«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымының 14
желтоқсан 2015 жылғы Басқарма
жиналысында бекітілді. Хаттама
№62
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»
ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
АСТАНА 2015
2
1.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ғылыми-зерттеу жұмысының Тұжырымдамасы (әрі қарай – Тұжырымдама)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (әрі қарай –
ДББҰ) даму Стратегиясын, сонымен қатар 2020 жылға дейін ДББҰ-ға жаңа
технологияны енгізуді хабардар ету мәселесі бойынша және ағымдағы оқу
реформаларының мониторингі мен бағалау үшін ең озық және қолжетімді
зерттеу нәтижелерін қолдану мәселелерін жүзеге асыру тәсілдерін анықтайды.
Бұл тұжырымдама ДББҰ-ның іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарының мақсаты
мен міндеттерін, негізгі принциптерін, бағыттарын, кезеңдері мен тетіктерін,
күтілетін нәтижелері мен көрсеткіштерін айқындайды.
Тұжырымдама
зерттеу
үдерісіне
мүдделі
тұлғалардың
өзара
ынтымақтастығын реттейді.
3
МАЗМҰНЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ............................................................................................................. 2
2. КІРІСПЕ .................................................................................................................................. 4
2.1 Білім беру саласындағы іс-әрекеттегі зерттеудің жалпы әлемдік үрдістері .......... 4
2.2 ҚР білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің даму тенденциялары
..................................................................................................................................................... 5
2.3 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ғылыми-зерттеу іс-
шараларына шолу ................................................................................................................... 5
2.4
Құқықтық құжаттар .................................................................................................... 6
3. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ................................................................................... 6
3.1 Тұжырымдаманың стратегиялық мақсаты ................................................................. 6
3.2 Тұжырымдаманың міндеттері ........................................................................................ 6
4. ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ ................................................................................. 6
5. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ ............................................ 7
5.1 Тұжырымдаманы жүзеге асыру бағыттары ................................................................ 7
5.2 Ғылыми-зерттеу бағыттары ............................................................................................ 7
5.3 Тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері ................................................................ 8
6. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МЕХАНИЗМІ ........................ 9
6.1 Әлеуетін арттыру ............................................................................................................... 9
6.2 ДББҰ филиалдары, орталықтары мен бөлімдері арасындағы өзара
ынтымақтастықты арттыру ................................................................................................. 9
6.3 ДББҰ мен сыртқы ғылыми-зерттеу ұйымдарының арасындағы
ынтымақтастықты дамыту ................................................................................................... 9
6.4 ДББҰ Білім беру Статистикасының Базасын құру .................................................. 9
6.5 Ақпараттық қолдау ......................................................................................................... 10
7. ЗЕРТТЕУЛЕРДІ БАСҚАРУ ................................................................................................ 10
7.1 Ғылыми-консультативтік кеңес .................................................................................. 10
7.2 Зерттеу бөлімі .................................................................................................................. 11
7.3 ДББҰ орталықтары мен бөлімдерінің зерттеушілері .............................................. 12
7.4 Зияткер мектептер ........................................................................................................... 13
8. НЕГІЗГІ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР.................................................................................. 13
8.1 Мақсаттық индикаторлар жән көрсеткіштер ........................................................... 13
9. НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР ........................................................................................................ 16
4
2.
КІРІСПЕ
2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарына
сәйкес (2010 жыл 1 ақпан №922 Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы) 20 Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі (әрі қарай – Мектептер)
Қазақстандағы орта білім беру жүйесін жаңғырту жолындағы негізгі жобалар
болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу барысында Зияткерлік мектеп
балабақша, мектепке дейінгі және орта мектеп үшін инновациялық білім беру
бағдарламалары мен технологияларын дамыту, мониторинг, зерттеу, талдау,
енгізу және тестілеудің тәжірибелік алаңы болып табылады. (№ 394-4 2011
жыл 19 қаңтар Қазақстан Республикасы Заңы)
ДББҰ алдына үздік халықаралық практикаға сәйкес Қазақстандағы білім
берудің үздік дәстүрлерін біріктіру міндеті қойылды. 2015 жылдан бастап
Назарбаев
Зияткерлік
мектептерінің
бағдарламалары,
практикалық
сараптамалары мен тәжірибесі еліміздің орта мектептері арасында
таратылады. (2011-2020 ж.ж. Мемлекеттік Білім Дамыту Бағдарламалары
(ГПРО), 2010 жыл 7 желтоқсан №1118 Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы)
2013 жыл 18 сәуірде ДББҰ-ның Жоғары Қамқоршылық Кеңесі бекіткен 2020
жылға дейінгі ДББҰ даму стратегиясы қолда бар ең жақсы зерттеулерді
басшылыққа ала отырып, ДББҰ-ға инновациялық хабарлау және шешім
қабылдау үшін ғылыми қолдаудың маңыздылығы ескеріледі.
Осы Тұжырымдаманы негіздеудің негізгі мәні:
I. зерттеу, бағалау және мониторинг жұмыстарын жүргізудегі
келісімділік;
II. зерттеуді басқару үшін тиімді құрылған жүйе құру;
III. зерттеу әлеуетін қалыптастыру;
IV. атқарылған жұмыстың сапасын қамтамасыз ету және
ең жоғары этикалық стандарттарға сәйкес ғылыми-зерттеу жүргізу.
Бұл құжат тиімді болу үшін әрі қарай «зерттеулер» терминін және оның
ішінде «мониторинг», «бағалау», «зерттеу» ұғымдарын қолданады.
2.1 Білім беру саласындағы іс-әрекеттегі зерттеудің жалпы әлемдік
үрдістері
Білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру факультеттерінің
мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының ажырамас қызметі
болып саналады. Алдыңғы қатарлы елдердің білім беру жүйелерінде ғылыми-
зерттеу жұмысы толығымен білім беру мекемелерінің қызметіне енгізілген.
Сол арқылы білім беру жүйесі мен инновацияларды жетілдіру негіздемесі
5
ретінде білім беру және экономика жөніндегі білімді дамытуға ықпал етіп
отыр (БEPA, 2012).
2.2 ҚР білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің даму
тенденциялары
Қазақстан Үкіметі зерттеумен айналысатын барлық мемлекеттік органдардың
ел экономикасының дамуына ықпал ететін, оның әл-ауқатын арттыруға
септігін тигізетін зерттеу нәтижелерін қолдануға негізделген жалпы бағытты
басшылыққа алуына мүдделі.
Ғылыми-зерттеу саласындағы Қазақстан әлеуеті ғылыми-зерттеу кеңістігінде
даму мен халықаралық зерттеулер аймағында интеграциялау мүмкіндіктерін
қамтамасыз етуді талап етеді. Осы мақсатта Қазақстан Үкіметі ғылыми-
зерттеу ұйымдарын қаржыландыруды арттырады және қолданбалы
зерттеулерді жүзеге асыруға ықпал етеді.
Бұл тұрғыда, 2013 жылы білім беру саласындағы Қазақстандық зерттеушілер
қауымдастығы (KERA) құрылды. Бірлестіктің негізгі міндеттері ретінде
ұлттық және халықаралық деңгейлердегі алынған нәтижелерді тарату мен
қазақстандық ғалымдар жүргізген барлық педагогикалық зерттеулерді
үйлестіру жұмыстары анықталды.
2.3 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ғылыми-зерттеу іс-
шараларына шолу
Зияткерлік мектептердің желісінде жүзеге асырылып жатқан инновациялар
мен өзгерістер мыналарды қамтиды: жаңа дағдыларды дамытуға бағытталған
білім беру бағдарламасын құрастыру және енгізу (мектепке дейінгі білім
беруді қоса алғанда), оқушылардың тәрбиесі мен әл-ауқаты, үш тілде білім
беру, тіл үйрету бағдарламасы, функционалдық сауаттылық, оқушылардың
оқу жетістіктерін критериалды бағалау және мектеп түлектерін жиынтық
бағалаудың жаңа моделі; жаңа буын оқулықтары және сандық білім беру
ресурстары; оқытушыларды бірлескен кәсіби оқыту және дамыту (іс-
ірекеттегі зерттеу, сабақ талдау, топтық оқыту); қазіргі заманғы білім беру
ортасын құру, т.б.
Инновация мен реформа үдерісі халықаралық серіктестермен бірлікте ДББҰ
қызметкерлері тарапынан жүргізген мониторинг және бағалаумен қатар
жүргізіледі. Алайда жинақталған деректерді түсіндіру мен тәжірибені
жақсарту үшін оларды қолдану мұқият талдауды қажет етеді. Сапалы талдау
жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымның тиісті ғылыми-зерттеу
мүмкіндіктерін дамыту қажет.
6
2.4 Құқықтық құжаттар
Бұл тұжырымдама мынадай құқықтық құжаттарға сәйкес әзірленді:
2007 жыл 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 319-III «Білім
беру туралы Заңы»;
2011 жыл 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының №394-IV және
«Назарбаев Қоры», «Назарбаев Университеті мәртебесі туралы»,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Заңы;
2013 жыл 18 сәуірдегі ДББҰ-ның Жоғары Қамқоршылық Кеңесі
мақұлдаған 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы.
3.
МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1 Тұжырымдаманың стратегиялық мақсаты
Бұл тұжырымдама ДББҰ 2020 даму стратегиясы шегінде ағымдағы
бағдарламалар мен реформалардың зерттеу, бағалау және мониторинг
нәтижесінде алынған ақпарат негізінде міндеттемелердің орындалуын
басшылыққа алады.
3.2 Тұжырымдаманың міндеттері
Осы Тұжырымдаманың басты мақсаты ДББҰ миссиясы мен тәжірибесін
жүзеге асыруға ықпал ету және қызметін жетілдіру болып табылады. Ұйым
ғылыми-зерттеу
жұмыстарын
ұйымдастыру
арқылы
студенттерді,
оқытушыларды және Қазақстанның білім беру қоғамдастығын үздік білім беру
қызметтерімен қамтамасыз ете алады.
Білім реформасы саласындағы халықаралық зерттеулерге үлес қосу екінші
маңызды міндет болып саналады.
4.
ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
Бұл Тұжырымдама төмендегідей принциптерге сәйкес зерттеу жұмыстарын
жүргізуді есепке алады:
Зерттеуші
Тізбектік, әдістемелік, жүйелілік, тақырыпты кешенді қамту
Сыни
Өзінің бастапқы жорамалдары мен басқалардың ұсынған болжамдарына
негізделген өзін-өзі тану және өзін-өзі сыни бағалау
Ашықтық
7
толық дәрежедегі ашықтық, қолжетімді методологияның болуы,
процесстер мен элементтердің репликативтілігі (қайталау мүмкіндігі).
Этикалық
зерттеу барысында этикалық нормаларды ұстану, құқықтарды құрметтеу,
жасырындылықты өзара сақтау, зияткерлік адалдық.
Адамзаттық
өзгелердің құқығын мойындау, қоғам және өзге құқықтарды құрметтеу,
зияткерлік әлеуметке ие болу.
5.
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
Берілген Тұжырымдама негізгі бағыттар мен оны жүзеге асыру кезеңдерін
анықтайды.
5.1 Тұжырымдаманы жүзеге асыру бағыттары
Тұжырымдама зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін келесі бағыттарды ұсынады.
ДББҰ мониторинг жүйесін құрастыру және енгізу (оқушының жұмысы
барысындағы жетістігін саралау үшін қолданылатын мониторинг, мысалы,
бастамаларды жүзеге асыру, мақсатқа жету, жүйе бойынша оқушылар
қабілетін дамыту және емтихан нәтижелерін шығару үдерісін уақытылы
іске асыру);
Бағалау жүйесін дамыту және енгізу (ДББҰ мүшелеріне оқу процесі
барысында оқушылардың жетістігін әр деңгейде саралау үшін көмек
беретін бағалау жүйесі);
Білім беру қатысты зерттеулер жүргізу (білім беру жүйесі дамуы мен
ондағы зерттеудің ролі мақсаттары сипаттарын зерттеуге ДББҰ-ның
жүйелі және ұзақмерзімді негіз болатын);
Іздеу және рұқсат етілмеген қолжетімділік функциялары бар халықаралық
талап пен форматқа сәйкес, қолжетімді ДББҰ Білім беру статистикалық
Базасын (әрі қарай-БОС) қалыптастыру.
5.2 Ғылыми-зерттеу бағыттары
Келесі бөлімдер алғашқы зерттеу нысандары ретінде анықталған:
Білім беру сапасы;
Білім беру бағдарламасы;
Үштілді білім беру;
Оқыту және оқу;
8
Оқушылардың оқудағы жетістіктері;
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
Білім беру жетістіктерін бағалау;
Балаларды тәрбиесі мен әл-ауқаты;
Мұғалімдердің кәсіби дамуы мен дайындығы
Мұғалімдерді бағалау және аттестация;
Қолайлы білім беру ортасы;
Білім беру технологиялары және ресурстар;
Мектеп көшбасшылығы және басқару;
Бағалау және мектеп аккредитациясы;
Тәжірибемен бөлісу.
ДББҰ өз жоспарында берілген бағыттардың жеке мазмұндалып, тақырыптың
нақтылануын талап етеді. Департаменттер, орталықтар және ДББҰ
филиалдары туындаған мәселелер мен қажеттіліктерге байланысты зерттеулер
жүргізе алады.
5.3 Тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері
Берілген Тұжырымдама ДББҰ-ның зерттеу потенциялын дамытуға
байланысты үш кезеңді қарастырады.
Бірінші кезең:
2015 жылдан бастап ДББҰ өзінің зерттеу жұмыстарын, жобаларын, бағалау
жүргізуді және мониторингке қатысты жоспарлауды, БОС-ты жақсартуға
ықпал етуді және түрлі зерттеулер бойынша жұмысын бастайды.
Екінші кезең:
2016-2017ж.ж. ДББҰ серіктестермен ортақ ғылыми-зерттеу жобаларын
бастайды; халықаралық білім беру ғылыми–зерттеу қоғамдастығында одан әрі
интеграцияның ілгерілеуін дамытып, зерттеу әдістемесі бойынша семинарлар
өткізіп, мектептерде зерттеу мәдениетін қалыптастырады.
Үшінші кезең:
2018-2020 жылдары ДББҰ Қазақстанның білім беру жүйесі кеңістігінде ірі
ғылыми- зерттеу жобалар өткізеді, өз жұмысының барлық аспектілеріне
қатысты бағалау мен мониторинг жұмыстарын өткізеді. Ұлттық және
халықаралық дәрежедегі талқылауларға қатысу мен халықаралық білім беру
зерттеулерде маңызды үлесін қосу.
9
6.
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ
ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ
МЕХАНИЗМІ
Бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін келесі механизмдер ұсынылады:
6.1 Әлеуетін арттыру
Әлеует қалыптастыру халықаралық ұйымдардың көмегін қажет етеді. ДББҰ-
да ғылыми – зерттеулер жүргізуден тәжірибесі бар, түрлі бағдарламалармен
білім алған, зор әлеуеттік мүмкіндіктерге ие қызметкерлер жұмыс атқарады.
Ең басты мақсаттардың бірі мүмкіндік иегерлеріне аудит өткізу болып
табылады. Сондай – ақ, ДББҰ- да шетелде магистратура мен доктарантурада
білім алып жүрген қызметкерлер жұмыс жасауда. Олардың зерттеу
қабілеттерінің жетілу деңгейі де аудитте ескерілуі қажет.
Зерттеу әлеуетін арттыру зерттеу жүргізу әдіснамасы мен ДББҰ
қажеттіліктерін ескере отырып халықаралық әріптестермен бірге зерттеу
жобаларын іске асыруды қарастырады.
6.2 ДББҰ филиалдары, орталықтары мен бөлімдері арасындағы өзара
ынтымақтастықты арттыру
Өзара байланыстардың дамуы мен тұтас көзқарастардың жүзеге аса бастауына
Департамент пен орталық ДББҰ филиалдарының қатысуымен өтетін ортақ
зерттеу жобасы жоспарланып отыр.
6.3 ДББҰ мен сыртқы ғылыми-зерттеу ұйымдарының арасындағы
ынтымақтастықты дамыту
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында ДББҰ
республикалық және халықаралық зерттеу жобаларына мынадай жоспарлар
ұсынады:
Бірлескен зерттеу жобаларын жаасау;
ДББҰ сұранысы бойынша зерттеулер өткізу үшін сыртқы зерттеу
орталықтарын шақыру;
Зерттеу жүгізуде сыртқы зерттеушілердің көмегімен қамтамасыз ету;
Ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен басқа шараларға қатысу.
6.4 ДББҰ Білім беру Статистикасының Базасын құру
Қолда бар мәліметтерді сапалы және тиімді қолдану үшін Білім беру
Статистикасының Базасын (БОС) құру алға тартылуда. Оның қызметі
ұйымдардың сапалы жетілуін және білім реформаларының тиімді жүзеге
асыруын қамтамасыз етеді.
10
6.5 Ақпараттық қолдау
Білім және зерттеу арасындағы байланысты күшейту қажет. Бұл қарым-
қатынас білімді нығайтуға жетелейді. Ол үшін мына жолдар ұсынылады:
басылымға зерттеу жұмыстарын шығару;
шағын зерттеулер мен жоба нәтижелері бойынша есептерді жариялау;
ДББҰ Білім Статистикасының Базасын дамыту;
зерттеу Департаменті жұмыстарының нәтижесі бойынша электронды
дайджесттер шығару;
зерттеу материалдарын басылымдарға дайындау үшін зерттеу
Департаментіне консультациялық көмек көрсету, республикалық және
халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференцияларға
қатысуға қолдау;
академиялық мақалаларды республикалық және халықаралық ғылыми
журналдарға жариялау;
мақалаларды БАҚ-та жариялау;
http:// rescarh.nis.edu.kz сайтын жасау және оны зерттеулерге қатысты кең
ауқымды қызықты материалдар мен ақпараттармен толтырып жаңарту;
БАҚ арқылы зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тарату;
зерттеу жүргізу әдіснамасы бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу;
жыл сайын аймақтық зерттеу форумдары мен халықаралық
конференциялар ұйымдастыру.
7.
ЗЕРТТЕУЛЕРДІ БАСҚАРУ
Ғылыми зерттеулерді басқару «Ғылыми-консультативтік басқарма» арқылы
басқарылып Ғылыми-зерттеу департаменті арқылы координацияланады.
7.1 Ғылыми-консультативтік кеңес
Ғылыми консультативтік кеңес (әрі қарай – Кеңес) зерттеу жүргізуге ұсыныс
беріп, қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, ДББҰ-да және сыртқы зерттеу
ұйымдарының Зияткерлік мектептерде өткізілген жұмыстың сапасына баға
береді.
Кеңес Қазақстан ішіндегі және сыртқы білім беру қоғамдастықтарымен
байланысты қолдайды.
Кеңес құрамына кіреді:
11
Кеңес төрағасы;
Кеңес төрағасының орынбасары (ДББҰ басқармасы төрағасының
орынбасары);
Кеңес хатшысы (зерттеу Департаментінің қызметкері);
білім беру саласының Қазақстан қауымдастығының өкілдері;
шетел ғылыми қоғамдастық өкілдері;
Зерттеу департаментінің директоры.
Кеңес қатарына енген кезде мүшелер саны 12 адамнан кем болуы мүмкін.
Жиналыс жылына 2 рет өткізіледі, қалған уақытта онлайн режимде өткізіледі.
Кеңес функцияларына жатады:
сын пікір ұсыну немесе жобаға рецензентті тағайындау мен зерттеу
бойынша есептер дайындау;
зерттеу жүргізу барысында туындайтын этикалық мәселелер бойынша
кеңес беру;
бағалау мен зерттеу жүргізудегі ДББҰ-ның стратегиясына әрі қарай даму
үшін ұсыныстар беру;
ДББҰ-ның зерттеу әлеуетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар беру;
Зерттеу Департаментінің жылдық есебіне шолу;
өзара келісім бойынша зерттеу жүргізуде техникалық қолдау көрсету
туралы ДББҰ-ның өзге сұраныстары бойынша ұсыныстар беру;
ДББҰ-да зерттеу мәдениетін қалыптастыруда қолдау көрсету.
7.2 Зерттеу бөлімі
ДББҰ-да зерттеу жұмыстарын үйлестіру зерттеу Департаментінің негізгі
міндеті болып табылады. Зерттеу Департаментінің қызметтері:
Зерттеу
жұмысының
басым
бағыттарын
анықтауда
өзге
Департаменттермен, ДББҰ Орталықтарымен байланыс орнату;
ДББҰ Білім беру Статистикасы Базасын өзге Департаменттермен және
Орталықтармен ынтымақтастық арқылы дамыту;
Мектептердегі зерттеулерді өткізуге қолжетімділікті үйлестіру; (Қосымша
2);
Ұлттық, республикалық және халықаралық мекемелермен ынтымақтастық
пен зерттеу әлеуетін дамыту принциптері негізінде бірігіп зерттеулер
жүргізу;
12
зерттеу әлеуетін арттыру бағытында қолдау көрсету, ДББҰ Орталықтары,
Департаменттері мен білім беру саласында зерттеумен айналысатын
ұйымдар арасында өзара әрекеттестік және тәжірибе алмасуды дамыту;
ДББҰ кітапханалар қорын дамыту (қазақ және орыс тілдерінде кітаптар,
республикалық журналдар және электронды халықаралық журналдарға
колжетімділікті қамтамасыз ету);
Ұйымның техникалық және электронды құралдарына қолжетімділікті
қамтамасыз ету мен зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету (Endnote, NVivo,
Atlas, Ti, SPSS сияқты арнайы зерттеу және статистикалық
бағдарламалармен және т.б. құралдармен қамтамасыз ету);
ДББҰ сыртқы және ішкі зерттеу материалдарына қолжетімділікті
қамтамасыз ету;
зерттеулердің негізгі нәтижелерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
қолжетімді ету және алынған нәтижелерді Қазақстан аумағы мен шет
елдерде тарату мен шетелдік ғылыми журналдарда мақала ретінде басып
шығару;
ДББҰ ішінде және Қазақстанның білім беру жүйесінде үнемі диалог пен
коммуникацияларға қатысу үшін платформалар (семинарлар, шеберлік
сағаттар, конференциялар, онлайн-қоғамдастықтар) құру, білім беру
туралы халықаралық дискурсқа қатысу.
зерттеу нәтижелерін қолжетімді тілде сұраныс бойынша ұсыну және
таратуды қамтамасыз ету (аналитикалық жазулар, қысқа шолулар жасау
және БАҚ-қа шолу дайындау).
ДББҰ-да ашық және сынға дайын, ынтымақтастық және өзара қолдау
принциптеріне негізделген зерттеу мәдениетін дамыту;
әдеп кодексі нормаларына сүйеніп зерттеу жүргізу (1 Қосымша)
7.3 ДББҰ орталықтары мен бөлімдерінің зерттеушілері
Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Департаменттер мен Орталықтар:
ұзақ мерзімді мақсаттар мен жылдық жоспар құру барысында жүргізілетін
зерттеулердің бағыттарын ескереді;
Департамент немесе Орталық ішіндегі жұмысты координациялайтын және
Зерттеу департаментімен тығыз жұмыс жасайтын қызметкерді
тағайындайды;
қызметкерлердің зерттеу жүргізудегі құзыреттіліктерін дамытуға жағдай
жасау;
ашықтық пен сенім қағидалары негізінде басқа департаменттер мен
орталықтармен зерттеу жұмыстарына байланысты өзара әрекеттесу.
13
7.4 Зияткер мектептер
Аталған Тұжырымдама аясында Зияткер мектептер зерттеу нысаны бола
отырып, мына мәселелерге жауапты:
Білім беру Статистикасының Базасына қажетті мәліметтерді ұсыну;
әртүрлі деңгейде зерттеулер жүргізу, атап айтқанда: мұғаліммен жеке дара,
мектеппен бірге, басқа мектептердегі әріптестермен бірге;
зерттеу нәтижелерін ұсыну, жариялау және бөлісу;
Этикалық кодекске және Зияткер мектептерде зерттеу жұмыстарын
жүргізуге келісім алу тәртібіне сәйкес рұқсат беру (1 және 2 Қосымша);
зерттеу жүргізуге қатысты кез келген Этикалық кодекстің бұзылуы немесе
орын алған қателіктер жайлы мәлімет беру.
8.
НЕГІЗГІ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Аталмыш Тұжырымдаманы енгізу келесі нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік береді.
Зияткерлік ұйым
Мониторинг, бағалау және жоғары деңгейдегі зерртеуді жүргізе алатын ДББҰ-
ның дамуы және өз зерттеулері мен білім берудегі зерттеу қоғамдастықтар
әрекеті нәтижесінде алынған нәтижелеріне сүйеніп жұмыс атқаратуы.
Әлеуетті арттыру
Халықаралық стандарттарға сәйкес БОС-та ақпарат жинақтау мен жазбалар
жүргізу және зерттеулер жүргізе алатын мамандардан құралған топты дамыту,
зерттеу жүргізу үшін жаңа техологиялар мен хаттамалармен жұмыс жасау.
Сараптамалық есептер
ДББҰ Департаменттері мен Орталықтары өз қызметі мен жетістіктерінің ең
маңызды салалары бойынша мәліметтер алады.
Білім беру процесінің жақсаруы
Егер аталған мәліметтер ағымдағы жұмысты ақпараттандыру үшін дұрыс
қолданылса, онда оның негізгі артықшылығы – нәтижесінде Зияткерлік
мектептер желісінде және Қазақстан орта білім беру жүйесінде оқитын
оқушылар жоғары жетістіктерге қол жететін нәтижесінде реформалау
бағдарламасының жетілдірілуі.
8.1 Мақсаттық индикаторлар жән көрсеткіштер
14
Мақсатты индикатор 2015 жылдың
соңына қарай
2017 жылдың
соңына қарай
2020 жылдың
соңына қарай
Зияткерлік ұйым
ДББҰ зерттеушілері-
нің тобын қалыптастыру
10 адам
15 адам
20 адам
Мектептерде
зерттеушілер тобын
қалыптастыру
Мектеп
педагогтарының
10%-ы
Мектеп
педагогтарының
20%-ы
Мектеп
педагогтарының
30%-ы
Зерттеу жобалары
(жалғасатын немесе
аяқталған)
2 жоба
6 жоба
12 жоба
Жергілікті
серіктестермен бірлескен
зерттеу жобалары
2 аяқталған жоба 4 аяқталған жоба
Халықаралық
серіктестермен бірлескен
зерттеу жобалары
1 аяқталған жоба 2 аяқталған жоба
ДББҰ-дағы сыртқы
зерттеушілер
5 сырттан
шақырылған
зерттеуші
10 сырттан
шақырылған
зерттеуші
Зерттеушілік әлеует
Әлеуетті арттыру
жөніндегі База
Жасалған База
Жетілдірілген База
Қалыптасқан База
Зерттеушілердің
аймақтық Форумы
Жыл сайын
өткізіледі
Жыл сайын
өткізіледі
ДББҰ, Департаменттер
мен Мектептер үшін
зерттеулер жүргізу,
әдістемесі бойынша
семинарлар және
тренингтер
Жылына 2
семинар
Жылына 3
семинар
Сыртқы серіктестер үшін
зерттеулер
жүргізу әдістемесі
бойынша семинарлар
және тренингтер
1 басталған
сессия
өткізілген 2 сессия Өткізілген 4
сессия
Халықаралық
конференция
Жыл сайын
Жыл сайын
Жыл сайын
15
Мақсатты индикатор 2015 жылдың
соңына қарай
2017 жылдың
соңына қарай
2020 жылдың
соңына қарай
контентін
қамтамасыз ету
Оқыту тәжірибесін
жетілдіру үшін
практиктер өкізген
зерттеу жобалары
200 зерттеу
жобасы
400 зерттеу
жобасы
600 зерттеу
жобасы
Сараптамалық есептер
ДББҰ Білім беру
Статистикасының
Базасын дамыту
Алдын-ала
жұмыстар/кезде
сулер
Мәліметтер
хаттамасын өңдеу
Жетілдірілген
мәліметтер
Базасын іске қосу
Сертификатталған
оқытушылардың
педагогикалық жұмысын
бағалау және мониторинг
жасауға арналған сөздер
мен индекстер
жиынтығы
Жасалған
Жасалған
Мектептерді дамыту
үшін оның жұмысы мен
жоспарлау ісін жетілдіру
мақсатында
басқарушылық
шешімдерді қабылдау
мен ақпарат үшін бағалау
нәтижелеріне
сараптамалық есептер
2 сараптамалық
есеп
6 сараптамалық
есеп
10 сараптамалық
есеп
Мониторинг жүйесін
құру
Құрылған
Тарату
Департаменттер мен
Орталықтарға саясатты
құру бойынша
ұсынымдар беру
6 қысқаша шолу 12 қысқаша шолу
Тәжірибе
трансляциясы және
білім беру процесінің
жақсаруы
16
Мақсатты индикатор 2015 жылдың
соңына қарай
2017 жылдың
соңына қарай
2020 жылдың
соңына қарай
Зерттеу бойынша жыл
сайынғы есептерді
жариялау
Жыл сайын
Жыл сайын
Жыл сайын
Зерттеулер Департаменті
жұмысының нәтижелері
бойынша тоқсан сайын
электронды қорытынды
шығарып отыру
Жыл сайын
Жыл сайын
Зерттеулер
Департаментінің
республикалық және
халықаралық ғылыми
журналдарында
жариялайтын зерттеу
материалдарын әзірлеуге
консультациялық қолдау
көрсету
Жылына 2
консультация
Жылына 8
консультация
Жылына 2
консультация
Халықаралық
журналдарда
академиялық мақалалар
жариялау
4 академиялық
мақала
10 академиялық
мақала
Республикалық және
халықаралық білім
саласындағы журналдар
мен БАҚ-та білім
жайында жалпыға
түсінікті мақалалар
жариялау
1 мақала
6 мақала
12 мақала
http://research.nis.edu.k z
вебсайтын жасап, оған
сан түрлі материалдар,
зерттеу мәліметтерін
орналастыру
Іске қосу
Дамыту
9.
НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР
Төменде келтірілген терминдердің барлығы «даулы түсініктер» болып
саналады және аударған кезде аздап басқаша мағына беруі мүмкін. Сондықтан
17
мониторинг, бағалау және зерттеу сияқты түсініктерді абайлап, орнымен
қолданған абзал.
Зерттеу – көп жағдайда «бір нәрсені баршаға қолжетімді, жүйелі түрде ұзақ
мерзімді зерттеу» (Stenhouse, 1975) деген мағына береді. Оның «жүйелік»
сипаты тәртіптік академиялық принциптерге негізделген. Оның «ұзақ
мерзімді» зерттелуінің себебі, тақырып мұқият зерттеліп, негізді болуға тиіс,
ол ұғынуды, рефлексияны, талқылау мен уақытты талап етеді. Ал «көпке
қолжетімді» болуы жалпы қоғамға қызмет етуінен ғана емес, одан бөлек өзге
де зерттеушілер мен қызығушы адамдар тарапынан айтылатын сынға ашық
болса, зерттеу сенімді әрі анық бола түседі. Зерттеу нысанын мұқият әрі сыни
тұрғыда қарастыру үшін ең жақсы халықаралық және жергілікті журналдарда
жарық көреді деп күтілген зерттеулер мен жарияланымдардың теориялық
негізі болуға тиіс.
Мониторинг – бұл белгілі бір жүйенің жұмысы немесе оның өрлеуі жайында
ақпарат алу үшін мәліметтерді ұдайы жинап отыру. Мәселен, бір адам өз
көлігінің жанармайды қалай тұтынатынын, жүріп өткен қашықтықты,
қысымды т.б. анықтау үшін аспаптар панеліне қарайды емес пе, міне,
монитронг те сол сияқты. Мониторинг жасау үшін жиналған мәліметтер сол
мониторинг барысында бақылаудан өткен нәрсенің жетістігі мен кемшілігі
жайында бағалаушы пайым жасауға көмектесіп, бағалау талаптары арқылы
анықталуы мүмкін, бірақ сол бағалаудың өзін алмастыра алмайды.
Бағалау. Бағалау жайлы екі түрлі ұғым бар. (1) Біріншісі – білім берудегі
жүргізіліп жатқан реформалардың жетістіктері мен сәтсіздіктері (немесе
құндылықтары) туралы мүдделі тұлғалардың шешім қабылдауына қажетті
түрлі мәлімет беретін сауалнаманы бағалау деп түсіну. Бұл жағдайда бағалау
қалыпты нормативтік пайымдарға қарағанда біршама агностикалық сипат
алады. (2) Екінші жағдайда бағалау шешім қабылдауға мәлімет ұсынып қана
қоймай, сол шешімнің өзі де бағалаушының құндылықтарына немесе
бағалауды жүргізуге ұйытқы болған тұлғаның құндылықтарына сүйене
отырып, нормативтік және бағалаушы болып табылады. Бағалауға қандай әдіс-
тәсілдер негіз болса да, тәжірибелі бағалаушы эмпирикалық мәліметтер мен
одан гөрі қатаң бағалаушылық компоненттерін өте мұқият ажыратуға тиіс.
Практиктер зерттеуі – мұғалім-практиктердің немесе мектеп әкімшілігінің өз
тәжірибесі саласында жүргізетін зерттеуіне жатады. Ол жекелей де, ұжымдық
түрде де, кей кездері білім беруші/академиялық ұйымдардағы ғалым-
зерттеушілердің қолдауымен де жүргізілуі мүмкін.
Тәжірибені іс жүзінде зерттеу – практиктің өз тәжірибесінің кейбір
проблемалық аспектілерін нысанаға алған тәжірибелік зерттеуінің ерекше
формасы. Проблеманың мәнін түсіну тәжірибеде өзгерістер әкеледі, ал оның
салдары байқалып, бағаланады. Зерттеудің негізгі міндеті – қай мәселенің
шешімін тауып, қай мәселенің шешімі табылмағанын анықтау және бұл
18
процесс толығымен қайталануы мүмкін. Былайша айтқанда тәжірибені іс
жүзінде зерттеу – үздіксіз қайталанатын процесс.
Білім статистикасы мәліметтерінің базасы – Зияткерлік мектептерден
келісілген көрсеткіштерге сәйкес жиналып алынған, Білім Статистикасы
Ұлттық Орталығының және халықаралық ұйымдардың (ЮНЕСКО, ОЭСР)
талаптарына жауап беретін, статистикалық мәліметтері бар ақпараттар қоры.
Достарыңызбен бөлісу: |