Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы


ХІХ ғасырдағы Қазақстан. Этносаяси тарихы



бет4/21
Дата04.03.2018
өлшемі6 Mb.
#11192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ХІХ ғасырдағы Қазақстан. Этносаяси тарихы. ХІХ ғ. алғашқы он жылдықтарында Қазақстан аса күшті шаруашылық күйзелістер мен саяси дағдарысты бастан кешірді. Осының бәрі патша үкіметінің отаршылдық саясатының, халықты шектен тыс езудің күшеюінің, дәстүрлі экономикаға араласуының салдары болып табылды. Ақыр аяғында патша әкімшілігі алдыңғы қатарлы әлеуметтік билеуші топтардың – сұлтандар мен билердің арасында дұшпандық отын жағып, бұл кескілескен қақтығыстар мен қырқыстарға әкелді.

Міне осылайша, ХІХ ғ. сансыз көп халықтық және сұлтандар қозғалысының алғышарттары даярланды. Олардың ішінде неғұрлым елеулісі Батыс Қазақстандағы Қаратайдың қозғалысы, Арынғазы ханның азаттық күресі, Жоламан Тіленшіұлы мен Есет батырдың бас көтерулері болды.

Қаратайдың қозғалысының алдында 1797 ж. қазанында Кіші жүздің ханы болып сұлтан Айшуақ тағайындалды. Бұған Кіші жүздің көптеген сұлтандары наразы болды – олардың ойындағысы Нұралы ханның екінші ұлы, әкесінің көзі тірісінің өзінде Байұлының көптеген ұрпақтарын басқарған сұлтан Қаратай еді. Осы топтың атынан Орынбордың әскери губернаторы О.А. Игельстромның атына Қаратайдың кандидатурасын қолдау туралы өтінішпен бірқатар петициялар жолданды. Алайда, патша үкіметі сұлтан партиясының көшбасшысының орасан зор ықпалы мен батылдығынан қорқып, хан етіп, әбден қартайған Айшуақты тағайындайды.

Қаратай бұл тағайындаумен келіспеді. Ол Кіші жүздің ауылдарын аралап, халықты жаңа сайлауға үгіттеді. Бұл кезде ол өзінің билігі Жайық жағалауынан бастап Елекке дейін, одан әрі Гурьев, Ембі және Сағызға дейінгі орасан зор территорияға жүріп тұрса да, қарулы көтеріліс туралы ойдан аулақ еді. Тек 1805 ж. Айшуақтың орнына оның баласы Жантөрені тағайындау Қаратайдың ашуын туғызды. 1806 ж. Қобда өзенінде пайдасыз Жантөре ханды орнынан алып, Қаратайды Кіші жүздің ханы етіп жариялаған старшындардың съезі жиналды.

Жантөреге қарсы күрес Ресейлік отаршыл аппаратқа қарсы күрес болды. Сондықтан да қазақтардың қалың бұқарасы Қаратай ханды қолдады. Күрес барысында Қаратай барлық транзиттік керуен жолдарын басып алып, Ресейдің Орта Азиямен саудасын тежеді. 1809 ж. ол Жантөрені өлтіруге шешім қабылдайды. Көтеріліске қарсы бағытталған патша өкіметінің репрессиялары мен қаза болған ханныњ туыстары тарапынан өштік оны Қазақстаннан 1812 ж. дейін Хиуаға кетіп қалуға мәжбүр етеді.

Осы жылы орыс әскерлерінің қолдауымен Қаратай сұлтанға шабуыл жасаған Шерғазы Айшуақұлы хан болып бекітіледі. Бұған жауап ретінде Қаратай «жетіден жетпіске дейінгі» қазақтардың бәрін Шерғазыға қарсы көтерілуге шақырады.

Орыс әкімшілігінің қол шоқпарларына қарсы Қаратайдың қарулы күресі 1816 ж. дейін жалғасты. Алайда далада Арынғазы сұлтанның бас көтеруі Қаратайды екінші кезекке ысырды.

Кіші жүз қазақтарының тәуелсіздік үшін күресінің басшысы Арынғазы Қайыптың ұрпағы Әбілғазы ханның отбасында дүниеге келді. Бұл әулет әрқашан Әбілқайыр әулетімен жау және Орта Азияның үстем әулеттерімен тығыз байланысты болды. Бұқар әмірі Арынғазыға «Эмир ал - муслимин» - ислам дініндегілердің билеушісі, шариғаттың жақтасы деген титулды берді. Қазақтар оны «тыным-хан » деп атаған. Бірнеше жылдар бойы Арынғазы Кіші жүздегі тәртіпті қалпына келтіріп, Хиуа тарапынан агрессияны тоқтата алды. Алайда орыстар оны қас дұшпан ретінде санады және оны келіссөздер жүргіземіз деп шақыртып алып, Санкт - Петербургте ұстап алады, одан кейін Калугаға жер аударды, мұнда ол 1833 ж. қайтыс болады. Осылайша ХІХ ғ. қазақтың ірі мемлекет қайраткерінің қызметі аяқталады.

ХІХ ғ. 20-30 ж.ж. халық наразылығының көрінісі Арынғазы ханды жақтаушы, онымен бірге Кіші жүздегі тыныштық пен тұрақтылықты қайта өрлетуді жоспарлаған табын руыныњ көсемі Жоламан Тіленшіұлының бас көтеруі еді. Оның патша отаршылдарына қарсы күреске көтерілу басты себебі табын руынан жайылымдары өзен-көлге бай Жаңа Елек ауданын тартып алған патша үкіметінің экспансиясы еді.

Сонымен қатар, бұл бас көтерудің басқа да себептері болды. Бұл жөнінде Жоламан батыр мен оның жақтастарының патша әкімшілігіне жазған талаптарында өте қатаң түрде айтылған: Елек өзенінің бойында 22 бекініс құрылысының салынуы, соның салдарынан қазақтардыњ Елек өзенінің ішкі бетінен айырылуы; орыстар мен башқұрттардың Нарынқұмды иеленіп алуы; Шерғазы ханның тарапынан ойына келгенін істеу мен әділетсіздік және т.б.

Бірнеше рет отаршыл бейбіт өкіметпен келіссөздер жүргізуге ниет білдірген батыр, олар сәтсіздікке ұшыраѓаннан кейін қарулы соғыс жолына түсті. Бұл қазақ халқының ұлт - азаттық қозғалыстарының тарихында ұзаққа созылған қарсылықтарының бірі болды. Жоламан батырдың көтерілісі 1835 ж. қанатын кең жайды. Жер үшін, жоғалтылған жайылымдар үшін күрес осы кµтерілістіњ негізгі мазмұнын құрады.

1855 - 1858 ж.ж. Арал теңізінен батысқа қарай көшіп-қонып жүретін жауынгер қазақтардың ірі көтерілісі болды. Патша үкіметі түрлі алымдар мен ауыр міндеткерліктерімен бұл шаруашылықты күйзелткен еді. Ресей әсіресе Хиуаға жорық жасаймыз деп бейбіт елді бірнеше рет тонады. Бұл бас көтерудің басшысы шекті руының аса ірі көсемі Есет Көтібаров еді. Есетке қарсы ірі экспедициялар (А.Жантөриннің, Кузьминнің, Дерышевтың, Михайловтың) жасақталды. Бірнеше жылғы жаугершіліктен кейін Есет қаруын тастауға мәжбүр болды.

Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінде Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтерілістің маңызы зор. 1801 ж. Еділ мен Жайық өзендері аралығына Бөкей хан бастаған 10 мың қазақ отбасы қоныстанды, бұл Ішкі (Бөкей) Орданың құрылуына бастама болды. ХІХ ғ. 30 ж.ж. аяғына таман онда 20 мыңға жуық шаруашылық және жалпы саны 80 мың адам болды. Бірақ жайылымдар біркелкі бөлінбеді. Аз ғана мерзімнің ішінде жердің 2/3 бөлігі қазақ сұлтандары мен орыс помещиктері Юсуповтар мен Безбородколардың жеке меншігіне берілді Жәңгір хан өзіне 400 мың десятина жерді иемденіп алды. Әсіресе бөлісте сұлтандық титулы жоқ, ханның қайын атасы Қарауыл - қожа Бабажанов жақсы қамтып қалды. Ол помещиктерден жалға алынған жер үшін өзі ақы төлеп, содан соң осы жерде мал бағуға рұқсат етілетін қазақ ауылдарынан жалға беру ақысын асыра жинады, түрлі салықтар салды.

Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827 - 1829 ж.ж. болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Старшина Серкеш Жақсыбаев Орал казак әскерлерінің атаманы Бородинге: «Жайықтың сол жағына өтудің себебі ауыр шығындар мен хан тарапынан болып отырған қысымшылықтар; халықтан жиналатын салық шамадан тыс және төлемшілердің жағдайынан бірнеше есе көп мөлшерде жиналады», - деп түсініктеме берген. Өткір жер дағдарысы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, өзара қырқыстар 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманов пен ақын Махамбет Өтемісов басқарды.

Исатай 1791 ж. өмірге келді. 1808 ж. Исатайдың руластары Ішкі Ордаға көшті. 21 жасында ол Беріш ішіндегі Жайық руының басшысы болып тағайындалды. Исатайдың жақын серігі ақын Махамбет Өтемісов болды. Ол татар және орыс тілдерін еркін білген, Хиуада болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс жазушысы және этнографы В.И.Дальмен және ғалым - саяхатшы Г.С.Карелинмен таныс болған.

1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады. Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Ќарауыл ќожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. Исатай Қарауыл - қожа Жәңгірдің келісімімен әрекет жасап, бірақ шығыстық этикетті сақтап отырғандығын түсінді. 1836 - 1837 ж.ж. Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар мен петициялар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде ордаға арыз береді, бұл арызды ханның атынан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде беріледі, бірақ ештеңе де өзгермейді. Халық алдында хан уәдесінен тайды. 1837 ж.басында көтерілісшілердің қимылы кеңейе түсті. Жаз бойы ханға жақтас ауылдарға белсенді түрдегі шабуылы басталды. Көтерілісшілердің қалың қолы хан ордасына жақындай түсті. Исатай орданы күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардан Балқы би мен Қарауыл - қожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай- ақ оларға қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. Екі арада келіссөздер басталып, ханға жаңа петиция берілді. Тайманов әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15- ші қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен қақтығыс болды. Өкшелей қуу барысында көтерілісшілердің орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетті.

Енді кµтеріліс Жайыќтыњ сол жаѓасында жалѓасты. 1838 ж. 12 - ші шілдеде Кіші жүз жерінде Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен қақтығысы болды, осы қақтығыста Исатай мерт болды.

Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс басып - жаншылған соң, далада азын - аулақ топпенен жасырынуға тырысқан қалғандарын қатаң қуғындау басталды. Патша отаршылдары көтеріліске қатысқандарды каторгалық жұмыстарға жіберуге үкім шығарды, мүліктерін тәркіледі, мәңгілікке басқа қонысқа аударды.

Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші, көп жағдайда оның бағытын белгілеуші, көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялылығы, елеулі мөлшердегі шағын, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңілудің себептері болып табылды. Қалай болғанмен де бұл көтеріліс еркін рухты, азатшыл көшпелі қауымның өз тәуелсіздігін сақтауға арналған ірі қозғалысы ретінде тарихтың бетінде салмақты орын алады.

Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бағытталған бас көтерулері 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы жарғыдан» басталады. Осы күрес 1837 ж. жазда Абылай ханның немересі, Кенесары Қасымұлының бастаған жаңа, қуатты бас көтеруден өз орнын тапты.

Ұлт - азаттық қозғалыстың басшылығына келген соң Кенесары «діні бір» Ортаазиялық хандықтардан тірек іздеген өзінің ағаларының саясатынан бас тартады. Ол күресті екі майданда – патшалық Ресей мен Ортаазиялық хандықтарға қарсы, әсіресе қазақ халқының бір бөлігін құлдықта ұстап отырған Қоқанға қарсы жүргізуге шешім қабылдайды. Қарулы көтерілістің алдында Қасым мен Кенесары тарапынан Орта жүз жерлеріндегі бекіністер жүйесін алып тастау үшін Сібір басшыларының атына хаттар жазылған, бірақ олар жауапсыз қалды.

1837 ж. көктемде Кенесары аз ғана жасағымен Ақмола округінің шекарасына келіп жетті. Қазақтар оның туының астына жаппай ағыла бастады. Жекеленген жасақтардың басында Кенесарының жақын туыстары – Наурызбай, Әбілғазы, Бопай - ханымдармен бірге халық батырлары – Ағыбай, Жанайдар, Иман, Жоламан, Бұқарбай тұрды. Сондай-ақ көтерілістің бірінші сатысында өздерінің мүдделерін көздеген, Кенесарыдан қорыққан орыс қызметіндегі сұлтандар мен билердін бір бөлігі де қосылды.

Кенесары 1837 ж. жазда Чириковтың жазалаушы отрядын талқандады, сөйтіп қол астына Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы және Баянауыл округтерінің территориялары қарады. 1838 ж. басында бытыраған қазақ жасақтары Кенесарының қол астына бірігеді. Көктемде ол Батыс Сібірдің губернаторы Горчаковқа Ресей өкіметінің саясатына қарсы арнайы қарсылық хатымен елшілік жібереді, қазақ территориясындағы бекініс пункттерін жоюды, тартып алынған жайылымдарды қайтаруды талап етеді. Сұлтанның жіберген өкілдерін жазалаушылар орта жолда ұстап алады, содан кейін Кенесары Ресейге қарсы белсенді қимылдарын қайта жаңартады.

1838 ж. жазында кµтерілісшілер әскер старшинасы Симоновтың отрядын талқандайды. Кенесарының әскерлері Ақмола бекінісінің түбінде шоғырланады. 7 тамызда бекініске қиян-кескі тіке шабуыл басталады, барлық құрылыстар өртеліп жіберіледі. Бұдан кейін күз бойы қазақтар партизан күресін жалғастырады, Ресейге жақтас сұлтандардың ауылдарын тонап және байланыс тораптарын үзіп приказдарға, пикеттерге және разъездерге жүйелі шабуыл жасайды. Күзде Кенесарының ауылдары Жоламан батыр бастаған Кіші жүздің жасақтарымен бірігу мақсатында Торғай мен Ырғыз өзендерінің бойына өте бастайды.

1838 ж. сонынан бастап Торғай мен Ырғыз аудандары қазақ жасақтарының негізгі базасына айналады, ал Кенесарының әскері Орта және Кіші жүздердің көптеген руларын біріктіреді. Орынбор әкімшілігі, жазалаушы экспедицияның еш нәтижесіздігін көргеннен кейін қазақтармен бітім жасасады. Патша өкіметі тарапынан 1840 ж. Кенесары амнистия алады, оның туыстары тұтқыннан босатылып, орыс әскерлерінің жазалау жорықтары тоқтатылады, хан мен орыс үкіметінің арасында келіссөздер басталады.

1841 ж. қазақ мемлекеттігінің қайта жаңғыруына байланысты азаттық күрестің жаңа сатысы басталады. Ұлытаудағы қазақ руларының өкілдерінің кеңесі 1841 ж. жазда Кенесарыны хан етіп сайлады. Кенесары хан орталық үкіметті нығайтуға және күресті жалғастыру үшін мықты тылды құруға бағытталған бір қатар әкімшілік және сот реформаларын жүргізді. Хан маңында оның жақтастары кірген кеңесуші орган – Хан кеңесі жұмыс істеді. Салық жинауға, әскери дайындыққа, мәмілегерлік шаруаларға жауап беретін қызметтер ұйымдастырылды.

Ханның ерекше көмекшілері-жасауылдар түрлі рулардың үстінен бекітілді және хан бұйрықтарының орындалуын қадағалап отыруға тиісті болды. Сот ісімен тек Кенесарыдан рұқсат қағазы бар билер ғана айналыса алатын болды. Барлық көшпелі елге «зекет», егіншілерге «ұшыр» салығы салынды. Кенесарыға бағынған қазақ рулары орыс және қоқан қазынасына төленетін салықтан босатылды. Хан өз әскерін де қайта құрды. Оның тұсында қазақта артиллерия құрылды, қазақтар жаяу әскер өнерін игере бастады. Тұтқынға түскен және қашқын солдаттар мен офицерлерден Кенесары орыс тактикасының негіздерін үйренді. Ол әскердің ерекшелік белгілерін және көзге түскен жауынгерлерді марапаттау жүйесін енгізді. Көтерілістің күшейген тұсында хан тәртіпті, жақсы үйретілген, жинақы 20 мыңға дейін жететін атты әскер құрады.

Даладағы әскери қимылдар 1843 ж. қайта жанданды. Полковник Бизановтың басшылығымен 5000 адамнан тұратын отряд Сахарная бекінісінен, басқа отрядтар Омбыдан, Қызылжардан (Петропавловск) және Қарқаралыдан шықты. Тобыл өзені жағынан патша үкіметіне берілген сұлтан Ахмет Жантөриннің қазақ отряды шықты. Шеберлікпен әскери әдістерін құбылтып Кенесары шайқастарда Бизановтың отрядын әбден титықтатып барып 1843 ж. қыркүйегінде оны Орскіге шегінуге мәжбүр етті.

1845 ж. күзде орыс әскерлері және патша үкіметіне берілген аға-сұлтандардың жасақтары Кенесарының ауылдарына жаңа шабуылдарын бастады. Онтүстікке шегіне отырып хан орыс әскерлерімен күресін тоқтатпады, алайда негізгі күш Қоқанмен соғысқа жұмылдырылды. Батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлымен қосылып Кенесары Қоқан билігіндегі қазақ руларын азат ете бастады. 1846 ж. қыста Кенесары жасақтары Іле өзеніндегі және Алатау баурайындағы Ұлы жүздің қоныстарына келіп жетеді. Кенесары қырғыз манаптарын Ресей мен Қоқанға қарсы бірлесіп күресуге шақырады. Алайда Ормон манап бастаған қырғыздар оның ұсынысынан бас тартады да Кенесарының билігіндегі ауылдарға шабуыл жасай бастайды. Үш майданда – қоқан әскерлеріне, қырғыздарға және орыс отрядтарына қарсы ауыр соғыс басталады.

1847 ж. Кенесары жасақтары қырғыз шекарасына жақындады. Мұнда қазақ ауылдары орасан зор қиындықтарға кездесті. Жергілікті жерді білмеу, қырғыздармен арадағы жаугершілік, қырғыз, қоқан және орыс отрядтарының біріккен әрекеттері жеңіліске себеп болды. Кенесарының соңғы шайқасы Пішпекке таяу жердегі Кекілі тауында болды. Тау ішінде қазақтарды қоқан және қырғыз отрядтары қоршап алады. Кенесары тұтқынға түседі. Өлім алдында ол тағы бір рет қырғыз манаптарына жаулықты тоқтатып, ортақ жауға қарсы бірігіп күресу үшін күштерді біріктіруді ұсынады, алайда бұл жолы да қырғыз манаптары оның ұсынысын қабылдамайды.

Батыс - Сібір генерал - губернаторы Горчаков соғыста көзге түскен барлық қырғыз манаптарын марапаттайды, ал Кенесарыны өлтірген манап Қалиғұл Әлібековке құрмет хатын табыстап, оны күміс медальмен марапаттады. Қырғыздар шайқаста қаза болған қазақ жігіттерінің бастарын сыйлық ретінде Қоқан ханына жіберді. Кенесары көтерілісі Ресей отаршылдығына қарсы бағытталған қазақ елінің ең ірі бас көтеруі болды. Көшпелілер он жыл бойы өз тәуелсіздігін, еркіндігін қорғап, мұздай қаруланған Ресей әскерімен алысып, өз хандығын, соңғы ханын қорғады.

Қазақстанның Ресейге қосылуына көптеген саяси - экономикалық алғышарттар болды. Орыс үкіметі өзінің шекарасын Шығыста ұлғайтқысы келді. Ресейде мемлекеттік биліктің күшейуімен қатар Шығыс мемлекеттерімен, көрші жатқан халықтармен сауда айырбас жасауға және өзге де қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік туды.

Қазақстанның Ресейге бодандығы XVIII ғ. 30 - шы жылдары басталып, ұзақ және күрделі үрдістен кейін ғана ХІХ ғасырдың 60 ж.ж. аяқталды. Қазақ жүздерінің қосылуы әртүрлі ішкі саяси жағдайда іске асты. Кіші жүздің көп және Орта жүздің кейбір аудандары Ресейге ХVIII – XIX ѓ.ғ. басында қосылды. Патшалық империя Орта Азияға байланысты алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін Орта жүздің үлкен бөлігін және Оңтүстік Қазақстанның қалалық бөлігін еш аяушылық көрсетпей, қатаң әскери күшпен бағындырды. Ресей Оңтүстік Қазақстанды және Орта Азияны жаулап саясатын Ұлыбритания империясымен болған бәсекелестікпен түсіндіреді.

Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады:

-Бірінші кезең ХVIII ғ. 30 - шы жылдарынан басталып 19 ғ. 20 - шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан ќоршады. Қазақ хандарының сыртқы шаруаларына орыс билігі тығыз араласты және бекітіп отырды.

-Екінші кезең - вассалитет кезеңі, ХVIII ғ. 60 - шы жылдары аяқталды. Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақтары туралы Жарғы» осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесінде округтер мен бөлімдер ашылды. Округ басшылары – аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлықтарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды.

-Үшінші кезеңі таза бодандық, 1860 - шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың өз кезегінде уездерге т.б. бөлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы - сауда қарым – қатынастарының орбитасына ене бастады.

130 жылға созылған қазақ – орыс жаугершілігі ақыры Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды жаулап алумен аяқталды.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып, Қазақстанның бүкіл территориясының Ресей билігіне өтуіне алғы – шарт болды. Отаршылдарға қарсы көтерілістер кейде партизандық, кейде ашық ұрыс түрінде болып отырды. Қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: ол алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткен орыс әскерінің техникалық қуаттылығы, көптеген сұлтандар мен билердің сатқындығы, үшіншіден Кенесары қозғалысы кезінде Ресейге көмектескен Қазақстанның оңтүстік көршілерінің – Хиуа, Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты. Кенесары өлгеннен кейін орыс әскерлері Жетісуды, кейін 60 - шы жылдары оңтүстік қалаларды басып алды (Ташкент, Шымкент, Түркістан, т.б.). Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқылы Қазақстандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көшпелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867 - 1868 ж.ж. «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясаты кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады.

1865 ж. үкімет Қазақ даласын басқару туралы «Ереженің» жобасын даярлау үшін Далалық комиссияны құрды. Оның құрамына Ішкі істер министрлігінің, әскери министрліктің және жергілікті генерал-губернаторлықтардың өкілдері кірді. Өзінің шекарасы күннен – күнге ұлғайып келе жатқан Ресей империясы үшін сыртқы жағдай әкімшілік жүйесін реформалауды жүргізуге қолайлы болды. Шаруалардың басыбайлы тәртібі жойылғаннан соң Ресей үкіметі земствоның, соттың, қалалықтардың және т.б. әлеуметтік - саяси өмірінің ағысын түбегейлі өзгерткен бірқатар реформалар жүргізді. Осы жағдайда Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен өзгерту міндетін алға қойды. Реформаны даярлау кезінде қалың бұқараның көңіл-күйі назарға алынбады. Реформа қазақтың материалдық игілігін сақтап, тұрмыс ақуалын көтеруге ықпал ететін радикалдық жоба болсын деген ниетпен Ш. Уәлиханов үн қатты. Ол Қазақстанда халықтық өзін - өзі басқару жүйесіне негізделген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсынды. «Сот реформасы жөніндегі жазбаларында» ол қазақ халқы үшін әлеуметтік-экономикалық жаңашылдықтарды аса маңызды деп есептеді.

1867 ж. наурызда Қазақ жерін, Орта Азия өлкесін әкімшілік басқару реформасының жобасын түпкілікті құрастыру үшін әскери министр Д.А. Милютин бастаған ерекше комитет құрылды. Нәтижесінде 1867 ж. 11 шілдеде «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарындағы басқару жөніндегі Уақытша Ереже » жасалды.

1867 - 1868 ж.ж. реформаның (Уақытша Ереже) негізгі мақсаты «Қазақ даласыныњ ХІХ ғ. Ресейдің басқа да бөліктерімен толық қосылуына қол жеткізу, Ресейдің қол астындағы халықтарды бір басқарманың астына біріктіру, жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттету, рулық бастамаларды әлсірету».

Реформаның негізінде Қазақстан территориясында 6 облыс құрылды, олардың екеуі – Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір, ал Орал мен Торғай облыстары Орынбор генерал - губернаторлықтарының құрамына кірді.

Әрбір облыс белгілі бір шамадағы уездерден тұрды. Мысалы, Семей және Ақмола облыстары 5 уезден, ал Сырдария облысы 8 уезден және т.б. Уездер болыстарға бөлінді. Болыстар әкімшілік ауылдарынан тұрды. Облыстың басында әскери губернаторлар тұрды, ал уездерді генерал-губернатор сайлаған орыс офицерлері басқарды. Болыс басына сайланбалы болыс басқармалары, әкімшілік ауылдарда ауыл старшындары тағайындалды. Болыстар сияқты ауылдар да рулық принцип бойынша емес, территориялық принцип бойынша құрылды.

Әкімшілік басқарма ашықтан-ашық әскери сипатта болды. Облыстардың басында барлық әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарында шоғырландырған әскери губернаторлар тұрды (олар әрі әскери округтердің қолбасшылары болды). Әскери және әкімшілік биліктің бір қолда яғни орыс әскерлерінің қолында болуы жаңа реформаның қазақ даласында жасалған әкімшілік құрылымының принципі болды.

1868 ж. «Далалық облыстарды басқару» жөніндегі бойынша және 1867 ж. «Түркістан өлкесіндегі басқару жөніндегі «Уақытша Ереже» бойынша болыстық басқарманың қолында полициялық және нұсқау таратушылық биліктер болды. Ол «тыныштық пен тәртіпті» сақтауды, салық төлеуді және халықтың барлық міндеткерліктерін өтеуін бақылады. Оның міндетіне билер сотының шешімін орындату кірді. Ауыл старшиндері өзінің құзырында болыстық басқармалардың міндеттерін орындады. Қазақ шаруалары шамадан тыс ауыр земстволық міндеткерліктерді өтеді: ауыл – болыс әкімшілігін шығын малмен қамтамасыз етті, көпірлерді жөндеуге, пошта желілерін жөндеуге қаржы бөлді, әскери бөлімдерді көлікпен қамтамасыз етті.

«Уақытша Ереженің» 210 тармағына сәйкес Қазақ жері Ресей империясының меншігі болып жарияланды. Жерді мемлекеттік меншік деп жариялау үкіметке оны қазақ халқының пайдалануынан жатсындырып, қоныс аударушы қара шекпен учаскелеріне тарауѓа заңды құқық берді. Сұлтандардың барлық әлеуметтік - саяси және мұрагерлік құқықтары жойылды, барлық арнайы билік орыс шенеуніктерінің қолында шоғырланды.

Жаңа болыстар мен ауылдардың әкімшілік жобаларын даярлаған Далалық комиссия бірінші кезекте, дәстүрлі институттардың саяси қауіптілігінен қорықты. «Қырғыздарда кез келген күшті сайлау билігін жою өте пайдалы және салиқалы болар еді, яғни оларды ақсүйектік және рулық дәстүрдің езгісінен азат ету керек...сонда олар үкімет күштерін тежей алмайды. Қоғамдық лауазымы орындарға ескі мұрагерлік артықшылықтың тәртібімен емес, «Уақытша Ереже» сайламалық бастаманы енгізді » - деп жазды ХІХ ғ. ортасындағы зерттеуші А.К.Гейнс. Ескі экономикалық және идеологиялық жағынан тұтас, туыстыққа негізделген біріккен әкімшілік - рулық ұжымдардың орнына «Уақытша Ережені» енгізудің нәтижесінде не шаруашылық мүдде, не генеалогия, яѓни туыстыќ байланыстырмаған жасанды бірліктер пайда болды. Осының бәрі қоғамдық институттардың дәстүрлі базасына әсер етті. Сондықтан ол трансформацияға ұшырады, оның маңызы, беделі және қажеттілігі төмендеді. Бірақ бұл құбылыс құрылымды толық қамтуға үлгермейді. Осы үрдістің қызықты көріністерінің бірі 1868 – 1869 - 1870 ж.ж. халық қозғалыстары деп есептеуге болады.

1869 жылы көтеріліс “Уақытша ережені” енгізуден басталды. Қазақтар бұл қайта құруды “Штат” деп атады. 1867 - 1868 жылдардағы реформаны іске асыру үшін қазақтардың шаруашылығын есептейтін, ауыл старшындары мен болыс басқарушыларын анықтайтын сайлауларды өткізетін, ауыл әкімшілігін ұйымдастыратын, жаңа нормаларға сай салық жинауды қамтамасыз ететін арнайы комиссия ұйымдастырылды.

Бүкіл комиссия 1868 жылы далаға аттанады. Қазақтар бұл жаңа өзгерістерден кейін жаңа салық түрлерінің пайда болатынын, өзін-өзі басқаруды шектейтінін және исламға, яғни дінге сенушілікті де шектейтінін сезді. Бірақ жаңа реформалар бұдан да ауыр болды. Сондықтан да ұйымдастырылған комиссияға қазақтар ашық түрде қарсы шықты. Балықшылар әскери отряд жинап, Гурьев уездіндегі комиссияны қоршап қуып жібереді. Желтоқсанның соңында барлық комиссиялар кері қайтты.

1869 жылы ақпанның басында ұйымдастырылған комиссиялар қайтадан өздерінің сапарларын енді казак отрядтарының көмегімен бастайды. Бірақ бұл жылы да комиссияға қаруланған қазақ отрядтары бөгет жасайды. Көптеген жасақтар қоршауға алынып бір-бірімен байланыса алмады.

Кіші жүздің наразылығы көктемде көтеріліске ұласады. Оларды ірі сұлтандар мен билер бастайды: сұлтан Ханғали Арсланов, би Азберген Мұңайтпасов, молдалар Дәуіт Асанов, Ықылас Досов және тағы басқалар.

Патша әкімшілігінің жағдайын Хиуаның араласуы қатты алањдатты. 1869 жылдың басында Хиуа ханы қазақ елшілігін қабылдап қарумен көмектесуге сөз береді. Себебі, Хиуа үшін Кіші жүз экономикалық пайдасымен, сауда жоспарында маңызды рөлге ие болса, сол сияқты орыс экспансиясынан қорғаныс ретінде де маңызды болды. Хиуа наурыздың басында Кіші жүз жеріне орыс бекіністерін жоюға 6 мың адамнан, 4 қарудан тұратын отряд жібереді. Хиуа әскери экспедициясында Кенесары Касымовтың ұлы Сыздық көзге түседі. Сәуірде Кіші жүздің барлық рулары көтерілісшілердің жағына шықты. Қазақ отрядтары дала бекіністерінің әкімшілік орталықтарымен байланысын жояды, пошта станцияларын жаулап алады, Ресей Орта Азиялық мемлекеттерінен сауда байланысын тоқтатады.

Сонымен бірге Хиуа ханы Сейд Мұхаммед қазақтардың көтерілісі кезінде көзге түскен көптеген әмірлер мен қазыларды ашық түрде белсенді қолдайды. Патша үкіметі Түркістанның генерал - губернаторы Кафман арқылы Хиуаға әскерді әкетуін талап етеді, әйтпесе Хиуаның өзін жаулап алуы туралы хабар береді. Хиуа кері қайтуға міндеттенеді. Көтеріліске шыққан қазақтарды басу үшін қатал шаралар қолданады. Мұнда 45 мың адамнан 20 қарудан тұратын отряд жібереді. Әскерлер Петербургтен, Мәскеуден, Харьковтан, Қазаннан ағылып келе бастайды. 1869 жылы Оренбург әкімшілігі мамырда далаға екі отряд аттандырады. Штемпель басқарған бірінші отряд 6 мамырда Қазыбектің саласында қазақтардың шапқыншылығына тап болады. Бұл отряд Жамансор көлінің маңында 8 күн бойы жан-жақтан қазақтардың қоршауында болады. Қоршаудан құтылған бұл отряд маусымның басында Калмыково бекінісіне қайта оралады. Келесі отрядтың басында Юроковский болады. Олар Штемпельдің жеңілісін естіп, Елек қаласына кері қайтады. Көтерілісшілердің саны 20 мың адамнан асады. Қазақтардың қайсар ќарсылыѓы жаздың басында өзге отрядтарды да казак шептеріндегі бекіністерге қайта қайтуға мәжбүрлейді.

1869 жылдың маусымында Ресей әскерінің жаңа шапқыншылықтары басталды. Патша әкімшілігі Орал облысының әскери губернаторы Веревкин басшылығымен Кіші жүздің ортасына 10 мың әскер жєне артиллерияны жібереді. Бұл қазақтардың ауқымды түрде Ханғали Арсланов басшылығымен Хиуаға көшуіне әкеледі. Туған жерден 57 мың адам көшіп кетеді.

Елде қалған халық қатаң репрессияға ұшырайды. Халыққа контрибуция жарияланып, көтеріліс басшылары ауыр жұмыстарға жүктеледі. Қазақтардың көтерілісі басылса да, реформаны іске асыру әлі де болса аяқталған жоқ еді.

Қазақстанның өзге аудандарына қарағанда Маңғыстау түбегінде “Уақытша ереженің” ресми енуі 1870 жылы басталды. Адайлар бұл түбекте ертеден бері өмір сүріп келе жатқан, 27 буыннан тұратын қазақтың руы. Мұнда “Уақытша ереженің” қолдануы қазақ халқының соңғы тәуелсіздік ошағын жоюды білдірді. Патша үкіметі казак әскерлеріне сүйене отырып, барлық күшпен оларды бағындырғысы келді. Отаршылдық басшылар жабайы “әскери тайпаны” басып алу үшін, тіпті 1867 - 1868 жылдары реформаларды даярлаған А. Г. Гейнстің өзі де қатаң шараларды қолдануды ұсынды. Сондықтан да Маңғыстаудағы реформалар негізсіз кейінге қалдырылған жоқ.

“Уақытша ереже” Маңғышлақта 1870 жылы ғана енгізілсе де, патша әкімшілігі адайларды жаңа салықты екі жылға төлеуге мәжбүр етті.

1869 жылдың аяғында Маңғышлақтағы жалпы жағдай Хиуа жорығына дайындалуына байланысты өзгереді. Патша әскерінің Красноводскіні жаулап алуы адайлықтардың оңтүстікке-ќыстауына қайтуына бөгет жасады. 1870 жылдың 2 - ші ақпанында Маңғышлақ Александровск фортымен бірге Орынбор генерал - губернаторының билігінен кетіп, Кавказ жер иеленушілеріне бағынды. Орынбор әскери аймағының оңтүстік бөлігінде жаңа бекіністер салынып, мұнда 800 казактар мен қарулар жинақталды. Олар Арал мен Каспий теңіздері арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек еді. Сөйтіп адайлар патша әскерінің шеңберінің ішінде қалып қойды.

Жаңа әкімшілік шекаралардың өзгеруінің нәтижесінде адайлар кезінде көшіп - қонып жүрген Орал облысының территориясына кіре алмады Жазғы жайылымдарды пайдалану тек егер “ережені” қабылдаса ғана мүмкін еді. Одан басқа әкімшілік өткен жыл үшін салықтарды төлеуді талап етті. Бұл дегеніміз әр шаруашылықтан 8 күміс сом еді. Мұндай ақша кедей жатақтарда ғана емес, кейбір ауқатты шаруашылықтарда да болған жоқ.

1870 жылы көктемде қолбасшы Рукинніњ казак отряды адайларды жаулап алу сәті келді деп есептеп, қазақтарды жазалауға аттанады. Рукин отрядының дала кешуі көтерілістің басталуына себеп болды. Көтерілісшілер бұл отрядты түгелдей өлтіреді. Кейін көтеріліс бүкіл түбекке жайылып, адайлар ауылдары көтерілісшілерге қосыла бастады. Көтерілісшілердің саны 10 мыңға жетті. Оларды Досан Тәжіұлы, Алға Жолмағамбетұлы, Иса Тіленбайұлы басқарды. Көтерілісшілерге балықшылар, олармен бірге жұмыс істейтін жұмысшылар, форттарда жұмыс істейтін батрактар және тағы басқалар қосылды. Сәуірдің басында көтерілісшілер Александровск фортын қоршап алады. Үш күн ішінде адайлар бекіністі қоршап, төменгі бөлігін бұзып, маякты өртесе де, фортты баса алмады.

Адайлардың көтерілісі ұлт - азаттық сипатта болды, көтеріліс патша өкіметіне қарсы бағытталды. Бірақ болашаќ туралы бірде - бір бағдарлама ұсынған жоқ, негізгі маќсат бұрынғы дәстүр - салты еркіндікті, көшпелілікті саќтау еді. Бұл ХІХ ғасырдағы қазақтардың соңғы қан-төгіс көтерілісі болды және тәуелсіздіктің соңын білдірді. Бұл қазақтардың Ресей патшалығынан өз күштерінің арқасында кете алмайтындығының дәлелі болды. Көтеріліс кезінде қазақтар оңтүстікке Үстіртке жылжыды. Мамырда түбекте әскердің саны шексіз болды. Петербургтен Ұлы князь Михаилдың жеке адъютанты барон Мейендорф келеді. Бұрынғы патша әскері сияқты бұлар да халықты еш аямай көтерілісшілерді әлсірету үшін ең негізгі күшті жұмсады. Саранцев және Байковтың басқаруындағы отрядтар ерекше қатаңдығымен көрінді. Мысалға, Байков өзінің әскеріне “қырғыздардың барлық еркектерін қандай руға жататынын белгілемей-ақ жоюды” талап етті.

Маңғышлақ қазақтарына қарсы террор және нағыз қаруланған тонаушылық Ресей қоғамында қарсылық тудырды. Орыс єскерініњ ќылмыстарыныњ қатыгездігі сонша, нәтижесінде үкімет Байковты амалсыздан соттауға мәжбүр болды. Сот үрдісі кезінде әскердің еш себепсіз ќазаќ ауылдарына басып кіргені адамдарды топтап және жекелеп атќаны жөнінде, бейбіт сауда керуендерін тонағандығы белгілі болды. Байков Тобольскіге қуылды.

Жеңілістен кейін көтерілісшілердің кейбір ауылдары Хиуаға өтіп кетті. Солардың ішінде олардың басшылары да болды: Иса Тіленбаев, Досан Тәжіұлы, Ержан және Ермағамбет Құловтар. Маңғышлақ үшін қара күндер басталды. Үкімет оларға 6 жыл ішінде өтейтін 600 мың рубль көлемінде контрибуция жүктеді.

Сөйтіп, Ресей патшалыѓы 70 - жылдары Қазақстанда өзінің отаршылдыќ жоспарын орындап, ќазаќ еркіндігінің, бостандығының тамырына балта шапты.

Қазақстанды жаулап алудың аяқталуы ХІХ ғасырдың ортасындағы Ресейдегі буржуазиялық реформаларға сай келді. Басыбайлылықтың жойылуы аграрлық мәселені шешпеді. Крестьяндардың толқулары жалғасты. Осы сәтте жерсіз ќалған шаруаларды революциялық қозғалыстан тайдыру үшін жаңа шаралар қолданады. Солардың бірі белсенді ќоныс аудару саясаты. Шаруалардың шығысқа көшірілуі Ресейдің орталық губернияларындағы жер мәселесін шешіп қана қоймай, орыс үкіметініњ жаңа жерлердегі билігін қамтамасыз етті. Сондықтан патша үкіметі ХІХ ғасырдың 60 - жылдарында әскери казак-орыс отаршылдығынан ауқымды шаруашылық-экономикалыќ отаршылдығына көшті. Патша Сібірді, Қазақстанның солтүстігін, батысы мен оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы бұл жерлерге орыс шаруаларын қоныстандырып, ұлттық, әлеуметтік қолдау табуға тырысты.

Орыс және украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70 жылдары басталса (1867 - 1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтың жері мемлекет меншігі деп жарияланды), 80 - жылдары қарқынды жалғасты. Алғашқы ќарашекпен ќоныстары 1879 жылы Көкшетау уезінде пайда болды.

Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковтың ұсынысы бойынша 1868 жылғы “шаруалардың Жетісуға көшуі туралы уақытша ережелері” қабылданып, ол 1883 жылға дейін қолданылды. Бұл “Уақытша ережелер” бойынша қоныстанушыларға көптеген жеңілдіктер берілді: әрбір ер адамға 30 десятина жер беру, 15 жылға дейін салықтан босату, 100 рубль көлемінде қарыз беру.

1886 жылы Түркістан генерал-губернаторының басқару ережесі қарастырылды. Бұл құжат бойынша әрбір ер адамға 10 десятина жер берілді, қоныстанушылар 5 жылға дейін салықтан босатылды, кейін 5 жылда салықтың жартысын ғана төледі.

“Ауыл тұрғындарының өз еріктерімен жаңа жерге көшірілуі және бұрынғы жерге көшірілген топтар туралы арнайы ережесі” 1889 жылдың 13 шілдесінде қабылданып, қоныстандыру тек алдын-ала ішкі істер министрлерінің және мемлекеттік жер иеліктері министрлігініњ рұқсаты арқылы іске асырылды. Бірақ патша үкіметі жаппай қоныстандыру үрдісін бақылай алмады. Шаруалардың өздігінен көшуі жалғаса берді. 1891- 1892 жылдары егіннің шықпауы себепті орыс шаруалары европалық Ресейден шығысқа ќашып, бос жерлерді іздеуі қарқынды өсті. Осы уақытта Оралтауынан шамамен 30 мын шаруа бері асып, ал Жетісу мен Сырдария облыстарына 12 мың шаруа қоныстандырылды.

Ережеде қоныстандырушылардың аудандары нақты Томск және Тобыл губерниялары, Жетісу, Ақмола және Семей облыстары деп көрсетілді. 1891 - 1892 жылдары заң Торғай және Орал облыстарына да тарады. 1893 жылғы “Уақытша ереже” 1889 жылғы ережені нақтылады. Мысалға, ќоныс аударушылардың жан басына 15 десятина жер берілді. Шаруалардың жер ќоныс аударуы қазақ көшпелілерінің жерлерін тартып есебінен жүрді. 1885 жылдың өзінде 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 ер адамнан тұратын халқы бар 24 поселке салынды. Ал Семей облысында бұл уақытта қазақ шаруларынан егіншілікке қолайлы 33064 десятина жер тартылып алынды.

Шаруалық отарлау Сырдария облысына да тарады (негізінен Ташкент, Әулиеата уездерінде). ХІХ ғасырдың аяғында облыста 40 жаңа поселкілер құрылып, онда 2,5 мың орыс тұраќтанды.

Қазақ жерініњ Сібірмен және Еділ өңірімен темір жол арқылы байланысуы, Қазақстанға орыстың ќоныс аударуына ќолайлы жол ашты. Осы мақсатта Ф.Щербина басқаруымен экспедиция 12 уезді нақты тексерді (Ақмола, Торғай, Семей облыстары). Жиналған мәліметтерден патша өкіметі қазақ жерінің “артық” бөліктерін алуға жоспарлар жасады.

Нәтижесінде орыс шаруалары құнарлы жерлерге қоныстанса, қазақтар сусыз, нашар жерлерге көшірілді. Қазақ өлкесінің демография жағдайы да өзгерді. 1894 жылғы жалпы санақ бойынша өз жерінде қазақтардың жалпы мөлшері 87,1 %-ке кеміді. 4471,8 мың адамның 3399,5 қазақтар болса, орыстар мен украиндар 532,7 мың, татарлар 55,4 мың, өзбектер 73,5 мың, ұйғырлар 56 мың болды. Жер аударушылар көбінесе стратегиялық мањызды аудандарға көшіріліп, мұздай қаруланған еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау