Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»


Тау жыныстары және бұрғы ұңғысы. Массив, тау массасы, үлгі



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет15/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   168
Бурение

4.2 Тау жыныстары және бұрғы ұңғысы. Массив, тау массасы, үлгі 
Бұрғы ұңғысы тау жыныстарының көп түрін тесіп өтеді.Олар жаратылған 
жерінде жататын негізгі жыныс,олардың үстін жауып жататын тосқындар /үгіліп, 
ұсақталып басқа жақтан әкелінген жыныстар/ болып бөлінеді. Бұрғылаған уақытта 
жыныстарға әр-түрлі әрекеттер әсер етеді, әсіресе механикалық әрекеттер. Ол 
әрекеттердің ішіндегі ең негізгілері: соққы, ығыстыру, нығыздау, жылжыту. Бұл 
әрекеттердің әсерінен тау жыныстарының күйі өзгереді. Негізінде тау 
жыныстарының күйі өздігінен, әйтпесе жасанды түрде /механикалық талқандау, 
жару, сумен әсер ету, химиялық тәсілмен нығайту т.б./ өзгереді. 
Тау жыныстарына әсер етудің мақсаттары әртүрлі болады және сол әсер 
арқылы тау жыныстарының әртүрлі көлемдегі қасиеттерінің сипаттамаларының 
бір-бірінен айырмашылығы болады. Мысалы, ондай айырмашылық бір блоктың 
көлемінде ғана шектелген жарықшақтылықтың салдарынан болады. Сондықтан 
тау жыныстарын зерттегенде жыныс массиві /тау массиві/, массивтегі жыныс
қопсытылған жыныс /тау массасы/ және тау жынысынан айырып алынған үлгі 
деген ұғымдарды пайдалану керек. 
Жыныс массиві дегеніміз, өзіне тән физикалық және геологиялық 
ерекшеліктерімен сипатталатын, белгілі бір геология-структуралық жағдайда 
құрылған тау жыныстарының жинағынан тұратын геологиялық зат. 
Массивте өзінің табиғи күйінде сақталған тау жынысын массивтегі тау 
жынысы дейді. 
Жасанды түрде, әйтпесе массивтердің қимылдауымен қопсытылған, 
күйретілген қатты немесе байланысқан тау жыныстары талқандалған жыныстар 
қатарына қосылады. 
Жартастық немесе байланысқан жыныстардың жекелеген бөлшектері және де 
борпылдақ жыныстардың кішкене көлемдері тау жыныстарының үлгісі болады. 


Олай болса тау жыныстарының үлгісі тау жыныстарының массивін, массивтегі тау 
жынысын, талқандалған жынысты құрайтын бастапқы элемент болып саналады. 
Тау жыныстарының массивінің қасиеттері сол массивтің құрамына кіретін 
жыныстардың 
қасиеттерімен, 
орналасуымен 
және 
өзара 
байланысуымен 
анықталатыны сияқты үлгінің қасиеттері де сол үлгіні құрайтын минералдардың 
қасиеттерімен, орналасуымен және өзара байланысуымен анықталады. 
Негізгі физикалық заңдылықтар өте нақтылы болып тау жыныстарының 
үлгілерін, әйтпесе минералдарды зерттегенде білінеді. 
Үлгідегі және массивтегі немесе тау массасындағы тау жыныстарының 
қасиеттерінің бір-бірінен айырмашылығы мына себептерден болады: 
- құрамдарындағы айырмашылықтарға байланысты /тау жынысының үлгідегі 
минералдық құрамы массивтің құрамына әр уақытта сәйкес келе бермейді/ жыныс 
массиві әр түрлі жыныстардан тұрады; 
- құрылысындағы айырмашылықпен байланысты – негізгі структуралық 
элементтерінің орналасуына, олардың формасына, бағытталғанына қарай
/мысалы, үлгіде қабаттылық жоқ, ал тау массиві жыныстарының қабаттылығы 
бар/; 
- тау жыныстарының сыртқы жағдайларының айырмашылығымен 
байланысты: қысымымен, температурасымен, электр өрісімен және сұйықтармен 
қанығуының ерекшеліктерімен және т.б.; 
- жыныстың байланысу күштеріне, дәрежесіне байланысты - үлгі массивтегі 
жынысқа, тау жыныстарының массивіне немесе талқандалған тау жынысына 
қарағанда көбінесе жарықшақтармен, қуыстармен аз әлсіреген. Жыныстар 
көбінесе жарықшақтықтың салдарынан әлсірейді. 
Қуыс, кеуек және жарықшақтардың жыныс ішінде болуы оның көп 
фазалықтығына себеп болады. Өйткені барлық қуыстар табиғи жағдайда 
газдармен, сұйықтармен немесе басқа бір өгей заттармен толтырылған болады. 
Бұл жағдай тау жыныстарында, оларды классикалық қатты заттардан ажырататын 
көптеген физикалық әсерлер тууына себеп болады. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау