажет.
8.8
Ӛтініш-рұқсатқа электронды түрде промо-шара кезінде сауда объектілерінде
таратылатын баспа жарнамалық материалдардың (үндеухаттар, буклеттер және
т.б.) нысандары қоса тіркелулері тиіс.
8.9
Бір промо-орын бір промо-үстелден және 1-2 промоутерлерден тұруы мүмкін.
Егер промо-үстел 1 шаршы метрден астам алаңды алса, сонымен қатар, егер
промоутерлердің промо-киім нысандары кӛлемді болатын болса, мысалы, шар
тәрізді, онда келісім-шартқа қол қою мүмкіндігі жекеше қарастырылады.
8.10
Егер Жеткізуші сұрастырып жатқан күндерге бос промо-орындар болмаса
немесе промо-шараны ӛткізу шарттары стандартқа сай келмесе, Жеткізушіге
шараны ӛткізудің баламалы нұсқалары ұсынылады.
8.11
Промо-шара ӛткізуге келісім-шарт келісілген ӛтініш-рұқсаттың негізінде
промо-шараның басталуына кем дегенде 2 жұмыс күні қалған мерзімге дейін
жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |