Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет96/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   168
Бурение

Қоғағыш коллоидтардың 
ішінде жиі қолданылып жүрген реагенттер: 
көмір сілтілі, шымтезекті сілтілі, сульфит спиртті барда реагенттері және т.б. 
Көмір сілтілі реагенті
. Бұл балшық ерітіндісінің су бөлу параметрін 
азайтуға, тұтқырлығын өсіруге және тұрақтылығын азайтуға қолданылады. 
Мұны қосқанда ерітіндінің сыбағалы салмағының азаюы мүмкін. Көмір сілтілі 
реагенттің құрамы қоңыр көмірдің ұнтағы мен каустикалық содадан тұрады. 
Қоңыр көмірдің құрамында суға ерімей, тек сілті ерітіндісінде еритін гуминді 
заттар болады. Осы заттар балшық жапрақшаларының сыртына қорғағыш 
қабықтар жасайды. Гуминді заттар жылдам ерімейді. Сондықтан дайындалған 
көмірсілтілі реагентті балшық ерітіндісіне бір тәуліктен кейін қосады. Қоңыр 
көмірдің құрамында орта есеппен 10-40 пайызға дейін гуминді заттар болады. 
Жаңа дайындалған реагенттің құрамына 12-15 пайыз, ал 24 сағат сақталғаннан 
кейін 4-6 пайыз гуминді заттар болады. Бұл реагентті дайындау үшін елеуішпен 
еленген қоңыр көмірдің ұнтағына каустикалық соданың ерітіндісі қосылып, 
балшық араластырғыш машинамен араластырылады. Көлемі 1 м
3
суға 100-130 
кг құрғақ көмір ұнтағын, 10-30 кг құрғақ каустикалық сода қосу керек. Қоңыр 
көмірдің ылғалдығы табиғи жағдайда 20-25 пайыз болатындықтан мұндай 
көмірді 120-200 кг балшық ерітіндісіне қосқан жөн. Тұзды балшық 
ерітінділеріне бұл реагент көп әсер етпейді. Балшық ерітіндісінің құрамына 
көмір сілтілі реагентін көп қосып жіберетін болса, оның тұрақтылығы 
нашарлап, әр нәрсеге жабысқыш қасиет пайда болады. Соның салдарынан 
ұңғының қабырғасына жабысқақ балшық қатпарлар тұрып, бұрғы тізбегі ұңғы 
оқпанына кептеледі де, жоғары көтерілмейді, ал ол апатқа әкеліп соқтыруы 
мүмкін. 
Балшық ерітіндісіне қосылатын дайын реагенттің көлемі балшықтың 
құрамына байланысты алынады. Әдетте 1 м
3
балшық ерітіндісіне көлемі 30 
литрден 250 литрге дейін көмір сілтілі реагент қосылады. 


Шымтезекті сілті
лі реагенттің құрамында да жоғарыда айтылып кеткен 
гуминді заттар бар. Сондықтан бұл реагентті дайын болғаннан кейін 24 
сағаттан соң балшық ерітіндісіне қосуға болады. Бұл реагентпен өңделген 
балшық ерітіндісінің тұрақтылығы өте жоғары, ал сыбағалы салмағы аз болады. 
Шымтезекті сілтілі реагентпен өңделген балшық ерітінділері жуу сұйығы 
көтерілмей жоғалып кеткенде және жуу ағынын қайта қалпына келтіру үшін 
қолданылады.
Бұл реагентті дайындау үшін көлемі 1 м
3
суға 100 кг құрғақ шымтезек, 
17-20 кг құрғақ каустикалық сода араластырады. Дайындалған шымтезекті 
сілтілі реагент көлемі 1 м
3
балшық ерітіндісіне 150-300 литрге дейін қосылады. 
Бұл реагент балшық ерітіндісінің су бөлу параметрін көмір сілтілі реагентіндей 
көп азайтпайды. 
Сульфит спиртті барда (ССБ)
спирт жасайтын зауыттардың қалдығы. 
өндірісте қатты, не 5 пайызды ерітінді күйінде қолданылады. Қатты түрінің 
сыбағалы салмағы 2,3-ке ал ерітіндісінікі - 1,25-ке тең. Қатты түрлерін 
қолданылар алдында оларды суға ерітеді, ал сұйық түрі сумен араластырылады. 
Су көлемі ерітіндіден үш есе аз алынады. Көлемі 1 м
3
реагент дайындауға 40 кг 
сульфат спиртті барданың қатты түрінің 40-70 кг және 40-70 кг құрғақ 
каустикалық сода жұмсалады. Араластырылатын судың температурасы 60-80 
градус болу керек. Көлемі 1 м
3
балшық ерітіндісін өңдегенде бұл реагенттен 30-
150 литрге дейін қосылады. Осы реагентпен өңделген балшық ерітінділері 
жылдам көпіршіктенгіш келеді. Соған байланысты көбік азайтқыш ерітіндіге 
мұнай қосқан жөн. Құрамында тұзы көп тау жыныстарын бұрғылағанда 
сульфитті спирт бардасымен өңделген ерітіндісіне ас тұз қосылады. Ас тұз 
салмағы балшық салмағының 20-30 пайызындай болу керек. Бұл реагент 
балшық ерітіндісінің тұтқырлығы мен су бөлу параметрін азайтады. 
Балшық ерітіндісін өңдеу үшін қолданылатын реагенттерді дайын 
балшық ерітіндісіне қоспай, балшық ерітіндісін дайындайтын суға қосқан, 
ерітіндінің сапасын жоғарылатады. Реагент балшық ерітіндісінің барлық 
көлеміне бірдей жайылуы үшін оны жуу сұйығы ағатын науаға сыздықтатып 
құйып отырып, араластырған жөн. Реагентті мөлшерден артық қосса, балшық 
ерітіндісінің 
сапасы 
нашарлайды. 
Сульфит 
спиртті 
барданың 
кальцийлендірілген немесе каустикалық содадан дайындалған реагенттерін 
ұзақ ұстаудың қажеті жоқ. Бұларды дайындап болған бойда балшық 
ерітіндісіне қосқан дұрыс. 
Жұмысқа қолданылып, ескірген балшық ерітіндісінің сапасын жақсартып 
параметрлерін бұрынғы қалпына келтіруге болады. Мұндай ерітінділер 
жоғарыда айтылып өткен химиялық реагенттермен өңделеді. Бұл жұмыстың 
ешқандай ерекшелігі жоқ. Өңдеу үшін оларға тек қана керекті мөлшеріндей 
реагент қосылады. Реагенттің мөлшері тәжірибе арқылы анықталады. Егер 
ескірген ерітіндінің параметрлері реагент қосқаннан кейін дұрыс өңделмесе, 
жаңадан балшық пен су қосылады. Сапасы өте нашарлап кеткен ескі 
ерітінділерді өңдеудің қажеті жоқ, оларды ауыстырып, орнына жаңа жуу 
агентін дайындаған дұрыс. 



жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау