Нажмитдин мухитдинов


Қоғамның республикалық Кеңесі төралқа



жүктеу 3,91 Mb.
бет19/27
Дата20.11.2018
өлшемі3,91 Mb.
#21894
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

Қоғамның республикалық Кеңесі төралқасының жұмыс басқару құқықтары қандай?
Қоғамның барлық жұмысы республикалық Кеңес бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі, оның әкімшілік, шаруашылық және қаржы қызметіне басшылық етеді, облыстық қоғамдардың жұмыс жоспарларын, сметаларын, штаттағы адам санын, еңбекақы қорын, есептерін бекітеді. Қоғам атынан шарттар жасасады, міндеттемелер мен сенім хаттар береді.

Мемлекеттік банк мекемелеріне және жинақ касса-ларында шоттар ашып, жаба алады, қолданылып жүрген заңдар мен Жарғы негізінде белгіленген шеңберде қоғам мүлкіне иелік етеді, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда Қоғам атынан өкілдік етеді, ішкі ведомстволық тексерулерді жүзеге асырады, облыстық, қалалық жәнс аудандық коғам ұйымдарындағы бақылау-тексеру жұмыстарына басшылылық етеді.

Қоғамның республикалық Кеңесінің мәжілістерін шақырады, Кеңестіқ қарап-шешілуіне есептер және басқа материалдар мен жобалар әзірлейді. Қоғам мүшелерінің және олардағы ара семьяларының есебін жүргізеді. Қоғам қызметіне қатысты басқа да мәселелерді шешеді. Қоғамның, республикалық Кеңесі төралқасының мәжілісі әр тоқсанда кемінде бір рет шақырылады.
Ара өсіруші ерікті қоғамы орталық тексеру комиссиясының құқықтары мен міндеттері қандай?
Қазақ ССР-інің Ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамының орталық тексеру комиссиясы, өз құрамынан төраға, төрағаның орынбасарларын жәнс хатшысы сайлайды. Ара өсіруші ерікті қоғамының Республикалық Кеңесі төралқасының бүкіл қаржы және шаруашылық қызметін, оның сметалық және штаттық жұмыс тәртібінің сақталуын, есепке алу мен есеп берудің жайын, республикалық Кеңес аппаратындағы іс-қағаздарының дұрыстығы мен мерзімдерін, Қоғам Жарғысының ережелері мен талаптарының орындалуын кемінде бір рет тексеруді жузеге асырады, тексерудің нәтижелері бойынша қоғамның республикалық Кеңесіне ұсыныстарды табыс етеді.

Тексеру комиссиясының мәжілістері кемінде жылына бір рет өткізіледі. Орталық тексеру комиссиясы өз қызметі туралы съезд алдында есеп береді.


Ара өсіруші ерікті қоғамының қаржылары неден құралады?
Бұл қоғамның қаржылары қоғамға кіру мен мүшелік жарналардан, сондай-ақ өндірістік қызметтен және қоғам жүргізетін басқа шаралардан жасалады.

Қоғам мүшелері 3 сомнан кіру жарнасын және жыл басында болған әрбір ара отбасысы үшін 1 сомнан жыл сайынғы мүшелік жарна төлейді. Мектептер мен оқу орындарының оқушылары кіру және мүшелік жарналар төлеуден босатылады.

Ауруларды анықтау мақсатында ара отбасыларын уақтылы және саналы тексергені үшін қоғам мүшелерінен, қоғамның республикалық Кеңесі белгілейтін мөлшерде, алымдар өндіріледі.

Ара өсіруші ерікті қоғамының республикалық кеңесінің төралқасы мен облыстық, аудандық және қалалық қоғам ұйымдары төралқаларының қарамағына қоғамның республикалық Кеңесі белгілейтін жарналардың нормаларына сәйкес қаржылар түседі. Қоғамның республикалык, Кеңесінің төралқасы мен қоғамның облыстық, аудандық және қалалық кеңестері төралқасының қарамағына түсетін қаржылар қоғам ұйымы қызметін қамтамасыз етуге және белгіленген тәртіп бойынша тиісті қорлар жасауға жұмсалады. Түсетін қорлардың тізімін, оларды жасау мен пайдалану тәртібін қоғамның республикалық кеңесі бекітеді.

Ара өсіруші ерікті қоғамның республикалық кеңесінің төралқасы жаңадан құрылған жергілікті қоғамдарға, сондай-ақ қоғамның финанс қиыншылығына тап болған ұйымдарына, уақытша финанстық көмек ретінде қайтарылатын (бір жылға дейін) және қайтарылмайтын несие бере алады.

Қазақ ССР-інің ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамының республикалық Кеңесі мен жергілікті кеңестерінің жиналған барлық қаржылары СССР Мемлекеттік банкісінің тиісті мекемелерінде сақталады.


Ара өсіруші ерікті қоғамы жүйесінің есеп алу және есеп беру тәртібі қандай?
Бұл қоғамның жүйесінде бухгалтерлік есеп, мемлекеттік, кооперативтік (колхоздардан басқа) және қоғамның кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік есептері мен баланстары туралы қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Бухгалтерлік және статистикалық есептер, «Казпчеловод» қоғамының жоғары ұйымдарына және мемлекеттік, кооперативтік (колхоздардан басқа) және қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік есептері мен баланстары туралы ережелерде белгіленген орындарға табыс етіледі.

Ара өсіруші ерікті қоғамының бухгалтерлік жылдық қорытынды есебі мен статистикалық балансын қоғамның республикалық Кеңесінің төралқасы бекітеді.
Ара өсіруші ерікті қоғамының қызметін тоқтату тәртібі қандай?
Бұл қоғам өз қызметін Қазақ ССР-інің ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамы съезінің шсшімі немесе Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша тоқтатады.

Ара өсіруші ерікті қоғамы таратылғанан кейін барлық мүлік пен қаражат, заңда белгіленген тәртіп бойынша тапсырылады.


7. Ө3ІНДІК ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ МЕН САТУҒА ЖАСАЛАТЫН ШАРТТАР ТУРАЛЫ
Қосалқы шаруашылықтарда жасалатын шарттардың негіздері қандай?
СССР және Қазақ ССР Конституцияларында (13-б.) көрсетілгендей азаматтардың өзіндік меншігіндегі немесе пайдалануындағы мүлікті еңбексіз табыс табу үшін, қоғам мүддесіне нұқсан келтіретіндей етіп пайдалануға болмайды. Сондай-ақ жер телімдерінде жалдамалы еңбекпен пайдалануға шек қойылған (Қазақ, ССР-інің Жер кодексінің 64-бабы).

«Қоғамдық байлықты молайтудың, халықтың және әрбір кеңес адамының әл-ауқатын жақсартудың қайнар көзі – кеңес адамдарының қанаудан азат еңбегі. «Әркімнің – қабілетіне қарай, әркімге еңбегіне қарай» деген социализм принципіне сәйкес мемлекет еңбек пен тұтыну өлшеміне бақылау жасайды.

Қоғамға пайдалы еңбек пен оның ңәтижелері адамның қоғамдағы жағдайын айқындайды. Мемлекет материалдық және моральдық ынталандыруды ұштастыра отырып, жаңашылдықты, жұмысқа творчестволық көзқарасты көтермелей отырып, еңбектің әрбір кеңес адамының өмірлік бірінші қажетіне айналуына жәрдемдеседі» (СССР Конституциясының 14-бабы).

Өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізудің тағы да бір негізі – мемлекет пен колхоздардың азаматтарға бұл шаруашылықты жургізуіне көмек көрсетуі.

Міне осы аталған негіздердің ауқымында қосалқы шаруашылыктар жүргізілуі тиіс және оның барысында шарттар жасалуы мүмкін.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтарда жасалатын шарттардың негізгі бағыты қандай және кімдермен жасауға болады?
Өзіндік қосалқы шаруашылықтарда жасалатын шарттардың негізгі бағыттары:

- қосалкы шаруашылықта ауыл шаруашылық өнімдерін ендіруді арттыру арқылы азық-түлік молшылығын жасау;

- қосалқы шаруашылықта өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекетке (колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар арқылы), Тұтынушылар одағының ұйымдарына және базарда сату;

- өзіндік қосалқы шаруашылыктарда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен сатуды ұйымдастыра отырып, әртүрлі себепті жағдайларға байланысты қоғамдық жұмыстарда істемейтін азаматтарды (еңбек ету қабілеті шамалы қарттар, мүгедектер, жасөспірімдер, көп балалы әйелдер т. б.) пайдалы жұмысқа қатыстыру;

- өзіндік қосалқы шаруашылықтарда атқарылатын қол еңбегін жеңілдету және келісім шарттар арқылы өзіндік қосалқы шаруашылықтарды қажетті жемшөп, көлікпен, тағы басқалармен қамтамасыз ету арқылы, колхоздарда, совхоздарда, басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін азаматтардың қоғамдық жұмыстарға ынталарын арттыру.

Өзіндік қосалқы шаруашылықтардан ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу үшін колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік кәсіпорындар, тұтынушылар кооперациясының мекемелері шарт жасай алады. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарын, ұжымдық бау-бақша мен бақшаны дамыту жөніндегі қосымшалар туралы» каулысына сәйкес кішкентай балалары бар, осыған байланысты қоғамдық өндірісте жұмыс істемейтін әйелдердің колхоздармен, совхоздармен және тұтыну кооперациясының ұйымдарымен жасаған шарты бойынша өзіндік қосалқы шаруашылыктарда мал мен құс, картоп және басқа дақылдар өсіру жұмыстарына жұмсайтын уақыты, олардың жалпы еңбек өтіліне қосылады.

Базарларда артық ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға көмек көрсететін орындармен де шарт жасалуы мүмкін.

Аталған шарттарды колхоздар, совхоздар және басқка ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз аумағында тұратын және қоғамдық өндіріске адал ниетімен қатысып жүрген колхозшылармен, жұмысшылармен, қызметшілермен және басқа азаматтармен, сондай-ақ зейнеткерлермен жасай алады.

Өз аумағында тұрмайтын басқа азаматтармен аталған шарттарды жасау заңда қаралмаған. Ал Тұтынушылар кооперациясының ұйымдары да өз аумағында тұратын азаматтармен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және сатып алу жөнінде шарттар жасай алады.
Қосалқы шаруашылықтардан малды, артық сүт, май, жүн және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының сатып алуы немесе олардың малды, құсты тағы басқа үй жануарларын бордақылап өсіруі үшін қандай жағдайлар белгіленген?
Қолданылып жүрген заңдарда аталған өзара келісімдерді жасағанда бір-ақ жағдай ескеріледі. Ол – қосалқы шаруашылықтың иелері мен колхоздар, совхоздар және басқа аталған шаруашылықтардың, Тұтынушылар кооперациясы ұйымдарының арасында өз еріктері бойынша ғана шарт жасалатындығы болып табылады.

КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылық өнімін өндіруді молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы»190 қаулысында бұл туралы былай делінген: «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында колхоздардың жарғысымен және қолданылып жүрген заңдармен белгіленген нормалар шеңберінде ұсталынатын малды, онын иелерінің қалауы бойынша, әз қажеттерін қанағаттандыру, Тұтынушылар кооперациясының ұйымдарына келісімге сәйкес көрсетілген бағалар бойынша өткізу (базарларға), мемлекеттік дайындау ұйымдарына сату, сондай-ақ басқа да қажеттерге пайдалануына болады. Бұл істе әкімшілікке салынуға жол берілмейді».

Осыған орай өзіндік қосалқы шаруашылық иелерімен келісімсіз, өз еркімен шарт жасамай, мал, сүт тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға немесе оның орнына ақша жинауға болмайды. Мұндай мәселелерге заңда жол берілмейді191.
Колхоздарда, совхоздарда және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өзіндік қосалқы шаруашылық иелерімен келісім шарттардың мерзімін ұзартудың мәні қандай?
Колхоздарда, совхоздарда және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өзіндік қосалқы шаруашылық, иелерімен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және оларды сату туралы шарттардың мерзімін одан әрі ұзарту, өзіндік шаруашылыктың иелеріне, колхоздарға, совхоздарға және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары ұйымдарына, мекемелеріне де пайдалы. Мұндай шарттарды Тұтынушылар кооперациясының ұйымдары да жасай алады.

Мұндай шарттар азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарын жүргізу жағдайларын жақсартуға, колхоздардың, совхоздардың және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, сондай-ақ Тұтынушылар кооперациясы ұйымдарының егіншілік пен мал шаруашылығы өнімін өндіруді жәнс сатуды молайтуда, азаматтардың өзіндік шаруашылыктарының мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалануына және олардың мүдделілігін арттыруға жәрдемдеседі. Оған мынадай мы-салдар келтіруге болады.

Бірінші, колхоздармен, совхоздармен, басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен, сондай-ақ Тұтынушылар кооперапиясының ұйымдарымен жасалған шарт бойынша өсірілетін малдың саны, колхозшы отбасының (колхозшы ауласының), жұмысшылардың, қызметшілер мен басқа да азаматтардың өзіндік меншігінде ұсталатын малының белгіленген санынан тыс болуы мүмкін.

Екінші колхоздар, совхоздар және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындары колхозшылармен, жұмысшылармен, қызмстшілермен және басқа азаматтармен жасалған шарт бойынша сатып алған малды, құс пен артық сүтті мемлекетке өткізеді және бұл өнім ауыл шаруашылық жалпы өнімге қосылып және оны мемлекетке сатудың аудандық, облыстық жоспардың орындалуына әсер етіп, оларға мөлшеріне және сапа көрсеткіштеріне қарай қосымша акы төленеді.

Жергілікті колхоздар, совхоздар және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындары өзіндік қосалқы шаруашылық иелерімен және тутынушылар кооперациясының ұйымдарымен жасасқан шарттары бойынша оларға мал төлі мен құс балапанын сатып, өзіндік қосалқы шаруашылықтар мен халық қажетін қамтамасыз етуге тиіс. Колхоздар, совхоздар және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындары азаматтардың малын жем-шөппен және оларды өсіретін қосымша жер телiмiмен қамтамасыз етіп, жайылымдар бөледі, сондай-ақ шөп шығымдылығын арттыру үшін қосымша шаралар белгілеп, оны іске асырып отыруға міндетті. Бұл шаралар азық-түлік молшылығын жасауға тікелей көмектеседі.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және сату туралы жасалатын шарттардың түрлері қандай?
Ауыл шаруашылык өнімдерін өндіру және сату туралы шарттарды – егіс өнімдерін өндіру мен сату және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату деп екіге бөлуге болады. Осы шарттардың түрлеріне қарай оған қатысатын жақтардын құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Сонымен жазба түрде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және сату туралы өзіндік қосалқы шаруашылықтарда жасалынатын шарттардың, жалпы түрлері мынадай; колхоздардың, совхоздардың және басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өзіндік қосалқы шаруашылықтарымен өздерінің қоғамдық немесе азаматтардың малын және құсын өсіру (бордақылау) туралы шарттар;

колхоздардың, совхоздардың және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өзіндік қосалқы шаруашылықтарынан мал мен құсты сатып алу туралы шарттары;

колхоздардың, совхоздардың және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өзіндік шаруашылықтардан артық сүтті сатып алу туралы шарттары;

колхоздардың, совхоздардың және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорынның және ұйымның сиыр бұршақ (лобия) дәнін өсіру және сатып алу туралы азаматтармен жасайтын шарты;

Тұтынушылар кооперациясы ұйымдарының азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарынан және бау-бақша серіктестіктерінің мүшелерінен артық ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу туралы шарттары;

колхоз базарларында саудаға көмек беру бюролары арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін сату туралы шарттары.


Осы аталған шарттарды жасау туралы қандай негізгі құқықтық актілер бар?
Мұндай құқықтық актілердің қатарында КПСС Opталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 8 қаңтардағы «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылык өнімін өндіруді молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы»192 және 1981 жылғы 23 сәуірдегі «Қарақұмық, тары, сиыр бұршақ және жасымық дәндерін өндіру және дайындау жөніндегі ынталандырудың қосымша шаралары туралы»193, 1961 жылғы 25 ақпандағы «Колхозшылардың артық ауыл шаруашылық өнімдерін сатуды ұйымдастыруды жақсарту туралы»194, 1982 жылғы 21 қаңтардағы «Он бірінші бесжылдықта сауданы және халыққа сауда қызметін жақсарттыруды одан әрі дамыту шаралары туралы»195 және 1982 жылғы 7 қаңтардағы қабылданған «Тұтынушылар кооперациясының өзіндік қосалқы шаруашылықтардан ауыл шаруашылық азық-түліктерін сатып алуын одан әрі арттыру және оларды қалаларда және еліміздің өндірістік орталықтарында сатуды ұлғайту туралы»196 қаулылары жатады.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтармен жасаған шарттарда ауыл шаруашылық өнімдерінің бағалары қалай реттеледі?
Колхоздар, совхоздар және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары өзіндік қосалқы шаруашылық иелерінен ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алғанда олардың бағасы екі жақтың келісімімен белгіленеді, бірақ белгіленген мемлекеттік сатып алу бағасынан артық болмауы керек (КПСС Орталық Комитетінің және СССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 8 қаңтардағы қаулысы). Тұтынушылар кооперациясының ұйымдары өзіндік қосалкы шаруашылықтардан және бау-бақша серіктестіктерінің мүшелерінен ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алғанда 1982 жылы 12 тамызда Орталық тұтынушылар одағы (Центросоюз) басқармасының «Келісілген баға бойынша сатып алынатын және Тұтынушылар кооперациясының сауда жүйесінде сатылатын ауыл шаруашылық азықтарына баға белгілеу және қолдану туралы» нұсқауын197 басшылыққа алады.

Базарда сатылатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы сатушылар мен алушылардың келісімімен, ал колхоз базарларында сауда жасаушыларға қызмет көрсету бюросы арқылы сатылатын азықтардың бағасы, Қазақ ССР Сауда министрлігі 1970 жылы 11 мамырда бекіткен сауда жасаушыларға қызмет көрсету бюросының Ережелерімен реттеледі.


Өзіндік қосалқы шаруашылық иелерінің, колхоз, совхоз және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірген қосалқы шаруашылық өнімдерін мемлекетке, сауда орындарына сатуын ынталандыратын шаралар қандай актілерде қаралған?
Өзіндік қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді молайтып және оны мемлекетке сатқаны үшін ынталандыру шаралары жоғарыда аталған КПСС Орталық Қомитетінің 1981 жылғы 8 қаңтардағы қаулысында көрсетілген. Соған орай СССР Дайындау министрлігі, СССР Ауыл шаруашылық министрлігі және СССР Баға жөніндегі мемлекеттік комитеті 1981 жылы 3 шілдеде «Оныншы бесжылдықта мемлекетке ауыл шаруашылығының өнімдерін сатуда ортадан жоғары дәрежеге жеткені үшін, сатып алу бағаларының 50 проценті мөлшсріндегі үстемені колхоздарға, совхоздарға, басқа да ауыл шаруашылықтарына және бірлестіктеріне 1981 —1985 жылдары төлеудің тәртіптері туралы Нұсқау»198 1981 жылы 2 шілдеде СССР Ауыл шаруашылық министрлігі, СССР Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті және ВЦСПС-пен келісіп «Өнім сатудың көлемін арттырғаны және табыстарының көбейгені үшін совхоздардың және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшы қызметкерлеріне сыйлыктардың мөлшерін белгілеу туралы» Ереже қабылдады199.
Колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өзіндік қосалқы шаруашылықтарында мал мен құсты өсіру шартының жағдайлары қандай?
Аталған шартты жасау жағдайлары «Колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорыдарының малы мен құсын азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылыктарында өсіру арнаулы шартта қаралған. Бұл шарттты СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі, СССР Дайындау министрлігі, СССР Қаржы министрлігі және СССР Орталық статистика басқармасы 1981 жылы 12 наурызда бекіткен»200.

Бұл шартты колхоз, совхоз және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорынның тиісті куәлігі бар өкілі және өзіндік қосалқы шаруашылықтың бір мүшесі жасай алады (азамат немесе азаматша). Шартты малды бағуға (бордақылауға) беретін шаруашылықтың (совхоз, колхоз) міндеттері, малдың (құстың) түрі, берілу мерзімі, жасы, саны, тірідей салмағы, жалпы салмағы, бағушыға (бордақылаушыға) берілетін астықтың (мемлекеттік сату, алу бағасымен), жемнің (жоспарланған бағамен) түрлері, сатылу мерзімі, салмағы, бағасы (1 кг), барлық бағасы, егер мал бағушы (бордақылаушы) шөпті, жемді өзі сатып алатын болса, олардың сатып алу бағасын және алып келу шығындарын өтеу көрсетіледі.

Жемнің (шөптіц) бағасын төлеуді соңынан, соңғы есеп айыру кезінде де төлеуге болатыны көрсетіледі.

Малды бағуға берген колхоз, совхоз немесе басқа шаруашылық, бағылған малды (құсты) толық қабылдап алып, 10 құн ішінде есеп айырады. Онда төлем ішек-қарын ішіндегі азық салмағы мен бағуға қойылғандағы салмақты шығарып тастағаннан қалған, тірі салмаққа келісілген баға бойынша (бірақ ол тиісті саладағы мемлекеттік сатып алу бағасынан артық болмау керек) есептеледі. Малды (құсты) бағушымен алынатын салмақтың 20 проценті мөлшерінде алдын ала есептесуге де болады. Малды (құсты) беруші (совхоз, колхоз) шарттың жасалған уақытысында, малды (құсты) бағушыға қажет болса, азықтық eгic егіп алуы үшін үй іргесінен немесе уақытша пайдаланбаған жерден қосымша жер телiмiн беруі мүмкін.

Сондай-ақ малды (құсты) бағушыға шөп шауып алу үшін, малды (құсты) жаю үшін (өзінің меншіктегі малқұсы үшін де) жер беріледі және оның мөлшері (га) және пайдалану мерзімі (жыл есебімен) көрсетіледі. Колхоз және совхоз бұл жер телімдерінің тиімділігін арттыруға міндеттенеді. Оның жүзеге асыру шарттары көрсетіледі. Сондай-ақ олар малды (құсты) бағу, құту үшін қажетті қораларды алу, жөндеу, жжем-шөп тасу, жерді жырту, берілген мал мен құстарға зоотехникалық-малдәрігерлік жәрдем көрсетіледі.

Аталған шартты жасаған азаматтарға, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қажетті құрал-сайман, заттар және жеңіл механикалык машиналар сатып алу үшін СССР Мемлекеттік банкісі есебінен ақшалай аванс береді.

Колхоздардың, совхоздардың және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының малын (құсын) бағушы азамат шартта мынадай міндеттерді қабылдайды: берілген малды (құсты) қабылдап алып, зоотехникалық-малдәрігерлік тәртіпті сақтай отырып бағады; көрсетілген қызметтердің (жер жырту, берілген материалдар үшін. т. б.) бағасын өтейді; егер өзінің кінәсінен бағудағы мал (құс) өлсе мемлекеттік сатып алу бағасымен қойылған салмақтағы мөлшерде құнын төлейді, егер ол амалсыз сойылса, жеуге жарамды өнімін келісілген баға бойынша шаруашылыққа өткізеді.

Өлген мал (құс) туралы шаруашылықтың және мемлекеттік малдәрігерлік қызметтің мамандары акты жасайды.

Бағуға берілген мал (құс) шаруашылықтың меншігі болып саналады, бағуға қабылдаған адам оған заң түрінде толық жауап береді.

Малды (құсты) бағуға қабылдап алынған, бағудан кейін шаруашылыққа қайтарылғаны, өлгені, амалсыз сойылғаны туралы актілерді колхоз басқармасы, совхоз директоры бекітеді.

Шарттардың талаптарын орындауда туған даулар заң жүзінде қаралып, шешіледі.

Шарт екі дана жасалып, бірі малды (құсты) алушыға, екіншісі малды (құсты) бағуға берген шаруашылықта сақталады.


Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарынан мал мен құсты сатып алу шарты қалай жасалады?
Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылыктарында өсірілген мал мен құсты колхоздар, совхоздар мен басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары сатып алу үшін СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі, СССР Дайындау министрлігі және СССР Қаржы мннистрлігі, СССР Орталық статистика басқармасы 1981 жылы 12 наурызда бекіткен шарт үлгісін басшылыққа алып шарт жасайды. Бұл келісім-шарт бойынша азамат колхозға, совхозға және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорнына малды (құсты) тірі салмаққа келісілген баға бойынша (бірақ тиісті сападағы мемлекеттік сатып алу бағасынан артық емес) сатуға міндеттеме алады.

Колхоз, совхоз және басқа шаруашылық шартта көрсетілген малды (құсты) келісілген бағамен сатып алуға, мал сатушыға шаруашылық қызметін көрсетуге (жер телiмiн айдап, жыртып беруге, жем-шөпті тасып беруге, мал кораларын салуға, жөндеуге кажетті материалдарды сатып алу бағасымен беруге), малды (құсты) өсіру үшін астықты мемлекеттік бағамен, басқа жемді олардың жоспарланған бағасымен, сатып алынатын жемді сатып алу бағасымен беруге міндеттенеді (шартта жжем-шөптің түрі, сату мерзімі, саны, 1 кг бағасы, барлық бағасы көрсетілуі тиіс).

Бұл шарт бойынша колхоз, совхоз және басқа шаруашылықтар шарт жасаған азаматқа малға азықтық дақыл өсіріп алу үшін қосымша жер телiмiн (үй іргесіндегі немесе пайдаланбаған басқа жерден), малды (құсты) жаятын, шөп шауып алатын жер телімдерін міндеттенеді. Бұдан басқа азаматтарға малды құтуге, қораларды салуға, жөндеуге, құрал-саймандар алуға және басқа ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қажеттерді мемлекеттік банк арқылы қарызға (кредит) алып береді.
Тұтынушылар кооперациясы мекемелерінің азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарынан және бау-бақша серіктестіктерінің мүшелерінен артық ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу туралы шарт жасау жағдайлары қандай?

Бұл шартты жасаудың жағдайлары Орталық Тұтыну қоғамдары одағы басқармасының 1981 жылғы сәуірде СССР Мемлекеттік банкісімен келісіп бекіткен «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылыктарынан және бау-бақша серіктестіктерінің мүшелерінен артық ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу Үлгі шартпен» реттеледі201. Онда сатушы және алушы жақтардың міндеттері толық көрсетілген. Мысалы, азамат өзінің қосалқы шаруашылығында белгіленген уақыт ішінде малды (құсты, олардың саны, салмағы, сомасы көрсетіледі) бағып семіртіп және қажетті өсімдіктерді өсіріп, жабайы өсімдік өнімдерін жинап өткізуге міндеттенеді. Бұл өткізілетін өнімдер қолданылып жүрген стандарттар мен техникалық жағдайлардың талаптарына сай келуі қажет.

Шарт жасап, өнімді сатып алып және оны «дайындаушы» мекеме шартта көрсетілген жерде өнімді (уақытында, сол салмақта, сомаға) қабылдауға міндеттенеді. Сатушының қалауы бойынша 50 процентке дейін сатып алынатын мал шаруашылығы өнімінің бағасы алдын ала төленуі мүмкін. Егін өніммдерін сатып алғанда оның 30 процентке дейінгі бағасын алдын ала төлеу жөнінде келісуге болады.

Тұтынушы кооперация мекемелері – сатушыға тоуар сатып алу жөнінде жәрдем етеді. Өнімді жинап өткізу алдында, 10 құн бұрын, жәшіктерді, қаптарды және басқа ыдыстарды жеткізіп тастауға, сатып алынған өнімнің бағасын төлеуге, қолданылып жүрген стандарттар мен техникалық жағдайлардың талаптарымен таныстыруға, сатқан өнімдері үшін оларға құнарландырылған жем тапшылығы байқалған өнеркәсіп және басқа заттарын сатып алуға мүмкіндік жасайтын құжат беруге міндеттенеді.

Сатып алынған өнімді қабылдап, есеп жасасқанда екі жақ бағаның өзара келісілген сомасы, өнімнің сорттары, өнім салған ыдыстардың құны, келісім-шарттың өзгеруі, өнімді өткізу мерзімі, тағы басқалар еске алынады. Берілген аванс ақы есептескенде ұсталып қалынады.

Шартты орындамаған жағдайда екі жақтың мүлік жөніндегі жауаптылығы заң жүзінде шешіледі.

Бұл шарт үш дана болып жасалып, екеуі өнім дайындаушы жақта, бірі сатушы жақта сақталады.


жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау