Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет95/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   168
Бурение

 
6.8.
 
 Жуу сұйықтарын өңдеу 
 
 
Егер балшық ерітіндісі сапасы нашар балшықтан немесе тұзды сумен 
дайындалған болса, оның сапасын ретке келтіру үшін, оларды химиялық 
реагенттермен өңдейді. Химиялық реагенттермен ерітінділерді өңдеудің екі 
әдісі бар. Біріншісі жаңадан жасалған ерітінділерді бірден өңдеу, ал екіншісі 
бұрын пайдаланған ерітінділердің параметрлерін түзету үшін оларды қайталап 
өңдеу керек. 
Химиялық реагенттер ретінде 
электролиттер
мен 
қорғағыш коллоидтар 
қолданылады. 
Электролиттер қатарына
каустикалық сода NaON, кальцийлендірілген 
сода (Na
2
СО
3
), сұйық шыны және табиғи тұздар: хлорлы натрий (ас тұзы) NaCl, 
хлорлы калий (силвин) KCl, бишофит МgСl
2*

2
О, карналлит KCl*MgCl*6Н
2
О, 
сильвинит NaCl*MgCl
2
, кизерит MgSO
4*
Н
2
О, хлорлы магний МgСl
2
және т.б. 
жатады. Бұлардың ішінен көбінесе реагент ретінде алдыңғы үшеуі 
пайдаланылады. 
Каустикалық соданың
(NaON)
қатты бөлшектерін немесе 60 пайыздық 
ерітінділерін ғана пайдаланған дұрыс. Мұның сыбағалы салмағы - 1,45. Ауада 
ашық қалатын болса, су мен көмір қышқылдың әсерінен іріп, бұзылып кетеді 
де, кальцийлендірілген содаға айналады. Осыған байланысты каустикалық 
соданы құрғақ жерде, қақпақпен жабылатын темір сауытта сақтау керек. 
Каустикалық соданың ерітіндісі адамның киімін, терісін күйдіруі мүмкін. 
Сондықтан жұмыс істегенде етік, алжапқыш, резеңке қолғап және көзілдірік 
кию керек. Киімге немесе денеге каустикалық соданың ерітіндісі тамып кетсе, 
ол жерді сумен жуып жіберу қажет. Бұл реагенттің ерітіндісі алюминийден 
жасалған заттарды да ерітетінін естен шығаруға болмайды. 
Каустикалық сода сульфит спиртті барданы және көмірден, шымтезектен 
сілтіден жасалған реагенттер дайындау үшін де қолданылады. Ерітіндіге 
салынатын каустикалық соданың мөлшері зертханада анықталады. Бұл мөлшер 
жұмыс уақытында ерітіндіге салынатын құрғақ балшықтың салмағына 
байланысты алынады. Әдетте салмағы 100 кг құрғақ балшыққа 100-200 грамм 
каустикалық сода қосылады. 
Кальцийлендірілген сода яғни көмір қышқылды натрий (Na
2
СОз)
ақ түсті 
ұсақ зат. Құрамы 98 пайыздық көмір қышқылды натрийден тұрады. 
Кальцийлендірілген сода зауыттан 50 кг қағаз қаптарға салынған күйінде 
келеді. Бұл соданың ергіштік қасиеті судың температурасы көтерілген сайын 
өсе түседі. Адам көзіне зақым келтіретіндіктен көзілдіріксіз жұмыс істеуге 
болмайды. Кальцийлендірілген сода жабық ыдыстың ішінде құрғақ жерде 


сақталады. Егер кальцийлендірілген сода 10-15 пайыздық ерітінді күйінде 
болса, қалыпты жағдайда көлемі 1 м
3
балшық ерітіндісіне 20 кг Nа
2
СО
3
қосады. 
С ұ й ы қ ш ы н ы (Nа
2
О*SіО
2
) құрамы негізінде натрий силикатының 
сілтілі ерітіндісінен тұрады. Түсі сұрлау немесе сарылау келетін қоймалжың 
сұйық. Сыбағалы салмағы 1,4-тен 1,8-ге дейін өзгереді. Ауада бұзылып 
кететіндіктен оларды беті жабық ыдыста сақтау керек. Егер сұйық шыны 
балшық ерітіндісінің құрамына көбірек қосылып кетсе, балшық ерітіндісінің 
сапасы нашарлайды. Сұйық шыны балшық ерітіндісінің тұтқырлығы мен 
ығысудың статикалық кернеуіне қарсы жұмсайтын кедергісін өсіру үшін 
қолданылады. Жуу сұйығы ұңғыдан шықпай жоғалып кетсе, оны жер бетіне 
шығару үшін, сұйық шыныны балшық ерітіндісінің құрамына қосып, 
ерітіндінің тұтқырлығын 40-50 секундқа дейін жеткізуге болады. Қосылатын 
сұйық шынының көлемі балшық ерітіндісі салмағының 3-5 пайызындай болуы 
қажет. Сұйық шыныны қосу үшін оны науа жүйесіндегі айналма ағынының 
үстіне сыздықтатып құю керек, әйтпесе сұйық шыны ерітіндінің барлық 
көлеміне бірдей тарамайды. Температурасы 0 градусқа жете бастағанда, сұйық 
шыны қатады. Сондықтан оны қысты күні жылы жерде сақтау керек. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау