САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ
«Magnum Cash&Carry» ЖШС
САЯСАТ
УП-Плт03
№2 баспа
28-бет 36-ден
13
Деректермен алмасу рәсімі
13.1
Жеткізуші мен Компания арасында ақпарат алмасу ерікті түрде заңнамалық
актілерді бұзусыз және тараптардың бір-бірінен алған ақпараттың
құпиялылығын қамтамасыз ету шартын сақтай отырып, жүзеге асырылады.
13.2
Ӛзара тиімді ынтымақтастық мақсатында тараптар бірлескен қызметке қатысты
барлық ӛзгерістер туралы (деректемелердің, нақты және заңды мекенжайдың,
байланыс телефондарының, кадрлық ӛзгерістердің және т.б. ӛзгеруі) барлық
мүдделі тұлғаларға алдын ала хабарлауға міндетті.
13.3
Заңды тұлғаның атауының, тӛлем деректемелерінің, заңды мекенжайының,
бірінші басшысының ӛзгеруі туралы хабарламалар ресми бланктегі хат түрінде
ресімделіп, онда бірінші басшының қолы қойылып, мӛр басылуы тиіс.
13.4
Осы құжаттың 13.3-ші тармағында кӛрсетілген ӛзгерістер жүзеге асырылатын
жағдайда, Жеткізуші ӛзгерістер енгізу күніне
30 (отыз) к.к. қалған мерзімнен
кешіктірмей, хабарлама-хаттың түпнұсқасын Санатты менеджерге тапсыруға
міндетті.
13.5
Ынтымақтастықтың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін
Компания тарапынан тұрақты негізде Жеткізушіге келесі мәліметтер беріліп
отырады:
Есеп атауы
Сипаты
Алушылар
Мерзімдер
Есептік
мерзімде
кӛрсетілген
қызметтердің
түсіндірмесі
Жеткізушіге
кӛрсетілген
қызметтер жайлы мәліметтерді
қамтиды (тауарлық талдау)
Барлық
жеткізушілерге
Тоқсан сайын
Есептік
мерзімде
жеткізілім
фактісі
бойынша есеп
Сауда объектілеріне тауарды
жеткізу
сапасы
жайлы
мәліметтерді қамтиды (тауарлық
талдау)
Жеткізушінің
құжат бойынша
борышы
Жеткізушінің
Компания
Бухгалтериясына түпнұсқаларын
тапсырмаған құжаттар тізімін
қамтиды (борыштың пайда болу
себебін кӛрсете отырып, әрбір
құжат бойынша талдау)
Күн сайын
Тауар
қалдықтары
жайлы есеп
Ағымдағы
күн
бойынша
Компания сауда объектілерінде
Жеткізуші
тауарының
қалдықтары жайлы мәліметтерді
қамтиды (тауарлық талдау).
Мәліметтер
ақылы
негізде
беріледі.
Келісім-шарт
талаптарында
мұндай есеп-
қисаптар алу
құқығы
бекітілген
Жеткізушілер
ғана
Келісім-шарт
талаптарына
сәйкес
Тауардың
сатылуы туралы
есеп
Компания сауда объектілерінде
кезең
ішінде
Жеткізуші
тауарының
сатылуы
жайлы
мәліметтерді қамтиды (тауарлық
талдау)
13.6
Жеткізушілерге берілетін есеп-қисаптар электрондық нысанда Келісім-шартта
кӛрсетілген электрондық мекенжайға жӛнелтіледі.
13.7
Есеп-қисаптар Жеткізушінің 3 (үш) электрондық мекенжайына ақысыз негізде
жіберіледі.
САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ
«Magnum Cash&Carry» ЖШС
САЯСАТ
УП-Плт03
№2 баспа
29-бет 36-ден
14
Келісім-шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін
жауапкершілік
14.1
Жеткізушімен ынтымақтастық шеңберінде келісім-шарттық міндеттемелерді
орындамағандық үшін айыппұл санкциялары нысанында жауапкершілік
шаралары қарастырылады.
14.2
Айыппұл санкцияларын есептеу және Жеткізушілерге оларды ұсыну тоқсан
сайын жүзеге асырылады.
14.3
Жеткізушіге айыппұл санкциялары бір шағым хатпен ресімделеді, онда
филиалдар бойынша жеке алғандағы және желі бойынша тұтас алғандағы
жалпы сома кӛрсетіледі.
14.4
Жеткізуші айыппұл санкцияларын айыппұлды есептеу туралы жазбаша
хабарлама, яғни Шағым мен Айыппұл сомасын мойындау актісі негізінде
тӛлейді.
14.5
Шағым мен Айыппұл сомасын мойындау актісі Жеткізушіге есептік тоқсаннан
кейінгі айдың 10 жұлдызына дейін электрондық нысанда ұсынылады.
14.6
Жеткізуші электрондық нысандағы Шағым мен Айыппұл сомасын мойындау
актісін алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде:
келіскен жағдайда – айыппұл санкциялары бойынша қол қойылған
құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға;
келіспеген жағдайда – жазбаша түрде дәйекті бас тарту хатын ұсынуға
міндеттенеді.
14.7
Егер жеткізуші есептелген сомамен келіссе, ол шағым мен актіні екі данада
басып шығарып, оларға қол қойып, мӛр басып, «Magnum Cash&Carry» ЖШС
тарапынан қол қойылуы үшін оларды Компанияның Сатып алу жӛніндегі
басқарма ассистентіне ұсынуы тиіс.
14.8
Сатып алу жӛніндегі басқарма ассистенті Жеткізуші ӛкілі жүгінген жағдайда,
дереу құжаттарға Бағыт жетекшісіне қол қойдырып, жеткізушіге қайтадан 2
дананы қайтарады.
14.9
Бағыт жетекшісі тарапынан құжаттарға қол қойылған соң, Жеткізуші ӛкілі
құжаттарды Бухгалтерияға, Жеткізушілер жӛніндегі бухгалтерге тапсырады.
14.10
Егер жеткізуші есептелген айыппұл санкцияларының сомасымен келіспесе
немесе шағымда қателіктер жіберілсе, жеткізуші растайтын құжаттарды қоса
тіркеп, жазбаша нысанда дәйекті бас тарту хатын (ресми бланкте ресімделіп,
қол қойылған және мӛр басылған) ұсынады.
14.11
Жеткізушіден дәйекті бас тарту алған жағдайда, Санатты менеджер 1 жұмыс
күні ішінде шағым бойынша ақпаратты тексеріп, сараптама жасайды және
қабылданған шешім туралы Жеткізушіге хабарлайды.
14.12
Егер сараптама нәтижесінде Жеткізушінің бас тартуы заңсыз деп танылса және
Жеткізуші айыппұл санкцияларын ӛтеу бойынша міндеттемелерді орындаудан
одан әрі қарай бас тартса, Санатты менеджер Қазақстан Республикасы
заңнамасына сәйкес Жеткізуішімен шағым-талаптық жұмыстар ӛткізуді
бастамалауға құқылы.