Аудармалар болат дайындамалардан жасалады, жоғарғы жағында бұрғылау
құбырларымен жалғау үшін ішкі құлыптық бұранда жасалған, төменгі жағында колонкалық
құбырмен жалғау үшін сыртқы цилиндрлік бұранда жасалған.
Фрезерлік аудармалардың жоғарғы жағындағы конус пішінді жасаушысында ұңғы
қабырғаларынан түскен тау жыныстарының кесектерін майдалауға арналған тістер жасалған.
Үштармақ аудармаларында басқа аудармалардағы сияқты бұрғы және колонкалық
құбырларман жалғауға арналған стандарт бұрандалары бар.сонымен қатар жоғарғы жағында
шлам құбырымен жалғауға арналған тағы бір сыртқы цилиндрлік бұранда жасалған.
Арнайы аудармалар әртүрлі мақсаттармен жасалады. 9г суретте арнайы аударманың
мысалы ретінде төмен түсетін жуу сұйығының бағытын өзгертетін яғни керн шығымын
жоғарылату мақсатында ұңғының түп аймағында жуудың кері әдісін қолдануға арналған
аударма көрсетілген.
Бұрғылау құбырлары. Бұрғылау аспабының негізгі құраушыларының бірі бұрғылау
құбырларының тізбегі болып саналады. Бұрғылау үрдісінде бұрғылау құбырларының
тізбегінің көмегімен өстік күш беріледі немесе түзіледі, айналым беріледі және жуу
сұйықтығы жеткізіледі. Сонымен қатар бұрғылау құбырлары цементтеу, апаттар және т.б.
кезінде қолданылуы мүмкін.
Бұрғы құбырларының екі түрі қолданылады: муфталық-құлыптық, ниппельді. Бұрғы
құбырларының бірінші түрі конструкциясы бойынша негізінен роторлық бұрғылауда
қолданылатын құбырларға ұқсас. Олар кіші диаметрлерімен және құлыптық қосылыстарда
көтеріп-түсіру операциялары кезінде тізбекті арнайы құралдармен (ұстағыш және бұрағыш
айырлар) ұстауға және ілуге арналған фрезерленген ойықтарымен ерекшеленеді. Муфталық-
құлыптық қосылысты бұрғы құбырлары диаметрлері 42, 50, 63,5 және 73 мм(құлыптар мен
муфталардың сәйкес сыртқы диаметрлері - 57, 65, 83 и 95 мм) етіп жасалынады.
Ниппельді қосылысты бұрғы тізбегінің шеттері ішке қарай қарай отырғызылған, әрбір
шетінде құбырларды ниппельмен жалғау үшін арналған ішкі бұранда жасалған.
Ниппельді қосылысты бұрғылау тізбегінің негізгі ерекшелігі – бұрғылау құбырлары
мен қосылыстардың диаметрлері бірдей. Бұл бұрғылау құбырларының диаметрін бұрғылау
диаметріне жақындатуға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай бұрғылау тізбегі жоғары
айналымды алмазбен
бұрғылауда қолданылады.
Ниппельді қосылысты
бұрғылау
құбырларын диаметрлері 33,5; 42, 50, 54 және 68 мм етіп жасайды. Ниппельдердің сәйкес
диаметрлері бұрғылау құбырларының диаметрлерінен 0,5 – 1 мм-ге үлкен болады.
Ресейде диаметрлері 43, 55, 63.5, 70, 85 мм муфталық-құлыптық қосылысты тегіс
болат әмбебап бұрғылау тізбектері ТБСУ ойлап табылды [28]. Муфталық-құлыптық
қосылыстар құбыр шеттеріне пісіріледі, бұл ішкі диаметрерді кішірейтпеуге мүмкіндік берді.
Колонкалық бұрғылау үшін сонымен қатар муфталық-құлыптық (ЛБТМ) және
ниппельді қосылысты (ЛБТН) жеңіл балқымалардан жасалған құбырлар да шығарылады.
Жеңіл балқымалардан жасалған бұрғылау тізбектеріндегі қосқыш элементтер (құлыптар,
ниппельдер,
муфталар)
болаттан
жасалады.
ЛБТ-ны
бүкіл
ұзындығы
бойынша
қабырғаларының қалыңдығы 7-9 мм етіп ішкі диаметрін бірдей етіп жасайды, бұл тізбектің
тозуға төзімділігін қажет шамада қамтамасыз етеді. Ниппельді қосылысты ЛБТ диаметрлері
42, 54, 68 мм етіп жасалынады, муфталық-құлыптық қосылысты ЛБТ - 54 мм диаметрлі
(құлып диаметрі - 65 мм).
ЛБТ үлкен тереңдіктерді аспаптың жоғары айналу жиілігімен және бұрғылау тізбегін
айналдыруға кететін қуатты аз шығындап бұрғылауға мүмкіндік береді. ЛБТ-ны қолдану
колонкалық бұрғылаудың өнімділігін 20 - 25 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз етеді. ЛБТ-ны ұңғы
қарқынды қисаятын аймақтарда қолдануға кеңес берілмейді (1 град/м астам), өйткені мұнда
бұрғы тізбегі үзіліп кетуі мүмкін.
Үлкен диаметрдегі ұңғыларды бұрғылағанда бұрғы аспабының жабдығына жуу
сұйығы жер бетіне шығара алмайтын шламның ірі бөлшектерін ұстауға арналған
Достарыңызбен бөлісу: