көп тараған түрі ГДМ-1 гидравликалық араластырғышы, ол үзіліссіз жұмыс
істейтін қондырғы (50-сурет). ГМД-1 гидравликалық араластырғыштың
құрамына кіретін керек түйіндер: воронка 5, сопло 6, араластырғыш камера 4
және бак 2.
Барлық бөліктер
жалпы бір шанаға 1 орнатылған.
Соплоға қысыммен су берілген кезде араластырғыш камерада қысым
азайып вакуум пайда болады, осының себебінен түтіктегі
балшық ұнтағы
қысымы азайған араластырғыш камераға құйылады. Пайда болған пульпа бакке
кіріп арнайы башмаққа соғылады, балшық кесектері ұнтақталып сумен араласу
қарқындылығы өседі. Дайын болған балшық ерітіндісі бактың жоғарғы
бөлігіндегі құбыр 4 арқылы ағылады. Ерітінді жоғыры көтерілгенде
жылдамдығы азайып, құрамындағы үлкен ұсатылмаған
балшық кесектері
тұнып бактың түбіне түседі.
50 - сурет. Эжекторлы гидравликалык араластырғыш
Басқа араластырғыштармен салыстырғанда өзінің салмағының аздығына,
өлшемінің кішілігіне қарамастан өнімділігі өте жоғары болады. Воронканың
көлемі 0,175 м
3
және бактың көлемі 1 м
3
болған кезде ГДМ-1
өнімділігі
сағатына 70-90 м
3
аралығында болады. Гидроворонканың салмағы 1120 кг.
Айта кететін бір жай араластырғыштың өнімділігі жоғары болғанмен
балшық ертіндісінің сапасы өте төмен. Балшық бактағы арнайы башмаққа
соғылып ұнтақталады да сумен араласып диспергацияланады.
Бірақ мұндай
диспергацияның
қарқындылығы
жеткіліксіз.
Сондықтан
ГМД-1
араластырғышымен
дайындалған
ерітіндінің
сапасы,
қалақшалы
араластырғышпен дайындаған балшық ерітіндісінің сапасынан төмен болады.
Балшық ерітіндісінің сапасын жақсарту үшін, ерітіндіге балшық ұнтағын
қоспай гидроворонкадан бірнеше рет өткізеді. Тығыздығы берілген ерітіндіні
үзіліссіз дайындау үшін қажетті балшық ұнтағының салмағы Р (кг/м
3
) төмендегі
формула арқылы анықталады.
Р= p
б
(
p
бе
– p
с
) / (p
б
– p
с
),
мұнда p
бе
, p
с
, p
б
- ертіндінің, судың, балшықтың тығыздығы, кг/м
3
Формулада балшықтың ылғалдылығы ескерілмеген.
Үзіліссіз жұмыс істейтін балшық араластырғыштың ерітінді дайындауға
қажетті
балшық шығынын шамамен реттеп, дайындаушының тәжірибесімен
жобаланған тығыздығын алу өте қиын болады.
Балшық ерітіндісінің қажетті тығыздығын міндетті түрде дәл алу керек
болған кезде, тұйық цикл бойынша бактың
көлеміне байланысты қажетті
балшықтың мөлшері жоғарыда көрсетілген формула бойынша анықталуы
қажет. Балшық ерітіндісінің берілген тығыздығы қалақшалы араластырғышпен
дайындағанда дәлірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: