Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»


Кернсіз (роторлы) бұрғылау тәсілі



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет124/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   168
Бурение

 
7.4 Кернсіз (роторлы) бұрғылау тәсілі 
Роторлы бұрғылау – айналма бұрғылау тәсілілінің бір түрі. Ол сұйық және газ 
тәріздес падалы қазбаларды іздеуде, барлауда және пайдалануда, сонымен қатар тиянақты 
барлау сатысындағы қатты пайдалы қазбаларының кен орындарын барлау кезінде кең 
қолданылып жүр. 
Роторлы бұрғылау тәсілінің атауы механизмнің атауынан шыққан. Ротордың 
көмегімен жетекші құбыр (квадрат) арқылы бұрғылау құбырларының тізбегіне айналу 
моменті беріледі. 
59- сурет. Роторлық бұрғылау аспабын жабдықтау сұлбасы 


205 
Бұрғылау аспабының құрамына (59 сур.) қашау деп аталатын жынысталқандағыш аспап 
1, ауырлатылған бұрғылау құбырлары 2, бұрғылау құбырларының тізбегі 3 және жетекші құбыр 
4 енеді. Кернсіз бұрғылау үшін арналған қашаулар тау жыныстарын талқандау сипатына қарай 
қалақшалы қашаулар, алмаз және ИСМ типті қашаулар болып бөлінеді. Қалақшалы қашаулар 
тау жынысын кесіп және жарып талқандайды. Олар жұмсақ және кей кездері бұрғыланғыштық 
категориялары I-IV тау жыныстарын бұрғылауға арналған. Келесі типтердегі қашаулар 
шығарылады: қарапайым жуғыш диаметрлері 76 мм-ден 161 мм-ге дейінгі екі қалақшалы
қарапайым және гидромониторлы жуғыш диаметрлері 118 мм-ден 445 мм-ге дейінгі ЗЛ және 
ЗЛГ үш қалақшалы, диаметрлері 76 мм-ден 269 мм-ге дейінгі ИР және ИРГ типті көп 
қалақшалы. Қашау корпусына оның шифры жазылады. Мысалы, ЗЛГ-295 келесідей оқылады: 
ЗЛ- үш қалақшалы, Г –гидромонитор сұғындамалары бар, 295 – қашау диаметрі, мм.
Шарошкалық қашаулар ұңғыларды бұрғылауда ең кең тараған. Олар барлық беріктіктегі 
тау жыныстарын, әсіресе бұрғыланғыштық категориялары V-Х тау жыныстарын бұрғылауда 
қолданылады.
Шарошкалы қашаулардың классификациясы: шарошкалар саны жағынан олар бір, екі, 
үш және көп шарошкалы, корпусының конструкциясы бойынша А тобы және Б тобы болып 
бөлінеді. А тобының қашауларында корпус пісірілген, ал Б тобы тұтас құйылған, жұмыс істеу 
принципі бойынша шарошкалы қашаулар ұсату әсерлі қашаулар және ұсату-жару әсерлі 
қашаулар болып бөлінеді. Ұсатқыш қашау шарошкаларының өстері қашаудың бойлық өсімен 
бағытталған, ұсату-жару әсерлі қашау шарошкаларының өстері қашаудың бойлық өсінен алшақ 
орналасқан (60 сурет). 
60- сурет. Шарошкалардың орналасу сұлбалары: 
а) ұсату әсерлі; б) ұсату-жару әсерлі. 
Ұсату әсерлі қашаулар негізінен қатты және берік тау жыныстарын бұрғылауда 
қолданылады. Тау жынысын талқандау талқандалған ойықтарды жасау шарошка тістерінің 
ұңғы түбін ұру есебінен болады. Көршілес ойықтардың арасындағы жыныстар өздігінен 
жарылады.
Жұмсақ тау жыныстарын бұрғылығанда ойықтар арасында жарылу болмайды, бірақ олардың 
талқандалуы шарошка өстерін қашаудың бойлық өсінен алшақ орналастырылуы себебінен 
шарошкалардың ұңғы түбімен сырғуы есебінен болады.
Бұрғыланатын тау жыныстарының қаттылығына байланысты шарошкалы 
қашаулар 13 түрге бөлінеді: М, МЗ, МС, МСЗ, С, СЗ, Т, ТЗ, ТК, ТКЗ, К, КЗМ, ОК. Мұндағы М- 
жұмсақ, С- орта қаттылықты, Т және К- қатты тау жыныстарын бұрғылауға арналғандығын 
білдіреді.


206 
Қашаудың типі әдетте қашау шифрінде көрсетіледі.Мысалы 1в – 295с былай 
түсіндіріледі.1 – бірінші модификация, в – Верхнесергинск қашау зауыты, 295 – қашау диаметрі 
(мм – мен) с – қашау типі (қаттылығы орташа тау жыныстарын бұрғылау үшін) қашау 
шифрінде қосымша ГНУ немесе ГАУ белгілері болуы мүмкін ол гермитизацияланған май 
жүйесі тіректерін білдіреді.
Шарошкалы қашаулар диаметрі мына стандартты өлшемдерге сай шығарылады: (мм –
мен) 93, 98, 112, 132, 140, 151, 190, 214, 243, 269, 295, 320, 349, 445, 490. 
Алмаз қашаулар бұрғыланғыштығы V – XI категориялық тау жыныстарын және терең (2500 
– 3000м жоғары) ұңғыларды бұрғылауға арналған. Мұндай жағдайда алмаз қашауларды 
қолдану – жоғары рейстік бұрғылану жылдамдығын қамтамасыз етеді (200 – 250 метр бір 
рейсте). 
Алмаз қашау алмаз матрицалармен дәнекерленген тұрқыдан тұрады. Тұрқыда жуу 
сұйығы өтетін жүйе бар. 
Бұрғылаудың роторлық түрінде құрылғыға ауырлатылған бұрғы құрылғыларын (АБҚ) 
жалғайды.


207 
АБҚ – ң негізгі қызметі – тау жыныстарын тиімді түрде талқандауға қажетті өстік 
әсер етуді қамтамасыз ету. Қажетті өстік салмақ АБҚ – ның ұзындығына байланысты 
есептелінеді: 
)
1
(

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау