Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет112/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   168
Бурение

 
 
6.11.
 
 Ұңғыларды бұрғылау және аяқтау кездерінде қоршаған 
орталарды, табиғатты және жер асты суларын қорғау 
шаралары 
Қазіргі кезде адамдардың шаруашылық жүргізуде қоршаған ортаға 
тигізетін зияны күннен күнге өсуде. Өте қауіптісі өндірістердің қоқыс 
қалдықтары. 
Осыған байланысты табиғатты қорғау мәселелері жоғары орын алуда. 
Ұңғыны бұрғылау жұмыстарын жүргізуде әр түрлі дәрежелі улы және зиянды 
заттар қолданылады. Бұрғылау ерітінділері және тампондық қоспалар әр түрлі 
химиялық реагенттерден кұралып, табиғатқа, жер қойнауына зиян келтіріп, 
қайта өңдеуге келмейтіндей жағдайда қалдыруда. Бұрғылау жұмыстарынан 
кейін жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бұрғылау сұйықтары жер бетіне, 
құнарлы өсімдік қабаттарына өте зор зиянын тигізеді екен. Олардың қайта 
қалпына келуіне бірнеше жыл уақыт өтуі мүмкін. 
Бұрғылау сұйығының құрамындағы хроматтар, хромды реагенттер, беттік 
активті заттар өсімдіктерді және тірі организмдерді тікелей уландырады. 


Бұрғылау сұйықтарын және тампондық ерітінділерді қолдану кезіндегі 
қоршаған ортаны корғаудың шаралары мен талаптарын анықтап, олардың 
тигідетін зиянды әсерлерін азайту немесе толығымен жою қажет. Бұл жерде 
айта кететін жағдай тампондық қоспалардың қатаю процесіндегі тигізетін 
зияндары. Бұрғылау сұйығының коршаған ортаға зиян тигізетін негізгі 
компоненттері (заттар): 
1) әсерлі қатты фаза, әсіресе саз балшықтар; 
2) бұрғыланған жыныстардың ұнтағы; 
3) жуу сұйығының қасиеттерін реттеуге арналған химиялық заттар. 
Табиғатқа бірнеше рет қолданылған суда зиян келтіреді. Себебі ол 
бұрғылау кезінде әртүрлі әсерлі қабаттарда зиянды заттармен қанығады. 
Бұрғылау сұйықтарын қолдану кезіндегі табиғатты қорғау шараларының 
құрамына, бұрғылаудың алдында тигізетін зиянды әсердің алдын алу, бұрғылау 
жұмыстары біткеннен кейін пайдаланылған жерді қайта қалпына келтіру 
жұмыстары кіреді. Алдын-алу шаралары бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру 
кезінде ескеріліп жасалады. Бұл кезде жуу сұйықтарының құрамындағы 
зиянды қоспалардың аз мөлшерде болуы қарастырылады. Сақтандыру 
шаралары төмендегідей болуы қажет. 
1. Жуу сұйықтарын дайындау, тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру. 
Реагенттерді тасымалдау кезінде оларды қаптау. Қолданылатын ыдыстың 
бүтіндігі. Әсерлі компоненттерге арнайы ыдыстар қолдану. 
2. Жуу сұйыктарын және қолданылатын реагенттерді дұрыс сақтау. 
Контейнерлер, материалдар сақтауға арнайы шатырлар жасау. Науа жүйесіндегі 
жуу сұйығының жоғалуының алдын алу. Жауын суларының
науа жүйесінен 
ағуын болдырмау керек. 
3. Қолданылған жуу сұйығын дер кезінде химиялық жолмен өңдеу және 
тазарту керек. Жуу сұйығының қажетті мөлшерінен азайтпау. 
4. Ұңғыны бұрғылау кезінде жуу сұйықтарын қайта қолдану тәсілдерін 
кең қолдану. Бұл әдіс қиын геологиялық жағдайларда әртүрлі қолданылатын 
жуу сұйықтарын ұңғыдан ұңғыға тасымалдау кезінде
жоғары 
нәтиже 
береді. 
5. Қажетсіз жуу сұйықтарын сақтау және оларды жою. Келесі жаңа жуу 
сұйығын дайындауда, қолданылған сұйықтың фазаларын қолдану. 
6. Жуу сұйықтары реагенерациялау. Қасиеттерін жоғалтқан жуу 
сұйықтарын қайта өңдеу немесе басқа геологиялық жағдайларда
қолдану 
немесе басқа комбинацияларда қолдану. 
7. Ағын суларды пайдалану, ол үшін бұрғылау қондырғысы арнайы осы 
жағдайға байланысты жасалуы қажет. 
8. Тампондық қоспаларды қолданылған қажетсіз жуу сұйықтары негізінде 
және ұңғыны жою кезінде қолдану. 
9. Зияны аз жуу сұйықтарын таңдау. Бұл жағдайда әр түрлі жұмыстар 
жасау керек: геологиялық жағдайларды анықтау, қажетті реагенттерді таңдау, 
болатын зияндарды жою технологиясын және улы компонентті ауыстыру 
дәрежесін анықтау. 


10. Жуу сұйығының жұтылуының (жоғалуын) алдын-алу, ал жоғалу 
болған кезде оны тез және сапалы жою. Бұл сулы қабаттарды ластанудан 
сақтандырады. Себебі сулы қабат ауыз суы ретінде және шаруашылықта 
қолдануы мүмкін. 
Айтылған сақтандыру шараларын жүргізу қосымша заттар мен 
шығындарды талап етеді. Кейбір шаралар бірден, ал кейбіреулері біраз 
уақыттан кейін нәтиже береді. Бірақ барлық сақтандыру шаралары міндетті 
түрде жасалуы керек. 
Ұңғыны бұрғылап болғаннан кейін пайдаланылған жерді қайта орнына 
келтіру (рекультивация) кезінде айналу жүйесінің науаларын, тұндырғыштар 
мен қамбаларды тазартып, оның орнын сол жерден алынған қабаттарымен 
(топырақтарымен) толтырып, қиып алынған өсімдік қабаттарын орнына қайта 
қою керек. Егер қамбалар дұрыс тазартылмаса, жуу сұйығының құрамындағы 
улы заттар жердің жоғарғы құнарлы қабатына зиян тигізеді. 
Барлама ұңғыларды бұрғылау саласында өндірістік қоқыс шығындарсыз 
жұмыс істеу мүмкін емес. Жуу сұйығын бірнеше рет қолданған кезде әртүрлі 
қоқыстар пайда болады: бұрғыланған жыныстардың ұнтағы, жуу ерітіндісінің 
сұйық фазасы, улы реагенттер т.б. Осыған байланысты қолданылған жуу 
сұйықтарын жою табиғатты қорғау мәселелерін шешуде өте жауапты орын 
алады. 
Жуу сұйығын жоюдың күрделілігі, оның түріне және құрамына 
байланысты. Дисперсиялық жүйелерді зиянсыздандыру өте қиын. Себебі бұл 
кезде тазартудың толық кешенін жүргізу керек: механикалык, физика-
химиялык және биологиялық. Қолданылатын жуу сұйыктарының аз көлемі, 
ұңғылар аралығының алыстығы, жуу сұйығы түрлерінің және реагенттерді 
көптігі казіргі кезде оларды өндірістік жағдайда тазартудың мүмкіншілігі 
болмай тұр. Балшық ерітінділерін құрғату және дисперсиялық жүйелерді бөлу 
операциялары қиын. 
Қолданылған жуу сұйықтарын тазарту үшін арнайы сериялык 
механизмдер жоқ, ал тазарту жұмыстары төмендегідей тәртіпте орындалады. 
Жуу 
сұйығының 
құрамындағы 
қатты 
фазаны 
тұндыру 
және 
коагуляциялау, тұндыру сұйық фазаның мөлдірлігіне байланысты; коагуляция 
рН=5,7 дейінгі күкірт қышқылын немесе флокулянттар мен коагулянттар енгізу 
арқылы; зиянды компоненттерді нейтрализациялау тазарту шараларының 
кешеніне: сұйылту, тазарту және зиянсыздыру, аэрациялау кіреді. 
Бұл жұмыстарды жүргізудің оңай (жеңіл) жолы тазартуды арнайы 
тұндырғыштарда жүргізу. Арнайы тұндырғыштарда қатты фаза шөккеннен 
кейін 
бактериялық 
өңдеу 
жүргізуге 
болады. 
Бактериялық 
тазарту 
полимерлермен өңделген ерітінділерде жақсы нәтиже береді. 
Науа жүйесін және қабылдағыш, тұндырғыш қамбаларын жою кезінде су 
жұтқыш өндіріс қалдықтарын пайдалануға болады: опилка, стружка, өсімдік 
қалдықтары және т.б. Бұл жол қолданылған жуу сұйығының құрамында зиянды 
компоненттер болмаған кезде ұсынылады. 
Қолданылған жуу сұйықтарын жоюда өте күрделі жағдай ерітінділердің 
әсерлі қатты фазалардағы зиянды компоненттерінен тазарту. Балшық 


ерітінділерінің қатты фазасын кальций гидроқышқылымен қатайтып құрылыс 
материалы ретінде қолдануға болады. Кейде балшық ерітінділерін және 
құрамдас реагенттерін, полимерлер арқылы да қатайтуға болады. Бұл 
қоспаларда құрылыс материалдары ретінде қолдануға болады. Себебі қатайған 
қоспаның үгілуі өте баяу өтеді, өсімдік қабатына зиянды әсер тигізбейді. 
Зиянсыз бұрғылау ұнтағы тұндырғыштарда қатырылып, үстін топырақпен 
жуып тастайды, ал улы заттары бар бұрғылау ұнтағы зиянсыздандырып, содан 
кейін 
көміледі 
(жерленеді). 
Мұнай 
эмулсиялық 
ерітінділер, 
жоғары 
температурада термиялық өңдеуден өткізеді. 
Барлық жұмыстар санитариялык қызмет талаптарына сәйкес жасалуы 
керек. 
ҚОРЫТЫНДЫ 
1. Бұрғылау сұйығының коршаған ортаға зиян тигізетін негізгі компоненттері 
(заттар): 
а) әсерлі қатты фаза, әсіресе саз балшықтар; 
б) бұрғыланған жыныстардың ұнтағы; 
в) жуу сұйығының қасиеттерін реттеуге арналған химиялық заттар.
2. Сақтандыру шаралары: 
1. Жуу сұйықтарын дайындау, тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру. 
Реагенттерді тасымалдау кезінде оларды қаптау. Әсерлі компонентерге арнайы 
ыдыстар қолдану. 
2. Жуу сұйыктарын және қолданылатын реагенттерді дұрыс сақтау. 
Контейнерлер, материалдар сақтауға арнайы шатырлар жасау. Жауын 
суларының науа жүйесінен ағуын болдырмау керек. 
3. Қолданылған жуу сұйығын дер кезінде химиялық өңдеу және тазарту 
керек. 
4. Ұңғыны бұрғылау кезінде жуу сұйықтарын қайта қолдану тәсілдерін 
кең қолдану.
5. Қажетсіз жуу сұйықтарын сақтау және оларды жою. 
6. Жуу сұйықтары реагенерациялау.
7. Ағын суларды пайдалану. 
8. Тампондық қоспаларды ұңғыны жою кезінде қолдану. 
9. Улығы және зияны аз жуу сұйықтарын таңдау.
10. Жуу сұйығының жұтылуының (жоғалуын) алдын-алу, ал жоғалу 
болған кезде оны тез және сапалы жою.

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау